Ауа, су, топырақтың сынамаларын алу ережесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы институты
10-апта
Тақырып:
1. Ауа, су, топырақты сынамаларын алу ережесін меңгеру.
2. Топырақ сынамаларын дайындау және 1:1000000 қатынасында сұйылту дәрежесін және ЕПС себу.
3. Сұйылтқан қоспада суды зерттеу және ЕПС-ға себу.
4. Ашық Петри аяқшасына шөктіру әдісімен ауаны зерттеу.
1. Ауа, су, топырақты сынамаларын алу ережесін меңгеру
Тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы өте зор. Ол адамның тіршілік етуі мен өмір сүру ортасында түрлі жағдайларды қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Топырақ адамға қажетті өсімдік текті азық өсірілетін және жануар текті азықтың біраз бөлігі алынатын, осыған байланысты оның құнарлылығы аса маңызды болып саналатын қоршаған ортаның объектісі болып табылады. Топырақтың химиялық құрамы сол территориядағы қоршаған ортаның басқа нысандарының - су, өсімдіктер, алынатын өнімдердің химиялық құрамын, сондай-ақ адамның өз ағзасының ұлпалары мен мүшелерінің құрамын анықтайды, осыған байланысты топырақтағы микроэлементтердің табиғи жетіспеуі немесе артық мөлшері эндемиялық аурулардың пайда болуына әкеп соғады.
Топырақ кәсіпорындардан, көлік түрлерінің түтіндерінен атмосфералық ауаға бөлінген түрлі экзогенді химиялық заттармен, радионуклидтермен, ағынды сулармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы мүмкін және осы ластаушылардың тасымалдануы нәтижесінде жер астылық, жер бетілік суларды, атмосфералық ауаны, тағамдық өнімдерді ластаушы заттар көзіне айналады. Топырақтың техногенді ластануы тұрғындардың денсаулық жағдайының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Топырақ климатты қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады. Түрлі үйлер мен жергілікті жердің микроклиматтық жағдайлары топырақтың құрылымы мен физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болады, бұл көрсеткіштер құрылыс салу үшін топырақтың жарамдылығын, өздігінен тазару үрдістерінің тиімділігін анықтайды.
Топырақ үнемі биологиялық ластануға ұшырап отыратындықтан, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу факторы бола алады.
Топырақта - оразан зор табиғи биохимиялық зертханада - топырақ организмдерінің қатысуымен үнемі органикалық заттардың ыдырау және жаңа протеинді кешендердің синтезделу үрдістері жүзеге асып отырады, нәтижесінде топырақтың құнарлылығы артады. Өздігінен тазару үрдісінде патогенді микрофлора жойылады. Топырақтың өздігінен тазару қабілеті сұйық және қатты қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеп, қайта пайдаға асыру үшін қолданылады.
Судың, топырақтың, ауаның сынамаларын алу ерекшеліктері:
Топырақтың сынамасын топырақ бұрғысымен алады. Тексерілетін аумақты 16 шаршы метрден артық емес мөлшердегі телімдерге бөледі. Түйнеме қоздырғышы жайылды деген күдік туған аумақтан 15 см-ге дейінгі тереңдіктен топырақ сынамасын алады. Мал қорымдарының аумағынан алдымен топырақтың 2-3 сантиметр жоғарғы қабатын алады, кейін 2 метрге дейінгі тереңдіктен әр 25 сантиметрден сынамалар алады.
Судың сынамаларын батомер немесе арнайы бейімдендірілген бөтелкемен алады. Табиғи және жасанды су қоймаларынан су сынамаларын 10-15 сантиметр тереңдіктен және түбінен алады. Түбіндегі тұнбаның сынамалары - жаға жиегінде және оларды топырақ сынамаларындай зерттейді. Әр сынаманың көлемі - кемінде 0,5 литр, жалпы көлемі кемінде 1 литр. Су құбырынан сынама іріктеу алдында құбырды жанып тұрған спирт тампонымен күйдіреді. Шүмекті ашып, стерильді ыдысқа 0,5 литр су алады, кейін 10 минуттың ішінде суды жібереді және басқа стерильді ыдысқа тағы 0,5 литр алады.
Ауадан сынама іріктеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысандарынан сору құралы арқылы ауаны нақты бір жылдамдықпен жіберіп отырып немесе шектеулі құтыны толтыру арқылы алады. Орташа тәуліктік шаманы алудың тиімді тәсілі ауа сынамасын 24 сағат бойы үздіксіз алу болып табылады. Ауадан сынама іріктеу үшін электроаспираторлар, шаңсорғыштар мен басқа да ауа өткізетін қондырғылар, сонымен қатар, өткізілетін ауаны тіркеуші құралдар (реометрлер, ротаметрлер басқа да шығыс өлшегіштер) пайдаланылады.
2. Топырақ сынамаларын дайындау және 1:1000000 қатынасында сұйылту дәрежесін және ЕПС себу
Микроорганизмдер топырақта біркелкі орналаспайды. Сондықтан олардың санын анықтау үшін алынған үлгілер стерильді шыны сауытта араластырады. Осы ерітіндінің 1 мл-і 9 мл стерильді суы бар шыны түтікке құйылады. Ерітінділерді дайындау схемасы:
1. 1 г топырақ + 99 мл стерильді су - 10-2
2. 1 мл 10-2 ерітінді + 9 мл стерильді су - 10-3
3. 1 мл 10-3 ерітінді + 9 мл стерильді су - 10-4
4. 1 мл 10-4 ерітінді + 9 мл стерильді су - 10-5
Кейінгі ерітінділердің 1 мл-ін стерильді Петри шыныларына құйып, 450С температураға дейінгі суытылған ЕПА мен араластырады да, тегіс жазықтықтың бетінде қалдырады. Қоректік орталар тығыздалғаннан кейін термостатқа қойылады. 3-4 тәуліктен соң өсіп шыққан микробтар колонияларының саны анықталады. Алынған топырақ санын сұйылту дәрежесіне көбейту арқылы 1 г топырақ үлгісіндегі микробтар саны анықталады.
3. Сұйылтқан қоспада суды зерттеу және ЕПС-ға себу.
Судағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін суаттардан алынған су үлгілерді жалпы тәсіл бойынша сұйылтады. Ол үшін 2 мл үлгіні алып, 1 мл-ін бірінші стерильді суы бар бірінші шыны түтікке құйып, араластырғаннан кейін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Ауыр металдардың топырақ қасиеттеріне әсері
Санитарлық - паразитологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін материалдың үлгілерін алу
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАҒЫ МИНЕРАЛДЫ АЗОТТЫҢ ҚҰРАМЫН ЕСЕПТЕУ
Санитарлық - паразитологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін материалдың үлгілерін алу және тасымалдау әдістемесін пысықтау
Топырақтан сынама алу тәртібі мен технологиясы
Қоршаған ортаның негізгі факторлары
2010-2012 жылдары аралығында атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының өзгеруі
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Пәндер