Қазақ жерінде мекендеген ежелгі тайпалар туралы жалпы мәлімет – хронологиялық шегі, мекендеген аумағы, тайпа атаулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ жерінде мекендеген ежелгі тайпалар туралы жалпы мәлімет - хронологиялық шегі, мекендеген аумағы, тайпа атаулары.
Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар - сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б.VIII ғасырдан - б.з.V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде сақтар - б.з.б. VIII - III ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер - б.з.б.III - б.з.V ғасыр, қаңлылар - б.з.б.III - II - б.з.V ғасыр, сарматтар - б.з.б.III - б.з.V ғасыр, ғұндар б.з.б.III - б.з. IV ғасырларда өмір сүрген. Сақтардың ата мекені қазырғы қазақ жерінің аумағын тұтас дерлік қамтып жатса, үйсіндер - Жетісу, Тянь-Шань, Тарбағатай өңірлерін, қаңлылар - Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысын, яғни Оңтүстік Қазақстан жерін, сарматтар - Арал-Каспий аралығын, немесе Батыс Қазақстанды мекендеген. Ал ғұн тайпалық бірлестігі қаңлылар жеріне Шығыстан келіп қоныс тепсе де, ол жерлерде байырқаламай, Арал бойынан Батысқа қарай жылжып, тарихта Халықтардың ұлы қоныс аударуы атымен қалған зор оқиғаға себепші болып, қазырғы Еуропа жеріне табан тіреген еді. Әйтсе де, біз ғұндарды өзіміздің арғы ата-бабаларымызға жатқызамыз. Оған дәлел ретінде Мағжан Жұмабаевтің Пайғамбар деген өлеңін алуға болады, ақын ол өлеңінде ... ғұн - түркілердің арғы атасы деген тұжырымын жария еткен. Ғұндар Ұлы дала төсін құр тастамай, түркі тілдес халықтар деп аталатын өз ұрпақтарының құт мекені етті.
Мәдениет, оның мазмұны, адамзат тарихындағы рөлі, мәдениеттің түрлері, даму сатысы.
Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етіп, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуде пайда болды. Тас дәуірі кезеңінен бастап табиғатпен қоян-қолтық өмір сүрген адам баласы өзінің даму барысында мәдениеттің бастапқы қарапайым түрінен адам ойының небір таңғажайып туындыларына дейінгі жетістіктерді дүниеге әкелді. Мәдениет - адамның ақыл-ойы, іс-тәжірибесі, тұрмысы, жасап шығарған дүниелері, пайдаланған заттары, т.б. Адам ақыл-ойының туындысын - рухани мәдениетке жатқызсақ, тұрмыстық жағын - материалдық мәдениетке жатқызамыз.
Мәдениеттің адамзат тарихындағы рөлін бір ауыз сөзбен - қоғам мен адамның тарихи дамуының деңгейі деген тұжырыммен түйіндеген дұрыс.Яғни, мәдениеті қаншалықты жоғары болса адам да, қоғам да соншалықты деңгейде жетілген, дамыған деп қорытынды жасауға болады. Адамзат баласы мәдениетінің дамуы ұзақ та күрделі кезеңдерден өтті, бүгіндері ол адам баласын Мәңілік өмірге бастап барады. Мәдениеттің алғашқы белгісі - ежелгі адамдардың діни наным-сенімдерінен көрінеді. Табиғат құбылыстарының себебін дұрыс түсіне алмаған тас дәуірінің адамдары әлдебір құдіреттің барлығына шек келтірмей сеніп, сол құдіретке табына бастады, құдайлар туралы аңыздарды ойлап шығарды. Адам санасы жетілген сайын мәдени өмірдегі өзгерістер де көбейе түсті, оның мазмұны байып, жаңа сипатқа, жаңа түрге айнала бастады. Адам өмірінің барлық жағын қамтитын мәдени көрсеткіштердің тізімі де арта түсті. Адам ақыл-ойының жемісі - мәдениет ұғымының маңызы өте зор. Десек те, мәдениетті жасаушы адам ғой, адам қоғамда өмір сүреді, яғни мәдениет адам мен қоғамның жемісі.
Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн мәдениетінің жәдігерлері - ата-баба қалдырған асыл мұра.
Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларынан бізге жеткен мәдени мұра
қатарын екі салаға бөліп қарастырамыз. Біріншісі, рухани мәдениетін көрсететін жәдігерлерге келсек аталған тайпалардың барлығына ортақ дүние - олардың діни наным-сенімдерінде жатыр. Сақтарда әлемнің құрылымы туралы түсінік қалыптасқан, олардың ойынша әлем 3 бөліктен тұрады, және әлемнің 4 бұрышы болады. Осы бір ғарыш туралы түсінік Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген - күн, қанатты 4 пырақ, 4 алтын жебенің суреті.
Ата-баба ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнонимінің синонимі
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Сақ тайпаларының орналасуы
Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың орналасуы, хронологиялық шеңбері
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Сақ, усунь, кангюй бірлестіктерінің этникалық тарихын ежелгі нарративтік деректер мен кейінгі жаңа зерттеулер негізінде жүйелілікпен негіздеп, аталмыш халықтардың этногенезін анықтау
Пәндер