Қазақ зиялыларының қалыптасуы, әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Міржақып Дулатов
АО Астана Медициналық Университеті
Реферат
Қазіргі Қазақстан тарихы кафедрасы
Тақырыбы: Қазақ зиялыларының қалыптасуы, әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Міржақып Дулатов
Орындаған: 1 курс, 103 топ стоматология
факультетінің студенті Молдаш Батыр
Тексерген: Омарова Б.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы -- XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы -- XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әcipece кадеттер партиясының әcepi болды. Кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясының құрамына еніп мүшелікке eніп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Әлихан Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. Осыған қатысты С.Асфендияров былай деп жазды: "Қазақтың буржуазиялық интелигенттері орыстың буржуазиялық интеллигенттерімен (кадеттермен) одақ болды. Ә.Бөкейханов кадет партиясының кіндік (орталық) комитеттің мүшeci болды. I, II Мемлекет Думаларына қазақ атынан депутат болып сайланған Ә.Бөкейханұлы, М.Тынышбайұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Қаратайұлы, А.Қалменұлы т.б кадеттер басқарған прогрессивтік блокқа кірді. Партиясыз "мұсылман фракциясы" деген де болды 4, 97б..
Міржақып Дулатұлы (1885 -- 1935) -- қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!
Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург. Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Алғашында ауыл молдасынан хат танып, кейін Торғайдағы Ы.Алтынсарин ықпалымен ашылған 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алды. Ауыл мұғалімі деген куәлік алып, ауылда бала оқытты. 1904 жылы Омбы қаласына қоныс аударып, онда А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановпен танысты. Омбы, Қарқаралы, Орал, Петербор қалаларында көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлесу, саяси қозғалыстарға араласу оның саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Ол 1905 жылы қазанның 17-інде Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1906 жылы Конституциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Петерборға барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия полициясының саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілінеді. 1907 жылы Петерборда жалғыз ғана нөмері шыққан Серке газетінде М.Дулатовтың Жастарға атты өлеңі басылды. Ал алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласындағы Шарқ баспасынан Оян, қазақ! деген атпен жарық көрді. Қазақ оқырмандары үшін бұл кітаптың әсері үлкен болды, ауыл арасында қолдан-қолға тарап аз уақыттың ішінде ақынның есімі танымал болды. Ресей әкімдері тарапынан бұл кітапты оқуға тыйым салынып, қолға түскен даналары тәркіленді. Қоғам қайраткері Қызылжарда сот кеңсесінде тілмаштық қызмет атқарып, мұғалімдігін де жалғастырды, қазақ балаларына орыс тілінен дәріс берді. Сол кезде біраз уақыт М.Жұмабаев одан дәріс алды. 1910 жылы Қазандағы Каримовтер баспасынан Бақытсыз Жамал романы жарық көрді. Қазақ басылымдарына, әсіресе, Айқап журналына үзбей мақала жазып тұрды. 1911 жылы әр өлкедегі ел тұрмысын өз көзімен көру ниетімен қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай саяхатқа шығады. Құпия полиция тыңшыларының қатаң аңдуына алынған ол сол жылы маусымның 7-інде Семей қаласына келгенде түскен үйіне тінту жүргізіліп, тұтқындалады да, 19 ай қамауда отырады. 1912 жылы Орынборға келіп, ондағы қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарады. 1913-1918 жылдары Қазақ газетінің бас редакторы А.Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшы қызметінде болды. Осы кезеңде оның Азамат, Бақытсыз Жамал (екінші рет), Терме кітаптары жарық көрді. 1917 жылы ақпанның 25-інде Торғай губернаторы М.Эверсман Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен М.Дулатовқа және дәрігер Ә.Алдияровқа арнайы куәлік беріп, Минск маңы мен Баранович қаласында тыл жұмыстарында жүрген қазақтарға қолдау көрсетіп, жетекшілік етуге жібереді. М.Дулатов Минскіде Ә.Бөкейханов ұйымдастырған Еркін дала атты саяси үйірменің ісін жандандырып, қазақ жастарының көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. М.Дулатов 1916 жылғы оқиғалардың зардабынан қырғынға ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу мақсатында, Семей қаласында, қазақ тарихындағы ең алғашқы Жанар жәрдем қорын ұйымдастырды. Осы жылдары Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің жұмысына белсен араласты. Ол Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде 1917 жылы Орынборда өткен 1-2-ші жалпықазақ съезіне белсене қатысып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz