Абай жолы романы Бел-белесте


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

№1 ЖАҢА БҰҚТЫРМА ОРТА МЕКТЕБІ

РЕФЕРАТ

«Абай жолы»романы Бел-белесте

Орында ғ ан:Молдашев Батыр

ЖОСПАРЫ . Кіріспе

1. Бүлдіргенге баруы. . Негізгі бөлімі

1. Ж ұ ртты ң Жидебай, Маса қ ұл сия қ ты қ ыстаулардан кетуі. . Қ орытынды 1. Құ нанбайды ң екі ауылы да Жидебай ғ а жиыл ғ аны.

1. Күн түске жетпей-ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кетті. Аспанда теңгедей бұлт жоқ. Бұл атырапта бұлт көрінбегелі және бір тамшы жауын жаумағалы талай күн болды. Шыңғыс сыртының өзге жайлауы қоңыр салқын, жауынды келсе, дәл осы Бақанас суынан оңтүстікке қараған жақ өзгеше бір бүк, ыстық болушы еді. Суы молдығына және көк шалғынымен қатар қарағанды, көкпекті, ақ от, қара отына қарап қоныс етеді. Әйтпесе, мынау теріскейдегі қалың қара биіктің арғы сыртынан артық жер жоқ.

Абай үй ішінен қатты пысынап тысқа шыққанда, бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен.

Үлкен ақ үйдің жанында жүндес сары ала төбет тілін салақтатып, аузын арандай ашып, қатты солықтайды.

Бойдақ жылқының бәрі жайылысты тастап, сонау биік адырдың басына шығып ап үйездеп тұр.

Өрістен қайтқан қоралы қой да су маңына шұбырып, бауырын сызға төсеп, бүйірін соғып жатыр. Жайылысты ойлар емес. Қумаса су қасынан тұрар емес.

Сиыр атаулы Бақанас суынан бөлінген қара су, шалшық суларға кіріп, көлбей-көлбей жатып апты. Бірен-саран оқшау шыққан тайынша, құнажын болса, сәйгелдің қуғынына ұшырап, құтырғандай жосып жүр. Құйрығын шаншып алып, қос танауы делдиіп, екі козі дәл бір сойғалы жатқандай аларып, ежірейіп ап, жынданғандай жүйткиді.

Барлық жұрт түңліктерін жауып, іргенің көбін белдеуге шейін шалқита көтеріп, түріп тастапты.

Абай қайда барарын білмей, біртүрлі мең-зең боп, есінеп, іші пысып тұрды да өзенге қарай тартты. Мұрнының ұшы тершіп, басынан күн өтіп, Бақанастың ыстығына наразы боп, асығып келеді. Өзен жағасына келсе Оспан, Смағұл бастаған көп кішілеу балалар салқын, мөлдір суда асыр салып, шулап, ойнап, мәре-сәре боп жатыр екен. Абай бұлардың қасынан оқшауырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. Осы жазда малтып үйренген. Бақанастың кең қара суын әрлі-берлі екі жүзіп өтті. Бойы қатты сергіп, көңілденіп ап енді сүңги бастады.

Өзге балалардың шуында Абайдың жұмысы жоқ-ты. Бірақ анадайдан Абайдың сүңгігеніне қызығып тұрған Оспан бар баланы ертіп келді. Өзін-өзі жалаңаш санына шапалақтап Абайға айқайлап:

- Сүңгі, сүңгі! Тағы сүңгі! Солай!- деп бұйырып келе жатып, бір сәтте, жолындағы Смағұлдың арқасына секіріп мініп алды. Смағұл мұны лақтырып, түсіріп тастаймын деп бұлқынып еді.

- Иә, жығарсың! Сен түгіл қысырдың асау тайы - ақ тай да жыға алмаған Оспанды. Қанша мөңкісең де түспеймін!- деп, Смағұлдың мойнын құшақтап қысып ап, екі аяғымен тепеңдеп тебініп қояды.

Смағұл Оспанның зорлығына еріксіз көніп, жүгіріп жортып, Абай қасына келді де суға Оспанмен бірге шолп етіп құлай кетті.

Абай Оспанның тентектігінен мезі болатын. Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де ойнап, асыр сап кететін болса, биылдар беймаза көріп, шеттей беретін. Тіпті ыза қыла берсе, зекіп ұрсып, қуып жіберетін.

Қазірде де Оспандар шулап келгенде, Абай жақтырмай, тайқып шықты. Киіне бастады.

Оспан Абайдың тұнжырлығын елеген жоқ.

- Абайша сүңгимін?- деп, саяз жерге етпетінен жата қалады да, артын тоңқитып, мөңкіген тайдай, екі аяғын шаншыта береді.

Абай асықпай киініп боп, енді үйге қайтпаққа артына бұрылып еді. Жар жағасына Тәкежан кеп тұр екен. Сұлу киінген әдемі бозбала Тәкежан ат үстінде, қолында қаршығасы бар. Астындағы жирен жал құла дөнені қатты терлепті. Күміс жүгеннің ауыздығын тістеп, әрлі-берлі көлбектеп, ет қызуын баса алмай тұр.

Тәкежанның қанжығасында бір сары ала қаз, екі үйрек бар екен. Барлық бала соны көре сала:

- Ей, аға!. .

- Әй, ағатай, маған!. .

- Маған!. . Маған берші!- деп, судан ырши-ырши жүгірісті.

Тәкежан құс салып қайтқанда, осындай алдынан шығып жүгірген балаларға кейде аң олжасын беретін. Бірақ балаларды шетінен зар қақтырып, жалындырып, көп-көп сұратып барып қана беретін.

Тез бермейтінін біліп, балалар да талмай сұраушы еді.

Тәкежан Абайға қарап мақтана күлді. Өзінің жігіт болып қаршығаға құс ілдіретінін Абайға әрқашан бұлдаушы еді. Оны әлі өзінің шерігіне де татымайтын бос, болбыр бала көретін. Өйткені, Тәкежан осы жазда қайнына да барып келді. Өзінің жігіт-желең жолдастары да бар. Қазірде түн сайын қыз аңдып, ауыл-ауылды шулатып та жүреді. Абай ондайдың біріне жараған жоқ.

Оспан мен Смағұл Тәкежан қасына қатар жалынып, жүгіріп барып еді. Тәкежан ол екеуіне үлкен кісіше зіл тастап, әуелі боқтап алды. Абайдан белек, бір үлкендік белгісі тағы осындайында. Ол аса боқтампаз. Құнанбайдың алдында мысықтай үндемей отырып, былай шыға бере, бала-шаға, малшы-жалшыны сықпыртып боқтап жүру оның дағдысы болған.

Оспан мен Смағұлды жалындырып алды да, екі үйректі қанжығасынан шешіп беріп жатып:

- Жаман енеңді . . . қос қара! Ертеңді-кеш суды ылайлағанша, тым құрыса, бүлдірген терсеңдерші!- деді.

- Бүлдірген?

- Қай бүлдірген?

- Бүлдірген қайда?

- Ей, ағатай, айтшы!- деп, Оспан мен Смағұл тағы жалынды.

Бала атаулының, жаз болады десе, ерекше сағынатыны - бүлдірген. Бірақ, Бақанастың өз өңірінде ол өспейді. Өзге қай жерде бар? Пісті ме, жоқ па? Онысынан да әлі хабар алысқан жоқ-ты.

Бүлдірген дегенде Абай да елең етіп, сұрастыра бастады. Тәкежан жаңа ат үстінде жүріп естіпті. Бақанаспен қатар ағатын Жәнібек суы бар. Соның анау қара адырының ар жағында, Шыңғысқа қараған бас жағында бүлдірген тұнып тұр деп естіпті.

Бүгін-ертең ол араға Жігітек, Бөкенші көшіп келеді. Ел келсе, мыналар тере алмай қалады. Ендеше асығыс барып, теріп қайту керек.

Тәкежан осыны айтқанда, жаңағы көп бала алағызып:

- Жүр, ендеше барайық!

- Барып теріп қайтайық!

- Жүріңдер!

- Ал, ат ұстаңдар!

- Иә, сәт, бүлдірген, бүлдірген!- десіп, бар бала ойнақ салды.

Бүлдіргенге баруға Тәкежанның өзі де әзір екен. Ол Абайға да: «Жүр!»- деді. Абай ойланып, баяулап тұрды да, ақырында тым құрыса атқа мініп сергіп келмек боп қоса көнді.

Сонымен, бір шай қайнатым арасында Абай, Тәкежан бастаған барлық ұсақ бала тай-құнандарына мініп-мініп ап, желе шауып, шыға келісті.

Араларындағы үлкендері Абай мен Тәкежан.

Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екідең мінгесіп алып, Абайларға ілесе шыққанда жұрттың бәрінің артында қалған Оспан болды.

Ол биешілердің: «Жуас тай мін» дегеніне көнбестен, бүгін ғана үйретілген қысырдың асау тайы - ақ тайды таңдаған.

Ақ тай - соңғы үш-төрт күннен бері Оспанның есінен кетпейтін құмары.

Дередей үлкен, өзі жұп-жұмыр ақ тай - қысырдың тайы. Енесі - асау көк бие. Ақ тай енесінің асаулығынан былтыр байланбаған. Биыл арда емеді. Шу асаудың өзі. Соған жақында көзі түскен Оспан жас биеші Масақбайға жабысып жүріп, бүгін таңертең биенің бас сауымының тұсында бұғалықтатып, шыңғыртып ұстатып алған.

Масақбай - осы жылқыдағы асау атаулының албастысы. Оспанның жалынғаны еріксіз көндіріп, Масақбай таңертеңнен бері сол тайды үйреткен-ді.

Тайдың асаулық қияңқылығы сондай екен, біресе шапшып мөңкіп, біресе шыңғыра тулап кетіп, Масақбайды да екі рет жыққан. Бірақ өзге асаудан көрмеген ызаны көріп, екі жығылып алған Масақбай, ақ тайға қатты ызаланып алған. Құлақтан басып, бұғалықпен буындырып, екі езуін шұрайлап, тайды өлердей жазалаған. Үстіне үлкен жабу салып, оны басқұрмен шандып-шандып, қарғып мініп алған. Басқа-көзге төпелеп, шапқылатып, қан сорпа қып кеп, бағана желі басына байлап тастамақ болған.

Бірақ Масақбайдың өнеріне қызығып, өзі де қызып алған Оспан, тай әлсіреп келген кезде, жұрттың «Тоқта!» дегеніне болмастан қарғып мініп алған-ды. Екі езуі қан боп жыртылып қалған тай әлі де өлердей қияңқы екен. Оспан мінген жерде тағы да қайтадан шапшып секіріп, көп қияңқылық етті.

Өзі жеңіл балаға оңай көнгісі келмей, қанша қырсық жасаса да Оспан жығылмай қойған. Оның бағана Смағұлға мақтанғаны да сол. Қазір желі басында қалғанда, Оспанды бөгеген сол ақ тай болатын.

Тай ежелгі асаулыққа салып, тағы мөңкіді. Бірақ Оскан жығылып, қорқудың орнына, құшырланып сабай береді де, езу тартып күліп қояды.

Баланы жыға алмаған тай, ақыр аяғы, ала қашып, шаба жөнелген. Оспанның тілегені сол. Ол өзі ағызып келе жатқан тайды онан сайын борбайлап, басқа-көзге төпеп:

- Аруақ! Аруақ!- деп ұран салып, жосытып отырып Абайларды қуып жетті.

Ақ тай Оспанның ырқына әлі көніп болған жоқ екен. Ағызған күйінде сыңар езулеп, мойнын бұрып, қырындай шауып кеп, бар денесімен Тәкежанның құла бестісін қойып кетті.

Жұрттың бәрі де ығысып, бөгелеңдеп қалды. Оспан тайын бұрып, көптен сытыла бергенде, ақ тай тұра қалып, мойнын ішіке алып, шыңғырып жіберіп жаман мөңкіді.

Абай Оспанды аяп: «Мерт бола ма? » деп қорықты. Жалғыз-ақ Оспанның пішініне көзі түскенде қайран болды. Баланың үлкен көздері от шашып, өрттей жанып алыпты. Асаумен алысқан арпалысты жаны сүйгендей. Қорқыныштан биттей елес жоқ. Қайта: «Тулай түс» деп, қызыққан сияқты. Тай бұдан құтылмақ боп, нелер қиястық жасаса, соның бәріне де сол секундта Оспан қолма-қол тәсіл жасайды.

Бұл кезде Оспанның балалық жындылығы, ұр да жықтығы біржолата жоғалғандай. Ол Абай көзінде - алыс-жұлыстың бір балуаны сияқтанды.

Жұрттың бәрі амалсыз иіріліп тұра қалып, ақ таймен Оспанның арпалыс майданына қарады.

2. Ұрыс-қағыс басылып, тіршілік сабасына келгелі жұрт Жидебай, Мұсақұл сияқты қыстаулардан кетіп, ойға қарай ілгерілеп, көшіп келе жатқан.

Әр ру, әр ауыл өзді-өз күзектеріне қонып жатыр. Жайлаудай, қыстаудай емес, енді, тарап қонысатын болған. Бұл кезде, оқта-текте болмаса, қалың ауылдар азырақ кездеседі.

Құнанбай ауылдары да бір-бірінен шанжау-шанжау болатын. Тобықтының кең өріс, мол дала, көп адырлары осы «бауыр» деген күзекте. Күзектің ақ от, қара отын қыс түспей малға жақсылап жегізіп, тойынта түсу үшін, ауыл-ауылдар шашырай қонғанды тілейді.

Зеренің аулы биылғы күзекке жылдағыдай ұзап кетпеді. Жидебайдан үш көшіп Есембайға жетті де, «Күземді осында алып, қыстауға ерте қайтамыз» деп, жұрттың бәрінен кейіндеп қалған.

Биылғы күз аса салқын. Қара суық желі де, бұлыңғыр жауыны да ерте иектеп, мезгілсіз бүрсеңдетіп тұр. Қыс ызғары ерте білінетін болса, қыстауға жақын отырған артық. Ұлжан кәрі енесі мен балаларының жайын ойлап, әдейі осылай тартынып қалған. Қастарында көрші елден үш қана шағын ауыл бар.

Абай әкесі кеткелі үйден шыққан жоқ. Бірақ Жігітек жағының желігін, асыр-сауығын, мәз-мерекесін естіп жүрген. Ырғызбай жағынан тиген он бес қыстауды азулы мықтылар басқанын бір есітті. Артынан тағы да сол жуандардың өздері, ішін-ара әлі ұғыса алмай, енді бірінен-бірі қызғанысып, қырбайласып қалып жүр дегенді де есіткен. Бұндай хабарларға Абай біртүрлі сыншы үлкен жанша қарап, наразы боп күлуші еді. Бөжей намысын қуғандары шын болса, ол намыс, ол ар деген нәрселер оңай ма еді?

Сондай кірсіз, шетін, ақ нәрсені жермен, қыстаумен емдеуге бола ма екен? «Ел жылады . . . Елдің белі талды. Көп қысылды» дегендері кәне? Абай осыны да көп ойлап, аса бір қиналып, қысылушы еді. Ақыры ол шерудің барлығы осы адамдардың өз жемсауын тойдырса тыпа-тыныш басыла қалады екен.

Осындайларды қазып-ойлап, Абай осы күзде бар үлкенінің шама-шарқын танып алды. Таныған сайын басын шайқап, қыжалданып қояды. Көбінесе, тани тыңдап, мысқыл ете күледі. Сол себепті: «Жігітек масайрап, шат-шадыман боп жатыр. Біз мырзаның артында жабырқап, уайым ойлап отырғанда, олар сүйсініп, ойнақ сап жатыр!»- деп Ырғызбай кісілері қорланған уақытта, кіжініп, күйген уақытта да Абай оншалық шіміркенбейтін. Әсіресе, күйік шегіп, қызғанбайды.

Көбінше үндемей, езу тарта береді. Осындай, бір оқ өтпес сауыт тауып кигендей. Көптен бөлек, өзінше оқшау, қатаң есіп келе жатқан тәрізді.

Соңғы күндер көбінше домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді. Бүгін кеште де ат үстінде біраз жүріп кеп, шешелерінің үйіне кіріп, Ғабитхан, Тәкежан, Оспан және бірнеше малшылар отырған уақытта домбыраны қолға алды. Ширақ тартып отырып, бір кезде, аса бір өткір мысқылы бар, қызық елең айтып шықты.

Сөзі ұнап қалды білем. Ұлжан: «Бұл кімнің өлеңі екен өзі?» деп еді. Абай жай, шындап қана:

- Байкөкшенікі! Сол айтыпты!- деді.

Өлең Байкөкшенікі емес, езінікі болатын.

Осы күз бойы, әсіресе, қыс түсіп, Жидебайға, тамға орныққан соң, Абай домбыраға қатты зер салды. Біткенбай домбырашы, Тәттімбет домбырашы деген атақты күйшілердің тартысына салып, бұған домбыра үйрететін кәрі күйшілер табылды.

Бір жағынан домбыра үйрене жүріп, Абай осы кездерде Байкөкше айтты деген, әлденеше мысқыл, әзіл өлеңдер естіртіп қойып жүрді. Қыстауға келісімен, Ғабитхан молда Оспан мен Смағұлды қайта жиып оқу бастаған.

Абай солар қасында ұзақ отырып, кітап оқиды. Кейде Бабыр, Науаи, Аллаяр сияқтыларды оқып-оқып кеп, өзі де қағаз, қарындаш алып, соларша бірдемелер жазып кетеді.

«Ғашық оты, мағшуқа» деген сарындар жетектей береді. Өзі әлі өмірінде сол көп естіген мағшуқамен жүздесіп, тіл қатысып, ләззат алысып көрмесе де көңілмен аса нәзік сезініп, дем тартады. Ұмыттырмай, айықпай, лебі тартып жатқан бір ыстық жан бар. Ол - араздық, жаулық ар жағында. Кешегі төбелес, алыс-жүлыс атаулының ор, жырасының ар жағында қалып қойған, алыстап тұрған - Тоғжан. Соны көп-көп еске алады. Биылғы қыс бойында қағазға жазған азды-көпті өлеңінің бәрін, қорғаншақ, батылсыз жүрекпен соған арнайды. Осы қыста: «Әлиф деп ай өзіңе ғибрат еттім» деген бір кітапша сыпайы жыр жазды. «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай» деген өлеңін енді түгел аяқтады. Кейде Тәкежан, Ғабитхандарға домбыраға қосылып, әндетіп айтып беретін де болды.

Оқта-текте үйден шықса, Абай қара ауыз сары тазыны ертіп, қоян куатын.

Бірер рет Шыңғысқа, Қарашоқыға барып, Күнкенің аулында жатып, Құдайберді деген ағасының қасында болды. Құдайберді ерте үйленген. Осы қыста оның үшінші ұлы туыпты. 3Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қалған. Әр қыстаудың жанындағы тақыр көгалдара аздаған ақ үйлер, қоңыр үйлер көрінетін. Кемпір-шалы бар үйлер тамнан түгел арылып шықпай, жастар жағы ғана тынысы кең киіз үйлерін көтерген тәрізді. Жас қозы, бота, бұзаулар да әлі қораны жағалайды.

Жазғытұрғы ауыл қолдан түлеткендей біртүрлі бір жас иіске, жас өмірге толы. Әдемі реңді, әлденеше түсті балапан қозылар, лақтар күншуақта секіріп, дамылсыз маңырайды. Үлпілдек жүн, үлкен қара көзді боталар көрінеді. Жылқы ішінде ұзын құлақ, бұйра жүн, сүйкімді құлындар көбейген. Ересек тартқан, тез шираған бұзаулар да құйрығын шаншып ап, тынымсыз безіп, ортқып ойнайды. Осындай өрбіп өскен бар жанды, дүние тіршілікті даттайды.

«Өнген, өскен жарастығы біз». «Жоқтықтың барлыққа жіберген келгіні біз» дегендей шаттана жайнайды.

Құнанбайдың екі аулы да Жидебайға жиылған. Әр үйде қысыр сауылып, жылтыр қара сабалар ертеңді-кеш күрпілдеп, пісіліп жататын.

Жалғыз Құнанбайдың өз ауылдары емес, исі Ырғызбайдың, Топай, Жуантаяқтың да көп ауылдары Құнанбайды зор қошеметпен қарсы алды.

Әлденеше күн сүйінші тілесіп шапқыласқан жақындар топ-топ болып Құнанбайға келеді. Сәлем беріп, қонақ болып, қалың-қалын жиындарды өз ауылдарына ертіп барып, ертеңді-кеш қонақ қылып жатты. Биылғы қыс жайлы боп, жақсы өткен. Сүр мол. Пішенге байланған, Құнанбайға

сыбаға деп арнаған семіз қойлар, жұнттай жабағылар, арда емген тайлар да болатын.

Малды ағайынның бірталайы сондайлардан сойып, Құнанбайды барлық шеше, бәйбішелерімен, бала-шаға, туысқандарымен шақырады.

Баласына айтқан көкқасқасын Зере сойған. Күнкенің аулына апарып, Құнанбай өзі айтқан көкқасқаны да сойды. Бұл екі күнгі сойыс Құнанбайдың ел жиып, ру-руды жақынға, жатқа бөліп, екшеп алуына қажет еді. Бейнет кешіп келгенде алдынан шыққан кім, шықпай, қуанбай қалған кім? Соны айыру үшін керек.

Осындай жиында үлкенді-кішілі рулардың атқамінер, ақасақал, қарасақалы араласып жатты.

Анау күздегі екіұдай боп қалған Кекше сияқты рудың басшысы Қаратай, енді Құнанбайдың алдынан шығып баурына кіріп алған. Күндіз-түні тізесі айрылмайды.

Кешелер айдалды, жеңілді, ұлықтық, бектіктен айрылды деген Құнанбай, енді осы аман келісің өзімен, старшын боп келумен бұрынғы лақапты жалғанға шығарған.

Сол жаймен қатар Мырзахандар айтып келген ерлік ертегісі де бұл еңірдің жас баласына дейін түгел жетті. Соның бәрінің үстіне мынадай көл-көсір қонағасы, ұзақ жиын, жағалай сойылып жатқан ақсарбас, көкқасқалар құр ғана келіс қуанышты емес. Бұның ішінде шеп жию, батамен табысу, ыдырағанды қайта құру, құрсауын бүтіндеу - қысқасы, мерейін тағы аспандатып асыру бар.

Осындай сыртқа айбын, ішке медеу болған тойлар жарты айдай айықпады. Бұл кезде ел-елдің бәрі де қыстауларынан кешіп көктемге, ойға қарай жеңкілген. Енді-енді ғана ауыл-ауылдар арасы күзектегі сияқты қашықтаңқырап, бытырай қона бастаған.

Күнде үйіліп баса беретін сәлемші, қонақтар да саябырлады. Сол кезде Құнанбай үй ішіне, бала-шағасына емін-еркін тиетін болды.

Өртеңнің баурыиа қонып отырған Ұлжан аулына Құнанбай екі-үш күндей қонақтады. Күнкенің аулы да осы арада жақын еді. Абай осы күндерде байқады - әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен.

Ұлжан үйінің түстігіне Күнке, Құдайберді, Айғыздар да жиылып отыр еді. Құнанбай Зереге қарап отырып, осы барлық туысына арнап аз сөз айтты. Онысы - ұзақ жолда көңіліне көп келген мұң-уайымның үлкені еді.

Құнанбай өз басының жалғыздығын осы жолы қатты аңғарыпты. Аға, ініде серікке жарар медеу жоқ. Баланы ойласа, бәрі де жас. Және бір өкінгені - көп баланы үйлендіріп, немере сүйетін шағына жетсе де, сол қызықты өзіне-өзі іркіп, кешеңдетіп кепті. Енді сүйтіп, балаларының қызығын көрмек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясы туралы
Қазақтың тұңғыш эпопеясы
Абай жолы эпопеясындағы көркем уақыт пен тарихи шындық
М. әуезовтың «абай жолы» романы жайлы
Алаштың бас шығармасы
АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
Ұлтым қазақ
Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындық
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz