Оқытудағы компьютерлік технологиялар



Жоспар

Кіріспе
1. Ақпараттық технологияларды қолданудың ерекшеліктері және танымдық белсенділікті дамыту.
1.1 Оқытуда компьютерді қолданудың негізгі бағыттары.
1.2 Қоғамдағы құрылымдық, іргелілік, амалды ақпараттардың мәні.
1.3 Компютерлік технологияны қолданудың тиімділігі
Қорытынды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Оқытудағы компьютерлік технологиялар

Орындаған: Жаратылыстану факультетінің

2 курс студенті
Молдахмет П.
Тексерген: Юсупов Б.Ю.
Рысқұлбекова А.Д.

Алматы - 2006

Жоспар

Кіріспе
1. Ақпараттық технологияларды қолданудың ерекшеліктері және танымдық
белсенділікті дамыту.
1. Оқытуда компьютерді қолданудың негізгі бағыттары.
2. Қоғамдағы құрылымдық, іргелілік, амалды ақпараттардың мәні.
3. Компютерлік технологияны қолданудың тиімділігі
Қорытынды.

Жаңа білім беру саясатының бағдарлы принциптерін қалыптастырудың
басыиды бағыттары үздіксіз білім беру жүйесінің барлық саласында білім беру
стандарттарын құру және іске қосу, білім беру мекемелерінің қаржылық
механизмдерін құру, білім берудің жергіліктік, аймақтық және республикалық
ерекшеліктерін ескеру, білім берудің барлық үрдісін гуманизациялау, жаңа
ақпараттық технологияларды енгізу, білім берудің мемлекеттік емес,
секторларын, әсіресе жалпы орта және арнаулы орта білім берудің салаларының
деңгейін көтеру, білім беру мекемелеріндегі жауапкершілікті арттыру,
дүниежүзілік білім беру кеңестігіне енуді қамтамасыз ету; ұлттық білім беру
деңгейін халықаралық стандартқа жақындату; республикадағы білім берудің
тиімді құқықтық базасын құрумен байланысты.
Компьютермен оқыту мәселесі жөніндегі ғылыми еңбектердің
авторларына: М.Б.Айдарханов, М.Ш.Байбатшаев, К.Ж.Байгелов, Б.Б.Балафонов,
Т.О.Балықбаев, Е.Ы.Бидайбеков, Б.Б.Бөрібаев, Н.Т.Ермеков, Г.З.Казиев,
Ж.А.Қараев жатқызуға болады. Ал электронды оқулықтар, электронды білім
бағдарламаларын, электронды – педагогикалық жүйелерді жасау мәселелерін
Г.Б.Ахметова, М.Х.Балтабаев, Р.Ш. Бектұрғанова, Ө.З.Иманғожина,
С.С.Құнанбаева, Ш.Х.Құрманалина, Г.Қ.Нұрғалиева, оқу үрдісі мен ұйымдастыру
құрылымына жаңа ақпараттық технологияларды комплекстеуді интеграциялау
арқылы енгізу Бөрібаева Б.Б., Есбосынов М.Б., Жүсіпалиева Д.М., Татенов
А.Ш., Қобдикова Ж. және тағы басқа қарастырған.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы информатика сабағында
оқушылардың танымдық белсендiлiгiн дамытудың керек. Бiлiм беру жүйесiнiң
алдына қойылған мақсаты — адамзаттың прогрестiк ерекшелiгiне, коғамдық —
тарихи, саяси-әлеуметтiк экономикалық жағдайына сай негiзделедi. Қоғам
iлгерi дамыған сайын адамдардың өмiрге деген көзқарастары өзгеруде, бiлiм
алуға тiлдердi үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Бiлiм берудi
ақпараттандыру, пәндердi ғылыми-технологиялық негiзде оқыту мақсаты алға
қойылуда. Кез-келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениетiнің деңгейiне
байланысты. Бiлiм беру жүйесiн ақпарат бағыты — жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды (қашықтан) окыту,
жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие
үрдiсiнiң барлық деңгейлерiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын көтерудi көздейдi.
Интернет желiсi мен электронды шот кеңеюi, оның күнделiктi
тұрмыста қолданысқа енуi оқушылардың ойлау жүйесiнiң артуына, ақпараттарды
мол қабылдауына өз әсерiн тигiзiп отыр.
Оқытуды компьютерлендiруде компьютердiң мүмкiншiлiктерi өте кең:
электронды оқулықтардың көмегiмен бiлiм, жаттықтыру тапсырмаларын беру,
оқушылардың бiлiмiн тексеру, тестiлеу, әр түрлi ойындар, т.б. Оқыту
үрдiсiнде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкiн. Яғни, оқытуда
компьютердiң екi бағыты бар:
1. Компьютердiң мүмкiндiктерiн сезiнiп, оны әр түрлi жағдайда
пайдалана бiлуге кажеттi бiлiм, iскерлiктер мен дағдылармен қаруландыру.
2. Компьютер оқытудың тиiмдiлiгiн жоғарылатып, сапасын
көтеретiн күштi құрал больш табылады.
Бiлiм беру үрдiсiнде белгiлi бiр кітап қалған әдiс-
тәсiлдермен жұмыс iстеу мүмкiн емес, бiлiм беру жүйесi үздiксiз
жаңартуларды қажет етедi. Тек соңғы жылдары ғылым саласында бiлiмнiң жаңа
бағыты ретiнде педагогикалық инновация дамып келедi. Осындай жаңа
педагогикалық инновацияларды бiрнеше жыл қолданып келемiз.
Толығырақ келесi кестеден көруге болады.
Кесте 1 Педагогикалық инновация

Педагогикалық инновация
Модификациялық Комбинаторлық инновацияМодульдiк инновация
инновация

1. Модификациялық инновация — қолда бар мәлiметтi дамыту, оның
түрiн өзгертумен айналысу. Мысалы: Х-ХУ ж.ж. Қазақстандағы ұлттық
этносаяси процестерi деген тақырыпты өткен кезде тiрек сызбаларды
пайдалану. Адамзаттық қоғам белгiлi бiр табиғат заңдылығы бойынша. Мысалы:
саңырау құлақ өсу үшiн нақтылы факторлар қажет. Қандай? Мына сызбаға назар
аударайық.
2. Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгiлi
әдiстеме элементтерiн жаңа құрастыру.
3. Модульдiк инновация — жеке дара тақырыптарды блок түрiнде
байланыстыру. Бұл технология жеке тұлғаның бiлiм алу процесiндегi ролiн
басты деп бағалайды және оқушы өзi оқыса ғана, бiрнеше мәрте қайталау
арқылы оқу процесiндегi өз мүмкiндігін iске асырады, орын табады және
қанағаттанады, пәнге деген қызығушылығы пайда болады және дамиды деп
есептейдi. Сол үiшiн тарих сабақтарында сөзжұмбақ, тест кұрастыру, реферат
жазу т.б. тапсырмалар беруге болады. Сондықтан оқушылар тапсырмаларын толық
орындау мақсатында көркем әдебиеттерден, газет журналдардан, теледидар
хабарларынан, интернеттен жаңа ақпараттар алуға тырысады.
Қазiргi кезде оқытушы сабақ мазмұнн қызықты әрi жаңаша өтуi
үшiн өзiнiң бағалы уақытын кажеттi материалды iздеу мен жүйелеуге жұмсайды.
Ол үшiн басты мiндет — оқытуды компъютерлендiрудiң концептуалды аспектiсiн
жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегi сәттердi ескеру
қажет.
- Оқыту үрдiсiн компьютерлендiру кезiнде компьютердi белгiлi бiр
үрдiстерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда модельдеуге үйрету.
- Компьютерлендiру оқытушыны оқыту үрдiсiнен шығарьш тастамай,
керiсiнше оқушымен неғұрлым тиiмдi жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.
- Компьютерде алға қойылған педагогикалық мәселенi сапалы және
тез шешуге көмектесетiн жағдайда ғана пайдалану қажет. Сондықтан оқытушы
оқытудың жаңа әдiс тәсiлдерiнiң бiрi — компьютер арқылы пәндiк сабақтар
өткiзуi қажет.
Мектеп оқушылары Интернет жүйесi және электронды пошта арқылы
әлемдегi қоры бай кiтапханалардан қажетті мөлшердi алады.
Электронды оқулықтар — ғылыми негiзде дайындалған
педагогикалық ақпарттық өнiм. Электронды оқулықты дайындаудың негiзi —
модульдiк оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық
тақырыптар кеңiнен берiлiп түсiндiрiледi, графикалық иллюстрациялар,
әртүрлi суреттер арқылы теориялық бiлiм толықтырылады.
Бүгiнгi күнi, әсiресе тарих сабақтарында, теледидар -
негiзгi бiр бiлiм беру жүйесiнiң ақпараттық құралы. Теледидар
бағдарламаларын келесi мақсаттармен қолданамыз: теледидар бағдарламалары
арқылы оқушыларға суреттелген телелекция тыңдайды; документалды кинолардан
оқушылар мол қосымша мәлiметтер ала алады; көркем фильмдерден балалар үлкен
тәрбиелiк мектептен өткен болады; ақпараттық бағдарламалар оқушыға
күнделiктi өз мемлекетiнде, жер жүзiнде болып жатқан көптеген жаңалықтар
берiп отырады.
Қорыта айтқанда, әр бiр ұстаз заманға сай кәсiбiн жетiк
бiлетiн, өз iсiнде жаңа технологияны пайдаланатын, iс-әрекетiнде
компьютерлiк жүйенiң ақпараттық мүмкiндiктерiн қолдана алатын бiлiктiлiгi
жоғары маман болуы керек. Сонда ғана шағын жинақталған мектеп оқушыларына
толыққанды бiлiм беруге, оларды рухани, мәдени, ғылыми құндылықтармен
байытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға толық жағдай жасалынады.
Бүкiл дүниежүзiлiк бiлiм әлемiне кiру мақсатында қазiргi
кезде Қазақстанда бiлiмнiң жаңа жүйесi құрылуда. Бұл үрдiс педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдiсiне нақты өзгерiстер енгiзумен қатар
жүргiзiледi. Елiмiзде болып жатқан түрлi бағыттағы өзгерiстер бiлiм беру
кызметiне жаңаша қарауды, көп жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып
саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетiн дамытудың, мұғалiм іс-әрекетiн
жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етедi.
Тәуелсiз ел больш, өз алдына дербес мемлекет алғанымыз үлкен
жетiстiк. Ендiгi жерде жас мемлекетiмiздiң әлем кеңiстiгiнде өркениет ел
ретiнде танымал болып, экономиканы өркендетiп, халықтың әлеуметтік жағдайы,
бiлiмi мен ғылымы, өнерi мен мәдениетi өркендеп, халықтың әлеуметтiк
жағдайы дүние жүзi мемлекеттерiмен теңесуi үшiн ел мүддесi жолында аянбай
тер төгiп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару — Республикамыздың әр
азаматының парызы. Сондықтан бүгiнгi таңда өмiрдiң жалғастырушысы — ертеңгi
болашағымыз ел мен жердiң иесi - жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсiрiп,
сапалы бiлiм беру кажеттiлiгi туындайды.
Қазiргi қоғамымызда әр мұғалiм өз iс-әрекетiнде қажеттi
өзгерiстердi әр түрлi тәжiрибелер жөнiндегi мағлұматтарды жаңа әдiс-
тәсiлдердi дер кезiнде қабылдап, дұрыс пайдалана бiлуi керек.
Сонымен қатар мектептегi оқу-тәрбие жүйесi, мұғалiм—оқушы арасындағы қарым-
қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулi өзгерiстердi қажет
етiп отыр. Мектеп тәжiрибесiнде жаңаша жұмыс iстеп жаңашыл технологияларды
пайдаланып журген мұғалiмдер бар. Бiрақ олардың пiкiрiнше жаңашыл әдiс iс
жүзiнде нәтижелi қолдану жолдарын, инновация үрдiстердi бiр жүйеге келтiрiп
оның педагогикалық негiздерiн анықтау, оларды бiлiм берудi дамытудьщ
негiзгi факторларына айналдыру мәселелерiн шешу керек.
Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен бiлiм
беруде мұғалiмдердiң инновациялық iс-әрекетiнiң ғылыми-педагогикалық
негiздерiн меңгеруi - маңызды меселелердiң бiрi.
Жаңа рухани, эстетикалық және тәжiрибелiк құндылықтардың пайда
болуын танымдық эволюция анықтайды. Апараттылық әлемдi қоғаммен шынайы
байланыс сапасын толықтыруды қолдану, әлеуеттi ұштастыру жүйесiн кеңейтедi,
тұлға — қоғам жүйесiнiң дамуын көрсетедi. Бұл жоспарда Ю.А.Левада
әлеуметтiк ақпараттар көрсету жорығында үлкен құндылық танытқан. Оның
анықтауынша, қоғамдағы жеке бастың қабылдау белгiлерiн З түрге бөлуге
болады, құрылымдық ақпаратты, iргелiлiк ақпараты, амалды ақпарат бөлігi
бөлiнедi.
Құрылымдық ақпарат. әлеуметтендiру бастапқы сатыдағы дара
(жеке) меңгерудi дәстүрлiк қатынас қоғамының көмегiмен (отбасьндағы аралық
қатынас, шағын топтарда, мектепте) өзiндiк ядро құрылымдық жекелiгiн
құрайды; сендiру, орнату, құндылы хабары болу, бiлiм ақпаратының
қабылданған нақты түрiмен байланысы, бiздiң зерттеуiмiзде институттан тыс
қаралу.
Маңызды ажыратылмайтын, бастапқы сыңары болып, институттан тыс
бiлiм, отбасы. Отбасындағы тәрбиенiң негiзгi құралы болып ана тiлi
саналады. “Ана тiл, дейдi К.Д.Ушинский әдiл, дәл анықтап - “балаға
табиғатты түсiндiредi, оны ешқандай жаратылыс зерттеушiсi түсiндiре алмас
едi: қоршаған ортадағы адамдардың мiнез-құлқын, қоғаммен, ол тұрған ортаны,
оның тарихымен және оның талпыныстарын бiрде-бiр тарихшы, олай таныстырмас
едi, халық сенімін халықтық поэзияны бiрде-бiр эстетик енгiзе алмас едi,
осындай ойлау ұғымын және пәлсапалық көзқарастарын, бiрде-бiр философ
балаға хабарлап айта алмас едi.” Ж.Ж.Наурызбай дел белгiлеп көрсеткендей,
адамдардың, негiзiнен, өз халқының медениетiнен шеттеуi, өз ана тiлiн
бiлмеуi болып табылады - деген.
Берiктiк (іргелi) ақпарат. Қоғамда адамды болашақта
тұрақтылықты жарыққа шығаратын хабары болуы тиіс, мамандыққа жекелей
тарту, ғылымға, өнерге, адамның артықшылығына, арнайы қатынас жолы арқылы
және бiлiмдi қалыптастыру, жеке тұлғаның мiнезiндегi қызығушылығын
қаншалықты өзектiлiгiн, ақпараттың осы түрiнен қабылданған бiлiм
байланысын, бiз институттың бiлiмге қатысын қараймыз.
Амалды ақпарат. Амалды ақпарат - әр тұлғаның моральдық
этикалық, құқықтық, идеологиялық және бүгiнгi қоғамдағы басқа да ережелерi:
бұндай ақпараттық таратушы ерекше арна болып, бұқаралық қатынас жолы
саналады.
Берiлген ақпарат түрi педагогикада салыстырмалы жаңа пайда
болу көзқарасы медиа бiлiм деп аталатын . “Медиа бiлiм” ұғымының бiрнеше
баяндалуы бар, атап айтқанда, педагогикаға бағыт, бұқаралық қатынас
заңдылығын оқытқаны үшiн алға басуы” (радио, кино, бейне және т. б.)
“Ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ-дiң
тарихтағы дамуы туралы қажеттi бiлiмнiң құны және қоғамдағы өмiрде оның
ролi,” сонымен қатар кәсiби дайындық университеттер мен арнайы колледжде
оқыту нәтижесiнде мынадай курстар оқытылатын, компьютерлiк бiлiм, бұқаралық
қатынас саласындағы немесе курстар, ақпарат меселесiне арналған.
Қоғамдық пiкiрдi, құруда, ақпараттық бұқаралық, сөзсiз түрде
шешушi рөл атқарады, солай болғандықтан, олар бұқаралық аудитория.
Министерлiк берген ақпарат больш мәдениет және қоғамдық келiсiм,
қазақстандықтар күнделiктi теледидардан 80,1% хабар алады, мерзiмдiк
басылымнан оқу 40,6 %. Бұқаралық ақпаратты құралдардан басқа, медиа бiлiм
құралы өзектi жүйе интернет болып табылады. Интернет осы уақытта
республика тұрғынының 2,9 ғана пайдаланады, ғалымдар интернеттi бұқаралық
ақпарат құралы деп қарайды. Медиабiлiм — бұқаралық ақпарат құралдарынан
және өзектi интернеттен этнокөркемдiк мәдениет саласын қабылдау және
шығармашылық амалдың ақпартты өңдеу бағыты. Жеке адамдық дәлелдеу
бiрлiгiндегi өзiне тән ұлттық өзiндiк сана бөлiктерi бар, бүтiндiк жеке
адамның мазмұнды және амалдық бөлiктердi жекелей алғы шарттарын
қалыптастыру. Осы уақыттағы рухани дағдарыс қоғамдағы өзектi ақпараттылықты
туғызады деп бақыланған, гумманитарлық кәсіптегі мамандар даярлағанда,
басты көңiл бөлетiн меселе, білiмдiк әлеуеттi ұлттық дәстүрлiк мәдениетте,
жас ұрпақ тәрбиесiне ақпараттлық бiлiм жағдайына қажеттi түрде пайдалану.
Бiлiм берудiң сапасын арттырудың негiзгi бағыттарының тағы бiрi
- оқыту үрдiсiн жан-жақты және жүйелi түрде компьютерлендiру. Оқыту үрдiсiн
компьютерлендiрудiң, соның iшiнде, математиканы компьютер көмегiмен
оқытудың нәтижелiлiгiн зерттеудегi ғылыми проблемаларды шешу аса маңызды
орын алады. Бұған себеп оқу үрдiсін компьютерлендiру психологиялық iс-
әрекеттердiң негiзгi бағыттарын жан-жақты қамтуы болъш табылады.
Зерттеу нәтижелерi көрсетiп отырғанындай, мектеп пәндерiн оқыту
барысында компьютердi қолдану мұғалiм мен оқушының қарым-қатынасы жүйесiн,
олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендiредi
және олардың ынталылық сезiмінің өсуiне әсер етеді.
Жаңа информациялық технология негiзiнде оқыту және оқу үрдiсiнде
компьютердiң мүмкiндiктерiн пайдалану Ж.А.Қараевтың зерттеу жұмыстарында
қарастырылған.
Оқу үрдiсiн технологияландыру және оқытуда компьютердi қолдану
жөнiндегi зерттеу жұмыстары тәжiрибе арқылы нақтыланьш оң пiкiр алғанына
қарамастан оқу үрдiсiнде педагогикалық технологияны қолдану, сабақтың
тиiмдiлiгiн арттыру мақсатындағы компьютерлiк оқыту iс жүзiнде көп кездесе
бермейдi. Бұның себебi сабақты технологиялық тұрғыдан жобалаудың бастапқыда
қиындық келтiруi (тақырыпты оқытуды жоспарлау), технологияны қолдану
әдiстерiнiң кейбiр сатыларының жеткiлiктi түрде зерттелiп өңделмегендiгi
және технология жөнiндегi мақалалардың аз мөлшерде жараялануы. Сонымен
қоса оқыту барысында ЭЕМ-дi тиiмдi және компьютердiң мүмкiндiгiн толық
пайдалану сабақты жоспарлаудың жаңа технологиясын қажет етедi. Бұндай
әдiстеменiң сабақты әдеттегi дәстүрлi әдiстеме негiзiнде өткiзуден
ерекшелiгi оқушыларды зерделiк мүмкiндiктерiне сай деңгейлеп оқытуға жағдай
жасайды, сондықтан да бұл әдiстеменi компьютерлiк технология бойынша оқыту
әдiстемесi деп атауға да болады.
Республика мектептерiнде оқу үрдiсiн компьютерлендiруде
қиыншылық туғызып отырған мәселелердiң бiрi компьютерлiк техниканың немесе
программалық жабдықтардың жетiспеуi болса, екiншi жағынан оқытушы
мұғалiмдердiң компьютерлiк техника алдындағы дәрменсiздiгi, оны сабақ
өткiзуге қолдануға деген ниетiнiң жоқтығы Бiздiң ойлауымызша мұның басты
себептерiнiң бiрi пән мұғалiмдерiнiң компьютердiң мүмкiндiктерiн бiлмеуiнiц
салдарынан оған деген кызығушылығының жоқтығынан, тiптi кей жағдайларда
сабақ үрдiсiнде компьютердi пайдалануға ашық түрде қарсы шығуынан больш
отыр. Кейбiр мұғалiмдер фундаментальдi пәндердi оқытуға есептеу техникасын
пайдалануға болмайды, ол зиянды, яғни кажттi iскерлiктi меңгеруге кедергi
келтiредi деп есептейдi.
Оқу үрдiсi мұғалiм мен оқушы арасындағы өзара байланыс
жүйесiнде құрылады. Бұл жүйеде өзара байланысушы субъектiлердiң (мұғалiм
және оқушы) өздерiнiң атқаратын қызметтерi бар. Мұғалiмнiң мiндетi - ол
бiлiмдi беру ғана емес, сонымен бiрге оны меңгеру үрдiсiн басқару, ал
оқушының мiндетi-оқу және тербиелену. Мұғалiм мен оқушы кызметiнiң арасында
диалектикалық бiрлiк болғанда ғана “мұғалiм-оқушы” жүйесi өзiнiң ең биiк
шыңына жетедi. Бұл жағдайда басқару процесi оқытуды жандандыру құралы
арқылы жүзеге асады.
Мектептегi бiлiм беруге компьютердi енгiзудi бір жағьнан
мемлекет талаптарьна сай оқу үрдiсiн компьютерлендiру деп, екiншi жағынан
оқытуды жандандыру құралы деп қарау қажет.
Компьютердi қолданған оқу үрдiсiн сырттан қарағанда,
компьютер оқушының ойлау қызметiн көз алдыға әкелiп көрсеткендей болады.
Дәстүрлi оқыту жағдайында мұғалiм сыныптағы әр оқушының жұмыс iстеу
ерекшелiктерiн ескерiп отыруы мүмкiн емес. Компьютердi колданғанда бұл
жағдай толығымен шешiледi. Мұғалiм оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын
бақылап отыруға, басқа оқушыларға кедергi келтiрмей үлгерiмi төмен
оқушылармен жекелеме жұмыс iстеуiне болады. Сабақтан тыс уактта мұғалiм
компьютер жадында сақталған оқушылардың жұмыстарына талдау жасап, тақырыпты
оқушылардың меңгеру деңгейiн анықтауға мүмкiндiгi мол
болады. Дәстүрлi оқытуға қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызметiнiң
даму үрдiсiн жан-жақты, терең түсiнуге оң жағдай туғызады.
Жаңа түсiнiкке байланысты компьютерлiк оқыту кезiнде оқушыларды
бағттап отыратын, жағдай жасайтын және оның қызметi жүзеге асуын қамтамасыз
ететiн режиссердiң мiндетiн атқарады.
Оқу үрдiсiнде қолданған программалық пакет оң нәтиже беретiнiне
көз жеткен жағдайда басқа пән мұғалiмдерi де компьютер көмегiмен сабақ
өткiзуге тырысады. Компьютерлiк сабақ кезiнде кең көлемдегi материалдар
оқушылардың заман талабына сай компьютерлiк мәдениеттерi мен
сауаттылықтары, пән аралық байланыстар арта түседi, яғни оқушылар
информатика пәнiнен алған бiлiмдерiн математика сабағында және керiсiнше
математикалық бiлiмдерiн информатика сабағында қолдануға қол жеткiзедi.
Компьютерлiк техника мектепте, сыныпта барынша толық
мүмкiндiгiмен жұмыс iстеуi үшiн компьютердi қолдануға жауап беретiн
мұғалiмнiң қандайда бiр iскерлiгi, қабiлетi болуы қажет, яғни ол
программалық пакетпен, программалау тiлiмен қажеттi деңгейде жұмыс iстей
алатындай болу керек. Пән мұғалiмдерiнiң программалау тiлiн бiлуi мiндеттi
емес, алайда ол компьютермен диалог жүргiзе алатындай дәрежеде болуы, яғни
компьютерлiк сауатты, мәдениеттi болуы мiндеттi. Егер мұғалiм компьютердi
бiлмей тұрып сабаққа қолдануға тырсатын болса, онда жоспарланған сабақтың
күткен нәтиженi бермеуi әбден мүмкiн. Сондықтан да қазiргi уақыттағы мектеп
мұғалiмдерiнiң бiлiмдерiн жетiлдiру курстарының бағдарламаларында
компьютерлiк сабақ қамтылған.
Өз жұмысында компьютердi қолданған мұғалiм, өзiнiң өткiзетiн
сабағының сапасын елеулi түрде арттырады және оқушылардың танымдылық
қызметiн ұйымдастыруды белсендi түрде жүргiзедi. Бұл жағдайда математика
пәнi мұғалiмнің мiндетi оқушыларға әр түрлi математикалық есептердi
компьютер көмегiмен шығару мүмкiндiгiн көрсету, өз бетiмен есеп шығаруға
компьютердi қолдануды және белгiлi бiр типтегi есептер жиынтығын шығаруға
арнаулы қолданбалы пакеттердi пайдалануды үйрету болыр табылады. Сол сияқты
математикалық есептердi шығару барысында математикалық бiлiмнiң,
iскерлiктiң, дағдыньң маңыздылығын, ал компьютер тек қана есептеу
барысындағы көрнекi көмекші құрал екенiн оқушылар санасына жеткiзе бiлу де
басты мақсаттың бiрi болуы қажет.
Психологиялық, педагогикалық және әдiстемелiк әдебиеттердi
талдау нәтижесiнде қазiргi мектептегi оқытудың тиiмдiлiгi мен сапасын
арттыру жолдарының бiрi, ол - оқушылардың танымпаздық қызметiн жандандыру
екенiне көз жеткiздiк.
Технология - ( грек – techne - өнер, шеберлiк, iскерлiк және
логия - iлiм, бiлiм) – дайын бұйым алу үшiн пайдаланылатын тәсiл деуге
болады. Ғылым мен техниканың соңғы жетiстiктерiне сүйене отырып, оқыту
процесiне де технологияны ендiру қажеттiлiгi туды. Және оқытуды жоғары
дәрежеге көтеруде маңызды рөл атқарады.
Әрбiр шәкiртпен байланыс жасау негiзiнде оку процесiнiң белгiлi
кезеңдерiн автоматтандыру үшiн оқу техникалық құралдары пайдаланылады.
Елуiншi жылдары оқыту машиналары қайта қолданыла бастады.
Қазiргi дәуiрде жаңа технологиялар дүниеге келдi. Жаңа
технологиялар туралы педагог зерттеулер бар. Ағылшын ғалымы Г.Пакс 1957
жылы өздiгiнен оқу машинасын жасау iсiнiң негiзiн қалады.
Оқыту машинасы жаттығулар орындап, есептер шығарады.
Машинаның емтихан қабылдайтын, сынақ алатын, бақылау жұмыстарын жүргiзетiн
түрлерi бар. Оның көп тараған хабарлау белгiсi- (Дұрыс, Сiз
қателестiңiз т.т. жазуы бар шырақ шамның жануы.
Жаца технология дәстүрлi оқыту жүйесiн ығыстыра бастауы
мүмкiн дейтiндер бар, бiрақ олар – технология оқытушының мiндетiн атқара
алмайтындығын ескермейдi, тек оның жұмыс Нәтижесiн арттыра алары сөзсiз
шындық. Оқытушының жанды сөзiнен күштi адамға әсер ететiн құбылыс жоқ.
Оқыту машиналар бiрiншi сигнал жүйесiне жататын болса, сөз екiнші сигнал
жүйесi бола тұрып, бiрiншi сигналдың сигналы болады. Академик И.П.Павлов:
... сөз болса, болмыстың екiншi арнаулы ерекше. Бiздің сигнал жүйемiздi
құрды, ол бiрiншi сигналдың сигналы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Физика сабағында компьютерді пайдалану
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
Интербелсенді технологиялар
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Музыка сабағында қашықтықтан оқытудағы компьютерлік технологиялар
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы
Пәндер