Әлемдік іскерлік туризм географиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1.

  1. Іскерлік туризм
  2. Әлемдік іскерлік туризм географиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ «iскерлiк туризм» түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл - шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру, яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу; ал үшiншi бiреулер - «iскерлiк туризм» деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.

Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.

  1. Іскерлік туризм

Іскерлік туризм - бұл саяхат, жұмыс мақсатымен ақшалай кіріссіз іс-сапарларға бару. Мұндай сапарамен съезге, ғылыми конгресске, конференцияға, сипозиумға; өндірістік семинарда бас қосуға; жәрменке, көрме және халықаралық салондарға қатысуға барады және тағы басқалар. Іскерлік туризм - бұл болашақтағы мол және тиімділігі жоғары туризмнің бір саласы.

Іскерлік туризм қазіргі кезде ең тез дамып келе жатқан туризм түрі, бірақ өзіндік үлкен табысты туризм түрі болып тек XX ғасырдың 80-90 жылдары қалыптаса бастады. Дүниежүзілік экономиканың глобалдылығы мен оған іскерлік интенсификациясы, ғылыми және мәдени байланыстардың тікелей қатысы іскерлік туризмді динамикалық тез өсетін әлемдік шаруашылықтағы салаға айналдырды.

Іскерлік туризм көп салалы. Мамандар “бизнес - туризм” түсінігі орнына жиі ағылшын аббреавиатурасы-“MІCE” терминін қолданады, өйткені бұл аббревиатураны құрайтын сөздер -(Meetings; Incentives; Conferences; Exibitions - Кездесулер; Инсентивтер; Конференциялар; Көрмелер) бұл іскерлік туризм түрлері немесе бизнес - туризм құрылымы.

«Horwath Axe Consultants» мәліметі бойынша:

1) Жеклеген іскерлік сапарлар, олар бүгінгі күні іскерлік туризм құрылымының 70, 8% құрайды;

2) Конференция, семинарлар - 12, 6%;

3) Көрмелер - 10, 3%;

4) Конгресстік туризм - 3, 3%;

Іскерлік сапарлар жеке қызмет көрсетіп, ең жоғары класс бойынша қымбат апартаменттерде орналастыруға, күні бойы автомобильдің жалға берілуіне сұраныс білдіруі мүмкін.

Іскерлік сапарлар экономикалық жағынан өте тиімді болып табылады, себебі олар маусымдық факторларға тәуелді емес. Сонымен қатар кәсепкерлер сапары жарнамаға қосымша шығындарды талап етпейді. Олар үшін бастысы орындарды броньдаудың ретімен мерзімі туралы ақпарат болып табылады.

Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.

SITE Ассоциациясы 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi жұмыс бағыты - бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және тарату, арнайы әдебиеттер шығару.

Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi

1. 2 Әлемдік іскерлік туризм ағымдары

Іскерлік туризм өз ағымдарын құрастырады. Жыл сайын әлемде 100 млн- нан артық адамдар қызмет мақсаттарымен сапарға шығып тұрады. Туристік ағымдардың негізгі бөлігі Еуропаға, Солтүстік Америкаға және Оңтүстік- Шығыс Азияға бағытталған. Еуропа елдерінің ішінде іскерлік туристерді қабылдайтын Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Испания, Швейцария, Швеция, Бельгия. Еуропадағы іскерлік туризмді жеткізуші - Германия елі. Жыл сайын 5 млн немістер командировкаға шығып тұрады, оның ішінде 3% шет елге барады, 21% өз елінің ішінде саяхаттайды, ал 76% Германия аумағында қызмет командировкасында болады. Іскерлік сапардың құрылымының басымы бизнесмендердің командировкасы, конгрестік турлар, көрме мен жәрменкеге бару. Ғалымдар мен бизнесмендер форумдарға, конферцияларға, семинарларға қатысып, соңғы ақпараттар алады, әріптестерімен кездесіп пікір алмастырады. Іскерлік туризмнің географиясы бизнес-сапар географиясына және конгресті-көрме туризміне бөлінеді. Еуропа мен Америкадағы іскерлік туризмнің ірі орталықтарына Амстердам, Барселона, Брюссель, Вашингтон, Вена, Женева, Копенгаген, Лондон, Париж, Мадрид жатады. Мамандырылған туристік көрмелер мен биржалар ерекше назар аударады. Туристік өнімдерді ілгері жылжыту үшін олар 40 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын Еуропаның өзінде 200-ден артық халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылады:

1) Берлинде өтетін халықаралық туристік биржа (Іnternatіonal Tourіsmus Borse, ІTB) . Биржа жұмысының тақырыбы әртүрлі, мысалы, Еуропадағы экотуризмге арналған немесе Африкадағы туристік қозғалыстың дамуының болашағы туралы және т. б. ;

2) жыл сайын ақпан айында Мадридте өтетін халықаралық туристік көрме-биржа (FІTUR) . FІTUR - бұл Испандық және Латынамерикандық туристік өнімдерді көру көрмесі; бұл "Еуропа мен Америка арасындағы көпір";

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы
Іскерлік туризм жайлы
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Туризмология пәнінен дәрістер
Халықаралық туризмнің тарихы
Спорттық жорықтарға туризмнің психикалық дайындығының ерекшеліктері
Туристік сұраныс географиясы
Туризм түсінігінің қалыптасуы мен туристік саланың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz