Электромагниттік өрістердің әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Электромагниттік өрістердің әсері.

Адам ағзасына электромагниттік өрістер (ЭМӨ) әсер етеді. Тірі ұлпалар ЭМӨ биологиялық эффектісінің әсерін сезеді. ЭМӨ тек еркін (бос) және байланысқан электрлік зарядтары болатын физикалық орталармен ғана өзара әсерлеседі. Зарядтың екі түрі де бар болатын орталарда ЭМӨ өткізгіштік токты да, өрістің жоғары жиілігінде айтарлықтай болатын ығысу тогын да тудырады.

магнитті және электрлік құраушыларының ағзамен өзара әсерлесуі биологиялық жүйенің сипаттамаларының өзгеруіне және биологиялық эффектінің күшеюіне әкеліп соғады. Осыны резонансты құбылыстар кезінде ескеру қажет. Радиобиологияда барлық ЭМӨ екі диапазонға бөлінеді: төменгі жиілікті ( Гц-ке дейінгі) және жоғары жиілікті ( Гц-тен жоғары) .

Төменгі жиілікті ЭМӨ-ге қатысты адам ағзасының өткізгіштік қасиеттері болады. Сыртқы өрістің әсерінен ұлпаларда өткізгіштік ток пайда болады. Еркін зарядтардың негізгі өкілі иондар болып табылады. Төменгі жиілікті ЭМ толқындардың ұзындығы адам денесінің өлшемдерінен көп есе үлкен болады, соның салдарынан барлық ағза осындай толқындардың ықпалына душар болады. Бірақ осы ықпалдың түрлі ұлпаларға әсері бірдей болмайды, өйткені түрлі ұлпалардың электрлік қасиеттері мен өткізгіштік токқа сезімталдығында айырмашылықтары болады. Индуцияланған өткізгіштік тоққа аса сезімтал жүйке жүйесі болып табылады. Осы ток жасушааралық сұйықтық арқылы ағады, себебі жасушааралық сұйықтықтың кедергісі жасушалы мембраналардың кедергісінен кіші болады. Нейрондардың плазмолеммасы арқылы мыңдық үлесіндей шамадағы өткізгіштік ток өтеді. Бұл нейрондарды қоздыруға жеткіліксіз. Бірақ өте күшті төменгі жиілікті ЭМӨ-мен қоршаған ортада адамдар мен жануарлар кездеспейді. Осы өрістің жиілігін 200 Гц-ке дейін жоғарылатып, жүйкелер мен бұлшықеттерді қоздыруға болады, бірақ токтың кенет артуы электрлік жарақаттың биофизикалық механизмі болып табылады.

Жоғары жиілікті тербелістердің емдік әсерінің кезкелген механизмдерінің негізіне осы тербелістердің ағза ұлпалары құралатын заттардың электр зарядталған бөлшектеріне (электрондар, атомдар, молекулалар) алғашқы әсері жатады. Жоғары жиілікті тербелістердің әсерінің эффекттісін екі топқа бөлуге болады - жылулық эффект және айрықша (ерекше, өзіндік) эффект. Жылулық эффект басқа әдістер арқылы алынған жылулықэффектіден (грелка, жылылап жауып қою, инфрақызыл сәулелендіру және т. б. ) елеулі артықшылықтарымен ерекшеленеді. Жоғары жиілікті токтармен және өрістермен ұлпаларды қыздыру дене бетіне жеткізілген жылудың берілуі есебінен емес, дене ішіндегі ұлпалар мен мүшелерден тікелей жылу бөлінудің есебінен орындалады. Бұл тері қабаты мен тері асты майлы клетчатканың (өзегінің біршама дәрежеде) жылуды оқшаулау (изоляция) әсерін болдырмауға, жылудың дене бетіне тереңірек өтуін едәуір әлсірететін қанайналым жүйесінің жылуды реттеу әсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Төменгі жиілікті токтардан жоғары жиілікті токтардың айырмашылығы, олар тек өткізгіштерді ғана емес, диэлектриктерді де жоғары тепмператураға дейін қыздыруға қабілеттілігі. Төменгі жиілікті токтар өткізгіштің барлық қимасы бойымен өтеді, ал жоғары жиілікті токтар көбінесе өткізгіштің жіңішке (жұқа) беттік қабатымен өтеді. Күші 50 мА- ден жоғарыболатын төменгі жиілікті токтар адамға қауіпті , ал күші 3-4 А болатын жоғары жиілікті токтар адамға мүлдем қауіпсіз және адам ағзасында ешқандай жағымсыз реакциялар тудырмайды. Бұл ұлпалар арқылы төменгі жиілікті токтардың өтуі кезінде иондардың тербеліс амплитудасының ұлпалардың беріктілік (мықтылық) шегінен жоғары болатындығымен түсіндіріледі. Ауырсыну сезімі пайда болып, ұлпалардың бір бөлігі бүлінеді. Ұлпалар арқылы жоғары жиілікті токтар өткен кезде, иондардың ығысуы өте болмашы болады, сол себепті жоғары жиілікті токтар ешқандай жағымсыз сезім тудырмайды.

Ерекшілігі, ағзаның кезкелген мүшелері мен ұлпаларында бөлінетін жылудың мөлшері , әсіресе жиілікке және осы ұлпалардың электрлік қасиеттеріне де байланысты болады. Тербеліс жиілігін сәйкес таңдай отырып, «жылулық селективті» әсерді, яғни белгілі бір ұлпаларда жылудың көп бөлінуін қамтамасыз етуге болады. Жоғары жиілікті әдістердің маңызды бір артықшылығы- объектіге әсер ететін тербелістің қуатын, соған сәйкес жылулық эффектінің интенсивтілігін оңай реттеуге болатындығы; кейбір әдістерде осы қуатты жеткілікті дәл анықтауға да болады.

Диатермия кезінде дененің жалаңаштанған бөлігіне лампалы генератордың терапевтік контурымен қосылған екі қорғасын пластинкалары орналастырады (сурет 1, а) . Электродтар арасында жоғары жиілікті электр өрісі пайда болады, соның ( диатермокоагуляция ) немесе капиллярлық қан кетуді болдырмай, кесу үшін қолдануға болады ( электротомия )

Индуктотермия УЖЖ - терапия артықшылығы-біртекті емес өрісте кернеулік әртүрлі және ол өрістің күш сызықтарының концентрациясымен (мөлшерімен) сипатталады. Науқастың денесі болмаған жағдайда электродтар арасындағы өріс оның центрінде аса бірқалыпты болады, ал шетіне қарай күш сызықтары шеткі эффект есебінен қисаяды. Электродтар арақашықтығының олардың диаметріне қатынасы неғұрлым кіші болса, онда бірқалыпты өрістің аймағы соғұрлым үлкен болады. Науқасты электродтар арасына орналастырған кезде, құрылысының гомогенді еместігіне (біртекті еместігіне) байланысты өріс сызықтары ешбір жерде бірқалыпты болмайды, олар ортаңғы бөлікте майысатындығы соншалықты, сол кезде электродтар арасында аса жоғары өріс кернеулігі пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың биоактивті нүктелерінің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне персональды компьютерді пайдалануының әсері
Ультракүлгін сәуле
Радиожиілігінің ЭМӨ аумағы, олардың қоршаған ортаға әсері және қорғау әдістері
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАРДЫ ТАЛДАУ
Көздері электромагниттік сәулелену
Электромагнитті өлшеу құралдары
Құрылғылардың өлшеу механизмдері және қолданылуы
Адам ағзасына әсер ететін фаторлар
Электр және магнит өрісі ұғымдарының динамикасы
Wi - Fi қызметтері. Жаппай ақпараттандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz