Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезовтың жаңашылдығы


Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезовтың жаңашылдығы.
- XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы.
- Әдебиеттегі түрлі ағымдар мен бағыттар.
- Әдеби сын мен әдебиеттану ғылымының деңгейі.
- М. Әуезовтің журналистік, сыншылдық қызметі.
- Алғашқы әдеби мақалалары: "Абайдың өнері һәм қызметі", "Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі", "Қызыл сұңқарлар".
- Қазақ әдебиеті туралы " Қобыланды батыр" мақалалары мен "Әдебиет тарихы" зерттеу кітабының әдебиеттану ғылымындағы алатын орны.
- Әдебиет тарихын кезең дәуірлерге бөліп, саралауының әдебиет тарихын жасаудағы маңызы.
М. Әуезовтің журналистік, сыншылдық қызметіне байланысты глоссарий.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М. Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де бағалы жетістігі екені тарихи шындық. Оның шығармашылық карымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, әдебиетші ғалым, аудармашы - бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы жазған эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді. Ұлы суреткер шығармашылығы қазақ халқының әлем мәдениетінде ғаламат рухани самғауының шарықтап биікке көтерілуінің айғағы болды. Оның жазушы ретінде қалыптасуы туған халқының бостандығы мен елінің тәуелсіздігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды. Бұл күресте ол жай ғана бақылаушы болмай, рухани ұстаздары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, қаламдас әріптестері Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтермен бірге өз Отанының жаңа сипаттағы рухани мәдениетінің негізін қалап, қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосты. «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жариялаған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ, өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. Ол дүние жүзі оқырмандарын қазақ халқы өмірімен бірінші болып таныстырып, бірінші болып осындай халық бар екендігін әлемге мәшһүр етті. Дүниежүзілік классика қорына еніп, ұлы ақын, ойшыл Абайдың өлмес бейнесін талант қуатымен ашып берген «Абай жолы» тетрологиясы жазушы шығармашылығының ел таныған асқар шыңы болып табылады. Қазақ халқының қоғамдық-саяси, адамгершілік және эстетикалық өмірінің энциклопедиясы деп әділетті түрде бағаланған бұл роман-эпопеяда өзінің кемеңгерлік тұлғасына халқының дана қасиеттерін, данышпандық ойларын сіңіріп қана қоймай, алдыңғы қатарлы Батыс Европа елдері ықпалымен ұлттық мінезде қалыптасқан үздік атаулының бәрін жинақтаған данышпандық қасиеті мол ойшыл ақынның заңғар келбеті бар құдіретімен асқақтай түсті. Халық өміріне терең бойлаған ұлы эпопея халқымыздың тұрмыс-салтын, тіршілігін, әртүрлі әдет-ғұрыптарымен суреттеу ерекшеліктерімен қазір де таң қалдырады. Жазушының бай мұрасының қай-қайсысында болмасын жомарт талант, нағыз шалқар шабыт қолтаңбасының іздері сайрап жатыр. Ұлы суреткер өзінің ізденімпаздық жолында өзі тіршілік еткен замандастарының жасампаздық өмірімен тығыз байланыста болды, өмір шындығының жаңа құбылыстарын сергек қадағалап, оған өз үлесін қосуға тырысты, бар күш-жігерін жұмсады. Сол кездегі замана шындығы - социалистік құрылыстың республикадағы көркем шежіресінің алғашқы беттерін өзінің көзі тірісінде аяқтап үлгерген сан салалы, кең тынысты «Өскен өркен» романының бірінші кітабында жасап берді. Жазушы дүние салғаннан кейін жарық көрген бұл романда жаңа қоғамға жат көзбояушылық, тамыр-таныстық, бюрократизм сияқты келеңсіз жайлардың табиғи түп-тамыры көркем де дәл бейнеленіп, құнды нәрселердің бәрін, барлық ізгі және болашағы бар істерді жұмылдыратын тағылым көрініс тапты.
Мұхтар Әуезов - халқымыздың қайта өрлеу ауқымындағы ренессанстық тұлға. Ол өзінің энциклопедиялық құлашты білімімен, асқар талантымен рухани өмірдің көптеген салаларында жарқырап көрініп, бүкіл қазақ мәдениетіне ықпал жасады. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамы қойған талаптар оны сол кезеңдегі басқа да аса көрнекті қазақ зиялылары сияқты әрі жазушы, әрі ғалым, әрі қоғам қайраткері болуға еріксіз ұмтылдырды. Бұл қайта өрлеу дәуірінің міндеттері еді. Сол себепті де Мұхтар Әуезовтің сан қырлы таланты оның өнердің қазақтар үшін бұрын белгісіз болып келген түрлері мен жанрларын түңғыш қалыптастырушылардың қатарынан көрінуіне айқын жол ашты. Әуезов - қазақ елінен шыққан тұңғыш кәсіби драматург, ұлттық театрдың тұңғыш режиссері әрі үйымдастырушысы, тіпті тұңғыш кәсіби әдебиеттанушы да. Семей мұғалімдер семинариясында оқып жүріп оқушы-студент кезінің өзінде-ақ ұлы Абай туған өлкеде, атақты Ойқұдық жайлауында екі киіз үйді жалғастыра тігіп, оның «Еңлік-Кебек» атты тұңғыш пьесасы бойынша спектакль қойылды, ал кейін бұл пьеса ұлттық драматургияның інжу-маржанына айналды, жазушы есіміндегі қазіргі академиялық драма театры 1926 жылы өз шымылдығын осы спектакльмен ашты. М. Әуезов сонымен бірге түңғыш әдеби киносценарийлер мен опера либреттоларының алғашқы авторы болды. Мұхтар Әуезов дарынының кең ауқымында ұлы жазушы таланты мен ірі ғалым - ойшылдың таланты табиғи ұштасып жатыр. Оның жазушылық лабораториясында бір ғана көркемдік идея - ұлы Абай тағдыры асқақ міндет ретінде оның бүкіл өмірінде құлшынысына қанат берді де, өзінің өзекті тақырыбы да Абай болды, шығармашылық өмір жолының басталуында Абай тұрса, ғылыми қызметінде де Абай тұлғасы басты зерттеу обьектісі болды. Бала кезінен Абай өлеңдерінен сусындап, ақын әлемінің құдіретті қуатын бойына сіңіріп өсті, барлық баянды өмірін тұтас дерлік ұлы ақын өмірбаяны мен әдеби мұрасын зерттеуге, насихаттауға, кеңестік қоғамдағы тоталитарлық жүйенің шабуылынан қорғауға арнады, қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа саласы - Абайтану ғылымының негізін қалап дамытты, өзінің ұлы Абай туралы баға жетпес зерттеу еңбектерімен ғұлама ақын рухын көтерді, қайта тірілтті, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы екендігін толық дәлелдеп берді де, оны жеке дара тұлға ретінде емес, бүкіл түп тамырымен халық мәдениетінің қалың қойнауына бойлаған алып тұлға ретінде бейнелей, зерттей отырып, туған ұлтының сана-сезімін жаңа сатыға көтерді, сөйтіп қазақ әдебиетін дүниежүзілік аренаға көтеріп, әлемдік әдеби процесске қосты. Ғылыми еңбектерінде Абайды ғана зерттеп қоймай, қазақ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz