Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері. Гериатриялық пациенттерді күту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
№1 қосымша
-Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері;
-Гериатриялық пациенттерді күту барысында емдік емшараларды орындау;
-Гериатриялық пациенттерді өзіне өзі күтім жасауды үйрету.
Кәрі және егде жастағы науқастарды күту және қарау кезінде медициналық этика мен деонтология ережелерін ұстану өте маңызды болады. Кейбір жағдайларда мейірбике өзінің пациенті үшін әсіресе, жалғыз басты науқас үшін етене жақын адамға айналады. Әрбір науқас адамның бабын табу үшін оның тұлғалық ерекшеліктерін, өз ауруына деген көзқарасын ескеру маңызды. Науқаспен тіл табысу үшін мейірбике ниеттестігін білдіре отырып жайдары тілдесі қажет, міндетті түрде науқаспен сәлемдесіп, қал-жағдайын сұрастырғаны жөн. Зағип науқас бөлмесіне кірген сайын мейіргер өзін кім екенін атап тұру керек.Науқаспен тілдескенде, оған құрмет танытып, аты-жөнін дұрыс толық атап сұқбаттасқан жөн.
Гериатриялық науқастар айтарлықтай жиі өзімен өзі болып, ішкі ойларына кетіп, өзінің жағдайына, денсаулығына үңіліп қарап, ерекше көңіл бөлетін болады, мұндаи адамдар кейігіш, ренжігіш, жылағыш келеді. Науқас адамды әртүрлі медициналық манипуляцияларға дайындау, оның айтқандарын ынта салып тыңдау, оның уайымдауына түсіністікпен қарау, оған қажетті кеңес беру тиімді емдеудің, сәтті нәтижлерге келудің маңызды алғышарттары болып табылады. Сонымен бірге, мейіргер өз бетімен, дәрігерден тыс науқастың өзіне немесе оның туған-туыстарына науқастың ауруы жайлы, ауруының болжамы жайлы ақпараттарды таратуға, зерттеу қорытындыларын және емдеу нәтижелерін талқылауға рұқсат етілмейді.
Ұйқысыздық мәселесі. Егде жастағы емделушілер жиі ұйқысыздыққа шағым айтады, бұларда ұйқы режимі бұзылады-мысалы, күндіз көбірек ұйықтап, түнде көпке дейін ұйықтай алмай, басқа іс-әрекеттермен айналысады(тамақтанады,бөлме ішіне әрі-бері қозғалып жүреді,кітап оқиды). Мұндай дағдайларда қолданылатын ұйықтататын дәрі-дәрмектерге науқас тез арада үйреніп алуы мүмкін. Сонымен бірге, ұйықтататын дәрілер қабылдайтын науқас таңертеңгілік уақытта денесі дел-сал болып тұрады, басы ауырып, әлсіздік сезіледі, іші қатады. Қажет болғанда ұйықтататын дәрі-дәрмекті дәрігер тағайындайды. Мейіргер емделушіге дәрілік өсімдіктер(мысалы, тау жалбызы қайнатпасы 10-15 мл, ұйқыдан 40 мин бұрын), 10-20 тамшы Валокордин, 1 ас қасық бал қосылған 1 стақан жылы сүт пайдалануға кеңес бере алады.
Жеке бас гигиенасы шараларын қамтамасыз ету.Көп жағдайда кәрі және егде жастағы науқас өзін-өзі күтуге шамасы келмейді.Мұндайда оған төек орнын, іш киімдерін ауысырғанда көмектесу қажет болады,керек жағдайда-шашын жуып, тарауға, тырнағын алуға қолғабыс етеді. Емделушінің ауыз қуысы жағдайын да бақылайды.Науқас тамақ ішкен сайын мейіргер оған ауызын шайып тазалайтын қайнаған су беріп отыру керек. Ауыр халдегі науқас 1 % сутектің асқынтотығына немесе натрий гидрокарбонаты ерітіндісіне малынған тампонмен сүртіп тазалайды. Ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқасты күткенде, оның терісін мұқият қарап күтіп, ойық жаралардың алдын-алу іс-шараларын жүзеге асырады.Мейіргер төсекте жатқан науқасқа бір жақ бүйірінен екінші жағына ауысқанына көмектеседі, жағдай келсе арасында біраз уақыт болса да жан жағынан жастық жастандырып, басын көтеріп отыруға жағдай жасайды, сонымен бірге жергілікті қан айналымын жақсарту үшін арқасын, аяқ-басын, қол басын уқалап қояды.
Науқас адамның дәретін қадағалап жүріп, қажет болған жағдайда ішек қызметтерін реттеу үшін арнайы емдәм пайдаланады(тағамдық рационға кептірілген жемістер, қышқыл сүт өнімдерін және т.б. енгізеді), дәрігер тағайындауы бойынша ішайдатқыш дәрілерді қолданады немесе тазарту клизмасын жасайды.
Науқас адамның жағдайы қандай болсын өзгерістері жайлы, әсіресе жағдайының нашарауы жайлы мейіргер кідірместен дәрігерге хабарлауға міндетті.Дәрігер келіп жеткенінше науқасты төсекке жатқызып қояды немесе оның өзіне ыңғайлы күй-қалыпқа келіп орналасуына жәрдемдеседі(мысалы, тұншығу ұстамасы кезінде пациент басын көтеріп отыру немесе жартылай отыру қалпында болу керек), тыныш, мазасызданбай жатуына жағдай жасайды, қажет болса- алғашқ көмек көрсетеді.
Жарақаттанудың алдын-алу. Мүмкін болатын жарақаттардың алдын-алуына ерекше мұқият көңіл бөлген жөн. Соғып алу және сынықтар пациенттің қимыл-қозғалыссыз төсек тартып жатып қалуына әкеліп соқтырады және өлім қаупін төндіретін пневмония, өкпе артериясы тромбоэмболиясы сияқты асқынулармен ұласуы мүмкін. Науқас адам ваннаға шомылғанда, оны қолмен демеп ұстап, ваннаға кіргенінде және шыққанында қолғабыс етеді, еденге пациент аяғы тайып, жығылып кетпес үшін резеңке төсеніш жайлыған болу керек.Мейіргер ауруханалық бөлмелер жағдайын бақылап жүріп, жеткілікті деңгейде жарықпен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Бөлмелер еденінен ешқандай бөгде заттар, төгілген сұйықтық болмау керек, пациент бұларды байқамай құлап кетуі мүмкін. Гериатриялық бөлімшелер дәлізі кең болып, жиһаздар көп орын алмау керек, дәліз қабырғалары бойымен емделушілер ұстанып жүретін таяныштар орнатылу қажет.

Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайында паллиативті пациенттерді күту және бақылау.
-Паллиативті көмек түсінігі.
-Паллиативті күтімнің этикалық аспектілері.
-Күтім түсінігі (жалпы, арнайы, компенсациялық, алмастыратын).

Паллиативтік (латын тілінен Pallium -- плащ , жабу ) жалпыға бірдей қамқорлық жасау, науқастар туралы және ауруларды емдеуге бейімделген, науқастарды физикалық, психологиялық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қарастырады
Паллиативтік көмектің мынандай терапиялық түрлері болады:
Ұзақ уақыт аралығыңдағы ауруға шыдай алмайтыңдығы;
Сапамен байланысты және науқастың өмірінің ұзақ болуы;
Науқасты емдеу арқасыңда жағымсыз және ауыр белгілерін жояды және науқастың өмірін жақсартуға көмектеседі.
Паллиативтік көмек ( 2002 ж) науқастарға белсенді және жан-жақты көмек көрсетеді және басқа да белгілердің психологиялық, әлеуметтік және рухани мәселелері қарастырылып шешімі болып келеді.
Паллиативтік көмектің мақсаты - қаншалықты ауру өмірің және олардың жанұяларының өмір сапасың жақсарту.
Паллиативтік медицина - медициналық көмектің орны ерекше, науқастарға терминалды даму сатыларын болжаумен және мақсат қоюмен өмір сапасың қамтамасыз етуі. Паллиативтік көмекке әлеуметтік - психологиялық және рухани көмек аспектілері кірмейді .
Өмір сапасы - негізгі мақсаты паллиативтік өмір сапасың қамтамасыз етеді. Бұл концепция бірақ елес болып қалады, өйткені науқастың терминалды кезеңде өмір сапасын бағалау қиыңға соғады.
Науқастар ауруын емдеуге бағытталған күресу әдістемелері ауруханаларда қолдануға бағытталған, бірақ ол паллиативті көмекте көбіне қолданысқа жатпайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қартаю дамудың бір кезеңі
Жедел жүрек жетіпеушілігі ауруын емдеу және күту
Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейіңгі көмек
Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған
Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу
Адамдардың жастары боынша стратификация теориясын негіздеу
Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік
Химиотерапияның жанама әсерлері
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Пәндер