Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі.
Мәдениет дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні - мәдениет пен табиғатты культура мен натураны қарсы қоюшылық.
Мәдениет - адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам - хайуани мадани, яғни, адам мәдениетті жан.
Адам - табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екеніне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам - табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар - адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеялдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние -- бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні -- руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы -- адамдағы Мендік. Одан сыртқа ерекше бір нұр -- азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл -- мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті. Маугли -- көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің "Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы" мынандай жолдары еске түседі. "Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады". Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені "Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім" мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz