Microsoft Visual Studio программасымен және деректер қорымен жұмыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
2
1
SSMS программасында серверге қосылу
3
2
Microsoft Visual Studio программасымен жұмыс
6
2.1
Analysis Services-те жаңа проект құру
6
2.2
Жаңа деректер көзі(источник данных)
7
2.3
Деректер көзі көрінісін жасау
12
2.4
Жаңа текше(куб)
16
2.5
Деректер қорына қол жетімділікті басқаратын рөльдің жұмысы
21
3
Проект қасиеттерін баптау(свойства)
24
4
Өңдеуге қосылуды жүзеге асыру
26

Қорытынды
27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

КІРІСПЕ

OLAP (Деректерді желіге қосылған түрде аналитикалық өңдеу) - үлкен іскери деректер қорларын реттеу үшін және іскери ақпаратты басқаруға қолдау көрсету үшін пайдаланылатын технология. OLAP деректер қорлары бір немесе бірнеше текшелерге бөлінеді және әрбір текше қажетті жиынтық кесте есептерін және жиынтық диаграмма есептерін жасауды және пайдалануды оңайлату үшін деректерді алу және талдау әдісіне сәйкестендіру үшін текше әкімшісі тарапынан реттеледі және құрастырылады.
OLAP технологиясы негізінде құрылған жүйе - көпөлшемді текше түрінде берілетін деректер моделімен жұмыс жасайды. Көп өлшемді деректер моделінде өлшем көрсеткіштері текше түрінде беріледі. Көп өлшемді текше - көп өлшемді құрылым. Көп өлшемді құрылым өзара байланыстырылған деректер жиынтығы. Текше бірнеше өлшемдерден құралады, ал әр бір өлшем текшенің бір қырын құрайтын өлшем көрсеткіштерінен тұрады. Ұяшықтар сандықкөрсеткіштерден тұрады немесе бос болуы мүмкін. Текшеде сақталған деректерді қарау таңдап алынған өлшемдер мен сандық көрсеткіштерден құралған қима түрінде жүргізіледі.

OLAP технологиясы деректерді көп өлшемді текше түріне ұсына отырып талдауды барынша жеңілдетеді. Пайдаланушы текше қимасы түрінде берілген кестеден көрсеткіштердің қорытынды мәндеріне қарай отырып талдау жасауына, қажетінше жеке бөліктерге бөліп қарауға мүмкіндік алады. Бұл жерде деректерді талдау ақпарат көлемінің үлкендігіне және ДҚ құрылымының күрделігіне қарамастан өте аз уақыт ішінде орындалады. OLAP концепциясын 1993 жылы деректер базаларын зерттеуші және реляциялық деректер моделінің авторы Эдгар Кодд тұжырымдаған болатын.

SSMS программасында серверге қосылу

SQL Server Management Studio (SSMS) кез келген SQL инфрақұрылымын басқару үшін біріктірілген орта болып табылады. SQL Server, Azure SQL дерекқоры және SQL деректер қоймасының барлық компоненттеріне қатынасу, теңшеу, басқару, басқару және дамыту үшін SSMS пайдалану. SSMS барлық сценарий редакторларымен кең ауқымды графикалық құралдар тобын біріктіретін бірыңғай кешенді утилитаны ұсынады, ол барлық деңгейлердің әзірлеушілері мен дерекқор әкімшілері үшін SQL Серверіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
SQL Server Management Studio (SSMS) программасында серверге қосылу үшін бірінші Файл--Подключить к обозревателю объектов... таңдаймызта.

Сурет-1.1 SSMS-те серверге қосылу

Ашылған терезеден Тип сервера бөлімінен Analysis Services таңдап, имя сервера бөлміне өзіміздің сервердің, яғни компьютер аты және MS SQL SERVER-дің экземпляр атын жазамыз.

Сурет-1.2 SSMS серверге қосылу

Қажетті бөлімдерді таңдап болғаннан кейін Соединить қосылуды жүзеге асырамыз.

Сурет-1.3 SSMS серверге қосылу

Серверге сәтті қосылған жағдайда Обозреватель объектов терезесінде сервер аты және сол серверде құрылған деректер базасы көрінеді.

Сурет-1.4 SSMS-те дұрыс қосылған сервер

Microsoft Visual Studio программасымен жұмыс

Analysis Services-те жаңа проект құру

Analysis Services-те жаңа проект құруды жүзеге асыру үшін Microsoft Visual Studio программасында Файл--Создать--Проект таңдаймыз.

Сурет-2.1.1 Analysis Services-те жаңа проект құру

Ашылған терезенің сол жағындағы Business Intelligence бөлімінен Analysis Services-ті таңдап, проект атын, орнын енгіземіз.

Сурет-2.1.2 Analysis Services-те жаңа атау енгізу
Жаңа деректер көзі(источник данных)

Проект құрылғаннан кейін жаңа терезе Обозреватель решений ашылады. Егер ол терезе пайда болмаса, меню қатарынан Вид-- Обозреватель решений таңдау арқылы шығаруға болады.
Осы терезеден Источник данных таңдап, тышқанның оң жағын басып жаңа Создать источник данных таңдау арқылы жаңа деректер көзін құрамыз.

Сурет-2.2.1 Жаңа деректер көзін құру

Ашылған терезден Далее таңдаймыз.

Сурет-2.2.2 Деректер көзі шебері терезесі

Деректер көзі шебері терезесінен сервермен және деректер базасымен байланысу үшін Создать басамыз.

Сурет-2.2.3 Деректер көзі шебері терезесі

Поставщик бөлімінен Microsoft OLE DB Provider for SQL Server таңдаймыз.

Сурет-2.2.4 Байланыс менеджері терезесі

Келесі таңдалынатын амал сервердің атын енгізу болып табылады. Сервердің атын SSMS программасында серверге қосыламыз, сервердің атын көшіріп аламыз.

Сурет-2.2.5 Сервердің атын алу

Сервердің атын енгіземіз.

Сурет-2.2.6 Сервердің атын енгізу

Деректер базасы бөлімінен керекті деректер қорын таңдап, Проверить соединение басып, серверге дұрыс қосылып тұрғандығын тексереміз. Серверге қосылып тұрса ОК басамыз.

Сурет-2.2.7 Деректер қорын таңдау

Сурет-2.2.8 Серверге қосылуды тексеру

Ашылған терезеден Далее басамыз.

Сурет-2.2.9 Қосылуды анықтау әдісін таңдау

Далее басқаннан кейін қолданушы аты мен құпия сөзді енгізу керек.

Сурет-2.2.10 Қолданушы аты мен құпия сөзді енгізу

Готово басу арқылы деректер көзін құруды аяқтаймыз, яғни жаңа дерек көзін аламыз.

Сурет-2.2.11 Деректер көзін құруды аяқтау

Деректер көзі көрінісін жасау

Деректер көзі(Источники данных) құрып болғаннан кейін, деректер көзі көрінісін(Представления источников данных ) құру керек. Ол үшін Обозреватель решений терезесінен Представления источников данных таңдап, тышқанның оң жақ бастырмасын басып Создать представление источника данных... таңдаймыз.

Сурет-2.3.1 Жаңа деректер көзі көрінісін құру

Далее таңдаймыз.

Сурет-2.3.2 Жаңа деректер көзі көрінісін құру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Деректер қорын логикалық модельдеу
Ақпараттық технологиялар факультеті
MS VS NET ортасында интернет қолданбалар құру
Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері
Азық - түлік дүкеніне мәліметтер қорын жасау
Деректер қорын жасау
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Деректер базасының концептуалдық моделі
Пәндер