Кәсіпорынның өндірістік қызметі. Өндірістік құрылым типтері


Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика факультеті
Менеджмент кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Кәсіпорынның өндірістік қызметі»
Орындаған: Кадыркешева Мадина
Тобы: Мн-21
Қабылдаған: Молдакенова Е. К.
Астана 2019 жыл
Жоспар:
- Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы
- Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері
- Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы
Кәсіпорынның құрамын бөлу өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру кәсіпорын құрылымы деп аталады.
Кәсіпорынның жалпы құрылымы:
- өндірістік (ғимарат, құрылыс) ;
- өндірістік емес (қойма, асхана, мәдениет сарайы, клуб, стадион) болып бөлінеді.
Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс алаңын дайын өнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер көрсету жөнінде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды лайықты еңбек құралдарымен қамтамасыз етудің бөлігі. Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте өнім бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын өндірістік бөлімшелерде қылыптасады. Бірнеше бөлімшеден цех құралады.
Кәсіпорын құрылымына әсер ететін факторлар :
- өнім өндірудің күрделілігі;
- кәсіпорын өлшемі;
- өндіріс процесінің сипаттары мен ерекшеліктері;
- өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;
- орналасқан жері.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үш түрі болад ы:
- өндірістік жеке дара түрі- өнімдердің алуан түрін және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді арнаулы жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы, кеме жасау, ірі турбиналар, кен қазу жабдықтарын дайындау.
- өндірістің сериялық түрінде- кезең-кезеңімен қайталанатын партия бұйымын дайындауды сипаттайды немесе кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериямен шығаруды көздейді.
- жаппай өндіріс түрі- ірі көлемде шектелген номенклатура бойынша көп мөлшерде шығарылатын өнімді сипаттайды. Жаппай өндірістегі кәсіпорынды басқа түрлерімен салыстырғанда онда еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, ең төменгі өзіндік құн және өндіріс циклының қысқа мерзімі, өндіріс жетістігі сияқты тиімді көрсеткіштерге қол жетеді.
Өндірістік құрылым типтері:
- Заттық құрылымдакәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін немесе бөліктерінің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Заттық құрылымның мысалына автомобиль зауыттарының двигатель, шасси, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ киім өндірісінде - аяқ киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Заттық құрылымның артықшылықтары көп. Ол цехтар арасындағы өндірістік өзара байланыстарды жеңілдетедіжәне шектейді, бөліктердің қоғалу жолын қысқартады, тасымалдау шығындарын азайтады және жұмысын жеңілдетеді, өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасын арттыруда жұмыскерлер жауапкершлігін арттырады.
- Технологиялық құрылымөндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезінде өндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады. Ал оның кемшіліктеріне бұйымның қозғалуында қарсы маршруттарының пайда болуы, цехтардың өзара өндірістік байланыстарының қиындауы, құрал жабдықтарды қайта орналастыруда уақыт шығындарының едәуір көп жұмсалуы жатады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің артуына және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға кедергі жасайды.
- Аралас (заттық-технологиялық) құрылымбір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы машина жасау кәсіпорындарындағы жалпы өндірістің дайындау цехтары (құю, ұсталық, престік цехтары) технологиялық қағидамен, ал механикалық құрастыру цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады. Мұндай кәсіпорын түрлері тек машина жасау ғана емес, жеңіл өнеркәсіпте де қолданылады.
Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.
Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына мыналар жатады:
- Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік цехтарының саны көп болады.
- Пайдаланылатын материалдарының сипаттамасы. Өндірістік үрдістің орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі.
- Өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен нысандары.
- Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері
Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болуы керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет: егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы керек:
- өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
- кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
- өндірістік барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
- өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;
- өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең жұмыс көлемін орындау.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы
Кәсіпорынның жылдық өндіріс бағдарламасына сәйкес келешекте даму жоспарының негізінде мемлекет тапсырысы, тұтынушылармен шаруашылық келісім-шарттары және жабдықтаушы мекемелермен өндіріс қуаттылығын анықтайтын өнім номенклатурасы, өнімді дайындау мерзімі мен өндіріс көлемінің жобасы анықталады.
Өндіріс бағдарламасы төмендегідей жағдайға қарай анықталады:
- жоспарланған жылы сатылатын өнімнің барлық номенклатурасы және ассортименті белгіленіп тұтынушылармен келісіледі;
- жоспарланған мезгілде қоймадағы дайын өнім қоры (запасы), тиеліп жіберген өнім көлемі, сол сияқты керекті запастардың өндірісте өзгеруі, алдағы мерзімде күтілетін есептер мөлшері дайындалады;
- аяқталып бітпеген өндіріс деңгейінің мөлшері және оны жоспарлау мерзімінде орын алатын керекті өзгерістер анықталады.
Өндіріс бағдарламасын жоспарлауда табиғи, еңбек және құндай өлшемдер қолданылады. Табиғи өлшемдер арқылы кәсіпорынның жұмысшылар күшіне, шикізатқа, отынға, электрқуатына, жабдықтарға қажеттілігі анықталады. Дегенмен, әртүрлі табиғи көрсеткіштерді жинақтау, біріктіру іс жүзінде мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz