Химиялық реактивтер. Химиялық реактивтермен жұмыс істеу техникасы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты
Зертханалық 11
№ 12-апта
Тақырып: Химиялық реактивтер. Химиялық реактивтермен жұмыс істеу техникасы
Сұрақтары:
1.Химиялық реактивтер.
2.Химиялық реактивтермен жұмыс істеу техникасы
Химиялық реактивтер дегеніміз лабораториялық тәжірибеде әртүрлі химиялық реакцияларды іске асыру үшін қолданылатын заттар.
Мал дәрігерлік тәжірибеде химиялық реактивтер клиникалық, ветеринариялық, санитарлық, гигиеналық, экспертиздік, биохимиялық және басқа да лабораториялық зерттеулерде аналитикалық және диагностикалық мақсатта қолданылады. Мұндай зерттеулердің барлық талаптарын қанағаттандыру үшін химиялық реактивтердің көп ассортиментері қажет етіледі.
Мысалы үшін, тек ферменттерге клиникалық және биохимиялық зерттеулерді ғана жүргізу үшін жоғарғы тазалықтағы субстраттар, ферменттердің өздері, олардың реагенттері қажет. Әртүрлі өндірістерде ветеринариялық-санитарлық бақылаулар жүргізу үшін; санды және сапалы органикалық және бейорганикалық анализдерді анықтау үшін; азықтарды, суды, ауаны ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық анализдерден өткізу үшін өте жоғарғы тазалықтағы әртүрлі химиялық реактивтер қажет етіледі.
Химиялық реактивтер көптеген жағдайларда жеке заттар болып келгенімен, олардың құрылыстарының күрделі болып келуі де жиі кездеседі.
Химиялық реактивтердің жалпылай қабылданған жіктелуі жоқ. Оларды аналитикалық химиялық реактивтер деп және басқа қасиеттеріне қарай жіктейді.
Аналитикалық химиялық реактивтерді типті топтарға бөледі:
1. Еріткіштер - қышқылдар және олардың коспалары, сілтілер, кешенді заттар түзетін қосылыстар, органикалық еріткіштер және т.б.;
2. Бөлгіштер - топты немесе арнайы тұнба түзушілер; экстракция, кешенді заттарды түзетін химиялық реактивтер;
3. Диагноз қою үшін қолданылатын химиялық реактивтер - тұнба беретін немесе зерттелетін заттар мен иондарды бояйтын заттар және титрлік ертінділерді дайындауға қолданылатын химиялық реактивтер;
4. Көмекші әсер ететін, керекті химиялық реакцияларды жүргізуге қолайлы жағдай тудыратын химиялық реактивтер. Оларға: индикаторлар, тотықтырғыштар, қайтадан қалпына келтірушілер, буферлік қоспаларды дайындауға қажетті реактивтер жатады.
Бұл химиялық реактивтердің бағалылығы мен тәжірибелік маңыздылығы негізінен олардың ерекшеліктері мен сезімталдықтарына байланысты. Химиялық реактивтердің сезімталдығын анықтайтын заттың ең аз мөлшерін немесе концентрациясын белгілі бір реактив арқылы аналитикалық реакция жүргізу арқылы анықтайды. Ал басқа заттардың ішінен керекті затты анықтау үшін қолданылатын химиялық реактивтер арнайы немесе спецификалық реактивтер деп аталады. Таза спецификалық реактивтер өте аз. Себебі олар көп жағдайда тек бір ионмен ғана емес бірнеше иондармен реакцияға түседі.
Химиялық реактивтерге қойылатын негізгі талаптың бірі олардың тазалығы. Оларда бөгде қоспалардың болу мөлшері ГОСТ-пен немесе Техникалық Нұсқаумен қатаң шектеледі.
Құрамында негізгі заттар мен жіберуге болатын қоспаның мөлшеріне байланысты химиялық реактивтердің жіктелуі:
* химиялық таза - ХТ, онда негізгі заттың мөлшері 99 % - дан жоғары, ал қоспаның мөлшері 0,001 - 0,00001 % болуы керек:
* анализ үшін таза - АҮТ, негізгі заттың мөлшері 99 % - дан кем болмауы керек;
* таза - Т, негізгі заттың мөлшері 98 % - дан кем емес;
* эталонды таза - ЭТ;
* ерекше таза - ЕТ.
Жіктелудің соңғы екі түрі ғылым мен техниканың қазіргі дәуірдегі жетістіктеріне орай радиоэлектронника, жартылай өткізгізтік өндіру, микроэлементтерді анализдеу салаларына байланысты туындаған.
Жоғарғы тазалықтағы заттарға тиісті маркалар тағайындалады. Онда заттың құрамында жіберілуге болатын қоспаның мөлшері, лимит саны және барлық қоспаның жиыны символ және сан арқылы беріледі. Сонымен қатар тазалықты қажет ететін және белгілі бір салада қолдануға болатын жинақты химиялық реактивтер (наборлар) бар. Оларға жататындар: индикаторлар; ультрафильтрацияға, электрофорезге, хромотографияға қажетті наборлар; иондардың алмасуын тудыратын қара майлар; әртүрлі полимерлер және т.б.
Зерттеу және клиникалық лабораторияларда изотоппен белгіленген химиялық реактивтер кеңінен қолданылады. Мысалы: С14, Н3, Р 32 және т.б.
Қазірде көптген өндірістерде мал организміндегі биологиялық сұйықтың құрамын автоматты түрде анықтау үшін химиялық реактивтердің жиынтық наборлары шығарылады. Олардың ішінде автоанализаторлар да бар.
Көптеген химиялық реактивтер тотығу, ылғалдану, бұзылу салдарынан өз қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан оларды сақтауға белгілі бір жағдай жасау керек: төменгі температура, жақсы жабылатын қара шыны, ылғал сорғышы бар эксикаторлар және т.б. Мысалы, изотоппен белгіленген химиялық реактивтерді төменгі температурада сақтайды (-20ºС). Оларды қолданғанда белгілі радиоизотоптардың әрқайсысының жартылай бөлшектену уақытын есепке алып отыру керек. Күшті әсерлі, жарылуы қауіпті немесе тез от алғыш химиялық реакткивтерді сақтауға ерекше жағдайлар жасау қажет.
Химиялық реактивтерді дайындау және оларды қолдану әдістерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz