Қайта өрлеу мәдениеті
Мәтінді мұқият оқып шығып, қайта өрлеу мәдениетін қалай түсінетінігіңді және осы дәуірдің мәдениеттегі жетістіктерінің себептерін көрсет!
Тақырыбы Қайта өрлеу мәдениеті
1. Ренессанс мәдениеті
2. Италияндық Ренессанс
3. Әдебиет
4. Ренессанс дәуіріндегі адам
5. Бейнелеу өнері
6. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дін
Қайта өрлеу дәуірі (итал. Rinascimento, ол итал. ri - қайта және итал. nasci - туылу сөздерінен құралған тұрақты термин) -- ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалар - Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.
Ренессансқа дейін Азия мәдениеті, соның ішінде араб, түркі, парсы мәдениетінен құралған мұсылман мәдениеті, сосын шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті Еуропалық мәдениеттен әлдеқайда алғабасар, дамыған мәдениет болғаны белгілі. Ал, бұл ренессанс қозғалысы еуропаны басқа құрлыққа қарағанда ғылым, техника, әскери қуат, экономика, саяси түзім, шығармашылық жақта алға шығарды және кейінгі Еуропаның гүлденіп-күшеюінің басталу нүктесі болды.
Ренессанстың басында 1453 жылғы Осман Түрік сұлтаны Махмұт ІІ - нің Визентия империясын жеңіп, Стамбулды (Константинопол) иелеп, Жерорта теңізін империя ішіндегі көлге айналдырған құдіретті Осман империясының құрылу дүмпуі тұрады. Өздерін әскери, саяси және мәдени қыспаққа ұшырағандай сезінген батыс еуропалықтар ендігі жерде жаңа ізденіс жасай бастады және өздерінің бұрынғы дәстүрі мен дағдысын қайта қарап, жаңа мәдениетке бой ұрды. Әсіресе, Визентиядан қашқан көптеген христиан ғалымдары мен әдебиетшілері Азияға салыстырғанда әлдеқайда мешеу батыс еуропа елдеріне жаңа мәдениет ала барды. Араб, Түркі, Парсы халықтарының грек мәдениетін, әсіресе Аристотель туралы жүйелі зерттеулері, астрономия, табиғат тану, математика салаларындағы жетістіктері еуропаның мәдени айналымына енді; мылтық, компас, қағаз жасау, баспа техникасы қатарлы шығыс тапқырлықтары еуропада қолданылып, олардың Атлант мұхитына қарай жаңа теңіз жолын ашуына, білім мен мәдениеттің қағаз бен баспаға сүйеніп тез таралуына қол жеткізді. Сөйтіп жаңа мәдениет қозғалысы - Ренессанс дәуірі басталады.
Ренессанс Еуропаның орта ғасырдан жаңа заманға өтуінің көпірі болды. Қоғамның білім, мәдениет, саясат, өнер, діни сенім салаларында түгелдей жаңалықтар, тапқырлықтар, төңкерістер болып өтті. Дегенмен әлем халықтарын әлі күнге тамсандыратыны көбінесе ренессансы дәуірінің ғажайып әдебиеті мен өнер туындылары болды.[[1]][[2]]
Ренессанс деген атпен белгілі болған бұл қозғалыс ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы -- діни бағытта жүзеге асырылды. Ренессанс идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Ренессанс дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.
Ренессанс мәдениеті деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет -- XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланд, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең -- қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында -- бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында -- тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып бюргерлік мәдениеттің барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы болды. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар -- осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.
Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы үлкен тарихи белес -- Ренессанс аяқталды. Қайта жаңғыруды барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI -- XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X -- XV ғасырларды қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, Қайта жаңғыру (Ренессанс) мөдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталану ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Италияндық Ренессанс
Ренессанс Қайта жаңғыру термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512 -- 1574) өзінің Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих (XVI ғасыр) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы -- көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, XVIII ғасырдан бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV -- XV ғасырлар Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет адам табиғаты, адамгершілік деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, гуманизм латынның адамгершілік деген сөзінен шыққан (гомо -- адам деген ұғымды білдіреді). Бұл терминді жаңа адамдар -- (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Ренессанс заманының басты жаңалығы -- ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым -- гуманист, Леонардо Бруни (1370 -- 1444 жылдары) гуманизмді адамның өмірі мен әдет- ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс-тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан, оларды ортақ мақсат біріктірген болатын.
Мысалы, Лоренцо Медичи -- ел басшысы болса, Полициано -- университет профессоры, Пико делла Мирандола -- граф, ал Лоренцо Вониконтри -- офицер болды. Демек, гуманизм -- мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.
Осы орайда, Ренессанс мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.
Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. Ренессанс мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең проторенессанс (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV ғасыр -- треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі -- Ренессанс мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265 -- 1321 жылдары).

Әдебиет
Ұлы дарынның қыл қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық -- оны талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны Құдіретті комедия деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304 -- 1374 жылдары) және Джованни Боккаччо (1313 -- 1375 жылдары) Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі Декамеронның авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары -- дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.
Ренессанс кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең -- XV ғасыр, яғни Бастапқы Ренессанс дәуірі (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын -- Кемелденген Ренессанс кезеңі (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды қамтиды. Ренессанс мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау -- басты орынға қойылды. Міне, сондықтан да болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Ренессанс заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Ендеше бұл дәуірдің гуманистік идеялары -- рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропа мәдениетінің қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды.
Ренессанс дәуірінде неміс әдебиеті де айтарлықтай табыстарға жетіп, тамаша көркемсөз шеберлері, халық ақындары мен жазушылары әдебиет пен өнер сахнасына шықты. Солардың бірі -- немістің атақты ақыны Ганс Сакс (1494 -- 1576 жылдары) пен өткір сатиралық шығармалардың шебері, неміс Ренессансының соңғы өкілі Иоганн Фишарт (1546 -- 1590 жылдары) болды.
Францияда гуманистік қозғалыс тек XVI ғ. басында ғана етек алды. Француз гуманизмінің тамаша өкілі -- ұлы сыншы Франсуа Рабле (1494 -- 1553 жылдары) болды. Ол өзінің Гергантюа мен Пантагрюэль атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды. Рабле жаңа қоғам бейнесін жасады. Оның тұрғындары ғылымға бас июші -- бауырластар, мұнда екіжүзділерге, опасыздарға және т.б. орын жоқ. Француз мәдениетінің ірі өкілі, аса көрнекті гуманист әрі ойшыл Мишель де Монтень (1533 -- 1592 жылдары) болды. Оның басты шығармасы -- Тәжірибелерде философиялық, тарихи, этикалық мәселелер көтерілді. Бұл еңбек схоластика мен догматизмге қарсы бағытталып, рационализм идеялары насихатталды, сондықтан да болар бұл еңбек бүкіл Батыс Еуропалық ақыл-ойдың дамуына орасан зор ықпал жасады.

Ренессанс дәуіріндегі адам
Ренессанс мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі өзгерістің -- әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде Ренессанс мәдениетінің ошағы болған -- Флоренцияның мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz