Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар Гематологялық және цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы институты
Апта № . 11
Тақырып: Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар
Гематологялық және цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар
Сұрақтар.
1.Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар
2.Гематологиялық және цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар

1.Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар.
Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар төмендегідей жіктеледі:
Микробиологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар. Бұл топқа жататын аппараттар жұмыс жағдайында тазалықты, зарарсыздықты қамтамасыз етеді. Оларға жататындар: автоклавтар немесе булы стерилизаторлар; зарарсыздандыратын кептіргіш шкафтар; культураны сақтайтын, өсіретін және тасымалдайтын аппараттар; агар кесетін штативтер; төмегі температура шкафтары; вирустарды сақтауға арналған аппаратуралар; микрофлораның құрылысын, қасиетін және құрамын зерттеуге арналған аппараттар; Люминесцентті микроскоп; инфрақызыл спектрометрлер; ультрацентрифугалар; ферментті процесстердің кинетикалық, массалық әдістерін қолдана отырып микроорганизмдердің зат алмасу процессін зерттейтін приборлар; газды хроматографиялы спектрометрлер және т.б.;
Гистологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар: терілердің, сүйектердің, еттердің, жалпы тіндердің жұқа кесінді ретінде препараттарын дайындауға, оларды бояу және ұсақтауға арналған микротомдар, оның пышақтарын қайрайтын жабдықтар, гомогенизаторлар, тіндерді гистологиялық өңдеуге арналған аппараттар;
Гематологиялық зерттеулерге арналған аппараттар: эритроциттердің шөгу реакциясын анықтайтын приборлар, Сали гемометрі және гемоглобинді анықтауға арналған гемоглобинметрлер, Горяев камерасы, гематокритке арналған центрифугалар, лейкоциттерді санауға арналған он бір клавышты счетчиктер және т.б.;
Цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар гематологияда қолданылатын аппаратуралар тәрізді - зерттейтін биоматериалдарды бояйтын автоматтар, торшаларды санауға және оларды ажыратуға арналған автоанализаторлар;
Иммунологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар: серологиялық реакция компоненттерін сұйылтып құюды жеңілдеті үшін қолданылатын Флоринскийдің топты дозаторы, микротитрометрлер, қанның тобын және резусын анықтайтын аппараттар және т.б.;
Биологиялық сұйықтарды биохимиялық зерттеуге арналған жалпы техникалық өлшегіш приборлар: фотоэлектр колориметрлер, фотометрлер, фотоэлектр абсорбциометрлер, спектрофотометрлер, поляриметрлер, рефтрактометрлер, флюориметрлер, денситометрлер, жалынды фотометрлер, сұйықтардың электрлік және иондық қасиеттерін анықтайтын аппараттар мен приборлар: электрофорез аппаратурасы, рН-метрлер, хроматография аппаратурасы, осмометрлер және т.б.. Сұйықтың тығыздығын анықтау үшін: ареометрлер, урометрлер, лактоденситометрлер, вискозиметрлер.
Субстраттар мен ферменттерді анықтайтын лабораториялық техникалар кеңінен тарауда. Ол реактивтердің алдын ала дайындалған жиынтығы мен биологиялық сұйықтың реакциясы арқылы анықтауға негізделген. Реактив жиынтығы қағаз, лента, ұяларға сіңіріледі, ал оларға биологиялық сұйық тигенде олардың түрлері өзгереді. Бояудың интенсивтігі денситометр арқылы жазылып, анықталады.
2. Цитологиялық және гематологиялық зерттеулерге арналыған аппаратуралар.
Қазіргі заманның гематологиясы - әр саладағы мамандарға өте қажетті, жете қалыптасқан, өздігінен жеке пән. Гематология саласы көпке дейін өзіне қажетті приборлармен қамтамасыз етілмей келді. Қазіргі кезде бұл саладағы приборлар тек ғылыми-зерттеу, арнайы гематологиялық мекемелерде ғана емес тәжірибе жүзінде де кеңінен қолданыс табуда. Ол приборлар жоғарғы дәлдікпен нәтижелі хабарлармен қамтамасыз етеді.
Гематология саласын автоматтандыру жаңа өнімді автоматты приборларды шығаруға бағытталған. Оған жататындар: гемоглобинометрлер, қан элементтерін санайтын счетчиктер, кондуктометрикалық цитометрлер, сұйылту дозаторлары, жұғындыны бояйтын автоматтар, қанның бір сынағынан бірнеше компоненттерді (гемоглобинді, эритроциттерді, лейкоциттерді) бірден анықтауға арналған аппараттар мен приборлар, автоанализаторлар, қосымша жабдықтар және ЭЕМ. Автоанализаторлардың екі типі бар: Біріншісі қанның 7-8 параметрін - гемоглобинді, эритроциттер мен лейкоциттерді, гематокрит көрсеткішін, бір эритроциттегі гемоглобиннің концентрациясын және тромбоциттерді бірден анықтайды. Бір сағатта 50-80 анализге дейін анықтауға болады. Екіншісі - лейкоциттердің түрлерін ажыратуға арналған. Сағатына 25-60 анализге дейін анықтауға болады.
Қан элементтерінің счетчиктері. Оған жататындар - есеп камерасы және автоматты счетчиктер. Есеп камерасы - қанның, зәрдің және жұлын сұйығының, сондай-ақ микроорганизмдердің элементтерін санауға арналған приборлар. Француз физиологы Малассе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар Гистологиялык зерттеулерге арналган аппараттар
Гистологиялық зерттеулерге арналған аппараттар
Омыртқасыз зертханалық жануарлар
Зертханалық жануарлар түрлері
Сиырлардың жасырын эндометритін диагностикалаудың заманауи әдістері
Лабораториялық жануарлар
Оқыту әдістерінің жүйесі
Эндоскопиялық тәсілдер
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Кептіруге, қыздыруға және термосттаттауға арналған аппараттар
Пәндер