Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуметтік реформалар мен оның нәтижелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуметтік реформалар мен оның нәтижелері

1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер - солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді.
Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда.
1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды.
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005).
2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен 1100 кәсіпорын болды.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.

1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған және екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын
Қазақстанның тұтынушылық мәселесінің салдары
Қытай халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Саяси жүйе теориясының авторы
Ресейдің отарлауы алдындағы Қазақстан
Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман мәселесі
Пәндер