ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАТЫНАСТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАТЫНАСТАР

Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекеттің каржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиын-тығы. Қаржы құқығыныц жүйесіне; ақша жүйесінің құқыктық нсгіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.

Қаржы әрқашанда мемлекеттің, өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің, материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалык (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономиклық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әркашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесіңде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің, өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің кайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып каржыларды калыптастыру процесіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және баска да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Кандай да болмасын занды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың объектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне кызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады. «қаржы» термині екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады: 1. материалдык мағынада; 2. экономикалык категория ретінде.

Материалдық (ақшалай) мағынада «қаржы» деп, мемлекеттің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша каражаттары қорларынын жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жайт.

Азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күңделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы - ақшалар болып табылады. Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар және кұжат жүзіндегі ақшалар.

Экономикалық категория ретінде каржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Каржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады:

1) бөлу және қайта бөлу функциясы;

2) бақылау функциясы.

Осы функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

Бөлу функциясының көмегімен өңдіріс аясыңда жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттык табыстың бір бөлігі меміекеттің карамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің занға сәйкес жүзеге асырауына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіп қаржылық тәртіптің сакталуы қамтамасыз етіледі.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніңдегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан қоғамдық қатынастар экономикалық катынастарға жатады, осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Олар мына болып келеді:

1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қаты­настар болып табылады;

2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;

3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің
нәтижесі болып табылады;

4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді;

5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан
базистің құрамына жатады;

6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-кұқықтық қатынас­тар түрінде кездеседі.

Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастар­ды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын, яғни ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін кұқықтық нормалардың жиынтығын атаймыз.

Қысқартып айтсақ қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің қаржылық кызметінің барысында туындайтын қоғамдық қаты­настарды реттейтін кұкықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық құкықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады:

1) Мемлекеттік - өктем, императивтік әдіс; 2) Каржылык - шартты, диспозитивтік әдіс;

Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық кұқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша эконо­микалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:

1) Қаржылық құқтық қаынастар тек мемлекеттің қар­жылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;

2) қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның

мүддесін жүзеге асырудын нысаны болып саналады;

3) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік -
өктем сипатта болады;

4) қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне мемлекет пен оның уөкілетті органдары жатады;

5) қаржылық кұқықтық қатынастар әрдайым материалдық
сипатта болады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынстардың материалдық мөнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің кызметтерінің нәтижесін айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие болтан тұлғалар болып табылады.

Осы айтылғандардың қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүдесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем мүліктік сипатта болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және онын уөкілетті органдарының қар­жылық қызметтерінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Қаржылық бакылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ак экономикалық категория ретінде де қаржыларға бакылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру процестерінің занды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жузеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бакылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың ұғымы екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз.

Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын тексеру жөніндегі мемекеттік уәкілетті органдардың іс-қимылдары болып табылады.

Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында зандылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаражаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субъектілерінін ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою.

Қаржы бақылау әр түрлі негіздер бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Нысандары бойынша: а) Тікелей бақылау; б) Жанама бақылау;

Тікелей бақылау нақты бақылау объектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу арқылы жүргізіледі.

Жанама бақылау бойынша, бақылау субъектісі мен объектісі аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың есеп беру және жоспарлау құжаттарын тексеру сырттай сипатта жүзеге асырылады.

2. Жүзеге асыру уақыты бойынша мынадай түрлерге бө-
лінеді:

а) алдын-ала қаржылық бақылау;

ә) ағымдағы қаржылық бақылау;

б) кейінгі қаржылық бақылау.

Алдын ала қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржы­лық шараларды жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескертпе бақылау;

Ағымдағы қаржылық бақылау кандай да болмасын қаржы­лық шараларды жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау;

Кейінгі қаржыдық бақылу өз қаржылық міндеттерін сапалы орындамағандарға және қаржылық құқық бұзушылық жасаған фактілерін айғақтау мақсатында қаржылық шаралар жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылатын бақылау.

З. Субъектілері бойынша: арнайы және функциялық қаржылык бақыдау.

а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уөкілетті органдары жүзеге асыратын бақылау (мысалы, Казакстан Республикасының Қаржы Министрлігі, Казакстанның ұлттық Банкі, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті және т. б. ) .

ә) функциялық қаржылық бақылау мемлекеттік органдар жүзеге асыратын және олар үшін қаржылық қызмет пен қаржылық бақылау қызметтерінін бір бағыты ретінде көрініс табатын бақьлау,

4. Қаржылық бақылау аясына байланысты: а) бюджеттік бакылау; ә) банктік бақылау; б) сақтандыру бақылауы; в) валюталық бақылау; г) салықтық бақылау; д) қаржылық-шаруашылық бақылауы болып бөлінеді.

Қаржылық бақылауды жүзеге асыру әдістеріне мыналар жатады:

1. Ревизия; 2. Алғашқы ақша құжаттарын тексеру; 3. Бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі жазуларды тексеру; 4. Статистикалық және бухгалтерлік есептеулерді тексеру; 5. Жоспарлар мен сметаларды тексеру; 6. Тексеру кезінде туыңдаған мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен материалдық жауаптылық жүкгелген тулғалардан жазбаша түсініктемелер алу; 7. Негізгі қорларды, нақты ақша қаражаттарын және тауарлық -материалдық құндылықтарды түгеңдеу; 8. Банктер мен басқа да есеп айырысу мекемелеріне ресми сұраныс жасау; 9. Құқық қорғау органдары мен соттардан түскен ақпараттарға талдау жасау.

Осы қаржылық бакылау әдістерінін ішіндегі ең бастысы ревизия болып табылады. Ревизия деп тексерілетін объектілердің қаржылық-шаруашышық қызметтерін мұқият зерделеу арқылы олардың заңды түрде, мақсатқа сәйкес және ұтымды жүргізілген тексеруді айтамыз.

Ревизия жургізу кезіңде мына келесідей әдістер колданылады: 1. тексеру объектісі бойынша: құжаттық тексеру; факті бойынша, яғни жасалған жұмыстың көлемі мен сапасын тауарлық-материалдық құндылықтардың бар жоқтығын тексеру. 2. Тексеру объектісінін қамтылуы бойынша; толық жаппай тексеру; ішінара, іріктеп тексеру. 3. ұйымдастырылуы бойын­ша: жоспарлы тексеру; жоспардан тыс тексеру.

1. 2. БЮДЖЕТТК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.

Бюджеттік құкық қаржылық кұқықтың манызды бөлімі болып табылады. Бюджеттік құқық қаржылық-құқықтық ин­ститут ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер бөлінеді, осы бюджеттер мемлекеттік қазынаның құрамдас бөлігі болып есептелінеді және әрқайсысы өте мол ақша қоры түрінде көрініс табады. Бюджеттік құқықтың құқықтық реттеу аясына - пәніне мыналар жатады:

1) бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;

2) бюджеттің шығыстарының бағытын (кұрамын) анықтау;

3) мемлекеттік бюджеттің құрылысын аныктау;

4) республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;

5) бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртібін белгілеу.

Бюджеттік құқықтың өзіне тән кұқықтық нормалары, яғни бюджеттік кұкықтық нормалары бар.

Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілермен ерекшеленеді:

1) бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;

2) бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи
міндеттер жүктейді және өктем билік береді;

3) бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті органдардың қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде заңдарда, жарлықтарда, өкімде, қаулыда керініс табады;

4) бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді
қамтамасыз етуге бағытталған;

5) бұл нормалардың кұрамында өте сирек кездесетін норма
түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық
көрсеткіштері, т. б. ) ұшырасады;

6) бұл нормалар кебінесе өктем-әмірлі сипатта болады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Императивті әдіс
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Қаржылық құқықтың сипаттамасы
Банк құқығы
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Қаржылардың жалпы түсінігі
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Банкілік құқық құқық саласы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz