Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары жүйесіндегі Қарағанды облысының орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

Бүкіл әлем тарихы және

халықаралық қатынастар

кафедрасы

Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары жүйесіндегі

Қарағанды облысының орны

(Тәжірибе бойынша есеп жұмыс)

Орындаған: МО-11 тобының студенті Исабеков Ж. С.

Тексерген: аға оқытушы, тарих магистрі Кенжеғали Ж. М.

Қарағанды, 2018

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық - қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спецификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады.

Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан

кейін мемлекеттіліктің белгілері мен элементтерін толық орнықтыруға бағыт

ұстанған белсенді де парасатты саяси қызмет атқарып келеді. Бұның айқын

дәлелі 1992 жылғы 2-ші наурызда, яғни тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы

мүшесі болуы.

Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі

ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары

бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде танылды. Қазақстан

БҰҰ Бас Ассамблеясының биік мінбелерінен халықаралық өзекті мәселелерді шешуге қатысып өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Қазіргі кезде елімізді дүние жүзінің басым көпшілік мемлекеттері танып отыр, олармен дипломатиялық қатынастар орнатылды.

(04. 06. 18) Тәжірибе алдыңда бәріміз Тарих факультетінде жиналдық, соңда, «бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі Түлеуова Бахытгүл Түлеубаевнамен мен аға оқытушы, тарих магистрі Кенжеғали Марат Жаханович бізге алда болатын тәжірибенің жоспарын түсіндірді.

(05. 06. 18) Ең алғашқы тәжірибені Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында» бастадық.

Мұражай 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық өлкетану мұражай дәрежесіне ие болды, ал 1964 жылдан бастап мұражайдың атауы тарихи-өлкетану деп өзгертілді. Мұражайдың кіре берісіндегі үлкен залда Қарағанды облысының физикалық-географиялық картасы көрсетілген, онда облысымыздың территориясы, халқы, жөнінде жалпылама мәліметтер берілген.

Бұл мұражайдан алған әсерім көне тарихи жәдігерлермен таныстым. Сонымен қатар сақ тайпаларының өмірінен көптеген қызықты мәліметтер алдым. Сақтардың пайдаланған заттарында аң стилі бейнеленгенін, сол замандағы адамзаттың қолданған әшекей бұйымдары, ыдыс- аяқтары мен таң қалдырмай қоймады.

Мұражайдан қайтар жолда қазақ даласында сыры ашылмаған тарихи жәдігерлердің көп екеніне көзім жетті. Қойнауы сырға толы ұлы даламыздың тарихи құнды жәдігерлері баға жетпес байлығымыз екенін ұғындым. Былайша айтқанда бұл мұражай балаларға ұнады, әсіресе маған, өте қатты қызығып, әр нәрсені мұқиат қарап таңқалып жүрдім.

(06. 06. 18) Келесі күні жоспарға сәйкес «Қарағанды еңбекпен түзету лагері» мұражайына бардық.

1930 жылы ұйымдастырылған. ГУЛАГ архипелагы құрамындағы ең ірі азап аралы. Ол кезінде Қазақстанның орталығында солтүстігі мен оңтүстігіне шейін 300 шақырым, шығысынан батысына шейін 200 шақырым ұлан-ғайыр жерді алып жатқан. Ал сырттағы Ақмола және Балқаш бөлімшелерін қосып есептегенде, Карлагтың ауқымы Францияның жер көлемімен теңеcеді. Қарағанды лагері ауқымына, құрылымдық жүйесінің күрделілігіне және Мәскеуге ғана тікелей бағынған әлеуетіне қарай «мемлекет ішіндегі мемлекет», ал азаптау құралының күштілігі жағынан «Даладағы тамұқ» деген атқа ие.

Онда алғаш рет барғанымда, көп уақыт бойы көргенімнен өз өзімді қалпына келтіре алмадым. Мен бұрын фильмдерді көрдім, осы қорқынышты уақыттағы оқиғаларды зерттедім, бірақ мен мұны өз көзіммен көрген кезде, сол күндері болған нәрселерді мүлдем басқаша қабылдай бастадым.

Мұражайда тұтқындардың өмірі өте жақсы қалпына келтірілді. Цокольдік қабат камералармен жабдықталған, онда тұтқындалған адамдарға арналған фигуралары жасалынған, азаптау камералары бар және бұл дыбыстық эффекттермен бірге жүреді, бұл эффекттер мұндағы атмосфераны екі есе қорқынышты етеді. Бірінші және екінші қабаттарда адамдардың нақты хаттары, сотталғандардың іс-қағаздары, фотосуреттер, тұрмыстық заттардың экспонаттары көрсетіледі.

Мұражайда тамаша гид - тарихшылар бар. Шетелдік туристер үшін экскурсиялар ағылшын тілінде жүргізіледі. Мен осы мұражайға баруға кеңес беремін, кем дегенде, біз қазіргі бейбітшілікті бағалай бастаймыз.

(07. 06. 18) Үшінші күні бәріміз Астанаға сапар шектік. Біріншіден «Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайына» бардық. Мұражай Қазақстанның қазіргі заман тарихы мұражайы болып табылады. Ол тәуелсіз Қазақстанның егеменді ел болып қалыптасуының кескін-келбетін мемлекет басшысының сан қырлы қызметі арқылы бейнелейді.

Осы резиденцияда Мемлекет басшысы жеті жыл қызмет істеген (1997-2004 жж. ) . Ғимарат астананың көшуіне байланысты 1997 жылдың желтоқсан айында салынған. Алғашқы келушілерді мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған.

Көрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мұрағатынан бірегей материалдар жинағы: қолжазбалар, жұмыс блокноттары, күнделіктердегі жазбалар, ресми құжаттар, алғаш сайлау науқаны кезіндегі фото және бейне материалдар жиналған. Арнайы жабдықталған бөлмеде сондай-ақ Елбасының жеке заттары, оған берілген кәдесыйлар, жәдігерлер топтамасы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуында 1936 жылы
ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі кәсіпкерліктің дамуы
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Халықаралық еңбек бөлінісі жайлы мәлімет
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz