Түркілердің мәдени мұрасы қазақ мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті және оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Түркілердің мәдени мұрасы қазақ мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті және оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері
Ұлтымыздың қалыптасуы, ұлттық сананың бастаулары арғы түркі заманына, терең тарих қойнауына жетелейді. Сол себептен, осы түркі тілдес халықтардың туыстығы мен бірлігін айшықтайтын тарихи-мәдени ортақ жазба мұраларды бүгінгі күні бір арнада зерттеп-зерделеуге назар аударылды
Қазіргі тарихымыз орта түркі дәуірінен кейін түркі тілдес халықтардың қалыптасу дәуірінде өз алдына жеке отау тігіп, жеке ұлт ретінде тарих сахнасына шыққаны белгілі. Сол себептен түркі халықтарына ортақ ауыз әдебиеті үлгілері мен тарихи жазба мұралар қазақ ұлтына да тиесілі болып саналады.
Түркілік мұраны зерттеудің маңызы туралы аз айтылып-жазылып жатқан жоқ. Өйткені оны зерттеп-зерделеу арқылы халық тарихын, жады мен ой-санасын, таным-түсінігін, этникалық ұқсас қауымдастықтардың белгілі бір тарихи-мәдени кеңістіктегі тұрмыс-тіршілігін, өркениетін анықтауға болады. Осылардың тағлымдық жағы да назар аударуды қажет етеді. Бұл бағыттағы ізденістер, әлі де болсын, ортақ арнасы мен шешімін күтуде.
Күні бүгінге дейінгі зерттеулерді зерделесек, олардан халықтың тарихына, тіліне, діліне, дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі ой-пікірлердің бар екенін пайымдаймыз.
Бұрын батыс, орыс ғалымдарының еңбектері шешуші құжат, айқын дәйек ретінде қабылданып келді, қазір сол мұраларды зерттеп-зерделеуге әрі толықтыруға мүмкіншілік кеңінен ашылуда.
Жалпы түркілік ауыз әдебиеті - ықылым заманнан бері атадан балаға ауысып келе жатқан көненің көзі, сол сияқты ежелгі және орта ғасыр (VII - XVI) жазба ескерткіштері де түркі халықтары тілі қалыптасу дәуіріне дейін жазылған әдеби-рухани ортақ мұралар.
Оларға Орхон-Енисей, Талас жазбаларын, ұйғыр жазуының нұсқаларын, Дивани лұғат ат-түрік, Құдатқу білік, Хұсрау мен Шырын, Мұхабат-наме, Гүлстан бит-түрки, Нахадж әл Фаради, Қисса сул-Әнбиә сияқты т.б. оғыз-қыпшақ тілінде жазылған мұраларды жатқызып жүрміз. Осы жазба ескерткіштер әрі әдеби-тілдік дерек, әрі тарихи-танымдық дерек, әрі рухани әдеби-мәдени құндылық ретінде XVIII ғасырдан бастап зерттеліп келеді. Әсіресе, тарихи-тілдік материал, көне әдебиет нұсқасы ретінде біршама кең ауқымда зерттеліп-зерделенді. Бұл бағытта түркітанушылар: В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.М.Иль-минский, Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, С.Е.Малов, А.Н.Кононов, Ф.Г.Исхаков, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев сияқты т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Түркітанудың кең өріс алып дамуына қазақ ғалымдары да ай-тарлықтай ат салысты. М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Ш.Сәтпаева, Ә.Құрыш-жанов, М.Томанов, Ә.Ибатов, Ә.Қайдаров, А.Аманжолов, Н.Келім-бетов, С.Қасқабасов, Қ.Өмірәлиев, А.Егеубаев, А.Қыраубаева, Ш.Ыбырай сияқты т.б. қазақ ғалымдары көне түркі жазба ескерткіштерінің жанры, әдеби-көркемдік ерекшеліктері, дүние-танымдық сыр-сипаты, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы, әдеби тіл тарихы, этнолингвистика мәселелеріне қатысты іргелі еңбектер жазып, түркітануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Мәдениет морфологиясы туралы
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның Қазақстан ғылымындағы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы алатын орны мен ықпалын анықтау
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім - нанымдарының зерттелу тарихы
Мәдениеттану
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және исламдық әлемге әсері
Пәндер