Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар

1. Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторларды зерттеудің теориялық негіздері
1.1 Адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталудың ғылыми-тәжірибелік негіздері
1.2 Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер етуші факторлар классификациясы
1. Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторларды зерттеу жұмыстары
1.1 Зерттеудің әдістерінің ұйымдастырылуы
1.2 Жастардың адамгершілік тұрғыда анықталуына арналған курс бағдарламасы және қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қоғамдағы тұрақсыздық кезеңі құндылықтар жүйесі мен нормаларының дербес және топтық санада өзгерісімен және тұрақсыздығымен сүйемелденіп отыр. Әлеуметтік өзгерістер қоғамның барлық мүшелеріне, оның ішінде нормалары мен ұстанымдары, өмірлік мақсаттары мен мұраттары қалыптасу немесе қайта бағалану деңгейіндегі адамдарға ықпалын тигізеді.
Бұл жерде сөз балалар, жасөспірімдер, жастар жайлы болып отыр. Өзгерген әлеуметтік жағдай индивидті жаңа жағдайларда өзіндік анықталуға мәжбүр етеді. Бүгінгі күні өзіндік анықталудың (оның құрылымының, компоненттерінің) зерттеу тәсілдері жүйеленбеген, өзіндік анықталудың барлық түрлері жеткілікті түрде зерттелген жоқ (азаматтық, саяси, құқықтық, мәдени, экономикалық, адамгершілік және оның түрлері аз зерттелген).
Жастар - барлық жаңалыққа сезімтал, неғұрлым белсенді және ұтқыр, бірақ жағымсыз ықпалға қарсы тұра бермейтін жас ерекшелік тобы болып табылады. Қазіргі уақытта зерттеушілердің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі жастардың қоршаған дүниеге, адамзат қоғамына және өзіне деген қатынасының негізінде өз бетінше өміртіршілік тәсілдерін іздеу факторларын талдау болып отыр.
Жасөспірімдік шақ адамгершіліктің дамуының сензивті кезеңі болып табылады. Кейбір зерттеушілер аталған шақты тұлғаның базалық сипаттамалары ретінде қарастырады. Қазіргі жастардың адамгершіліктік өзіндік анықталуына болашақ қоғамының адамгершіліктік жай-күйі байланысты.
Адам туралы ғылымның жалпы қозғалысы жеке тұлғаның, топтың адамзаттың адамгершілік және рухани кешенін жасау қажеттілігін туындатты. Зерттеушілер қазіргі психология ғылымының фундаменталды теориялық міндетін белгілеп отыр. Бұл адамгершілік және рухани бағдарланған ғылыми парадигманы қалыптастыру.
Бүгінгі уақытта психология ғылымының жаңа салалары қалыптасуы жүріп жатыр. Мұның ішінде этикалық психология немесе адамгершілік психологиясын атап көрсетуге болады. Адамды зерттеудің дамуы сонымен қатар оның жасампаздық функцияларын, психикалық құбылыстардың өзара қатынасын және адамның қоғамдық өмірін зерттеуді қажет етеді.
Өзіндік анықталуды зерттеу осы ғылыми тенденцияларға жауап береді, себебі адамгершілік анықталудың құрылымында көптеген элементтерді (құндылықтар, мұраттар, ұғымдар, стратегиялар, қажеттіліктер, құбылыстарды адамгершілік тұрғыдан бағалау және т.б.) ерекшелеп көрсетуге болады.
Мұның өзі адамгершілік-психологиялық феномендерді бөлек зерттеуден (бүгінгі күнге дейін осылай болған) шоғырландыра зерттеуге көшуге мүмкіндік береді.
Адамгершілікті, өзіндік анықталу феноменін эмпирикалық зерттеу бағдарламаларын бағалауға бағытталған қолданыстағы әдістемелерді талдау тұлғаның адамгершілік анықталуын бағалауға бағытталған әдістемелік құралдардың қажеттілігін көрсетіп отыр. Бүкіл адамгершілік саласын қамтитын, адамгершілік таңдаудың шынайы жағдаяттарын пайдаланатын көпшілікке қолжетімді, көпөлшемді әдістеме қажет. Бүгінде бар өзін-өзі анықталуды зерттеу тәсілдері стандартталмаған (пайдалану көрсеткіштері мен өлшеу әрекетіне байланысты) және бір-біріне сәйкес келмейді.
Қоғамдағы өтпелі кезеңге мінез-құлықтың ортақ қабылданған типтері жайлы келіспеушіліктер тән. Зерттеушілер адамгершілікпен барынша жүктелген құндылықтар мен қазіргі заманғы қоғамда дұрыс іс-әрекет жасауды кеңінен түсінуге талпынушылықтарымен ерекшеленіп отыр.
Үнемі өзгеріске түсіп отырған қоғамда дау-дамайларды барынша азайту үшін көп адамдар сырттай қалыптасқан нормаларды ұстануды жөн көреді, нормаларды сақтаудан бас тартумен үйлескен әдеттер де жиі кездесіп отыр.
Кейбір орталарда нормаларды шамадан тыс адамдарды екіжүзді деп те күмәндануы мүмкін. Осыған байланысты адамның мінез-құлқын болжауға мүмкіндік беретін адамгершілік тұрғысынан өзіндік анықталудың ерекшеліктерін диагностикалау, өзіндік анықталуға әсер ететін факторларды айқындаудың маңызы жоғары болып отыр. Мәселенің маңыздылығы мен оның жеткіліксіз деңгейде зерттелуі арасындағы қарама-қайшылық біздің зерттеу тақырыбымзыды Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу нысаны: Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталу үдерісі
Зерттеу пәні: жастардың адамгершіліктік өзін-өзі анықталуының тұлғалық және топтық факторлары.
Зерттеу мақсаты: жастардың адамгершілік өзін-өзі анықталуында тұлғалық және топтық факторлардың атқаратын рөлін ғылыми негіздеу.
Зерттеу міндеттері.
- тұлғаның өзіндік анықталу деңгейіне және оның адамгершілік сипатына теориялық талдау жүргізу.
- жастардың адамгершілік тұрғыда анықталуына сипаттама беру.
- жастардың адамгершілік тұрғыда анықталуына әсер ететін факторларға сипаттама беру;
- жастардың адамгершілік тұрғыда анықталуына әсер ететін топтық және тұлғалық факторларды зерттеу.
Зерттеу болжамы. Егер, жастардың адамгершілік анықталуына әсер ететін факторларға талдау жасалса, өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар анықталса, онда жастардың адамгершілік тұрғыда қалыптасуы оң нәтиже береді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі:
адамгершілік, өзіндік анықталу ұғымдарының мәнін ашатын теориялық қағидалар, сондай-ақ әлеуметтік, философиялық, психологиялық білімді қалыптастыру мәселелерін қарастыратын ғалымдардың ойларын, көзқарастарын, тұжырымдамалары.
Зерттеу жұмысының әдістері:
1. Білім алушының рухани-адамгершілік тәрбиелілігі деңгейін анықтау сауалнамасы (В.И.Андреев)
2. Адамның ұяттылық қасиетінің дәрежесін анықтауға бағытталған әдістеме (Е.П.Ильин)
Зерттеу жұмысы нәтижелерінің шынайылығы жан-жақты теориялық талдаумен, мәселені әдістемелік қамтамасыз етумен, іріктеулердің сәйкестілігі, математикалық статистиканың адекватты әдістері, алынған нәтижелерді басқа зерттеушілердің нәтижелерімен салыстырумен қамтамасыз етілді.
Ғылыми жаңалығы:
1. Берілген жұмыста өзіндік анықталу және адамгершілік ұғымдары нақтыланып, жастардың адамгершілік тұрғыда анықталуына әсер ететін топтық және тұлғалық факторларға кешенді теориялық талдау жүргізілді.
2. Салыстырмалы талдау қалыпты өмірлік жағдаяттардан өткен жастардың өзін-өзі адамгершілік тұрғысынан анықталу тетіктерін ерекшелеп көрсетуге жағдай жасады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызыдылығы:
Адамгершілік тұрғысынан өзіндік анықталудың типтері, тетіктері, факторлары жайды алынған эмпирикалық зерттеулер аталған феномен жайлы теориялық көзқарастарды толықтырады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Әзірленген әдістемелерді тұлғаның өзін-өзі адамгершілік тұрғысынан анықталуын бағалау және мінез-құлқын болжап білу үшін пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
1. Тұлғаның өзін-өзі адамгершілік тұрғысынан анықталуы адамгершілік, тұлғаның адамгершіліктік бағыт-бағдары, мінез-құлықтың адамгершіліктік стратегиясы және қоршаған дүниенің этикаға сай келмейтін құбылыстары жайлы көзқарастардан тұратын көрсеткіштердің қолайлы жиынтығы бойынша бағалануы мүмкін.
2. Жалпы алғанда жастардың өзін-өзі адамгершіліктік тұрғысынан анықталуы адамгершіліктің әлеуметтік табиғаты, адамгершіліктік мінез-құлқына жеке басымен жауапты болуымен, ізгіліктік және жасампаздық бағыттылықтың болуымен сипатталады.
Зерттеу базасы: Қорқыт ата университетінің 1 курс студенттері (Математика мамандығы)
Зерттеу тақырыбына сәйкес төмендегідей мақалалар жарық көрді:
1. Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін білім алушылардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуында пайдалану Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасының мазмұнын және ұйымдастыру талаптарын институттандыру Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2015
2. Жастардың адамгершілік тұрғыда қалыптасуына әсер етуші факторлар 100 нақты қадам - Қазақстаның білім және ғылым жүйесінің жаңа өркендеу дәуірі Халықаралық ғылыми конференциясы, 2015
Диссертация құрылымы. диссертация жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, кестелерден, сызбалар мен диаграммалардан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. ЖАСТАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТҰРҒЫДА ӨЗІНДІК АНЫҚТАЛУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ТҰЛҒАЛЫҚ ЖӘНЕ ТОПТЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасы-бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр.
Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан.
А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайлық, ізгілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде жан-жақты жаңа пікірлер айтты. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге,мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.
Ал, И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі. И.Г.Гербарттың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты - мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.
И.Г.Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.
Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды.
Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С.Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін алып көрсету әлі де болса шешімін тапқан жоқ.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеуметтік қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады.
БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпы декларациясының" басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру Адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады, Оның басты әдептік баптары төмендегідей:
oo барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;
oo азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;
oo өмір сүру күқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Адамгершілік қағидаттарыңың сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі дүниетаным мен әдепке жат маскүнемдік пен нашақорлық, рэкет пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-құлықтар өріс жаюы мүмкін. Өркениеттілікке апаратын жол халықты адамгершілікке, мандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу.
Адамгершілік мәселесі -- адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуымен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның езінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой кетеру үдерісімен бірге пайда болған.
Ендеше, мораль туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, кандай да бір із табу қиын.
Ғылым өзінің болжамын гипотезасын алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адамтектес приматтар жер бетіндегі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған "талабына" өзіндік даму "жауабын" тапты. Сөйтіп, төрт табанданған приматтар орнын екі аяғымен тік тұратын, сондықтан да көру көкжиегі кеңейтілген әрі екі қолын тамақ тауып, аң аулауға бос қойған, жаңа сападағы гоминидтер басады. Адамзаттың қазіргі адам кейпіне ұқсас күйінде қалыптасуы бірнеше миллиондаған жылдарға созылды.
Адамгершілік -- бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
Жастарды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс.
Негізгі міндет - балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата - ана үлгісі - деп, Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Халқымыз баланы ойын өсіредідеген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар - мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. "Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады" деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.
Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, кұрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.
Психологиялық зерттеулерде сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу - келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі түсіндіріледі. Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу мен қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезімнің түрлері болады қоршаған ортасына байланысты болады.
Оқушылардың тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен санасының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің мүмкіндігі мол. Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың және адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады.
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз - ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.
Тұжырымдай келе адамгершілік - адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.
Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие -- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -- деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла, Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
Адамгершiлiк -- адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды.
Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал бар. Тәлiм - тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi -- оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi -- адамдық ар -- намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, "Өзiң үшiн еңбек қылсаң, -- дейдi Абай, -- өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың.
Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол". Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам -- басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз -- адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Адам -- табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.
Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас.
Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар.
Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi.
Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi.
Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады.
Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.
Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады .
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Бұған А.Д.Макаренконың "Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер" дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi.
Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып "Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика" деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы.Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық.
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.
Ә.Фараби: "Доскерлiк - адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады.
Бұл жөнiнде артық кету - жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу - тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады".
М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. "Ғылым" атты еңбегiнде: "Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн - көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек".
Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң "Тәртiп жоқ мектеп - сусыз диiрменмен тең" дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол "Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi " .
Табиғат - адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала - бәрi адамдардың ақыл-ойына - сана , денесiне - қуат, бойына - күш, өнерiне - шабыт, көңiлiне - қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады.
Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз - баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз - бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу [13].
Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогика аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен.
Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi мәселесiн қарастыра келiп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдiң өсиет етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң жетекшi құралы деп түсiндiрдi.
Мектептер қызметi мен мектептен тыс уақытта өзара байланыс жұмысы үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп бердi.
И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаға, оның қызметiне деген жауапты көзқарасын қалыптастыратын берiк ғылыми бiлiмдердi меңгерту болуы қажет. Табиғат, экологиялық тәрбие берудiң көрсеткiшi ретiнде оқушылардың табиғи ортаға деген көзқарасы, оның адамгершiлiк нормаларын айтуға болады.
Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi белгiлейдi:
-Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды қалыптастыру - тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.
-- Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке үйретудi мектептiң бастауыш сыныбынан бастау.
-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.
"Ұлттық тәрбиенiң негiзi - адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi"-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.
Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.
Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң "Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк - тамаша адамгершiлiк сипат"-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн ұмытпағанымыз абзал.
Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi - азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. "Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң" деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо.
Ал Абай: "Досыңа достық - қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол" деп жырлаған болатын. өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. "Жас өспей ме, жарлы байымай ма!" демекшi, бүгiнгi бастауыш сынып оқушысының ертеңгi азамат екендiгi де еш күмән тудырмайды. Сондықтан өз бойларына жоғары адамгершiлiк мәдениетiн бүгiннен бастап сiңiре бiлу, адал болу, арлы болу әркiмнiң парызы.
Адам жақсылыққа жамандық iстеу арқылы жете алмайды, қашан да қайырымдылық қажет. Өйткенi, адамның асыл қасиетi - оның жасаған жақсылығы. Адам - қоғамның мүшесi десек, әрқайсымыз осы атқа лайық болуымыз керек. Ал қоғам жайлы оқушылар дүниетану сабағында танысады.
Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде "Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады.
Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi"-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi.
Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: "Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс" деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр тарау бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.
Қорыта айтқанда, ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi жастарға адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi.

Біздің жоғары технологиялар дамыған заманымызда жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесі мәселесі елеулі орын алатыны сөзсіз. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуы тікелей ата-анасына байланыстылығы бәрімізге мәлім.
Ал адамгершілік тәрбиенің тұлға қалыптасуындағы маңыздылығы отбасындағы ата-ананың тәрбиесі арқылы анықталады, әсіресе бұл бала дамуының жасөспірімдік кезеңінде ерекше мазмұнға ие болары сөзсіз.
Біздің қоғамымызда мәдениеттілігімізді сақтап қалу үшін, рухани байлығымызды нығайту үшін адамгершілігімізді нығайту керек. Адамгершілігі жоғары адамдар қоғамдағы нормаларды сақтап, қоғамның елеулі орнына ие болады, ал адамгершілік қалыптасу дамуында шегеріліп қалса, онда қоғамға қарсы тұлғалар қалыптасып, олардың антигуманды әрекеттері біздің қоғамымызға зиян әкелетіні бәрімізге мәлім.
Қоғамға жат қылықтар адамдар арасында сынға түседі, осының барысында ол қоғам қабылдамаған адам болып шыға келеді. Қазіргі кезде болсын, осыдан 10-20 жыл бұрын болсын, мұндай қауіпті топтар қатарына жасөспірімдер жатады. Сондықтан да жасөспірімнің, жастардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қазіргі қоғамның маңызды ережелерінің бірі болады.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым - қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым - қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. Намыс, адамгершілік, құқық, міндет сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz