Экологиялық сертификаттау. ҚР экологиялық кодексі


Семинарлық сабақ
Тақырыбы : Экологиялық сертификаттау. ҚР экологиялық кодексі
Дүниежүзілік қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғауға мүдделілігінің күннен-күнге өсуі, бұл проблеманың шешіміне əдісті тəсілдемені қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл сəйкес халықаралық стандарттарды əзірлеумен жүзеге асырылуда.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) «Қоршаған ортаны басқару» немесе «Экологиялық басқару» тақырыпты бағыттары бойынша ИСО Техникалық комитетін құру туралы шешім қабылдады. Ол халықаралық стандарттар кешенін ИСО 1400 əзірледі.
ИСО жаңадан құрылған комитеті ИСО «Өнімнің сапасын басқару» тығыз байланысады, өйткені өнімнің сапасын басқару жүйесі мен қоршаған ортанының сапасын басқару жүйесі көп ұқсастықты болады. ИСО 1400 стандарттар кешені шеңберінде өнімді экологиялық таңбалау стандартыда əзірленген, оның атқаратын қызметі - осы саладағы сауда кедергілерін жеңуге ықпал ететін, бірыңғай нормативтік база құру. Сертификациялау жұмысының отандық тəжірибесінде, өнімнің сертификатына қолданбалы «экологиялық сертификаттау» термині кеңінен таралуда, ол өнімнің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық талап бөлігі бойынша сəйкестігін қадағалайды. «Экологиялық сертификаттау» ұғымы экологиялық қауіпті өндірістерге жəне
технологиялық процестерге, сонымен қатар экологиялық тазалығы бойынша белгілі бір ерекшелігі бар жəне ресурс сақтау мен қалдықсыз технологияны қолдану арқылы
шығарылатын өнімдерге таратылады. Жүргізілген сынақтан мақұлдау тапқан өнім арнайы белгіленген белгімен немесе этикеткамен таңбаланады. Экологиялық таза өнімді таңбалау ережесі, көптеген елдерде экологиялық таңбалаудың көп жылдардағы тəжірибесінен белгіленген.
Экологиялық сертификаттау жүйесі міндетті жəне өз еркімен экологиялық Сертификатталуға (экосертификаттауға) арналған. Экосертификаттау Қазақстан Конституциясында бекітілген, азаматтардың қолайлы Қоршаған ортаға құқығын жүзеге асыру бойынша экономикалық құқықтық механизмді құру мақсатында жүргізіледі.
Экосертификаттау əсер етеді:
- экологиялық қауіпсіз технологиялық процестер мен жабдықтарды енгізуге;
- экологиялық қауіпсіз өнімнің барлық тіршіліктік циклі сатыларында өндіруге, оның сапасы мен бəсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуға;
- белгіленген экологиялық талаптарға жауап беретін, өндірістерді ұйымдастыру үшін жағдай жасауға;
- шаруашылықтық жəне басқада қызметтерді басқаруды жетілдіруге;
- елге экологиялық қатерлі өнімді, технологияны, қалдықтарды, қызметтерді əкелуді болдырмауға;
- ел экономикасын дүниежүзілік нарыққа біріктіруге жəне халықаралық міндеттерді орындауға.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.
Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
Осы Кодексте реттелетiн қатынастар
1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi.
2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:
1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;
2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;
3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау;
4) қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру;
5) өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту;
6) қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;
7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;
9) Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк;
10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;
11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz