АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ
ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Тыныс алу жүйесінің қызметі бузылған науқастарды бақылау және күтім жүргізу
Тыныс алу мүшелері ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге және одан көмір қышқыл газын шығару кызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16 дан 20 - ға дейін болады, бұл адамның жасына, жынысына, дене бітіміне байланысты. Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.
Тыныс алу мушелері ауруларының жалпы сипаттамасы
Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарыныңырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - корғаныш-физиологиялық икемделу, оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орның толтырып, жиналған қышқылының артығын шығарады. Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ол тыныс алудың жиілігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай-ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға
Ентікпенің екі түрі бар - инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе ұзақ дем алумен сипатталады және ол дауыс I саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлык, ентікпе қиналып дем алу ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңылауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады.
Тыныс алу жүйесінің көптеген жедел және созылмалы ауруларында ентікпе кездеседі. Оның болуының себебі көбінесе қанның газ кұрамының шгеруіне байланысты - кұрамдағы көмірқышқыл газы жоғарлап, оттегі томендейді, қанның рН қышқылдығы жоғарлап, ол тыныс орталығындағы және шеткі хеморецепторлардың тітіркендіргенен тыныстың жиілігімен тереңдігі өзгереді.
Кенеттен пайда болған өте күшті демікпені - тұншығу деп атаймыз. Бронх өткізгіштігінің жедел бұзылудағы тұншығу (бронхтың спазмы, кілегей қабатының ісінуі, онда тұтқыр кақырықтың жиналуы) - бронх астмасының ұстамасы деп аталады. Бұл жағдайда науқастар ауа жетпей, көгеріп, тынымсыз, өзінің жағдайын жеңілдетуге тырысады.
Науқаста ентігу немесе тұншығу пайда болғанда мейірбикенің міндеті:
- бірден дәрігерге ентігу сипаты, тыныс алу жиілігі туралы өз бақылауын айту, сондай-ақ, науқастың жағдайын жеңілдету үшін шаралар қолдану;
- науқасқа биіктеу (жартылай отырғызу) қалып беру;
- тар киімнен және ауыр көрпеден босату;
- бөлмеге таза ауа ағынын арттыру;
- дәрігердің сәйкес тағайындауы болса, науқасқа қалталық ингалятор беріп, оны қалай қолдану туралы түсіндіру;
- қажет болса оксигенотерапия жүргізу.
Жөтел - бронхтардың және жоғарғы тыныс жолдарынан бөгде заттар, шараналар, жоғарғы тыныс жолдарының, бронхтардың және өкпенің түрлі аурулары кезінде қақырықтар шығаратын қорғаныш-рефлекторлық акт болып табылады. Жөтел рефлексі кақырынуға көмектеседі. Дауыс саңылауы жабулы кездекенеттен әрі шұғыл дем алу жөтелуге түрткі болады. Жөтел деген былайша шығады - адам терең демалады, содан кейін дауыс саңылауы, барлық тыныс алу бұлшық еттері, диафрагма мен төс етегі жабылады, екпедегі ауа қысымы көтеріледі. Дауыс саңылауын шұғыл ашқан кезде тыныс жолында жиналған ауа қақырықпен немесе басқа бөгде заттармен бірге күшпен ауыз арқылы ашылып шығады. Тыныс жолдарындағының бәрі мұрын арқылы шықпайды, себебі жөтел кезінде мұрын қуысы жұмсақтаңдаймен жабулы тұрады.
Сипатына қарай жөтел қақырықсыз құрғақ және қақырық түсетін дымқыл болады. Жөтел негізгі ауруды біршама ауырлатады. Құрғақ жөтел жоғарғы тембірмен сипатталады, тамақты қышытады, кақырық түспейді. Дымқыл жөтелде кақырық түседі, онын үстіне неғұрлым сұйықтау болса, оңай қақырынады.
Жөтелі болса мейіркеш дәрігердің белгілеуін қатан орындайды, бір шөкім натрий гидрокарбонатын салып жылы сүт, қақырық түсіретін микстура беріп, оның тоңып қалмауы үшін сыркатты қымтап жабады.
Қақырық - өкпе мен тыныс жолдарынан жөтел кезінде бөлінетін патологиялық секрет. Қакырықтың мөлшері мен касиеттерін анықтаудың үлкен диагностикалық маңызы бар. Сипаты бойынша қақырық шырышты, серозды, іріңді, геморрагиялық, аралас болады. Оның тәуліктік мөлшері 10 мл - ден (созылмалы бронхит кезінде) 1 және одан да көп литрге дейін болуы мүмкін (өкпе абсцесі бронхқа жарып шыққанда, өкпе гангренасында немесе бронхоэктаз ауруында).
Құрғақ жөтелі бар науқастың күтімі - бұл негізгі аурудың емі, қақырық түсіретін препараттарды қолдану, көп мөлшерде жылы сілтілі сұйықтық ішуді ұсыну. Қақырық болғанда мейірбике қалталық ингалятордың тазалығын және уакытымен босатылуын бақылап, оларды хлораминнің, хлорлы эктің сұйық ерітінділерімен күнделікті зарарсыздандырып отыруы керек. Науқастың үнемі күніне бірнеше рет 30 минуттан дренажды қальш (қақырық ете жаксы шығатын қалып) қабылдауын қадагалау қажет.
Қақырық жақсы түсуі үшін сырқаттың неғү_рлым ыңғайлы қалпын табу қажет, яғни дренаж калыппеіі жатқызу. Біржакты процесс кезінде оны ауырмайтын бүйіріне келтіру. Дренаж қалыпты жатқызу 20-30 минут бойы күніне 2-3 рет қайталанады. Мейіркеш сырқаттың жүйелі түрде осының бәрін орындап отыруын қадагалауы тиіс. Сырқат күнгірт шыныдан жасалған, бұралмалы қақпағы бар түкіргішке түкіруі тиіс. Тәулік бойындағы қақырықты өлшеу үшін қалта түкіргішінен мөлдір ашық түсті шыныдан жасалған, қақпағы бар, бөлімдерге бөлінген ыдысқа кұяды да, қараңғы салқын жерде ұстайды.
Көп қақыратын сырқатқа жақсы бұралып жабатын, калтаға салып жүретін түкіргіш береді. Қалған сырқатка жұқтырмау мақсатында қол орамалға түкіреді, ал еденге тіптен де түкіруге болмайды.
Қан тукіру - бұл біркелкі немесе жеке жолғалы қан араласқан (мысалы, өкпе ісігінде таңқурай желесі тәрізді) қақырықтың түсуі. Крупозды пневмонияда қақырық тат басқан болуы мүмкін. Тыныс жолдары арқылы қанның көп мелшерде бөлінуі (жөтелмен немесе үздіксіз ағынмен) өкпеден қан кету деп аталады. Оны асқазан қан кетуінен ажырата білу керек. Өкпеден қан кеткенде кан алқызыл түсті, көбікті, ұйымайды, сілтілі реакциялы, жөтелген кезде бөлінеді, ал асқазанннан қан кеткенде қан асказанның кышқыл сөлінің әсерінен және тұзқышқылды гематиннің құрылуы салдарынан қошкыл түсті, кофе тұнбасы сияқты, қышқылды реакциялы, тамақпен араласқан, құсқан кезде бөлінеді.
Қан түкіру және өкпеден қан кету шұғыл дәрігерлік әрекетті (диагностикалық рентгеноскопия. томография, бронхоскопияны) қажет счетін өте қауіпті симтомдар болып табылады.
Науқастын күтімі - толық тыныштықпен қамтамасыз ету, сол жақ өкпеге қанның түсуін болдырмас үшін науқасты зақымданған жағына қарай қисайтып жартылай отырғызу. Кеуде клеткасының зақымданған жағына мұзды қабық қойылады. Сонымен қатар мұзды жұтқызады, бұл тамырлардың рефлекторлы спазмына және өкпеге қан толудың азаюына әкеледі. Қатты жөтелгенде қан кету күшейеді, жөтелге қарсы заттар тағайындалады. Тамақ тек қана суық қоймалжың түрінде беріледі.
Кеуде клеткасына оңкалар, қышалар, компрестер қоюға болмайды! Егер сырқат өздігінен аузын шая алмайтын болса, мейіркеш шпательге оралған зарарсызданған салфеткамен жайлап онын ауыз қуысын сүртіп, аузында қалған қанды кақырық қалдықтарын шығаруы тиіс.
Мейіркеш сырқат тесегінің жанында әбден қан қақырып болғанша кетпей тұруы, оның жүрек-кан тамыры жүйесінің күйін бақылауы, тамыр соғуын санап, кан тамыры қысымдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Зәр шығару жүйесінің клиникалық белгілері
Балалардағы ӨІИ этиологиясы
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Асқазан жарасының асқынулары
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Біліктілікті медициналық көмек
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі
Пәндер