Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар Гистологиялык зерттеулерге арналган аппараттар


Апта № . 9
Тақырып: Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар
Гистологиялык зерттеулерге арналган аппараттар.
Сұрақтар .
1. Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар
2. Гистологиялык зерттеулерге арналган аппараттар.
Ұсынылатын әдебиет : 1, 2, 3, 4, 5.
1. Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар .
Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар төмендегідей жіктеледі:
Микробиологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар. Бұл топқа жататын аппараттар жұмыс жағдайында тазалықты, зарарсыздықты қамтамасыз етеді. Оларға жататындар: автоклавтар немесе булы стерилизаторлар; зарарсыздандыратын кептіргіш шкафтар; культураны сақтайтын, өсіретін және тасымалдайтын аппараттар; агар кесетін штативтер; төмегі температура шкафтары; вирустарды сақтауға арналған аппаратуралар; микрофлораның құрылысын, қасиетін және құрамын зерттеуге арналған аппараттар; Люминесцентті микроскоп; инфрақызыл спектрометрлер; ультрацентрифугалар; ферментті процесстердің кинетикалық, массалық әдістерін қолдана отырып микроорганизмдердің зат алмасу процессін зерттейтін приборлар; газды хроматографиялы спектрометрлер және т. б. ;
Гистологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар: терілердің, сүйектердің, еттердің, жалпы тіндердің жұқа кесінді ретінде препараттарын дайындауға, оларды бояу және ұсақтауға арналған микротомдар, оның пышақтарын қайрайтын жабдықтар, гомогенизаторлар, тіндерді гистологиялық өңдеуге арналған аппараттар;
Гематологиялық зерттеулерге арналған аппараттар: эритроциттердің шөгу реакциясын анықтайтын приборлар, Сали гемометрі және гемоглобинді анықтауға арналған гемоглобинметрлер, Горяев камерасы, гематокритке арналған центрифугалар, лейкоциттерді санауға арналған он бір клавышты счетчиктер және т. б. ;
Цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар гематологияда қолданылатын аппаратуралар тәрізді - зерттейтін биоматериалдарды бояйтын автоматтар, торшаларды санауға және оларды ажыратуға арналған автоанализаторлар;
Иммунологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар: серологиялық реакция компоненттерін сұйылтып құюды жеңілдеті үшін қолданылатын Флоринскийдің топты дозаторы, микротитрометрлер, қанның тобын және резусын анықтайтын аппараттар және т. б. ;
Биологиялық сұйықтарды биохимиялық зерттеуге арналған жалпы техникалық өлшегіш приборлар: фотоэлектр колориметрлер, фотометрлер, фотоэлектр абсорбциометрлер, спектрофотометрлер, поляриметрлер, рефтрактометрлер, флюориметрлер, денситометрлер, жалынды фотометрлер, сұйықтардың электрлік және иондық қасиеттерін анықтайтын аппараттар мен приборлар: электрофорез аппаратурасы, рН-метрлер, хроматография аппаратурасы, осмометрлер және т. б. . Сұйықтың тығыздығын анықтау үшін: ареометрлер, урометрлер, лактоденситометрлер, вискозиметрлер.
Субстраттар мен ферменттерді анықтайтын лабораториялық техникалар кеңінен тарауда. Ол реактивтердің алдын ала дайындалған жиынтығы мен биологиялық сұйықтың реакциясы арқылы анықтауға негізделген. Реактив жиынтығы қағаз, лента, ұяларға сіңіріледі, ал оларға биологиялық сұйық тигенде олардың түрлері өзгереді. Бояудың интенсивтігі денситометр арқылы жазылып, анықталады.
2. Гистологиялық зерттеулерге арналған аппараттар.
Гистологиялық зерттеулерге препараттарды дайындау үшін қолданылатын аппараттар: микроскоптар, микротомдар, тіндерді гистологиялық өңдеу және препараттарды бояу үшін қолданылатын автоматты аппараттар, микроманипуляторлар, термостаттар, қыздыру үстелдері, морфологиялық құрылыстарды автоматты түрде анализдейтін приборлар мен жабдықтар.
Микротом микроскопиялық зерттеулерге жарайтын жұқа кесінділер дайындау үшін қажет аппарат. Ол негізден, жетекші және микроберетін механизмдерден, объектіні және пышағымен оны ұстап тұратын жабдықтардан тұрады. Кесіндіні алу үшін пышақ немесе объект бір бағытта қозғалуы шарт. Ал қайта қайтқанда объектіні көтеретін механизм оны келесі кесіндінің қалыңдығы мөлшеріне көтеріп дайындайды.
Қолданылып жүрген микротомдарды екі типке жатқызуға болады:
Объект оны ұстап тұратын құралда қозғалыссыз, ал пышақ қозғалмалы түрде орналастырылған. Пышақтың көлденең немесе қисық бағытта қозғалатын конструкциялары бар микротомдар;
Ротациондық микротомдар. Оларда объект арнайы механизмнің көмегімен тік немесе көлденең бағытта қозғалыссыз орнықтырылған пышақтың үстінен өтіп, әрбір кесінді сайын белгілі мөлшерге бір жағына қарай ауытқып отырады.
Парафин, целлоидиндерге құйылып дайындалған объектілерден кесінді дайындау үшін радиалды, шаналы, ротациондық микротомдар қолданылады. Ал жануарлардың немесе өсімдіктердің мұздатылған тіндерінен кесінді алу үшін мұздатқыш микротом пайдаланылады. Онда объектіні арнайы баллоннан жұмсақ резина түтікше арқылы микротом үстеліне берілетін сұйық көмірқышқылы арқылы мұздатады. Сондай-ақ микротомға жеке мұздатқыш үстел қосымша беріледі. Онда объектіні мұздату үстелге орнатылған жартылай өткізгішті элементі бар электр тоғы арқылы іске асырылады.
Микротом пышағынан алынған кесіндіні мұздатылған күйінде сақтау үшін микрокриостат пайдаланылады. Ол мұздатқыш микротомға орнықтырылған кішкентай мұздатқыш камера. Ондағы температура 0-10ºС аралығында сұйық көмірқышқылы арқылы іске асырылады.
Экспресс-биопсияда, гистохимиялық зерттеулерде (ферменттік, антигендік және басқа да тіндердің белок жүйелерін зерттеу) жап-жаңа мұздатылған тіндерден кесінділер алу үшін микротом-криостат қолданылады. Ол температурадан қорғалған камерасы және суытқыш жүйесі бар микротом.
Микротомның пышақтарын қайрау үшін бірнеше бейімделген құралдар мен арнайы стақандар бар. Жиі қолданылатын 3МН-2 стақаны 5-7 минуттың ішінде ұзындығы 180-500 мм микротом пышақтарын жылдам және жоғарғы сапада қайрайды. Пышақтың қайрау бұрышы 20-30º.
Электрондық микроскопиялық зерттеулерге арналған өте жұқа кесінділер дайындау үшін ультрамикротомдар қолданылады. Онда препараттарды кесуге дайындау және оны микроскоптың көрінетін жазығына шығару толық автоматтандырылған. Ультрамикротом УМТ-2 арқылы қалыңдығы 15-90 нм кесінді алуға болады. Ал УМТ-5 микротомы 5-100нм қалыңдықтағы кесінділерді дайындауға арналған. Жарық микроскоптары арқылы көруге қалыңдығы 5-8 мкм-дан 1-2 мкм-ге дейінгі кесінділер жарап жатыр.
Тіндерді гистологиялық өңдеу және кесінділерді бояу үшін жартылай автоматтар шығарылған. Оларға жататындар Америкалық «Аутотехникон» және Ресейлік «Гистохроматор». Мысалы, АТ-4 гистохроматорының бағдарлама беретін жабдығы бар және импрегнация, бояу, бекіту, жуу, тығыздау, спиртте сусыздандыру, парафинді сорғызып және оған құю, т. б. процесстерді автоматты түрде іске асырады. Зат жұғындысына арналған шынылардағы гистологиялық препараттарды бояуға арналған арнайы тәртіппен бояйтын көп позициялық автоматтар да бар.
Тіндерді зерттеуде оларды ұнтақтау жиі кездесетін жағдай. Әсіресе тығыз тіндерді (тері, бұлшық ет) ұнтақтау егер ол қолмен істелетін болса, көп еңбектенуді қажет етеді. Оның сапасы да - гомогендігі, ұсақ дисперсті массаның алынуы, ойдағыдай болмайды. Уақыттың ұзаққа созылуы да, әсіресе тін ферменттерінің белсенділігін анықтауда, оның нәтижесіне кері әсер етеді. Сондықтан да, қазіргі кездегі аппаратураларда қол жұмысы жоқтың қасы деуге болады. Оларға жататын әртүрлі типті гомогенизаторлар. Ұнтақтау әртүрлі пішінді, әртүрлі көлемді (1 мл-ден 1л-ге дейін, одан да көп көлемде) металлдан, шыныдан, пластмассадан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Ыдыстың төменгі бөлігінде белгілі бір бұрышпен орналастырылған, айналу жылдамдығы минутына 3000 - 12000 болатын пышақтар бар. Айналу қақпақшалары ұнтақтаумен қатар заттарды сұйық бөлігімен араластыра отырып, гомогенді ұнтаққа айналдырады. Кейбір гомогенизаторларда массаны суытаттын жабдық қолданылады.
Гомогенизаторлар биология, медицина, ветеринария салаларында жиі қолданылады: биохимияда, фармакологияда, иммунологияда, физиологияда, экспериментті биологияда және т. б. .
Өсімдіктердің және жануарлардың тіндерін ұнтақтау үшін өндірісте РТ-1 және РТ-2 ұнтақтағыштары шығарылады. Олар тіндерді жылдам ұнтақтауға, олардан гомогенді масса, эмульсиялар мен суспензияларды алуға арналған, үстелдің үстіне қойып қолдануға болатын лабораториялық аппараттар.
Заттарды шайқау және араластыру биохимиялық лабораторияларда реакция барысында эмульсия және суспензия жасау үшін жиі қолданылатын процедура. Олардың мақсаты бір бағытта болғанымен, олар тәжірибе жүзінде әртүрлі жолдармен іске асырылады. Араластрыу ішінде сұйығы бар ыдысты қатты жылдамдықпен қозғау. Оны қозғау жылдамдығы реакция нәтижесіне маңызды әсер етеді. Мысалы, жұмыртқаны қатты шайқап араластыру оның нативті белогының көбіктеніп, денатурациялануына апарып соғады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz