Малды және құсты автокөлікпен тасымалдау


Экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар.
Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты және бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек.
3 сурет - Малды автокөлікпен тасымалдау
Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алады. Мегежін мен кестірілген қабанды және ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн, өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіші бар әдейі автокөлік жасалған және олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау.
Қой мен ешкіні жүк автокөлікпен жеке, ия болмаса тіркеме тіркеп тасиды. Шанаққа артқанда, қой-ешкі жата алатындай жағдай жасау керек. Егерде малды автоколона түрде тасыса, онда 2-3 жүк машинаға бір жолсерік тағайындалады. Асфальт жолмен жүргенде машинаның жылдамдығы 60 км. Ұсақ тас төселген жолмен -45 және топырақ жолмен 25-30 км/сағ, болу керек. Малдарды жақын жерден тасығанда, яғни жолсапары 6 сағаттан кем болса, оларды азықтандырмайды және суармайды. Ал жол сапары 6 сағаттан асатын болса, оларды дем алдырып, азықтандырады, суарады.
Сты тасымалдау
Құсты тасу үшін контейнер мен торларды қолданады. Көп тараған торлардың көлемі тауық пен үйрек үшін 90-60-30 см, қаз және күрке тауық үшін 90-60-40 см. Бір м 2 еденнің аумағына 30-ға дейін балапан, салмағы 1250 г тауық пен үйректің 15-18 басын және 10-12 бас қаз, ия болмаса күрке тауық (тірі салмағы 3-5 кг) сыйғызуға болды. Бұдан артық сыйғызса, құстардың салмағы төмендейді және өлім де болады. Құсты машинамен тасығанда ең тиімді алыстық, 50-100 шақырым. Ал торда 4-5 сағатқа дейін ғана болуы керек, одан уақыт асатын болса, құсқа 2-3 сағат дем алдырады, азықтандырып су береді.
4 сурет - Кұсты автокөлікпен тасымалдау
Й қоянын тасымалдау
Үй қояндарын тасығанда әдейі арналған тор, жәшік, ия болмаса контейнер қолданады. Торларды 4-5 қабат қылып қойып, жел соғатын жағынан жұқа берзент жабады. Жолда тасу уақыты 6 сағаттан асса, оларды аздап азықтандырады, бір басқа 50-60 г дәнді азық есебімен. Көлемі 220х40х30 см торды 8 бөлімшеге бөліп, бір үлкен қояннан орналастырады. Жүк транспортымен малды тасығанда, ағзаға мынадай әсер тигізуі мүмкін: стресс пайда болуы, үсікке шалдығу, ия болмаса үсу, t 0 -20 және төмен болғанда, ыстыққа шалдығу, ыстық ұру, тірі салмағын жоғалту - ірі қара малды 200 км дейін тасығанда 4, 2 %, шошқа -3, 8%.
9 кесте - Автокөлікпен малды тасығанда жіберілетін тірілей салмақ шығыны, %
Малды теміржолмен тасымалдау
... жалғасыМалды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т. б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 0 ) сумен жуады.
Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінген малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.
![]()
Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мына есеппен алады: ірі қараның 1 ц тірілей салмағына 4, 5 кг пішен, қой және ешкіге 5, 5 кг пішен, шошқаға 2, 5 кг құрама жем.
Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой және ешкіге 1, 5-2 л су керек.
Келіп жеткеннен кейін, вагоннан малды түсіру орнына әкелгеннен бастап, 6 сағаттан аспауы керек. Ең бірінші сау, сосын ауырған (ондайлар болса) малдарды түсіреді. Бір малды түсіру үшін 30 минут уақыт бөлінеді. Азықтың қалдығын ет комбинатына табыс етеді, ал басқа саймандар шаруашылыққа қайтарылуы тиіс.
Құсты теміржолмен тасымалдау . Құсты теміржолмен тасығанда қара малды таситын екі және төрт білікті вагондарды пайдаланады, оларды алдын ала кір - ыластан тазалап, дизенфекция жасайды. Оларды артар алдында жасы мен қоңдылығына байланысты жіктейді.
Нашар және төмен қоңды құсты союға, артуға рұқсат бермейді. Тауықты тасығанда ең оңдысы-стандартты торлар, көлемі 90х35х35 және 90х20х30 см, астыңғы тақтайы түгелдей, қабырғасы 5-6 см келген ашықтықпен жасалынған.
Тауықтың көлеміне қарай бір торға 18-24 бастан сыйғызады. Үйректерге арналып жасалған торлардың көлемі 150х50х50 см, сыйуы 10-12 бас. Қаздарға, көлемі 180х70х70 см тор қолданылады, сыйуы -6-7 бас.
Теміржолмен тасудың малға әсерін тигізуі:
1 Тым тынышсызданады және стресс жағдайы пайда болады.
2 Вагонның ішіндегі ауада әртүрлі зиянды газдардың мөлшерден тыс жоғарылап кетуі. Норма бойынша көмірқышқыл газы ауада 0, 25-0, 30 %, яғни 2-3 мл/л, аммиак 0, 02 мг/л, көміртегі 0, 01 мг/л аспауы керек.
3 Температурасы мен ылғалдығы орташа болғаны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz