Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі қарқыны


Ұлттық шаруашылық экономиканың өсу қарқыны.
Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі қарқыны
- Макроэкономика пәні және макроэкономикалық көрсеткіштер
- Жалпы Ұлттық Өнім мәні
Макроэкономика (грекше μακρός - ұзын, үлкен, οἶκος - үй және Nόμος - заң)
Макроэкономика - экономиканы толығымен оқытатын ғылым, яғни экономикалық жүйені толығымен дамыту мен іс-әрекеттерін зерттейді.
Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.
Макроэкономика - тұрақты экономикалық өсу, ресурстарды толық қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету және төлемдік баланс тпеңдігі шарттарын қамтамасыз ету көзқарасы жағынан біртұтастық ретінде экономиканың тәртіптерін оқытатын экономикалық ғылым. Экономикалық өсу халық пен технологиялық үрдістің өсуі сияқты салыстырмалы тұрақты факторлардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады.
Макроэкономикалық теорияның екі түрлілігі болады:
· позитивті макроэкономика (нақты құбылыстарды суреттейді және олардың өзара байланыстарын оқып-үйретеді) ;
· нормативті макроэкономика (қандай аспектілерді қолданған дұрыс екенін белгілейді) .
Қарастырп отырған мақсаттарына байланысты макроэкономика әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Макроэкономиканың негізгі құралдарына жататындар:
Ø жоғары және өспелі ұлттық табыстың деңгейі;
Ø жоғары жұмыспен қамтылу;
Ø тұрақты немесе жай өспелі баға деңгейлері.
Макроэкономика негізгі мақсаттарына жету кезінде салықтық-бюджетті, ақша-несиелік, сыртқыэкономикалық, сауда саясаттарын және табыстар саясатын қолданады.
Макроэкономикалық факторлар (пайыздың, инфляцияның, жұмыссыздықтың нарықтық ставкаларвнвң деңгейлері сияқты және т. б. ) қор жинау, инвестициялар, тұтынушылар шығындары туралы үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдеріне әсер етеді. Ол өз алдына жиынтық сұраныстың деңгейі мен құрылымын анықтайды.
Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: ағымдық көрсеткіштер және қорлық көрсеткіштер. Ағымдар уақыт бірлігіндегі ресурстардың қозғалу жылдамдығын көрсетеді. қорлар нақты уақытта экономикадағы бар нәрселердің санын анықтайды.
Ағымдық көрсеткіштердің санына жататындар: жиынтық шығару (ЖШ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ), жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ), таза ұлттық өнім ( ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), қолда бар табыс, соныменен қатар тұтынуға шығындар, жинақтар, инвестициялар, мемлекеттік сатып алу, салықтар, экспорт, импорт және басқалары.
ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.
ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.
Жабық экономикада толығымен ЖІӨ ЖҰӨ-ге тең болады. Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы негізгі айырмашылық - ұлттық территориядағы шетелдік фирмалардың тікелей атқаратын іс-әрекеті (отандық фирмалардың шетелде қызмет етуі) .
ЖІӨ құнына кірмейді:
мемлекеттік трансферттік төлемдер, олар зейнетақыға, шәкіртақыға, әлеуметтік сақтандыруға және басқа соған сәйкес төлемдерден тұрады; олар қандай да бір өнім өндіруге жұмсалмайды және бар қаржылық ресурстарды қайта бөлудің нысаны болып табылады; қор биржасында бағалы қағаздарды сату-сатып алу;
ұсталынған тауарларды қайта сату.
ЖІӨ-ді есептеудің 3 түрі бар:
1. Шығындар бойынша 2. Табыс бойынша 3. Қосымшы құн бойынша
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) - макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.
Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы - оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады. Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.
ЖҰӨ: есептеу әдістері
ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан:
· Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы;
· Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.
Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру табыстар ағымы. 1 әдіске келсек «шығындар ағымы». Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, біз жалпы ұлттық өнім көлемін аламыз.
ЖІӨ - барлық өндірішілермен белгілі бір уақыт аралығында елде өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құнын көрсететін көрсеткіш.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz