Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны.

Талқылау сұрақтары:
І. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
ІІ. Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері

І. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері

Негізгі ұғымдар: экономикалық цикл, жандану, өрлеу, дағдарыс, тоқырау, қысқа мерзімді толқындар, орта мерзімді толқындар, ұзақ мерзімді толқындар, экономикалық өсу, сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары, бөлу факторлары, экстенсивті өсу, интенсивті өсу, аралас өсу, экономикалық өсудің үлгілері, т. б.

Қазіргі экономикалық даму ұзақ мерзімдік динамика ретінде тұрақты түрде өсу үрдісімен көрініп отырады. Алайда қысқа мерзімде сол экономикалық дамудың жағдайлары үнемі көтерілу мен төмендеу толқындарымен сипатталады. Олай болса экономикалық даму бірқа-лыпты болмайды. Макроэкономикалық динамиканың толқушылық сипаттағы заңдылықтары экономикалық (іскерлік) цикл мәселесі ретінде қарастырылады.
Экономикалық (іскерлік) цикл - бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.
Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясымен қатар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қарастырылып, экономикалық жүйенің қозғалыстарын сипаттайды. Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқуларын, тұрақсыздықтың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі тұрақты өзгерістерінің факторлары мен шарттарын зерттейді. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэкономикалық тұрақсыздық мәселелеріне алғаш рет аса дәйекті түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.

Экономикалық циклдің фазалары:

а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндіргіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндірістік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капиталдың құнсыздануы) ;
ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;
б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;
в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория экономикалық циклдің агрегатталған екі фазасын ғана қолданады: рецессия және көтерілу. Рецессия деп дағдарыс және құлдырау түсіндіріледі. Ал көтерілу - бұл тірілу және шың.

Экономикалық циклдің типтері. Экономикалық циклдің түрлерін ажыратудың объективті негіздері мыналар бола алады:

а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру кезеңділігі;
ә) негізгі капитал элементтерінің үнемі жаңарып отыруын сипаттайтын өзгерістер;
б) демографиялық үрдістермен және ауыл шаруашылығының дамуымен шартталатын өзгерістер.
Экономикалық циклдің негізгі типтері төмендегі кестеде берілген.

Экономикалық циклдің факторлары . Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады.

Сыртқы (экзогендік) факторлар - берілген экономикалық жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататындар: халықтың өсу қарқыны, халықтың миграциясы, ғылыми ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, әртүрлі саяси оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (әсіресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа-райы әсерлері мен табиғи апаттар, т. б.

Ішкі (эндогендік) факторлар - берілген экономикалық жүйеге қатысты факторлар. Оларға әдетте тұтыну мен инвестицияны жатқызады. Сондықтанда, бұл бағытта экономикалық циклдің мәселелері сұраныс теориясы, мультипликатор-акселератор механиз-мі арқылы зерттеледі.

Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша сыртқы факторлар экономикалық циклдердің бастапқы импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фазалық толқуларға айналдырып отырады.

Экономиканы тұрақтандыру саясаты - бұл инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған.

Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты

Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары
Дағдарыс кезеңдерінде
Өрлеу кезеңдерінде
Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары: Бюджет-салық саясаты
Дағдарыс кезеңдерінде: Бюджет шығындарын арттыру, салық ставкаларын төмендету
Өрлеу кезеңдерінде: Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын жоғарылату
Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары: Ақша-несие саясаты
Дағдарыс кезеңдерінде: Есептік ставканы төмендету, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу,
Өрлеу кезеңдерінде: Есептік ставканы көтеру, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату,
Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары: Табыстар саясаты
Дағдарыс кезеңдерінде: Жалақыны арттыру
Өрлеу кезеңдерінде: Жалақыны қысқарту
Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары: Инвестициялық саясат
Дағдарыс кезеңдерінде: Инвестициялық жобалардың іске асуын тездету, мемлекеттік қолдау көрсету
Өрлеу кезеңдерінде: Мемлекеттік қолдауды және инвестиция салуды тежеу
Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары: Мақсаты:
Дағдарыс кезеңдерінде: Экономикалық белсенділікті ынталандыру
Өрлеу кезеңдерінде: Экономикалық белсенділікті тежеу

Әлем елдерінің дағдарысты еңсеру бойынша қабылдаған аса маңызды іс-шараларын төмендегідей топ-тастыруға болады:
ұлттандыру жолымен немесе мемлекет тарапынан қажылық көмек ұсыну арқылы ірі жүйе құраушы коммерциялық банктерді құтқару; −
арнайы дағдарысқа қарсы бағдарламаны әзірлеу және оны жүзеге асыру үшін қаржылық қор құру; −
қаржы жүйесін реттеуде мемлекеттің рөлін күшейту бойынша шаралар; −
ел үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нақты сектордағы ірі компанияларды тікелей қаржылық қолдау; −
бизнестің салық ауыртпашылықтарын төмендету; −
жұмыссыздықпен күрес және табысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша шаралар. −
Жалпы алғанда, 2010 жылға дейін созылған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысты еңсеру және қаржылық тұрақтылықты қолдау үшін әлемде жалпы ішкі өнім көлемінің шамамен 10-15%-ы немесе 10 трлн. доллардан астам қаржы жұмсалды. Ал Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралардың жалпы сомасы 14 млрд. доллардан асып кетті.

ІІ. Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Экономикалық өсуді өлшеудің тәсілдерін екіге бөлуге болады:
Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономика мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

  1. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары
Әлеуметтік саясат ұғымы
Инфляция және жұмыссыздықтың өзара байланысы
Макроэкономикадағы тұрақсыздық және жұмыссыздық
Капиталды ұдайы өндірісі және оның мәні
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы. Филлипс қисығы
Экономикалық теория негіздері (лекциялар)
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Инфляцияның түрлері
Интенсивті негізінде Экономикалық өсу Оңтүстік - шығыс
ҚР инфляцияға қарсы саясаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz