Қылмыстық - атқарушылық қатынас саласындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
12- апта

1. Қылмыстық - атқарушылық қатынас саласындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі
Заңнама және құқықтықақпарат институтыҚазақстан РеспубликасыӘділет министрлігі
* ҚАЗ
* РУС
* Негізгі
* Іздеу
* Ресмижариялау
* "БҰҰ" құжаттары
* Зерттеулер кітапханасы
* Таңдаулы
* Кабинет
Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 6.
* Мәтін
* Ресми жарияланым
* Ақпарат
* Өзгерістер тарихы
* Сілтемелер
* Көшіру
* Басқа
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"Қылмыстық іс жүргізуші органдар", "Қылмыстық істі жүргізуші орган", "қылмыстық істі жүргізуші орган", "қылмыстық іс жүргізуші орган" деген сөздер тиісінше "Қылмыстық процесті жүргізуші органдар", "Қылмыстық процесті жүргізуші орган", "қылмыстық процесті жүргізуші орган", "қылмыстық процесті жүргізуші орган" деген сөздермен ауыстырылды;
"ҚІЖК-нің" деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөздермен ауыстырылды;
"Қылмыс", "қылмыс", "қылмысы" "қылмыстардың", "қылмыстың", "қылмыстар", "қылмыстары", "қылмысты", деген сөздер тиісінше "Қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылығы", "қылмыстық құқық бұзушылықтардың", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылықтар", "қылмыстық құқық бұзушылықтары", "қылмыстық құқық бұзушылықты" деген сөздермен ауыстырылды;
"алдын ала тергеу", "қамауға алу", "қамауға алудың", "қамауға алған" деген сөздер тиісінше "сотқа дейінгі тергеп-тексеру", "күзетпен ұстау", "күзетпен ұстаудың", "күзетпен ұсталған" деген сөздермен ауыстырылды;
"қылмыстық әрекетке", "қылмыстық әрекеттерге", "қылмыстық әрекеттерінің" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылық жасауға", "қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға", "қылмыстық құқық бұзушылықтарының" деген сөздермен ауыстырылды;
"сезікті", "сезіктінің", "сезіктіден" деген сөздер тиісінше "күдіктіні", "күдіктінің", "күдіктіден" деген сөздермен ауыстырылды;
"айыпкер", "айыпкердің", "айыпкерді", "Айыпкердің" деген сөздер тиісінше "айыпталушы", "айыпталушының", "айыпталушыны", "Айыпталушының" деген сөздермен ауыстырылды;
"дәрежелеу", "дәрежеленетіні", "дәрежелеуге", "дәрежелемеу" деген сөздер "саралау", "сараланатыны", "саралауға", "сараламау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту туралы істер жөніндегі сот практикасын жинақтаудың қорытындыларын талқылап, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін және оларға қатысты сот ісін жүргізудің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңдарының дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот ісін жүргізуге қатысты заңмен бекітілген талаптар мен ережелерді қатаң сақтау, осы санаттағы істерді уақытылы және сапалы қарау қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 15-бабында көрсетілген. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтау жөнінде шара қолдануға міндетті. Бұл орайда адамның белгілі жасқа толуы ол туған күні емес, келесі тәуліктен бастап есептеледі.
Адамның жасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе ол құжаттар күмән тудыратын болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 271-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес сараптама тағайындау қажет. Мұндайда сараптамашылар белгілеген жылдың соңғы күні туған күн болып есептеледі. Сараптамашылар жастың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерін жылдар санымен белгілесе (мысалы, 14-тен 15-ке дейін), онда сараптама ұсынған жастың ең төменгі мөлшері есепке алынуы қажет.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы және оған жаза тағайындау туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін ҚПК-нің 113 және 531-баптарында көрсетілген мән-жайлардың елеулі маңызы бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның иланушылығы, ашушаңдығы, тәуелділігі, сөзуарлыққа, бастамашылыққа, қиялға бейімділігі сияқты жеке басының өзіндік қасиеттерін анықтап алу қажет. Бұл мақсатта кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеп отырған адамдардан және басқа да адамдардан жауап алып, оның денсаулығына және санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып, сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер, жазбалар, хаттар, аудиожазбалар және т.б.) зерттеген жөн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Кәмелетке толмағанның ақыл-есінің кенже қалуы туралы жорамалға негіз болатын мәліметтер болған жағдайда, оның психикалық жетілуін анықтау үшін міндетті түрде жан-жақтылы психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Егер мұндайда кәмелетке толмағанның, психикасының бұзылуына байланысты емес, психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағаны не оған ие бола алмағаны анықталса, онда ол ҚК-нің 15-бабының үшінші бөлігінің ережелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке жатпайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

5. ҚПК-нің 67-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына және 542-бабы екінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес кәмелетке толмағанның қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша кәмелетке толмағанды ұстау немесе күзетпен ұстау кезінен бастап немесе одан күдіктіні немесе айыпталушы ретінде бірінші жауап алынған кезден бастап қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кәмелетке толмағанның қорғаушыдан бас тартуын, оның себептеріне қарамастан, қабылдауға тиіс емес.
Егер іс тергелген немесе сотта қаралған кезде күдіктіні, айыпталушы, сотталушы кәмелетке толған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган ҚПК-нің 69-бабының талаптарын қатаң сақтай отырып, оның қорғаушыдан бас тартуын қабылдауға құқылы.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағының және ҚПК-нің 27-бабының талабына сәйкес, барлық жағдайларда кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының қорғалу құқығы бұзылғандығы анықталғанда соттар сот ісін жүргізудің заңдылығы мен қағидаттары бұзылып жиналған дәлелдемелерді бағалау кезінде ҚПК-нің 9, 112, 125-баптарын басшлыққа алғаны және заңда көзделген негіздер болған кезде істегі тиісті материалдарды дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деп танығаны жөн.
Кәмелетке толмаған адамдардың істері бойынша сот отырысына қорғаушының міндетті түрде қатысуы туралы заң талаптарының сақталмауы - ҚПК-нің 436-бабы үшінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес үкімнің жойылуына әкеп соғатын қылмыстық-процестік заңның елеулі бұзылуы ретінде қаралуы тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

7. Қорғаушының іске қатысуы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпталушының, күдіктінің, сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілі ретінде ҚПК-нің 7-бабының 13)-тармағында көрсетілген адамдар ғана бола алады.
Егер кәмелетке толмаған адамның ата-анасы болмаса және ол жалғыз тұрса немесе оны басқа біреу асыраса, бірақ ол тиісті түрде оның қорғаншысы немесе қамқоршысы болып тағайындалмаса, онда ҚПК-нің 537-бабының 1-бөлігіне сәйкес іске міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері қатыстырылуы тиіс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

8. Заңды өкіл немесе қорғаншы және қамқоршы органның өкілі кәмелетке толмаған күдіктіден бірінші рет жауап алған сәттен бастап іске қатыстырылуы тиіс, бұл туралы тергеуші ҚПК-нің 537-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген олардың құқықтарын түсіндіре отырып, қаулы шығарады.
Туысқандық, қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыру және олардың асырауында болу фактілері заңмен бекітілген тәртіп бойынша расталуы қажет.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган кәмелетке толмаған күдіктінің қатысуымен жасалатын барлық процессуалдық әрекеттерге заңды өкілді өздерінің процессуалдық құқықтарын жүзеге асыруы үшін қатыстыруға құқылы.
Заңды өкіл сот талқылауы аяқталғанша сот отырысының залында болады. Сот оның ҚПК-нің 537-бабының үшінші бөлігінде, 542-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген құқықтарын басты сот талқылауының дайындық бөлігінде түсіндіруге міндетті.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

9. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының заңды өкілдерінің бірі қорғаушы міндетін атқарған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган іске оның басқа заңды өкілін қатыстыруға, ал ондайлар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілін міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
10. Адам кәмелетке толған сәттен бастап заңды өкілдің міндеті тоқтатылады, бұл туралы қылмыстық қудалау органдары қаулы шығарады, ал сот басты сот талқылауының хаттамасына тиісті мәлімет енгізеді. Мұндай жағдайларда, бұрын заңды өкілдері болған адамдардан олардың келісімімен куә ретінде кәмелетке толмағанның жалпы психологиялық мінездемесіне, сондай-ақ тұрмыстық және оны тәрбиелеу жағдайларына қатысты мәселелер бойынша жауап алуға болады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

11. Істің мән-жайларын және кәмелетке толмағанның өмір сүру және тұрмыс жағдайларын ескере отырып, оларды ата-анасының, қорғаншылар мен қамқоршылардың немесе басқа да сенімді адамдардың, сондай-ақ өзі тұрған заңға сәйкес баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қарауына беру жөніндегі бұлтартпау шарасын кеңірек қолданған жөн. Бірақ мұндайда кәмелетке толмағанды ата-анасының немесе басқа адамдардың қарауына беру олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болатынын ескеру қажет.
Егер кәмелетке толмаған айыпталушыны өмір сүру және тәрбие алу жағдайларына байланысты бұрын тұрған жерінде қалдыруға болмаса, онда ол ҚПК-нің 540-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша заңға сәйкес баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы немесе патронатқа берілуі мүмкін.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

12. Соттар кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша басты сот талқылауын тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде ҚПК-нің 320-бабында көрсетілген мәселелермен қатар кәмелетке толмағанды күзетпен ұстаудың негізділігін жан-жақты тексеріп, мұндай шараның тек ерекше жағдайларда, ол ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда, ҚПК-нің 147-бабында көрсетілген негіздер болғанда ғана қолданыла алатынын ескергендері жөн.
Мұндайда ҚПК-нің 541-бабының төртінші бөлігіне орай осы кодекстің 151-бабында белгіленген сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кәмелетке толмағанды қамауда ұстаудың мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
Тергеу органдары жоғарыда аталған талаптарды орындамаса және кәмелетке толмағанды негізсіз күзетпен ұсталған жағдайда, сот оның бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе бұзуға міндетті.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

13. Іс жөніндегі дәлелдемелерді, оның ішінде кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауаптарын зерделеген кезде, соттар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін кәмелетке толмағанды оның заңды өкілдері, олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар, ұстау орнының әкімшілігі арқылы шақыруға және ұзақтығы үзіліссіз екі сағаттан артық емес, ал күніне төрт сағаттан артпайтын жауапты тәуліктің күндізгі уақытында алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет болған жағдайда психологтың және педагогтың міндетті түрде қатысуымен алуға міндеттейтін ҚПК-нің 534 және 535-баптарының талаптарының орындалғанын тексеруге міндетті.
Заңның бұл талаптарын орындамау, сондай-ақ кәмелетке толмағанның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанына сезіктенуге немесе оған айып тағуға жеткілікті негіз бола тұра, одан куә ретінде жауап алу кәмелетке толмағанның жауаптарын дәлелдер ретінде тануға жол бермейді.
Қылмыстық процесті жүргізуші органдар іске қатысушы педагогтар мен психологтарға ҚПК-нің 80-бабында көрсетілген мамандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті, себебі олар бұл жағдайда мамандар болып табылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

14. Егер кәмелетке толмаған адамдардың түзелуі мен қайтадан тәрбиеленуіне ҚК-нің 84-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізу мүмкін болса, соттар үлкен қоғамдық қауіп тудырмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған адамдарға қылмыстық жаза қолдану жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Мынадай екі негіздің жиынтығы болған кезде:
сотталған адам қылмыстық теріс қылық жасағаны немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бірінші рет сотталса;
егер тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оның түзелуіне қол жеткізілуі мүмкін болса, ҚК-нің 83-бабының екінші бөлігі бойынша тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып жазадан босатылуы мүмкін.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

15. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімді сот қана және істі басты сот талқылауында қарап, айыптау үкімін шығарған кезде ғана қабылдауы мүмкін.
Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың, немесе арнаулы мемлекеттік органның қадағалауына тапсыру, сондай-ақ бос уақытын шектеу және тәртібіне ерекше талап белгілеу сияқты тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралар, соттың пікірінше, оның түзелуіне немесе қайта тәрбиеленуіне қажет мерзімге немесе ол он сегіз жасқа толғанша қолданыла алады. Бұл жөнінде үкімде көрсетілуге тиіс.
16. Қандай да болмасын жағдайда, сонымен қатар, егер кәмелетке толмағандар тәрбиелік әсері бар шараларды қолдану мерзімі ішінде олардан жалтарып немесе жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда да тәрбиелік әсері бар шараларды қылмыстық жазаға ауыстыру мүмкіндігі заңда көрсетілмегені түсіндірілсін.
ҚК-тің 79-бабының екінші бөлігіне сәйкес тәрбиелік әсері бар шаралар қолданылған кәмелетке толмағандардың соттылығы жоқ деп танылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

16-1. Егер адамның өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігіне сәйкес, оған ҚК-нің 84-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін екендігін соттар ескеруі қажет.
Ескерту. Қаулы 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

17. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жағдайлардан басқа олардың тұрмыс және тәрбие алу жағдайларын (отбасындағы сәтсіз жағдай, ата-ананың, басқа туысқандардың кәмелетке толмағандарға дөрекілікпен, кейде қатыгездікпен қарауы және т.б.), психикалық дамуы деңгейін, жеке басының ерекшеліктерін (психикасының бұзылуы, сабырсыздық, қызбалық және т.б.), қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың себептерін (тентектік, "елмен бірге", қызғанушылық, кек алушылық және т.б.), кәмелетке толмағанға ересек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары
Прокуратура органдарының құрылымы
Ювеналды юстиция
Ішкі Істерді басқару
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы және оның соңғы жылдардағы динамикасы
Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Пәндер