Қазіргі заманғы адам, отбасы, ұжым және қоғам өміріндегі дау – дамай психологиясының рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Инновациялық білім беру факультеті
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Қазіргі заманғы адам, отбасы, ұжым және қоғам өміріндегі
дау - дамай психологиясының рөлі.

Орындаған: Психология №209 топ
Жолдасқалиева А.Ж.
Тексерген: аға оқытушы Дәулет Т.Қ.

Атырау 2018 ж
Қазіргі заманғы адам, отбасы, ұжым және қоғам өміріндегі
дау - дамай психологиясының рөлі

Адамзаттың бүкіл тарихы бұл - сан ғасырлық соғыстар мен дау-дамайлар тарихы. Дау-дамайлар әрдайым болған әлі болады да, және оларды пайдасыз немесе патология деуге болмайды. Олар біздің өміріміздегі қалыпты құбылыс. Сірә, қоғам өзінің даралығы мен еркіндігінен айырылғанда ғана дау-дамайсыз болар. Өткеннің көрнекті ойшылдары дау-дамай адамның ішінде дей келе, адамның өзі даудың тасымалдаушысы деп есептеген. Дау-дамай бұл - қарама-қарсы жақтардың қақтығысы немесе өзара әрекеттестігінің барысында туындайтын маңызды қарама-қайшылықтарды шешудің неғұрлым шиеленіскен тәсілі.
Дау-дамай әртүрлі бағыттардың тұрғысында зерттелінеді. Әртүрлі авторлар дау-дамайды түрліше анықтайды әрі әдетте дау-дамай ұғымының жалпы анықтамасын қолданады. Мысалы, А.И.Алексеева дау-дамайды адамдардың бір-біріне деген қарама-қарсылықтарының шарттылығымен түсіндіреді. Дау-дамайда адамдардың мақсаттары, қызығушылықтары қақтығысады, сондай-ақ онда оның мүшелерінің шынайы бәсекелестігі көрініс береді. А.А. Ершов дау-дамайды тұлғалар қарым-қатынастарының барысында және нәтижесінде қажеттіліктерінің, мотивтерінің, мақсаттарының, бағдарларының, көзқарастарының, мінез-құлықтарының сәйкессіздігінен олардың қақтығысы ретінде анықтайды.
Дау-дамайларды басқару үшін оның құрылысы мен қызметін анықтап ажыратын алу қажет. Әрине, дау-дамайда ең алдымен дауласқан жақтарды және қарсыласу затын анықтау керек.
Жеке адамдар арасындағы қақтығысу мен дау-дамай стихиялық түрде болып отыратын болжамсыз да жоспарсыз құбылыс. Адамдар арасындағы кикілжің мен реніш, талас-тартыс пен дау-дамайдың, туындауына адамдардың тіршілік бейнесі мен өмір жолы, алға ұмтылып өрлеу талабы, тіпті жансыз заттар мен мінез-құлықтың, жағымсыз қасиеттері мен ерекшеліктері де себеп бола береді. Дау-дамай шиелінісе түсіп, адамдар арасындағы жеккөрушішік сезімге, бітіспейтің жаулық, көзқарастарға да ұласып ке - туі де ғажап емес. Дау - дамайдағы өмір, қайырымдылық, балалардың қамы сияқты ізгі қасиеттермен бірге, бақталастық, араздық, күңшілдік пен көреалмаушылық сияқты жағымсыз сипаттары ерекшеліктерден де туындап отырады. Алайда адам өзін-өзін дау-дамайдан сақтанамын дегенмен, ол өмір тіршілігінде жанына батарлық, әділетсіз мінез-қылықтардан бойын аулақ сала алмайды. Өзін ренжіткен, дұшпандық жасаған адамға көзін тас қараңғы жұмып алып, қорлау мен кемсітуге шыдай алмайды. Мұндай жәйттердің бәрі адамның дара басына тән аса күрделі психологиялық өзгешелігін білдіретін мінез сипаттары.
Қазіргі заманғы психология адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыпты нормаларын қалыптастыру мәселесіне а - са назар аударады. Осы мақсатқа орай қатынас жасаудың неғұрлым адами тиімді қасиеттерін жетілдіре түсу үшін оның тек сезіміне ғана әсер етумен шектелмей, сондай игі қасиеттерді игерудің әдіс-тәсілдерін кісінің бойындағы тұрақты си - паттары етіп қалыптастыруды көздейді. Адамның бойында - ғы игі қасиетердің бәрі жақсылыққа ұмтылып талпыну, әр қилы іс-әрекетер арқылы жаттығу әрекеттерімен ұштастырып отырады.
Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста біріне бірін, кем-кетігі мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын көзіне нұқып айту, не бөтен адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен реніш сезімін шиеленістіре түсетін қате тәсіл болып саналады.
Адамдардың теке-тірестік әрекеттері, біріне бірінің кемісіту көзқарасы дау-дамайды онан әрі өршітіп, олардың, өзара түсіністігін қиындатады.әсіресе, мінезі ашық-жарқын адамның қарсыласына айтқан сөзі оның жүрегіне инедей қадалып, бұрынғы ренішін өшпенділікке айналдырып жіберуі ықтимал. Өз пікірін ашық айтатын адам қарсыласын тұйық, қу, залым, менмен, өркекірек деп санап, оған қалай да өзінің артықшылығы мен өктемдігін көрсеткісі келеді. Ал тұйық адам өзінің ашық-жарқын сөйлейтін қарсыласын бөспе ұшкалақ деп кемітеді. Бұл орайда әрбір адамның мінезіндегі даралық сипаттарды үнемі ескеріп отыру қажет.
Жанжалдасушылардың өзіндік ұстанымын анықтау -- бақылаушы не психолог маман керіс-жанжал күшейіп келе жатқан кезде айтысушы адамдардан өзара орын ауыстырып, біріне-бірінің, сырына көз жіберіп қарауын талап етеді. Сөйтіп бақылаушы жанжалдасушыларға нұсқаулар беріп отырады. Нұсқауларды орындаған жанжалдасушылардың көзқарастары мен пікірлерінде әдеттегі адами қарым-қатынас орнатудан алыстау мен асыра сілтеу, тіптен жаза басып, қателесулері бар екендіктерін анғара бастайды.
Дау-дамайлар дауласу, жанжалдасудан басталып, дау-дамайлық жағдаятқа ауысады. Егерде осы кезде алдын алу, үдетпей тоқтату жолдары қарастырылмаса, онда дау-дамайға ауысып қыза түседі. Ең қызған кезі инцидент деп аталады.
Дау-дамайлардың жиілігіне, тереңдігіне қарай В.Торохтий отбасының түрлерге бөлген: кризисті, конфликті, проблемалы және неврозды (В. Торохтий).
Кризисті отбасы - отбасының өмір сүру жағдайында қажеттіліктердің, қызығушылықтардың қарама-қарсы келіп шиеленіске айналуы. Ерлі -зайыптылар бір біріне өшігіп қарсы тұруларымен сипатталады
Проблемасы бар отбасы - баспананың болмауы, бір адамның аурушаңдығы, материалдық жағдайдың төмендігі, бір адамның қылмыс жасап сотталуы т.б. проблемалар болып тұратын отбасылар. Мұндай отбасында қарым- қатынастар бұзылып, психикалық ауруға шалдыққандар жиі кездесіп тұрады.
Неврозды отбасылар - бұл отбасы түрлерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАУ - ДАМАЙ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ
Психология мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасының психологиялық, педагогикалық негіздері
Ахуал түсінігі. АХУАЛ -- өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым
Қарым қатынастың интеракциялық жағының сипаттамасы
Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Пәндер