Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

Құттығожин О. С.

Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі

Оқыту әдістемелік құрал

Петропавл

2015

Аннотация

Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен және әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Алғы сөз

Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т. б.

Кіріспе

«Біз еліміз бойынша әлемдік стандарттар

деңгейінде сапалы білім беру қызметін

көрсетуге қол жеткізуіміз керек»

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар денсаулығы зор, зерделі, білімі терең, адамгершілігі мол, туған Отанын құрметтейтін ұрпақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеу маңызды. Қазіргі таңда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында болашақ мамандарға сапалы біліммен қатар әлемдік білім кеңістігінен мемлекетімізге лайықты орын алуға мән береді. Осыған орай оқылатын пәндердің балалардың тыңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беруге назар аударылуда. Оқушыларды пәнге қызықтыру, күрделі тапсырмаларды орындату оларды іздемпаздыққа апарады. Баланың қабілетін ашу, қосымша материалдарды жүйелі түрде пайдалануға үйретуде ұстаздардың рөлі ерекше. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, оқытқан оқушылары өз білімін өмірде пайдаланып, шығармашылығын көрсетсе еліміздің дамуына қосқан үлесі болар еді.

Қазақстан тарихы 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1941 - 1945 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында

Жалпы мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді пысықтау, тиянақтау.

Оқыту нәтижесі Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізе біледі. Топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Ортақ шешім қабылдай алады. Өзін - өзі және басқаларды да бағалай алады. Тарихи оқиғаларға баға бере алады.
Негізгі идеялар Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Бұл жерде

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық - түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Жұмыс түрлері Жеке, жұптық, топтық жұмыс, рефлексия жазу.
Тапсырмалар Топты берілген өлеңдер бойынша бөлу. Топтық тапсырма.

Постер дайындау.

Сабақ жоспары:

Ойлау деңгейлері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Психологиялық дайындық. Тренинг. Берілген өлең жолдарымен оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру. Берілген өлең жолдарымен оқушылар топқа бөлінеді. Араларынан топ басшысын сайлайды.

Осы өлеңдеріңізді оқып шығыңыздар. Бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?

- «Соғыс»дегенді қалай түсінеміз?

- Қандай ірі соғыстарды білесіздер?

- Ұлы Отан соғысы қашан, қай елдердің арасында болды?

- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл?

- Ақындардың өлеңдерінен үзінді білесіңдер ме? Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Оқушылар формативті бағаланады.

Түсіну. Оқушылар назарын экранға аударамыз. Бейнеролик «Зұлмат заман» Осы бейнеролик бойынша оқулықты пайдаланып постер құрайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар бағалайды. Тақтаға критериалды бағалау бетшесі ілінеді. Оқушылар бейнеролик тамашалайды. Постер құрайды, қорғайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар бағалайды. Тақтаға критериалды бағалау бетшесі ілінеді.

Қолдану. Әр топ мәтінді оқып шығып сол мәтін бойынша қарсы топтарға ашық сұрақ дайындайды.

Оқушыларды смайликтермен бағалау. Әр топ 3 сұрақтан қарсы топқа қояды.

Сергіту сәті «Бақыт сағаты» тренинг. Тренингке қатынасады.
Талдау. АКТ- ны, оқулықты пайдаланып Ұлы Отан соғысына қатынасқан батырлар туралы мәлімет жинақтайды.

Формативті бағалау. Ғаламторды пайдаланып оқушылар батырлар туралы мәлімет жинайды. Әр топтан бір баладан шығып қорғайды.
Дерек пен дәйек. Хатынь. Оқушылар тың дерекпен танысады.
Жинақтау «Эстафета таяқшасы» әдісімен сабақты қорытындылау. Оқушылар шеңбер құрып бүгінгі сабақтан алған білімдерін сұрақ қою арқылы қорытындылайды.

Бағалау «Ардагер атаға хат» Оқушылар өздері білетін соғыс ардагерлеріне (аталары болуы мүмкін) хат жазады.

Үй тапсырмасы: Өз облысымыздағы, қаламыздағы, ауданымыздағы соғыс ардагерлері жайлы қосымша деректер жинау.

Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек әдісімен сабаққа баға береді. Бүгінгі сабақтың екі ұнамды жағын, бір ұсыныс жазып қалдырады.

Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

Сабақтың мақсаты:

● Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың өміріне тоқталу, фильмін көрсету.

● Белсенді, ізденімпаз, жан - жақты білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау, бағалау
VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгендеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Көңіл - күйлерін сұрау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?
2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.
3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.
4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Жаңа сабақтың жоспары:
Қысқаша мәлімет: Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық - ғұндар еді. Б. з. д. IV ғасырда - ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік - батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси - қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б. з. д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға - Мөде

1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
♦ Ғұн қоғамы ұшы - қиыры жоқ кең - байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.

2. Ғұн жорықтарының маңызы.
♦ Аттила (Еділ) шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген.
♦ Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, француз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.

3. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.
♦ 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысышапшаң, сенімді. ».
Тарихтағы "Ұлықонысаудару" , . Алтай, . .
б. з. д. II ғасырданбасталып, б. з. IV ғасырынадейінсозылған. Тарихтабұлжылжу тек , басқа да ірітайпаларға да әсерінтигізді. "" депатайды. : жергіліктісақ, юэчжи, үйсін, .
ҒұндарЕділденөтіп, алдарына сармат - аландарды сала отырып, Еуропағаенді. "гундер" депаталабастады. . Кейінготтар (германтайпалары), остготтар(шығысготтар) да . Ғұндар Керчь бұғазыарқылыөтіп, Босфор патшалығынталқандады. .
376 жылығұндар Рим . V ғасырдың 30 - жылдарындағұнбасшысы Румыния және Венгр , әлемгеәйгіліболды. Ғұндарпатшасы Аттила , елдікеңейтумақсатында Рим .

Аттила
Рим империясыәскерлері мен 250 мың Аттила . Ол Рим . VI ғасырдаЕуропада Аттила бейнесікескінделген алтын, .
♦ Рим . - , . .

Сабақтыбекіту:
1. , картаданкөрсет. ?
2. Аттила (Еділ) туралыәңгімеле.
3. ? Ойыңдыдәлелде.
Бағалау: . Жетістіктерінайтып, мадақтау
Үйгетапсырма: Шығармашылықтапсырма. «»

Қазақстан тарихы 6 сынып

Сабақтың тақырыбы:Мыс-тас ғасыры энеолит

Білімділігі: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушыларға адамзат баласының металдан жасалған құралдарды мыс-тас ғасырынан (энеолит) игере бастағанын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Топтық жарыс сабақ Сабақтың әдісі: «Жинақтау», « Ойлан тап », « Сиқырлы сандықша », « Тарих әлемі» ойындары. Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі адамдар еңбек құралдары, энеолиттік қыш ыдыстар суреттері, буклеттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сұрау. III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың жоспары: 1. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі. 2. Еңбек құралдарының жетілдіруі. 3. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері.

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( 5мин ) . Топтармен таныстыру: I-топ: « Тапқырлар»

II-топ: «Білгірлер»

Жарыс жоспары: 1-кезең. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, топ аты, топ ұраны. 2-кезең. « Жинақтау » / Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру / . 3-кезең. « Ойлан тап » / Суреттегі еңбек құралдарының атын дәл табу / . 4-кезең. «Сиқырлы сандықша» / Сандықша ішінде заттар жасырылады /. 5-кезең. «Тарих әлемі» / Әріптер артына сұрақтар жасыру /.

1-кезең. Әр топ - топ атын, топ ұранын таныстырады. Өте жақсы-10 ұпай Орташа- 5 ұпай

Мұғалім: Карта арқылы алғашқы адамдардың қоныстанған жерлерінен жүріп өтеміз. Әр қоныстанған шатқалдардан өткен сайын көптеген тапсырмаларға жауап беруіміз керек.

2-кезең. « Жинақтау » / Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру / . Слайд арқылы көрсету.

Дұрыс жауабы.

3-кезең Ойлан тап I топ «Тапқырлар» Слайд арқылы көрсету.

Дұрыс жауабы.

3-кезең Ойлан тап II топ «Білгірлер»

Дұрыс жауабы.

4-кезең Сиқырлы сандықша

Мұғалім: Мұқият тыңдап алыңдар, содан кейін барып сиқырлы сандықша ішінде не жасырылғанын табасыңдар

Сиқырлы сандықша I топ

Бұл сандықшаның ішіндегі затты 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б. з. б. V-IV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Қазіргі таңда бұл зат Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Сандықшаның ішіндегі не ? ( Алтын адам )

Сиқырлы сандықша II топ

Сандықшаның ішіндегі зат немісше - “түпнұсқа”, ал грекше - “ жазу папирусы” деген ұғымды білдіреді. Бұл зат әлемде алғашқы рет Қытайда жасалған. Кейінірек Ежелгі Грекияда жақсы дамыған. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген “тарих атасы” Геродот алғаш рет осы заттың кескінін жобалап жасады. Ол не? ( Карта )

Сиқырлы сандықша I топ

Тас дәуірі аса ұзақ уақытқа созылды. Осы аралықтағы адам баласының қолданған еңбек құралдары түгелге жуық тастан жасалды. Ежелгі адамдар қатты тастан осы құралды жасаған. Бұл құрал ғылымда чоппер деп аталады. Сандықшаның ішінде жасырылған ежелгі адамдардың қандай еңбек құралы? (Кескіш )

Сиқырлы сандықша II топ

Б. з. б 40-12 мың жылдықты қамтитын кейінгі палеолитке тән құралдардың бірі. Ежелгі аңшылар осы құрал арқылы мамонт, жүндес мүйізтұмсық, кішкене бизон, үңгір аюы, мен жолбарысты аулаған. Сондықтан да бұл қару ежелгі аңшылардың басты қаруы болып табылды. (Найза)

5-кезең «Тарих әлемі » Берілген әріптердің артында сұрақ жасырылған. Жасырылған сұрақтың жауабы таңдаған әріптеріннен басталады.

Мұғалім:

  1. Т- Өсімдіктердің тамыры мен құстардың жұмыртқаларын жинап қорек ету кәсібі қалай аталады?(терімшілік)
  2. А- Ертедегі адамдардың бірлесіп тамақ табуы мен жабайы жануарлардан қорғанып жүруі қалай аталады?(адамдар тобыры)
  3. Р- Тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар арқылы өткірлеу әдісі.

( Ретушь әдісі)

  1. И -Сурет жазудың ерекше дамыған түрі. ( Иероглиф )
  2. Х- Қазақстандағы ең биік жер. ( Хантәңірі шыңы)
  1. Ә- Шығыстың ғұлама ғалымы. ( Әл - Фараби )
  2. Л- Қыран құстың бірі. (лашын)
  3. Е- Алғаш жыл санауды кімдер ойлап тапты. ( Египеттіктер)
  4. М- Палеолит дәуіріндегі ең көп тараған жануар. ( Мамонттар )
  5. І- Қазақ халқының теріден тігілетін киімі. (Ішік)

Мұғалім: «Тапқырлар» тобы мен «Білгірлер» тобының ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.

Мұғалім: Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс - тас ғасырынан (энеолит) басталды. Бұл кезең шамамен алғанда б. з. б. 3000-1800 жылдары өткен .

Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды. Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл - мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б. з. б. 3-2 мың жылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды.

Үйге тапсырма. Кесте толтыру.

Тас дәуірінің кезеңдері
Кезеңнің хронологиялық ауқымы
Жаңалықтар мен өнертабыстар
Әр кезеңде өмір сүрген адамдар
Қоғамдық құрылымы
Тас дәуірінің кезеңдері: Ерте палеолит
Кезеңнің хронологиялық ауқымы:
Жаңалықтар мен өнертабыстар:
Әр кезеңде өмір сүрген адамдар:
Қоғамдық құрылымы:
Тас дәуірінің кезеңдері: Ерте палеолиттің мустье кезеңі
Кезеңнің хронологиялық ауқымы:
Жаңалықтар мен өнертабыстар:
Әр кезеңде өмір сүрген адамдар:
Қоғамдық құрылымы:
Тас дәуірінің кезеңдері: Кейінгі палеолит
Кезеңнің хронологиялық ауқымы:
Жаңалықтар мен өнертабыстар:
Әр кезеңде өмір сүрген адамдар:
Қоғамдық құрылымы:
Тас дәуірінің кезеңдері: Мезолит
Кезеңнің хронологиялық ауқымы:
Жаңалықтар мен өнертабыстар:
Әр кезеңде өмір сүрген адамдар:
Қоғамдық құрылымы:
Тас дәуірінің кезеңдері: Неолит
Кезеңнің хронологиялық ауқымы:
Жаңалықтар мен өнертабыстар:
Әр кезеңде өмір сүрген адамдар:
Қоғамдық құрылымы:
Тас дәуірінің кезеңдері: Энеолит
Кезеңнің хронологиялық ауқымы:
Жаңалықтар мен өнертабыстар:
Әр кезеңде өмір сүрген адамдар:
Қоғамдық құрылымы:

Қазақстан тарихы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Ақпараттық оқыту технологияларының оқыту үрдісін дамытуға тиімділігі
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Ішкі саралап оқыту
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері
Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Географияның оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz