Экологиялық қауіптер. Қоршаған ортаның ластаушыларынан қорғану әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Жер сілкінісі
Су басу. Халықтың су басу кезіндегі іс- әрекеті.
Халықтың сел тасқыны кезіндегі іс- әрекеті, сел тасқынының белгілері.
Экологиялық қауіптер. Қоршаған ортаның ластаушыларынан қорғану әдістері.

Жер сілкінісі -- жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру). Тағы бір ерекше жолы бар. Ол -- жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі.
Жыл сайын бір миллионға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғадықтан, адамдар сезе қоймайды. Есесіне, Жер планетасының әр бір жерінде болып жатқан үлкенді-кішілі жер асты дүмпулері мен жер сілкіністерін Халықаралық деңгейдегі жер сілкіністерін бақылаушы мамандар біліп отырады.
Үлкен қауіп тудыратын жер асты дүмпулері орта есеппен алғанда айына екі реттен болып тұрады. Олар мұхиттың тұңғиығында орын алғандықтан адамдар мекендейтін аймақтарға тигізер зияны болмайды. Тіпті, ондай дүмпулердің салдарынан цунами де пайда болмайды.
Шығыc Қазақстан,Алматы,Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсоқауіпті аймақта орналасқан. Қазақстанның аса қауіпті сейсмоаймағы 450 мың шаршы км аланды алып жатыр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30 шоғырланып, тұрғын үй қорының 35 жуығы орналасқан, республика халқының 40 тұрады.
Жер сілкінісі қауіпті аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп кәсіпорындары, жасаңды және су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалматын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы аса қауіпті. Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып , геологиялық ортаның экологиясы бұзылады. Қопарылма , сырғыма , сел тасқыны және т.б., шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті
Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру , жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең өауіпсіз орын болып табылады.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.
Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние мүлікпен ыбырсытпау керек.
Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.
Ғимараттың жоғарғы қабаттындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен түк табылмаса қолмен жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.
Қазақстан аумағының сейсмоқауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттеріне дағдалануына үлкен септігін тигізеді.
Жер сілкінісіне дайындық
Жер сілкінісі кезінде сіз ғимараттан шыққыңыз келсе, уақыттың аз екендігін ескеріп, алдын ала қысқа жолды таңдаңыз-15-20 сек.
Үшінші және одан жоғары қабаттардан кетудің қажеті шамалы, ең жақсысы дүмпудың аяқталуын күтуге болатын салыстырмалы қауіпсіз орында қалу.
Шкафты, сөрені, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекітіңіз. Кереуетті терезенің жанына қоймаңыз. Сөрелерді кереуеттің, есіктің, плитаның астына қоймаңыз. Жиһазды бөлмеден шығатын жерді жаппайтындай етіп орналастырыңыз.
Дәлізді, өтетін жерді баспалдақ торларын, есік ойықтарын жиһазбен және мүлікпен жаппаңыз.
Пәтерде, үйге кіре берісте электрлі, газды және суды ажыратуды үйреніңіз
Үйде консервіленген тағам мен суды, құм салынған шелекті, пол шамын, өрт сөндіргішті, алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы жәрдемді қабылдау тәсілін үйреніңіз. Қауіпті заттарды, олар сынбайтын немесе шашылмайтын сенімді жерге сақтаңыз.
Құжаттарды белгілі бір орынға сақтаңыз. Артық киім, аяқ киім, шам, кішкентай балта, қобдиша, май шам, сіріңке, тамақ салынған жол қапшығын пәтерден шыға беріс жерде ұстаңыз
Төтенше жағдай кезінде көршілермен өзара көмек және бірлескен қимыл туралы келісіңіз.
Үйде жер сілкінісі жағдайда не істеу керектігі туралы үнемі әңгіме мен жаттығу өткізіңіз.
Жер сілкінісінің қаупі кезінде
Жер сілкінісі қаупі жағдайында электр дабылдар, өндірістік гудоктар мен басқа да хабарлау құралдары қосылады, бұл ескерту дабылын білдіреді. Осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап және жергілікті биліктің төтенше жағдай жөніндегі басқару органнының нұсқауын нақты орындау қажет.
Егер сіз үйде болсаңыз
Өрт сөндіргішті тексеріңіз, жуынатын бөлмеден су мен шелекті алыңыз
Өзіңізді қорғауға қабілетті киім мен аяқ киімді киіңіз, пәтерде газды, су мен электрді ажыратып , пешті өшіріңіз
Өзіңізбен бірге алдын ала даярланған заттар, құжаттар салынған жол қапшығын алып, көршілерге хабарлаңыз, жалғыз бастыларға, ауру адамдарға көмектесіңіз, ғимараттан шығып , арнай жиналған орынға барыңыз, алдағы нұсқауларды күтіңіз
Қалыпты тіршілік жағдайына жергілікті биліктің немесе төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органының нұсқауы бойынша оралған жөн.
Егер сіз көшілік жүретін орындарда болсаңыз
Сабыр сақтаңыз, үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергі жасамаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесіңіз
Әкімшілік нұсқауларын орындаңыз.
Жер сілкінісі кезінде
Алғашқы дүмпу кезінде 1-2 қабаттың тұрғындары ешбір үрейсіз ғимараттан шығуға, ал одан жоғары тұратындар бастарын қолымен ұстап, салыстырмалы қауіпсіз орынға бару тиіс
Дүмпу аяқталған бойда арқаңызды қабырғаға сүйей отыра баспалдақ пен ғимараттан тез шығып кетіңіз. Газды, суды, электрді ажыратуға тырысыңыз, өзіңізбен бірге құжаттарды, ақшаны, заттарды, қобдиша салынған жол қабын алыңыз, есікті кілтпен жабыңыз
Егер көрші пәтерде балалар мен қарт адамдар қалса, оларды көшеге шығаруға көмектесіңіз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз
Ғимараттан, электр беру желісінен алысырақ кетіңіз. Белгіленген жиналатын орынға барыңыз. Үзілген өткізгіштен сақтаныңыз, оған балаларды жібермеңіз
Рульде отырғанда ашық жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлікте отырған орындарыңызда қалып, дүмпу аяқталғаннан кейін жүргізушіден есікті ашуды өтініп, итеріспей шығып кетіңіз.

Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілуі нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
Көптеген субасулардың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың мұздықтардың үздіксізь еруі, қума жел болып табылады.
Судың көтерілуіне болатын су басуы Қазақстанның барлық аудандарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурызда, оңтүстік шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, республиканың жазықтықтағы өзендерінде наурыз-маусымда болады.
Су басу кезінде сақтық шаралары. Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылуыжағдайында тасқын қас қағым сәтте болуы мүмкін. Қалған жағдайларда су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа-райының созылуы, мұз жүрген кезде өзен жағалауына тоқтамаған дұрыс. Қар еріген және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте қауіпті. Судың қосымша көлемі батпақтардың өткізгіштігін азайтады, сондықтан тіпті тексерілген учаскенің өзі кедергіге толы және өте қауіпті болуы мүмкін.
Апатты су тасқыны кезінде мүмкіндігнше төменгі жерден жылдам кетіп,ең болмағанда жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.
Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.
Елді мекендерді тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағында көптеген тасқындардың тасқын судан болатындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен үйжайларды судан оқшауландыру қондырғысын жою, қысқа бұталы ағаштаротырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.
Су басудан сақтандырудың негізгі шаралары:
Толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу;
Отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету;
Қайықтың болуы(кәдімгі және үрмелі)
Жақын орналасқан жердің топографиялық биік нүктелерімен танысу;
Жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу;
Тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауылдар қою, топырақ төгу.
Халықтың сел кезіндегі іс-әрекеті. Қазақстанда таулы және тау бөктерінің аумағы селдің, қаркөшкінінің қаупі бар аймақтар болып табылады. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360 000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары , көптеген шаруашылық обьектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 6 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар орналасқан.
Сел - тау өзенінің арналарында 3-5 мс жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материлдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.
Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдардың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздықтардың тез еруінен, биік таудағы өзендерден бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапаты талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.
Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД-да алғашқы орындардың бірін алады.республикада 800-ден астам белсенді сел бассейндері бар. Онда әртүрлі сипаттағы 600 астам сел белгілері тіркелген. Сел көбінесе қатты нөсерден пайда болады - 80% шамасы, мұздықтардың еруінен болған сел оқиғалары - 15% жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы, өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.
Сел қаупінің белгілері:
Сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
Биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының күрт көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
Өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгетін бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
Өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.
Сел тасқынының тікелей және жақын қаупінің белгілері:
Морендік-мұздықкешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;
Биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
Сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;
Сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;
Судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы.
Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:
Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
Сел тасқынына 60-70 м артық жақындамаңыз.
Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опырылма түсуі мүмкін.
Сел арналарымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30м болуға тиіс.
Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.
Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде әсіресе ой-шұңқырлардан аса сақ болыңыз.
Морендік-мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
Үйінділер бей берекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Көп жағдайда халық сел қаупі туралы ондаған минут бұрын, кей жағдайда 1-2 сағат бұрын естуі мүмкін. Осындай тасқынның жақындауын дөңгеленіп және бір-біріне соқтығысып үлкен жылдамдықпен келе жатқан гүрілден естуге болады.
Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқаулардықатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алқашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қаупті жерлерден қарттар мен балалардың шығуын көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Сел тасқыны тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ООС бойынша іс- шаралардың экономикалық нәтижелілігі
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Қауіптерді топтастыру
Қоршаған ортаны қорғау
Адамзаттың табиғатты қорғау іс-әрекетінің болашағы. Әлемдегі халықтың төтенше жағдайлардан жаппай өлімге ұшырауына әкелетін жағдайлар
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Пәндер