Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекеттесу тетігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе:

I. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

І1. 1. Еңбек- нарығының мәні

1. 2. Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекеттесу тетігі

1. 3. Еңбек нарығының қазіргі түрлері мен үлгілері

II ЕҢБЕК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ШАРАЛАРЫ

II ЕҢБЕК МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ

2. 1. Еңбек қарқындылығының басқа экономикалық санаттармен және көрсеткіштермен өзара байланысы

2. 2. Еңбек қарқындылығын тұрақтандыру факторлары

2. 3. Еңбек қарқындылығын өлшеу әдістері

2. 4. Жұмыс үдерісінің тиімділігіне әсер ететін факторлар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Еңбек ресурстары- халықтың еңбектік әлеуеті, ел халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі, елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режиміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады.

Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16-63 жастағы ерлер, 16-63 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. Қазіргі кезде кәсіпорындарың тиімді қызмет етуі кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен тікелей байланысты.

Кәсіпорындардың қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, олардың рационалды қолданылуы еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі өнім көлемінің өсуімен кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді. Кәсіпорынның кадрлары мен еңбек ресурстары- бұл кәсіп орында орналасқан және жұмысқа қабылданған тізімдегі әртүрлі профессионалды квалификациялы топтағы жұмысшылшардың жиынтығы. Жұмыс күші бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы деп түсіндіріледі. Кәсіпорынға еңбек ресурстарын тартуда еңбек нарығы белгілі бір рөл ойнайды.

Еңбек нарығы- бұл жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшыларды және елдегі шаруашылықты реттеуде негізгі функцияларды атқаратын жұмыс күші қозғалысының өзара байланысқан динамикалық жүйесі. Еңбек нарқының негізгі мақсаты- еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Қоғамдық өндірісті қарқындандыру, оның экономикалық тиімділігі мен өнім сапасының артуы кәсіпорындағы еңбек ұжымдарының инициативиасының максималды өсуіне әкеледі. Қазіргі экономиканың даму этапында өндіріс процесіндегі еңбекті қолданудағы өзгерістер өткен кезеңнің шешімдерімен салыстырылады. Кәсіпорындағы еңбекті қолданудағы негізгі көрсеткіштер жұмыс күшін пайдалану. Жұмыс уақыты, еңбек өнімділігі, еңбекақы төлемдерінің салыстырмалы көрсеткіштері. I. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Еңбек нарығының мәні

Еңбек - бұл тауар өндіру, қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын, адамдардың дене күші мен ойлау қабілеттерін және сол қабілеттерді іске асыратын үдерісті білдіретін термин. Еңбек нарығы жұмыскерді өндіріс құралдарынан, ең бастысы жерден айыру кезінде пайда болады. Алайда, ол заң түрінде еркін болғанымен, өндіріс құралдарынсыз өмір сүруге қаражатсыз қалады. Аштан өліп қалмау үшін ол өзінің еңбекке қабілеттілігін немесе жұмыс күшін сатуға мәжбүр болды. Осылайша нарыққа жаңа атау берген жаңа тауар пайда болды.

Жұмыс күші - бұл еңбекке деген қабілеттілік; еңбек- адамның қажеттілігін қанағаттандыратын, табиғат затын өнімге айналдыруға бағытталған мақсатты қызмет. Еңбектік қызмет- бұл термин «еңбек» терминіне жақын, алайда қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында қолданылатынын көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес, қызмет түрінде, мысалы: оқу, ем алу, көлік, тұрмыстық қызмет көрсету және т. б. түрінде көрінеді. Еңбек ресурстары-бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, нәзік жандардың зейнетке шығу жасы 6 айға ұлғаяды. Тіпті бұл үрдіс жүйелі түрде жыл сайын іске асатын болады.

«Ал 1960 жылы 1шілде мен 31 желтоқсан аралығанда туғандар 2019 жылы зейнетке 59 жасында шығады. Дәл осылай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, осы жылы ерлер мен әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады».

Қазіргі кезде адам көптеген қабілеттерге ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы, біріншіден, еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік еңбектің қатынастарын көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының, нарығы, еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады.

Егер нақтырақ айтар болсақ, онда «еңбек нарығы» ұғымы жұмыс күшін пайдалану құқығын белгілі бір уақытқа жұмыс берушіге берумен, еңбекақы көлемін, жұмыс күнінің ұзақтығын, еңбек жағдайын, төленетін демалыс ұзақтығын, ауру немесе мүгедектік алу жағдайында өтелім көлемін анықтаумен, өндірісті белгілі бір уақытқа тоқтатумен байланысты әлеуметтік еңбектің қатынастарын көрсетеді.

Сонымен қатар «нарық» ұғымына оны өткізу тетігі жатады, ол «сұраныс-ұсыныс» үлгісі түрінде болып, бағалары өзгеріп тұратын ақпараттар мен бәсекелестік негізінде қызмет істейді.

Сонымен, еңбек нарығы- бұл жұмыс күшін пайдану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік еңбек қатынастарының жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін орталық қатынас жұмыс күшін өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатады. Бұл қатынас жұмыс күші ретіндегі тауарлар мен өмірлік қаражаттарға сұраныс - ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады. Бұл үдеріске мемлекет те қатысады. Ол еңбекақысының ең аз мөлшерін, жұмыс күнінің ұзақтығын, жұмыссыздық бойынша жәрдемнің көлемін және басқа да көрсеткіштерді тағайындайды. Жалпы алғанда әлеуметтік еңбек қатынастары мемлекеттік - нарықтық үдеріс ретінде жүзеге асады. Нәтижесінде еңбектенушілер, жұмыс берушілер мен мемлекет арасындағы мүдделердің тепе- теңдігі орнайды.

Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі мен еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбасталығы, оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі, мамандарды іріктеу, дайындау және қайта дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен материалдық көмекке кететін қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жұмысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.

Еңбек нарығы- бұл жұмыс күшін, адамның еңбек ету қабілетін тауар түрінде сатуға және сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, сапасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру аса маңызды орын алады. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді. Оның күшті дамуына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.

Экономикада үнемі тұрақты экономикалық өсім бола бермейді. Кейде экономикалық тұрақсыздық, яғни жұмыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық айқын білінеді.

Жұмыссыздық- қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді дегенді білдіреді. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір шамасы болады. Егер жұмыссыздар саны сол шамадан асып кетсе, онда ол нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды. Нарықтық экономика сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарықтық экономикаға жұмысқа қабілеті бар қызметкерлер ғана қажет. Халықты жұмыспен қамту өте өткір проблеманың бірі болып отыр. Оның түп негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын құрудың экономикалық және құқықтық тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң қабылдау күн тәртібінде тұруы тиіс.

Қазақстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондықтан онда көптеген құрамдас жоқ. Ол өзіне жұмыс күшінің қозғалысын бақылау қызметін жүктейді. Халықты жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Дамыған елдерде соңғы 20-25 жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін төмендетеді, нәтижесінде біліктілігі жоқ мамандар арасындағы төлемақының көлемі төмендейді.

Көптеген дамушы және дамыған елдерде жасалған тәжірибе кейнсиандық теорияның нәтижесін мойындатады, яғни бұл теория капитализм тұсында толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін тетіктің жоқ екенін дәлелдейді. Бірақ жұмыс орнының аса көп болуына ұмтылу кез келген елдің жұмысбастылықты реттеудегі негізгі саясаты болып табылады. Мысалы, Швеция үкіметі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін басым секторларды несиелеу туралы белсенді өнеркәсіптік саясатты жүргізеді. Ал, Корей Республикасының, Гонконг және Тайваньның тәжірибелері үздіксіз өсу нәтижесінде жұмысбастылықты (2-6%-ға) арттыруға, жылына жұмыссыздықты (2, 5%-ға дейін) төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыру мен еңбекақыны өсіруге болатындығын көрсетеді. Мұндай өсу шағын шаруашылық өнеркәсібіне негізделіп, ол экспортқа бағытталады.

Әкімшілік - әкімшілік кезеңде, нарықтық реформаларға дейін Қазақстанда Жапондық жұмысбастылық міндеттеліп, қоғамдық өндіріс саласында заңмен қамтамасыз етілген еді. Еңбекке деген сұраныс аймақтың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктерін ескермей іске асырылды. Мұндай саясаттың нәтижесі төмен еңбек өнімділігімен, еңбек әлеуетін тиімсіз пайдаланумен, жұмысбастылықтың ұтымды емес құрылымымен, бос жұмыс орны бола тұрып жоғары білікті мамандардың тапшылығымен сипатталады.

Бұрынғы өндірісті реттеу жүйесінен бас тарту жұмысбастылықтың құрылымын қайта құруға жол береді. Егер XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін республикадағы жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі ірі өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарға шоғырланса, одан кейін мемлекеттік меншіктің азаюына және кәсіпорындардың пайда болуына байланысты еңбек нарығындағы жағдай күрт өзгерді.

Қазақстанның экономикасын қайта құру кезінде бірнеше күрделі мәселелерді шешу керек екендігі байқалды. Ол негізінен халықтың өмір сүруінің төмен деңгейі негізіндегі жоғары еңбек белсенділігімен және еңбек тиімділігімен, нарықтық экономикаға сай бола бермейтін мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың нашарлығымен, еңбек нарығы бойынша инфрақұрылымның дамымағандығымен байланысты болып отыр.

Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатыны жасырын жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі экономикалық және қаржылық жағдайларға байланысты болып отыр.

Республикадағы еңбек нарығында соңғы жылдары белең алып келе жатқан күрделі мәселе ресми емес жұмысбастылық, яғни заңды түрде рәсімделмеген қатынастар болып отыр. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып, халықтың өмір сүру деңгейін төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмыстық құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия жүргізуіне наразылық танытады. Алайда жағдайдың күрделене түсуі нәтижесінде жалпы еңбек туралы заңға бағынбайды және өзіндік жеке мөлшерлермен реттеледі, ол көп жағдайда қылмысты жағдайлармен сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып, еңбек нарығын қылмыстық топтардың басқаруына жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендігімен байланысты елде мәжбүрлі миграцияны тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу үлгісін сипаттайды. Ол экономика және қоғамның реакциясы ретінде өтпелі кезеңдегі әлеуметтік және экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыратын, экономиканың қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін институттардың жоқтығымен сипатталады.

Жұмыспен қамтамасыз ету адам әлеуетін сақтау мен дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан, мемлекеттің жұмыспен қамту саласындағы саясатын өңдеу мен жүзеге асыру, әсіресе өпелі кезең тұсында өте маңызды әрі күрделі мәселе. Осыған орай, жалпы ұлттық көлемде бос жұмыс орындарын және олар жайлы ақпараттық жүйені, жұмыс күшін қайта даярлауды, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын құру қызметіне салықтың төмен болуын өмірдің өзі талап етіп отыр. Еңбек нарығының қажеттілігіне сай кәсіпорындық құрылымдардағы басқару және қаржыландыру жүйені жақсарту болып табылады.

Егер жұмысты жоғалту өндірістің циклдік төмендеуінің нәтижесінде орын алған болса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тиімді деп саналар еді. Бірақ жеткілікті жұмыс орнының болмауы жүйелі трансформациямен байланысты болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдану керек болады. «Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз- азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі» деп Қазақстан Республикасы «Жұмыспен қамту туралы» Заңында атап көрсетілген. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыда Жұмысбастылық саясаты мәселесінен бұрын жұмысбастылықтың ғылыми мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық- тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте- жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбилеу, қарттар мен ауруларды бағып-күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу. Қоғамдық дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдық өндірістегі жұмысбастылық оның негізі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық әлеуетімен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін және жеке азаматтардың тұрмысын сипаттайды.

Тауарлық нарықтың бір бөлігі ретінде еңбек нарығы негізгі тауарлар нарығы секілді бірыңғай заңдармен жұмыс істейді. Ерекшеліктердің бірінші тобы еңбек нарығы мен тауар нарығының өзара әрекетерімен байланысты. Оның мәні, жұмыс күшіне сұранысы негізгі өнімнің сұранысына байланысты болып табылады, осыдан кәсіпорын тауарына сұраныс жоғары болған сайын, кәсіпорын тарапынан жұмыс күшіне сұраныс арта түседі және керсінше, кәсіпорын тауарына сұраныс төмен болған сайын, оның тарапынан жұмыс күшіне сұранысы төмен болады. Алайда бұл жолы тікелей тәуелділікке бірнеше факторлар әсер етеді: ғылыми- техникалық серпіліс, тауар нарығындағы бәсекелестік пен монополияның қатынасы және сұраныстың бағаға қатысты икемділігі. Бұл факторлар жоғарыда аталған тікелей тәуелділікті өзгертіп, оны қарама қайшылықта болуына ықпал жасайды. Жеке адамның еңбек ұсынысы оның еңбекақы көлеміне байланысты болады. Тепе- теңдік немесе оған жақын еңбек бағасы еңбек ұсынысына тікелей әсер етсе, жоғары ақы кезінде- еңбекақы мен еңбек ұсынысы арасында кері байланыс пайда болады. Ол табыс нәтижесі мен алмастыру нәтижесіне байланысты болады. Еңбек нарығы бойынша қызмет ерекшеліктерінің екінші тобы тауар болатын жұмыс күшінің ерекшелшіктеріне байланысты. Олардың арасынан келесілерді атап айтуға болады:

  • кәсіподақ, жұмыс берушілер бірлестігі, тармақтанған заңнама жүйелері, әлеуметтік- экономикалық бағдарламалар сияқты әр түрлі институттық құрылымдардың көптігіне байланысты жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қатынастарды белгілеу тәртібінің қажеттілігі;
  • ұжымдық келісімшарттан жеке келісімшартқа өту жүйесіне, жұмыс күшінің әр түрлі кәсіпкерлік- мамандық деңгейінің айырмашылығына, еңбекті ұйымдастыруға, әр түрлі технологияларды өндіруге байланысты жеке адамның мәмілесін көрсететін деңгейінің өте жоғары болуы;
  • мәміленің ақшалық емес жағын көрсететін аспектілердің атқаратын рөлінің маңыздылығы (еңбек жағдайы, жұмыс орнын сақтау кепілдігі, кәсіптік өсу болашағы) .

Еңбек нарығы ерекшеліктерінің үшінші тобы заттық тауар айырбасынан ерекшелетіндігі- жұмыс күші ретіндегі тауардың айырбас үдерісімен байланыстылығы. Жұмыс күшін айырбастау үдерісі үш мезетті құрайды және үш өрісте іске асады. Ол тауар айналасында басталады, жұмыс күші өндіріс өрісінде жалғасып, заттық тауар нарығында аяқталады. Тауардың- жұмыс күші айналым өрісінде еңбекке қабілетті пайдалану құқығын жұмыс берушіге беру туралы келісім жасалады. Онда мүмкін болатын еңбекақы, айлықтың көлемі белгіленеді. Өндіріс үдерісінде қызметтегі жұмыс күшінің нақтылы еңбекақыға айырбастауы іске асады. Тауарлық нарық аясында нақты еңбекақының жұмыскердің тіршілік қаражаттарына қажет тауарға айырбастау үдерісі жүреді. Тек осы үдерістен кейін ғана келесі жұмыс күшінің ұдайы қалыптастыру сатысы басталуы мүмкін.

Жұмыссыздықты азайту

«2013 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 488, 1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5, 4% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы қаңтар айының соңында 47, 9 мың адам («Жұмспен қамту бағдарламасы 2020»қатысатындар құрамында енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 5%- ын құрады (2012 ж. қаңтар- 0, 5%) .

2013 жылғы қаңтардағы бағалау бойынша, жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 4%- ын құрады.

Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, Республика экономикасында 2013 жылғы қаңтарда (бағалау бойынша) 8, 5 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 57, 0 мың адамға, яғни 0, 7%- ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5, 8 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68, 8%) қамтиды.

Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың қатарына ғылыми- техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласындағы еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жатады. Жалпы, ғылыми - техникалық ревалюция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салаларының дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғарғы еңбек ауқымдыылығымен сипатталады. Дүние жүзіндегі ең маңызды мәселелердің бірі - жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу. Қазақстандағы 2013 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5, 2%, немесе 469, 2 мың жұмыссыздарды, құраған олардың 258, 8 мыңы яғни 55, 2%, әйелдер. 2013 жылдың 1 маусымында 182, 6 мың жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарында ресми түрде өтініш білдірген, олардың 89, 6 мыңы ауылдық жерлерден екені белгілі.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, кәсіпорынның жабылуы, штаттың қысқартылуы немесе келісімшарттың мерзімінің бітуі себептерімен 102, 8 мың адам жұмыстан босатылған, ол барлық жұмыссыздар санына шаққанда 22, 5% құрайды. Аймақтар арасында бұл көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан обылысында - 23, 2 мың адам, немесе республика бойынша көрсеткішке щаққанда 23%, Ақмола және Ақтөбе обылыстарында- 10, 3 немесе 10% құрайды. Өз еріктерімен жұмыстан босатылғандар саны 108, 7 мың адам немесе барлық жұмыссыздар санына шаққанда 23% көрсеткен. Бұл көрсеткіш Павлодар обылысында 14, 3 мың адам, немесе обылыс бойынша жұмыссыздар санына шаққанда 13, 2% Қостанай обылысында- 13, 0 мың немесе 11, 9% құраған.

Жұмыссыздықтың ұзақ мерзімге созылуы айтарлықтай кері әсерін тигізуде. Өйткені ұзақ мерзімде жұмыс таппаған жұмыссыздар жұмыс іздеуден бас тартады және олар жұмыс күші ретінде саналмайтын да болады. Макродеңгейдегі созылмалы жұмыссыздық билеп алған халықтың үлесі көп болса, соғұрлым оның орта және ұзақ мерзімдегі экономикаға тигізер залалы да артады. Қазақстандағы 1-3 жыл аралығындағы жұмыс іздеуші жұмыссыздар саны 60, 8 мың адамды, оның барлық жұмыссыздар санына шаққандағы үлесі 13, 3 пайызды құрайды. Олардың көбі ауылдық жердің тұрғындарынан 34, 9 мың адамды құраған және оның ішінде 19, 6 мыңы яғни 17, 8 пайызы әйелдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
Еңбек нарығы және оның түрлері
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Еңбек нарығының субъектілері
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz