Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

Жоспар

1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
3. Ішкі істер органдары
4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты

1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.
Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының үлделерін қорғау, қылмыспен күресу.
Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура, сот т. б. сияқты органдар құқық қорғау органдарына жатындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға, ең алдымен, полиция және ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік кызметтері секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.
Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:
1) конституциялық бақылау;
2) әділ соттылық;
3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
4) прокурорлық қадағалау;
5) қылмысты анықтау және тергеу;
6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер жатады.
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры басқарады. Ол - Бас прокуратураның басшылығында тұрған адам.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды.
Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
Республиканың Бас Прокурорын өз өкілетті мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкіметтігінің мерзімі бес жыл.
Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі 1995 жылғы 21 желтоқсан дағы «ҚР Прокуратурасы туралы» Заңымен белгіленеді.
Жергілікті жерлерде облыстардың, аудандардың, қалалардың прокурорлары болады.
Мысалы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде заңдардың талабын орындамау үшін оларды бұрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәлме дәл орындауын бақылап отырады.
Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент жарлықтары кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, олар сол бұрмалауларды жою үшін шаралар қолданады. Ондай жолсыздықтардың көбі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болып келеді.
Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:
1) прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлдебір министрлік не болмаса әкім азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай шешім қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға (немесе сотқа) наразылық енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;
2) прокуратура әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік жолмен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, мемлекеттік органдарды: мемлекеттік автомобиль инспекциясын, санитарлық инспекцияны және т. б. әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осы органдар азаматтардың құқығын бұзып отырған жоқ па - прокуратура соны тексереді;
3) прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын қадағалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы мақсатпен дәлелдер жинастырылады, күдікті адамдардан, куәлардан, жәбір шеккен адамдардан жауап алады т. т. Міне, осындай жұмыстардың үстінде тергеу органдары заңды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзған жоқ па, тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданған жоқ па т. т., прокуратура соларды бақылайды.
Осы жұмыстарды атқару үшін прокуратура тергеу органдарына тексеру жүргізеді. Ол мұндай жұмысты заңдардың бұзылуы және т. б. туралы түскен арыз бен шағымдарға байланысты жүргізеді. Демек прокуратура органдары мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның да мүдделерін қорғайды.

3. Ішкі істер органдары

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына сәйкес анықтау, алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғу шылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін ҚР Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, ІІМ қарасты оқу орындары құрайды.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
1) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;
2) анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;
3) кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықты бұзуын анықтау және болғызбау, қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т. б. іздестіру;
4) ұрланған мүлікті іздестіру, жол жүру ережелерін сақтауға бақылау жасау, паспорт жүйесі ережелерін іске асыруға азаматтар мен лауазымды тұлғалар бақылау жасау;
5) шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау, мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т. с.
Осы міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарына, олардың қызметкерлеріне мынадай құқықтар беріледі:
1. Азаматтардан олардың қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауын, құқыққа қарсы қимылдарды тоқтатуын талап етеді. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда органдар күштеу шараларын қолдануға хақылы болады.
2. Егер бір кісі жөнінде қылмыс жасады немесе әкімшілік құқықты бұзды деген күдік пайда болса, оның кім екендігін анықтайтын құжаттарын тексереді.
3. Жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері туралы түскен арыздарды, хабарларды қарайды, оларды тіркейді, ондай әрекеттерді болғызбау, ашу, құқық бұзушыларды ұстау жөнінде дер кезіңде шаралар қолданады.
4. Егер органдарда қылмыстық және басқа әрекеттер жөніндегі материалдар бойынша іс жүргізіліп жатқан болса, соларға байланысты түсініктер, құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал шақырылған адам дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп әкеледі.
5. Құқық бұзған әскери қызметшілерді ұстап, оларды әскери коменданттарға, әскери комиссарларға тапсырады.
6. Жастары 18-ге толмаған, бірақ құқықты бұзған жасөспірімдер мен балаларды ұстап алып, уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстау, оларды қабылдайтын және бөлетін орындарға орналастырады. Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді қамқоршылық және қайырымдылық органдарына жеткізіп отырады.
7. Айналадағы адамдарға нұсқаң келтіруі немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді.
8. Қылмыс жасады деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен жағдайда орган қызметкерлері азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа да үй-жайларына тежеусіз кіріп, олардың ішін қарап, тексереді.
9. Көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк тасымалдауға құқық беретін құжаттарын тексереді. Егер көлікті жүргізу, жүкті тасымалдау жөніндегі ережелері бұзылған болса, заңда көрсетілген шараларды қолданады: жүргізушіні машина жүргізуден шеттетеді, жүкті арнаулы орынға жеткіздіреді, т. с.
Ішкі істер органдарына, олардың қызметшілеріне қоғамдық тәртіп орнатылуын, заңдардың орындалуын бақылауға мүмкіндік туғызатын басқа да құқықтар беріледі.
Қоғамда құқықтық тәртіп болуына, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауына олардың өздері мүдделі болуға тиіс.
Неғұрлым саналы азаматтар ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмысына жәрдемдесіп тұрады.
Бұл істе ерекше көзге түскен адамдарды ішкі істер органдары үнемі көтермелеп отырады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мына жағдайларда оқ-дәрілі қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:
1) азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін және кепілдіктегі адамдарды босату үшін;
2) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасындағы адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару үшін;
3) азаматтардың тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңсе үйлеріне жасалған шабуылды тойтару үшін.
Болған қылмыстан қорғану, тоқтату жағдайында да қару қолданылады.
Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Ішкі істер өкілдері мынадай міндеттер атқарады: қылмыс жасады немесе қылмыс жасауға әзірленіп жүр деген күдік туғызған адамдарды ұстайды. Мынадай тергеу жұмыстарын жүргізеді: суретке түсіреді, дыбыс жазады, кино, теледидар бейнелерін жасайды; көтерілген қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар алады; азаматтарды шақырып, олардан түсінік сұрайды, құжаттар талап етеді, жауап алады; қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау мақсатымен жұртшылықты хабардар етіп, оларды осыған жұмылдыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады т. т.
Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапқа тарту үшін басқа да қимылдар жасайды.

4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары - республиканың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және тыю;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсіретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитеті органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери рамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 8)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді
және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
2) «ҚР-ның Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» ҚР 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Президенті бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметінен тәуелсiздiк принциптерінде құрылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк береді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

СОТ ЖҮЙЕСІ

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар ) ; 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ) :

3. Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:

1) Конститутцияда, осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен; 3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен 4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен; 5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен; 6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар

Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - аудандық соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік -аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

2. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Аудандық соттың құрамы

1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.

2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

Аудандық соттың өкілеттілігі

1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

2. Аудандық сот:

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды. 2) сот статистикасын жүргізеді; 3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Аудандық соттың төрағасы

1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады; 2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді; 4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады; 5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады; 6) өкімдер шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар

Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру

1. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

2 . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Облыстық соттың құрылымы мен құрамы

1. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.

2. Облыстық соттың органдары мыналар:

1) қадағалау алқасы; 2) азаматтық істер жөніндегі алқа; 3) қылмыстық іатер жөніндегі алқа; 4) соттардың жалпы отырысы.

Облыстық соттың өкілеттігі

Облыстық сот:

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды; 2) сот статистикасын жүргізеді; 3) сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; 4) облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады; 5) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады

Облыстық сот алқалары

1. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

2. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.

3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Облыстық сот төрағасы

1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Құқық қорғау қызметі туралы
Әділет органдары
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Құқыққорғау органдар жүйесінің конституциялық құқықтық жүйесі
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Құқық қорғау органдары туралы
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz