Студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қарым-қатынас және оның қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
2
1
Студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қарым-қатынас және оның қалыптасуы
3
2
Ұжымдағы көшбасшылық және орын алатын қақтығыстар
6

Қорытынды
10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
11

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні адам (тұлға) рөлінің әлем дамуында, қоғам ауқымында алатын орны мен атқаратын рөлінің маңызы ерекше. Өйткені қазіргі экономика адамға бағытталуымен және өз кезегінде адамның өндірісте алатын орнының өзгеруімен байланысты. Адам енді бұрынғыдай өндірістің құрамдас бөлігі немесе элементі емес, адам экономиканың басты құндылығына айналуда: Бәріде адам үшін, адам игілігі үшін!. Яғни, экономика адам үшін дамуда. Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным ҚР Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу [1].
Себебі, адамды бағалауда бірінші кезекке оның ішкі жан дүниесін, иманы мен руханиадамгершілік қасиеттерін ескеру керек. Өйткені, қазіргі қоғамға тек білімді әрі білікті мамандар ғана қажет емес, адами тұрғыдан ақуасыз тұлғалар мен көшбасшылар, лидерлер керек. Әрине, бүгінгі қоғамда лидерлік ұғымы әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен адам үшін этикалықбағдарлық сипаттағы адамгершілік құндылық тұрғысынан айқындалады. Себебі, лидерлік бірлескен топтық іс-әрекеттегі топтың белгілі бір мүшесінің ұйымдастырушылық ерекше қабілетін көрсетуі және басқа мүшелеріне ықпал етуі тұрғысынан танылады. Біз көшбасшылықты (leadership) қауіп пен жаңашылдықты қабылдай отырып, қуат беріп және басымдықты белгілеу арқылы ортақ көзқарас дамыту деп түсінеміз. Басқару (management) белгісіздікті, сенімсіздікті шектеп, алауыздықты азайтатын, тұрақтылықты нығайтып, болашақты болжауға мүмкіндік беретін жүйе құру деген сөз. Мәселен, 1933 жылы шыққан Oxford ағылшын сөздігінде лидер бір топ адам арасында алда болу, белгілі бір жағдайда басқаларға әсер етуші адам - делінген. Ал, психологиялық сөздікте лидер - топтың ісәрекетінің бағыты мен сипатын, қызығушылықтарын ескере отырып, жауапты шешім қабылдау құқығына ие болған топтың мүшесі ретінде анықталады.

1 Студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қарым-қатынас және оның қалыптасуы

Студенттік шақта адам өзінің өмірлік жолын іздестіруде болады. Студенттің жоғары оқу орнындағы білім алу барысында кәсіби өзін-өзі анықтау кезеңі басталады, ол маман иесі болған кезде қандай әрекеттермен айналысатыны туралы ойланып, өзіндік жоспарларын құрып, оны іске асыру жолдарын қарастыра бастайды.
Дегенмен де жас адам үшін болашак кәсіби мамандығы үшін ойланумен қатар, өзінің жалпы жеке өмірі туралы да ойлана бастайды. Яғни, жоғары оқу орнында білім алу барысында оның тұлғалық қасиеттері тұрақтанып, өмірлік қағидалары нақтыланады, өзінің тәртібін қальптастырады. Бұл жерде студенттік ұжым маңызды роль атқарады.
Жоғары оқу орнында оқытушы әр түрлі студенттермен, әр түрлі студент топтарымен араласады, бірлесіп әрекет етеді. Сондықтан оқытушы үшін тұлғааралық қарым-қатынастың теориясын білу маңызды. Тұлғааралық қарымқатынастың заңдылықтары мен феноменін терең меңгерсе тұлғаны жан -жақты дамытуды іске асыра алады [2].
Философиялық әдебиеттерде тұлғааралық қарым-қатынас мәселесі әрекет, қарым-қатынас категорияларымен тығыз байланыста және маңызды орынға ие. Бұл түсініктерді бірлікте қарастырғанмен де олардың сипаты, мағынасы әр түрлі түсіндіріледі.
Қатынас ұғымын философтар субъект - объект, субъект - субъект арасындағы байланыс ретінде қарастырады. Бірақта бұл қатынастарға жалпы байланыс модальдық қатынас (жағымды, жағымсыз, нейтральды) және тұрақтылық тән. Ал, субьект - объект және субъект - субъект қатынасындағы негізгі айырмашылық бір бағыттылық. Субъект - субъект қатынасына екі жақтың белсенділігімен түсіндірілетін өзара тұрақтылық пен өзгермелілік тән. Тұлғааралық қарым-қатынастағы өзара түсіністік және өзгермелілік сияқты қасиеттер кездесетін болғандықтан оның негізгі қасиеттерін дамумен қатар қарастыру қажет. Қарым-қатынас,тұлғааралық қарым-қатынас бүгінгі күннің ғана мәселесі емес, ол сонау ерте заманнан бастау алған.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, М.С. Коган адамдардың тәжірибелік әрекеті ұжыммен бірігіп орындауды қажет етеді, әр уақытта материалдық, заттық, энергетикалық өзара әрекеті талап етеді деп көрсетті; сонымен қатар, тиімді әсер ету білігі ..., адамның алға қойылған міндетінің дұрыс тиімді шешімін таба білуді қажет етеді. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: тек қана педагогика адамға ұжымда дұрыс және тиімді өзара әрекет етуді үйрете алады [2].
Ғалымдар субъектаралық қатынасты қарымқатынастың бір түрі дей отырып, олардың арасында тікелей өзара байланыс барын айтады. Адам қарым-қатынасының әрекеттілігі субъектінің басқа субъектіге бағытталуынан көрінеді.
Л.П. Буева қатынас, қарым-қатынас, ісәрекет категорияларының арасындағы өзара байланысқа баска тұрғыда қарастырады. Ол қарым-қатынасты қатынас категориясынан басқаша қарастырады. Бұл категориялар өзара байланысты екенін айта келе, қарым-қатынас байланыстың ерекше формасы, бұл үдерісте қатынас көрінеді, нақтыланады деген анықтама береді. Сонымен қатар, адамдар арасындағы объективті қатынас әрекет үдерісінде қарым-қатынастың субъективтік сипатымен анықталады.
ЖОО-ғы оқу үдерісінде студент білім алумен қатар кәсіби маңызды қасиеттерге де ие бола бастайды. Студенттік кезеңде айналасындағылармен, өндірістікұжымдағылармен өзін адекватты сезініп, кәсіби және жеке өмірінде өзін көрсетуде дұрыс қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына кедергі келтіретін төмендегідей объективті себептерді атап көрсетті: ұжымның дамуы: ұжым мүшелерінің өзін - өзі танытудағы жаңа негізі және т.б. ұжым құрамының өзгеруі; педагогтың қатесі: ұжымдағы либералдык стильдің басым болуы немесе ұжымда авторитарлық.
Я.Л. Коломинский ұжым арасында іскерлік және даралық қатынастарды бөліп көрсетті. Ол ұжымда бір мезгілде туындағанменде бірдей дәржеде дамымайтынын атап айтты. Ғалым іскерлік қатынастың мәнін аша отырып, бірлескен әрекетте пайда болатынын, оның ішінде педагогтар арасында қалыптасатынын көрсетті. Іскерлік қатынаста адам эмоциясы көп көрінбегенмен де кейбір жағдайларда тұлғаның даралық ерекшеліктеріне сай байқалуы мүмкін. Зерттеушінің пікіріне сай тұлғалық қатынас қызығушылықтар, қажеттіліктер, талпыныс, ұмтылыс негізінде қалыптасады. Тұлғалық қатынаста уақыт маңызды фактор болып табылады. Уақыт өткен сайын қатынас дамиды және өзгереді, оған өсу, өзгеру тән. Ғалымның айтуынша өзара қарым-қатынас белгілі бір уақыт кезеңінде адам өмірінде нақты орын алатын динамикалық жүйе. Тұлға бойында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, оның ұжымда жағымды қарым-қатынас орнатуына негіз болады. Мысалы, ұжымда тұлғаның бойындағы маңызды қасиеттерді мадақтап көрсете отырып, оның мәртебесін көтеруге болатындығын атап өтті.
Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынасты қарастыра отырып, жолдастық қарым-қатынас бірлескен іс-әрекет барысында пайда болады және өзара көмек, өзара бірлесу негізінде көрінетіндігін атады. Бұндай қарым-қатынаста өзара симпатия болуы да мүмкін, бірақта оның пайда болуы міндетті емес.
Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты калыптастыруды зерттеудегі басқа бағыт Г.М. Андреева. А.И. Донцов, А.В. Петровский және х.б. зерттеулерінде көрініс тапты. Бұл авторлардың пікірінше бірлескен ісәрекет ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың негізі болып табылады.
Авторлар ұжымда тұлғааралық қарымқатынасты қалыптастырудағы педагогикалық жұмыстың маңыздылығын былайша түсіндіреді, кез - келген ұжым тұлға бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптасуына негіз болып, тәрбиелік қызмет атқарады. Ұжым - тұлғаның әлеуметтік тәжірибесін жинақтайтын негізгі базасы деп санайды
Студенттік топта ұжымдық көңіл-күй (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұза алады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), ұжымдық пікір (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай - ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарымқатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады. Сол себепті де студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру маңызды. Қарым-қатынас мәдениеті жоғары деңгейде дамыған студент ертеңгі күнгі білікті, іскер маман болып шығады. Сол себепті әрбір студент өз ортасындағы барша адамдармен жақсы сөйлесіп, араласуға деген ынтасы жоғары болған сайын, оның өмірге деген көзқарасы жоғарылай бермек және болашағының жарқын болуына себебін тигізері хақ. Бірақ ары қарай дамуын немесе артта қалуын ортаңның қандай болатынына да байланысты. Әрқашан айналаңдағылармен жақсы қарым-қатынас орната білу өзіңе деген сенімділікті арттыратыны сөзсіз.

2 Ұжымдағы көшбасшылық және орын алатын қақтығыстар

Философиялық сөздікте: лидер - әлеуметтік үдерістерде, жағдаяттарда жеке тұлғалық ықпалы басым болатын ұйымның немесе топтың абыройлы мүшесі. Лидердің абыройы және күнделікті әсерлі ықпалы формальды емес сипатта болады, стихиялық жинақталады және ресми емес топтық бақылау құралдарымен сүйемелденеді-деп анықталған.
Демек, лидер - саяси партияның немесе қоғамдық ұйымның және т.б. басшысы, жетекшісі; қандай да бір топта ықпал етуімен үлкен беделге ие тұлға; көш бастаушы; бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы қолайлы өзара қарым-қатынасты құруда негізгі рөл атқаратын ең беделді тұлға - деп тұжырымдауға болады.
Мысалы, Қазақстан ұлттық энциклопедиясында көшбасшы - көшті бастаушы әрі басқарушы - дей келіп, ... Қазақстанның Орта және Батыс өңірлерінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына байланысты қазақ қауымы жиі-жиі қоныс аударып, көшіп-қонып өмір сүрген. Көшті жөн-жосықты жақсы білетін, жер-су жағдайымен жете таныс Көшбасшы басқарған. Кейде ұзақ көш жолдарымен көшуге тура келіп, көптеген елді мекендерді басып өтетіндіктен Көшбасшы болып ел мен жер тарихымен, жергілікті ру-тайпалардың әдетғұрыптарымен жақсы таныс, көпті көрген, көне көз адам тағайындалған. Көшбасшы көштің бағдарын, уақытын, тәртібін ғана қадағалап қоймай, ру аралық қақтығыстарды болдырмайтын тапқыр, мәмілегер, бітімгер, саясаткер адам ретінде көш қауіпсіздігін қамтамасыз еткен - деген анықтама берілген [8].
Алайда, көшбасшылық ұғымына қазіргі заманғы білім беру жүйесінде төмендегідей анықтамаларды жиі кездестіреміз:
Көшбасшылық - топтың, қауымның, қоғамның бір мүшесі(көшбасшы) нақты жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін басқаларды ұйымдастырып, бағыттайтынәлеуметтік-психологиялық үдеріс. Оқытушы көшбасшылық - мектептегіоқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында мектеп директоры қабылдайтын немеседиректор мектеп қоғамдастығының басқа мүшелеріне жүктейтін іс-шаралар кешенінкөздейтін көшбасшылық түрі. Оқытушы көшбасшылық оқыту мен оқуды жетілдірумақсатында анық мақсат қоюды, оқу бағдарламасын басқаруды, сабақты жоспарлаудыңмониторингін жүргізуді, ресурстарды анықтап, мұғалім жұмысына эвалюация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастарын дамыту
Психологиялық бейімделу компоненттері
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Жанұядағы қатынастар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Әскери әуе авиациясы
Әскери қызметкерлердің жұмысын атқару кезеңіндегі кездесетін эмоционалды ауыртпалықтарының психологиялық мәселелері
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Әскери ұжымдағы қарым-қатынас
Оқушылардың оқу топтарына бейімделуінің психологиялық - педагогикалық шарттары
Пәндер