Қазақстанның жер қорлары. Табиғи-мелиоративтік мониторинг



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.Кіріспе

2. Қазақстанның жер қорлары

3. Табиғи-мелиоративтік мониторинг

4.Қорытынды

Жер және оның үстіңгі қабаты - топырақ еліміздің баға жетпес табиғи байлығы, асыраушы анамыз, күш-қуаттың қайнар бұлағы, дүниедегі тіршіліктің тірегі, биосфераның тұрақты дамуының негізі болып саналады. Сондықтан жерді ұтымды пайдалану, құнарын арттыру, оны азып-тозудан, ластанудан қорғау үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Жерді тиімді пайдаланып, осы жұмыстарды заңды негізде жүргізу Қазақстан үкіметі 2003 жылы 20 маусымда бекіткен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жер заңдары келесідей қағидаларға (принциптерге) негізделген:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөленбейтіндігі;
2) жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасының халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
3) жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5) жерді нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;
7) жердің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оның қолжетімділігі;
8) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларға мемлекеттік қолдау;
9) жерге келтірілетін залалды болғызбау;
10) жерді ақы төлеп пайдалану.
Қазақстанның барлық жер қоры ауданы 272 млн. 490 мың гектар. Жер кодексінің 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес келесідей санаттарға (категорияларға) бөлінеді және 2006 жылғы есеп бойынша олардың алатын ауданы төмендегідей:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - 85,0 млн.га;
2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жері - 21,2 млн.га;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер - 2,5 млн.га;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекриациялық және тарихи - мәдени мақсаттағы жер - 3,3 млн.га;
5) орман қорының жері - 23,4 млн.га;
6) су қорының жері - 3,7 млн.га;
7) босалқы жер - 122,0 млн.га.
Қазақстанның жер қорының 222,6 млн.гектары ауыл шаруашылығы алқаптары (барлық жер ауданының 81,7%). Оның ішінде:
- егістіктер (жыртылған жер) - 23,2 млн.га;
- көпжылдық екпелер егілген жер - 115,5 мың га;
- тыңайған жер - 5,4 млн.га;
- шабындықтар - 5,0 млн.га;
- жайылымдар - 189 млн.га.
Еліміздің жер қорының топырақ жамылғасы алуан түрлі болып келеді (50-кесте). Топырақ жамылғысының құрамында құнарлылығы төмен қоңыр, сұр - қоңыр және ашық қара-қоңыр топырақтар үлкен үлес алады. Олар тиісінше барлық топырақ жамылғысы ауданның 14,6, 11,9 және 13,5% (барлығы 40,0%) қамтиды. Бұл топырақтар климаты өте қуаңшылықты, суармасыз егіншілікті жүргізуге мүмкіншілігі төмен, аз өнімді шөл және шөлейт аймақтарда тараған. Сонымен бірге құнарлылығы жоғары, егіншілікте қолдануға тиімді кәдімгі және оңтүстік қара топырақтары мен күңгірт қара-қоңыр топырақты жер ауданы да мол. Олар тиісінше барлық топырақ жамылғысы ауданының 4,5; 5,2 және 11,0%- ын құрайды (қосындысы 20,7%). Бұл топырақтар климаты және жер бедері астық шаруашылығы егістігін жүргізуге жарамды болып келетін Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан орманды - дала, дала және қуаң дала аймақтарында тараған.
Қазақстанның таулы өлкесі барлық жер ауданының 12,5% алады. Осы өлкеде таудың құнарлылығы жақсы топырақтары кездеседі. Тау ететіндегі алқаптардың боз топырақтар және аласа таулы белдеудің қара және қара-қоңыр топырақтары қант қызылшасы, мақта, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктер және астық тұқымдас дақылдары егістіктері ретінде қолданылады. Ал орташа және биік таулы жерлердің топырақтарының жер бедерінің күрделілігі, климат жағдайының ерекшелігі қарқынды түрде егіншілікпен айналасуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан олар көбінесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Еліміздің топырақ жамылғысы ішінде құнарлылығы төмен, пайдалану үшін оларды жақсарту (мелиорация) жұмыстарын іске асыру қажет кебір, кебірленген, сортаңданған сонымен бірге су және жел эрозиясына төзімсіз топырақтар түрлері де мол тараған.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден Қазақстанның жер қоры өте мол, оның топырақ жамылғысы құрамында құнарлылығы жақсы, егіншілікте қолдануға тиімді топырақтармен қатар кең ауданда егіншілікте тиімсіз құнарлылығы төмен топырақ түрлері кездесетінін білдік. Сондықтан еліміздің жер қорын экономикалық және экологиялық жағынан ғылыми негіздегі бағдарлама бойынша тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта жер қорын пайдалануда байқалған келесідей келеңсіз жайттар қалыптасқан.
Көптеген жылдар бойы өндіс орындарының қалдықтарымен ластанған, бүлініп істен шықан 169,7 мың гектар жер бар. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау өндіру, оларды тасымалдап, байыту кезінде қалыптасқан карьерлер, үйінділер басқада өндіріс қалдықтары жердің топырақ жамылғысын жойған. Топырақ өзінің басты экологиялық қызметтерін - биологиялық масса өндіруін және атмосфераның химиялық құрамын реттеуге қатысуын жоғалтқан. Яғни топырақ өлі денеге айналған. Сөйтіп бұл жерлердің экологиялық- санитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Арал экологиясының ахуалы
Көлтабанды суарудың ерекшеліктері
Братья Махмадовы ЖШС- гі жайлы жалпы мәліметтер
Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі
Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары
Агроландшафттық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары
Пәндер