Инвазиялық аурулар кезінде лабораториялық зерттеуге материалдар алу тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық унверситеті
Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты
Тақырыбы:
1 Инвазиялық аурулар кезінде лабораториялық зерттеуге материалдар алу тәсілі.
2 Дегельминтизация

Лабораториялық зерттеулерге патматериалды алу, консервілеу және жөнелту ережелері. патологиялық материалды алу және консервациялау тәртіптері: материал стерильді құралдармен залалсыздандырылған ыдыста алынады;пат матерал лабораторияға алынған күйінде немесе консервациялап жібереді.Бактериологиялық зерттеулер үшін материалды глецериннің судағы 30% ды ерітіндісімен консервациялайды,ал вирусологиялық зерттеулер үшін материалды глецериннің 0,85% ды хлорлы натрийдегі 50% ерітіндісімен консервациялайды.Материал мен консерванттың қатынастары 1:4 шамасындай болу керек;жіліктерді жіберу үшін сіңір мен еттен жақсылап тазартып,сыртынан 5% ды карбол қышқылының ерітіндісіне малынған дәкемен орайды.Ішектерді нәжісінен тазалап,шеттерін бекітіп байлап глицериннің судағы 30%ды ерітіндісі бар ыдысқа салады;мал өлексесінің нәжісін ішекпен бірге екі шетін байлап жібереді;терінің көкірек зақымданған жерінң көлемі 10х10 см болатындай кесінділер түрінде алып,таза ыдысқа салып аузын дәнекерлеп жібереді;Қан,ірң,сілекей,кілегейлі зат,экссудат,зәр,ет және басқа патологиялық материалдарды ұшы балқытлып бекітілген Пастер түтікшелеріне,стерилді шыны құтыларға,пробиркаларға салып,аузын стерильді тығындармен бекітіп жабады;Өлексені сыртқы тамырларынан алынған қаннан арнайы әйнекке жағынды дайындап,ауада кептіреді.Лаб-қ зерттеуге жіберілген материалға жолдама құжат толтырылады, онда зерттеуге жіберілген мекеменің аты жөні, бөлімі, менкен жайы, шаруашылықтағы немесе басқа патматериал алынған обьектінің аты, ондағы індеттік жағдай,мал басы,негізгі клиникалық белгілері,өлегн,аурып тұрған мал саны, негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістер,алдын ала қойылған диагнозы,патологиялық материал алынған уақыты,қандай аурулардан ажыратылуы қажеттігі,материал жіберілген шаруашылықтың немесе клиниканың аты жөні көрсетіледі.


Дегельминттеу , дегельминтизация [дe... және грек. helmіns (helmіnthos) - ішекқұрт, құрт] - адамның, жануарлардың организмінен және сыртқы ортадан (су, топырақ, тамақ өнімдері, т.б.) ішекқұрттарды жоюдың кешенді шаралар жиынтығы. Дегельминттеу терминін алғаш рет орыс ғалымы К.И. Скрябин (1878 - 1972) ұсынған (1925). Ішекқұрттардан арылған адам мен жануарлар сыртқы ортаға гельминттердің жұмыртқалары мен дернәсілдерін таратпайды. Қолдану мақсатына қарай дегельминттеу: лажсыз, сақтандыру мақсатындағы, әлсін-әлсін (преимагиналдық), диагноздық болып бөлінеді. Лажсыз дегельминттеу гельминтозға шалынған адам мен ауыл шаруашылығы малдарының ауруы өршіген кезде, оларды аман сақтап қалу үшін қолданылады. Сақтандыру мақсатындағы дегельминттеу гельминтоз ауруына қарсы ауыл шаруашылығы малдарын жаппай алдын ала, жоспарлы түрде, белгілі бір уақытта, гельминттердің биологиялық ерекшелігіне қарай көбінесе қыста жүргізіледі. Әлсін-әлсін дегельминттеу мал организміндегі құрттың даму сатысына байланысты олардың жыныс бездері жетілмеген кезде жүргізілетіндіктен, мал нәжісімен бірге сыртқы ортаға ішекқұрттардың жұмыртқасы, дернәсілдері таралмайды. Диагноздық дегельминттеу құрттың бар-жоғын анықтау үшін жүргізіледі. Малды ішқұрт ауруларынан сақтандыру үшін қорада ұстап бағады, мал жайылмаған жерден шабылған шөппен қоректендіреді, ауру малдың орнын, құрал-сайманды, садыраны, мал өнімдерін, т.б. ыстық бумен, қайнаған сумен аптайды. Мал жайылымын жүйелі түрде ауыстырып отыру - ішқұрттардың дернәсілдерінен арылудың бірден-бір жолы. Сондай-ақ малдың қиы мен көңіндегі дернәсілдерден құтылу үшін оларды өздігінен шіритіндей етіп үйеді. Батпақтарды құрғатып, тыңайтқыш шашады.
Гельминттер немесе құрттар әлем халқының 90% -ын жұқтырады. Паразиттер тіршілік әрекетін қабылдаушы организмнің жұмысына түзетулер енгізуге қабілетті және оның өмір сүру сапасын едәуір бұзады. Сондықтан тасымалдаушыдан құтылу үшін шаралар қажет. Паразиттердің денесін тазартуға бағытталған шаралар кешені дегельминт деп аталады.

Дегельминтизация:
1. Профилактикалық:
:: вакцинациядан бұрын,
:: жұқтырған адаммен немесе жануармен байланысқан кезде,
:: мүмкін инфекция жағдайында болу: бақша өсіру, термиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы
Эхиноккозбен ауырған жануарларға диагностика жасау, емдеу
Паразитарлық аурулардың сипаттамасы
Токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу
Еттің балауса екендігін оның майы бойынша анықтау
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті үйымдасіыру
Дизентерия және ішек амебалары
Балды ветеринарлық-санитарлық сараптау
Қан айналу органдарының аурулары
Паразиттер және ие түрлері
Пәндер