Құсты азықтандыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Құсты азықтандыру.

Шошқаны азықтандыру.

Құс шаруашылығы - бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы. Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері жылына 240-280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға - 1, 5-1, 7 ц азық өлшемі жұмсалады. Тор ішінде өсірілетін ет бағытындағы балапандар 49-57 күнде 1, 5-1, 7 тірілей салмақ тартып, әр 1 кг қосымша салмаққа 1, 9-2, 4 кг құрама жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50күнінде тауық және үйрек балапандары 40-45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары 30-35 есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді.

Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыру деңгейіне байланысты. Құстың тез өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организімінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Басқа малмен салыстырғанда олардың дене жылуы жоғары (40-42) тынысы ме тамыр соғысы жиі, тірілей салмақ өлшеміне оттегін жұмсауы көбірек. Мұның бәрі ас қорыту жедел жүргендн ғана орын алады. Өндірісте құрама жем құрамына кіретін дәнді алдымен ұнтақтап, мұқият аралстырады да бидай дәнінің көлеміндей етіп түйіршіктейді. Балапандарға ірі түйіршіктерді жарып береді.

Құс азығындағы протеин мен алмасу энергиясының арақатынасын құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, өнімділігне, өнім бағытына, өсірілу технологиясына байланысты энергия протеиндік қатынас (ЭПК) арқылы бақылайды. ЭПК -1 кг азықтағы «шикі» протеиннің әр 1 пайызына келетін алмасу энергисының мөлшерін көрсетеді. Оны қажетті деңгейде сақтау арқылы құс өнімділігі мен балапан өсімталдығын қымбат протеинді азықтарды шығындамай -ақ қамтамасыз етуге болады.

Құстарда зат алмасу жедел жүретіндіктен құс витаминдердің жетіспеушілігіне тез шалдыққыш келеді. Сондықтан құрама жемді витамин қосындыларымен байытады.

Құстың негізгі өнімінің бірі - жұмыртқамен денеден күнделікті көп минералды заттар, әсіресе кальций мен фосфор шығарылатындықтан, оларды міндетті түрде минералды қосындылармен қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатпен бор, әк, ұлу қабыршағын, сүйек ұнын, кальций фосфаттарды, фторсызданған фосфаттардф құрама жемге қосып береді.

Құс өнімділігіне әсіресе азық энергиясы күшті ықпал етеді. Жалпы өнімділігінің 40-50%-ті азық энергиясына тәуелді; сонымен қатар азықтың желінуі де энергия деңгейімен шектеледі. Сондықтан азықтың энергетикалық деңгейі жалпы қоректілігін сипаттаумен қатар, бүкіл азықтандыру барысын нормалық жүйеге келтіретін құрал ретінде де қаралуы керек.

Шошқа бір қарынды малға жатады. Ол әдетте азық, талғамайды, көбін жей береді. Шошқа азықтандыруда құнарлы жеммен қатар оған 20-30%-тей шырынды азық (құрама сүрлем тамыр-түйнек жемістілер), асхана қалдығы мен көк балауса беруге болады. Сонда ғана оның өнімі арзандайды. Сонымен қатар, бір қарынды малдың ас қорыту ерекшелігі ескеріліп азықтандыру сапасын жақсарту керек. Шошқа - көп төлді өсімтал мал, сондықтан оны жеткілікті де құнарлы азықтандыруға ерекше талап қойылады.

Шошқа рационы тез қорытылатын, энергиясы мол протеині амин қышқылдарына бай, витаминді азықтардан тұруға тиіс. Өнімділігі артқан сайын азық құрғақ загындағы алмасу энергиясы мен қоректік затгар дәрежесі арта түседі. Броди деректері бойынша өсіп келе жатқан шошқа денесінде 1 г ақзат түзуге 41, 8-48, 1 кДж, ал 1 г май жинауға 53, 5-54, 2 кДж алмасу энергиясы жұмсалады екен. Демек, өсіп есейген сайын шошқа денесінде май түзілуі басым болады да, салмақ қосуға (1 кг-на шаққанда) жұмсалатын энергия шығыны өсе түседі 20-30 кг аралығында 18, 4 МДж болса, 90-100 кг аралығында одан жарты есе өседі. Азық шығыны 4-5 азық өлшемінен 6-8 азық өлшеміне деиін көбейеді.

Шошқаны азықтандыру түрлері. Шошқаны азықтандыру түрі мен азық рациондарының құрамы аймақтық топырақ - климат және экономикалық жағдайларға қарай анықталады. Қара топырақты емес аймақта жем рационда 60-70%, шырынды азық 30- 35% болады. Негізгі дәнді азық - арпа, ал шырынды азықтан - картоп пен бұршақты дақылдардың шөбі. Шошқаға азық берудің кең тараған түрі - жемкартоп. Қара топырақты аймақта жердің көпшілігі жыртылғандықтан рационның 75- 80% жем, 15-20% шырынды және көк азықтар. Дәнді дақылдардан қолайлы деп танитыны - арпа мен жүгері, шырынды азықтардан - қант қызылшасын, біренсаран бақша дақылдарын, көк азықтан - жоңышқаны пайдаланады. Шошқаны азықтандыруда негізінен тамыр жеміс түрі қолданылады. Далалық және жартылай аудандарда шошқа азығы ретінде арпа, жүгері, бидай сияқты дәнді дақылдар пайдаланады. Мұндай азық үшін дәнді 9 дақылдарды қолдану өнімділігі жағынан да, өзіндік құны жағынан да қолайлы болып саналады. Бұл аймақтарда шошқаны азықтандырудың құрама түрі қолданылады. Шырынды және көк азық негізгі табындағы шошқалардың рационында өте аз мөлшерде ғана пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың санитарлық гигиенасы
Суда жүзетін құстарды азықтандыру ерекшеліктері
Жас құстарға нормаланған жүйеде азықтандыру ерекшеліктері
Бройлер балапандарын өсіру
Көмірсулар жем және ақуыз
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Тауықтарды және балапандарды азықтандыру және күту ерекшеліктері
Жемнің химиялық құрамын талдау
Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі сапасына әсері
Малды тасымалдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz