Орта ғасырдағы Қазақстанның мәдени қайраткерлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Студенттік өзіндік жұмыс
1 Негізгі мәдени концепциялар
Мәдениеттің психологиялық концепциялары.19-20 ғғ. психоаналитикалық теорияның пайда болуы адам мен мәдениетті түсінуде өзіндік антропологиялық революция жасады деп айтса болады. Психоанализ негізін салушы Зигмунд Фрейд өзінің Тотем және табу еңбегінде культурогенез мәнін алғашқы мәдениет құбылысы арқылы ашады. Тотемизмнің алғашқы мағынасын ашуға тырысқан ол мәдениет феноменін түсінуде тыйым салу жүйесінің, яғни табудың үлкен мағынасы бар екендігін көрсетеді. Швейцариялық психолог, психоаналитик, мәдениет зерттеушісі, Фрейдтің дарынды шәкірттерінің бірі, кейіннен оның қарсыласы болған Карл Густав Юнгтың концепциясына сәйкес, мәдениеттің қалыптасуында адамдардың образдарын, ойларын, сезімдерін қалыптастыратын; миф, ертегілер, аңыздарда көрініс тапқан ұжымдық жадыны сақтайтын уақыттық жүйелерден тыс мәдениеттің архетиптері (қоғамдық бейсаналылықтың психикалық құрылымдары) негізгі роль атқарады
2.Ежелгіодүниетанымлерекшеліктері.К осмизм,Пантеизм,Эпикуризм,Объективи зм, Стонцизм,Кинизм
Дүниетаным қалыптасуынарсаяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп эсер етеді. Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ойы арқылы тануына жағдай жасайды.
Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.
Пантеизм (гр. pan - бәрі, tcheos - құдай) - Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі. Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 - 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар үнді (брахманизм, индуизм, ведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы Ксенофан өзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды, тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Пантеизмнің натуралистік сипаттары И.С. Эриугена мен П.Абеляр ілімдерінде кездеседі. Материя, ақыл және құдай бір нәрсе деп, Пантеизмді материалистік тұрғыда алғаш тұжырымдаған Д.Динанский болды. Пантеизм қайта өркендеу дәуірінде кең өріс алды. Бұл дәуірдегі алғашқы Пантеизм өкілдерінің бірі Н.Кузанский болды. Ол "адам өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады" деп тұжырымдады. Еуропада 16 - 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды.
Эпикуреизм - Эпикур негізін қалаған, соның атымен аталған ежелгі гректік және римдік философиядағы материалистік бағыт. Эпикурлықтар Афинада эпикурдың өз мектебіне қалдырған бақшасында жиналатын. Бұл бақша ежелгі заманда Бақша деп аталды.
Объективизм-сыртқы физикалық және әлеуметтік әлемнің ешбір өзгеріссіз объективті және өзіндік пайымдаудың әсерінсіз шынайы суретінің, бейнесінің мүмкіндігі жайлы түсінік. Кейінгі кезде бізге әлемді бейнелейтін кез келген доктрина адамның объективтілікке жету қабілетін дұрыс бағаламай, кемітеді деген факт кең таралған. Объективизмді жоққа шығару, алайда, оның қарама-қарсы релятивизм түсінігін қолдауды білдірмейді.
Стоицизм (грек stoa портик, ғыймарат: Афины портигі-(Бейпелістоидің) атынан шыққан стоиктердің филос мектебі)-Эллин мемілекетімен Рим империясының гулденген дәуірінде адамның ішкі тәулсіздігі мен дербестігін философия тұрғыснан түсіндірмекші болған эллиндік және рим философиясындағы басты бағыттың бірі. Космизм, экологизм, постгуманизм, жаңа жыныстық түсінік постмодернизм дүниетанымының ядросын құрады. Бұр тұғырнамалар қазіргі заманғы жағдайға сәйкес келіп жатты. Постмодернизмнің пайда болуына себеп болған объективті жағдайлар.
3.Орта ғасырдағы Қазақстанның мәдени қайраткерлері
Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі- Оян, қазақ! өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер. (Оян, қазақ!). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда мәңгүрттік қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
4.Қайта өрлеудің сипаттамалық ерекшеліктері
XIV ғасыр Италиядағы Қайта өрлеу дәуірінің басы болды (Кейінірек, XV ғасырдың орта тұсынан, бұл құбылыс Европаның басқа елдеріне де кең етек жая бастады.)Бұл өзі бүкіл елді, бүкіл халықты жаңаша жігерлендірген ғылым мен өнердің ерекше көркейіп өскен кезеңіне айналды.Ежелгі дүние өнеріне деген ықылас та күшейді. Римнің қираған қалаларының қалдықтарын қазып зерттеу гректер мен римдіктердің қолынан шыққан талай-талай тамаша туындыларды қайтадан жарыққа шығарды. Ежелгі дүние тәңірлері мен қаһармандарының әсем бейнелері Қайта өрлеу тұсының шеберлерін тек тамсандырып қана қоймай, тың шығармашылық ізденістерге шабыттандырды. Олар да ежелгі дүние суреткерлеріне тән адам сұлулығына, адам рухының ұлылығына ерекше табынды. Олар өз шығармаларына орта ғасырдың тақуа пірәдарларын емес, өмірге құштар, бақытқа құштар өршіл жігерлі жандарды кейіпкер етті.Суреткерлер өз шығармаларын діни сюжеттерге құрғанмен, ондағы бейнеленіп отырған көрініс өмірдің өз шындығына көбірек ұқсап тұратын еді. Қайта өрлеу дәуірінен бері бес ғасыр өтсе де, ол тұстағы шеберлердің шығармасы бізді осы күні де қатты тебірентеді.1962 жылы желтоқсанның аяғында үлкен теңіз лайнері баяу жылжып Нью-йорк гаваніне келіп кірді. Қарсы алушылардың көптігінен жер қайысады. Сақшылар қоршаған жүкшілер құлыпталған үлкен қорапты баспалдақпен алып түсті, машинаға тиеді. Жан-жақтан мотоциклшілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
Ұлттық баспа
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер
Азияның ортағасырлық мәдениеті
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақстандағы XX ғасырдағы ұлттық идеяның және ұлттық мемлекеттіліктің дамуы
Пәндер