Құқықбұзушылықтар мен заңды жауапкершіліктің түрлері, белгілері және қағидалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Құқықбұзушылық - бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықбұзушылықтың белгілері:

- әрекет немесе әрекетсіздік;

- кінә (Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы. Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. ;

- құқыққа қайшылығы;

- зиянды нәтиже;

- әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар - бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар .

Теріс қылықтар -әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

Теріс қылықтардың түрлері:

1. Азаматтық - бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т. б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.

2. Әкімшілік - бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.

3. Тәртіптік - бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін -Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін - арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.

Заңды жауапкершілік - бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану.

Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:

а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру) ;

б) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл) ;

в) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату) .

Заңды жауапкершіліктің қағидалары:

1) заңдылық-жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;

2) әділеттілік-жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;

3) негізділік-істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;

4) ізгілік - адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;

5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы-жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;

6) мақсаттылық-құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.

Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:

1. Қылмыстық - тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары -кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң нысандары-бас бостандығынан айыру, өлім жазасы және т. б.

2. Әкімшілік - әкімшілік теріс қылықтарды

жасағаны үшін туындайды және айыппұл, арнайы құқығынан айыру және

т. б. сияқты шаралардан көрініс табады.

3. Азаматтық - мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы - зиянды толығымен өтеу.

4. Тәртіптік - еңбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады; тәртіптік жауапкершілік шаралары -сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару және т. б.

5. Материалдық - қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықбұзушылықтар мен заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері, түрлері және оларды жоятын жағдайлар
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және қағидаларының жүйесі
Заңдық жауапкершіліктің ұғымы, белгілері және түрлері
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және құқықтық негіздері
Заңды жауапкершіліктің ұғымы, түрлері және жүзеге асырылу ерекшеліктері
Заңды жауапкершіліктің теориясы мен практикасы: гуманизм қағидалары, азаматтық, халықаралық, экологиялық және әкімшілік аспектілері
Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны және заңдық жауапкершіліктің ұғымы, белгілері мен түрлері
Заңды жауапкершілік: мәні, түрлері, функциялары мен қағидалары
Әкімшілік жауапкершіліктің тұжырымдамасы мен белгілері
Құқықбұзушылықтың түсінігі, белгілері, түрлері және заңды жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz