Нумизматика - тиындар туралы ғылым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Нумизматика
Нумизматика - тиындар туралы ғылым. Бұл шекіме және ақша айналымы туралы тиын тарихын зерттеуші көмекші тарихи тәртіп. Нумизматика сөзінің негізінде грек зат есімі номос заң, заңды төлем және одан шығатын номизма-тиын жатыр.
Нумизматика саласындағы жүйелі ғылыми зерттеудің негізін салушы австриялық ғалым И.И Эккель (1737-1798жж) болып табылады. Ол ХҮІІІ ғасырдың соңғы онжылдығында Вена қаласында басылып шыққан көне тиындар туралы ғылым атты сегіз томдық еңбектің авторы.
Нумизматика (лат. numіsma, грек. nomіsma - тиын, шақа) - тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән. Қағаз ақшаны (бонистика), медальдарды, жетондарды, ордендерді (фалеристика) зерттеу де Н. ұғымына сәйкес келеді. Тиындарды ақша айналымының құралы, мемл. құжат, қолөнер мен өнердің туындысы және эпигр. деректеме ретінде зерттеу басқа да тарихи деректемелерді - жазба және археол. ескерткіштерді зерттеу жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Металл тиындар шыққанға дейін ақшаның міндетін түрлі тауарлар - мал, сәндік заттар, металл қарулар, металл кесегі атқарды. Тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану сол қоғамның әлеум.-экон. және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Тиынды жасап шығару құқығы, әдетте, мемл. өкімет билігінің қолында болған. Алғашқы тиындар Лидияда (Кіші Азия) және Эгина аралында (Грекия) пайда болған (б.з.б. 8 ғ-дың аяғы - 7 ғасырдың басы). Тиынның оң бетін аверс (Av), ал сол бетін реверс (Rv) деп айырады. Әдетте тиынның оң бетіне мемл. өкіметті немесе ресми дінді дәріптейтін суреттер мен бейнелер (ежелгі грек қалаларының тиындарында - құдайлардың бейнесі, Рим империясы мен ортағасырлық Бат. Еуропа мемлекеттерінің тиындарында патшаның суреті немесе оның гербі, т.б.), ал сол бетінде оның бағасы, шыққан жері мен жылы, т.б. көрсетілген. Жазулар оның екі бетінде де (аверс, реверс) кездеседі. Олар тиынды шығарған елдердің немесе өкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабы, тиын сарайының, тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын, т.б. көрсетеді. Алғашқы тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе оларды алтыннан, мыстан, сондай-ақ түрлі қосынды металдан (қола, латунь, билон) жасады. Жаңа кезеңде сонымен қатар никельден, алюминийден, т.б. құйылатын болды. Асыл металдарға (алтын, күміс, т.б.) мықты болу үшін мыс қосқан. Осы қосындыларды лигатура, ал тиындағы асыл металл пайызын сынама деп атаған. Сынаманы (проба) мемл. өкімет белгілеген. Бірақ кейбір мемлекеттер тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай отырып, олардың сынамасын және салмағын төмендетіп шығарған. Бұл әрекет, әсіресе, орта ғасырларда мемлекеттердің кірісін көбейту үшін көп қолданылды. Тиындардағы белгілер мен жазулар арқылы басқару түрлерін, патшалықтың ауысуын, әулет шежіресін, мемл. төңкерістерді, т.б. анықтауға болады. Олар көбіне саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемл. немесе діни реформалар, т.б. көрсетеді. Тиындар - идеология, дін, қоғамның саяси ой-пікірі тарихын зерттеуде айрықша деректеме. Қоғамның экон. тарихын, қолөнерінің көркем туындысы ретінде техника және өнер тарихын зерттеуде Н. материалының маңызы зор. Ғыл. Н. 18 ғ-дың 2-жартысында пайда болды. Оның негізін салушы - Вена нумизматы И.Х. Эккель. Нумизмат. зерттеулер тиындардың ірі коллекцияларын сақтайтын ұлттық музейлерде, ҒА-ларының тарих және археол. ин-ттарында, кейбір ун-ттерде жүргізіледі. Қазақстанда тиындар (негізінен орта ғасырларға жататын) көне қалаларда, обаларда, сондай-ақ тиын қоймаларында (Отырар, Тараз, Иасы, т.б.) жүргізілген археол. қазба жұмыстардың нәтижесінде табылды. Олар арқылы Қазақстанды мекендеген халықтардың Орт. Азия, алдыңғы Шығыс, Қытай, Жерорта т., Русь мемлекеттерімен сауда байланысы болғандығы анықталды. Алматыда нумизмат. зерттеу жұмыстары Қазақстан ҒА Археология ин-тында жүргізіледі. Қазіргі Н. тиындарды кешенді зерттеу тауарлы ақша қатынастары тарихын деректемелер ретінде қарастыруды алдына мақсат етіп қойыпотыр.
Музей қорын тиындар мен жетондар, яғни нумизматика коллекциялары мен.б.д.д. І ғасырдың және қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның естелік тиындары толықтырады.
Қазақстанның ұлттық валютасын енгізудің 10 жылдығына арналған номиналы 1000 теңгелік күміс монета.
Қазақстан Республикасының ескерткіш және мерейтойлық монеталары. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2003 жылдың 1 қазанында айналымға шығара бастады. Қазақстандық теңге мемлекет тәуелсіздігінің бас белгілерінің бірі болып табылады және республиканың экономикалық, әлеуметтік өміріндегі сынақтан табысты өтті.
Шығыс монеталары. Сарайшық. ХІҮ-ХҮ ғғ.
Сарайшық қалашығы Атырау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Жайық өзені жанында орналасқан. Осы Алтынорда қалашығы ХҮІІІ ғ. бастап зерттелген. Бүгінгі күні қалашықтан табылған ең көне монета Менгу-Тимур билік еткен кезде (1266-12832 жж) шекімелеу тәсілі арқылы жасалған дирхем болып есептеледі.
Ғұн дәуірі тиындары. б.з І-ІІ ғғ. Табылған жері - Қарғалы селосы.
Ғұндардың атауы тарихта өте танымал - ол хунну атты жоғалған халықтың тарихи аты, ержүрек, қатал халық ретінде көрсетіледі. Түпдерек мәліметтеріне үңілсек, ғұндардың тарихы Қазақстан аумағымен тығыз байланысты, оны археологиялық қазбалар мен қытай жазбаларынан көруге болады.
Қазақстанның ақша бірлігінің -- теңге деп аталуы оның тарихымен тығыз байланысты. Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. 5 -- 6 ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек Жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алыбында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері 6 -- 8 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайлы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырар -- бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлары бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл тарихы көрсетілген уақыт айнасындай болған ежелгі қала. Бұл ақшалар мейлінше әртүрлі болатын. Ал ол уақытта ақша реформасы қазіргі кезге қарағанда әлдеқайда көп болды.
Қазір Қытай юанын тек Алматыда ғана кездестіруге болады. Облыс орталықтарында мүлдем қажеттілігі жоқ. Бұл ретте Қытай монеталары Қазақстан аумағында алғашқы пайдалана бастаған монеталар болды. Олар ушу деп аталады және археологтар Отырар алқабындағы Мардан обасынан тапты. Олар біздің дәуіріміздің кезеңіне жатады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары ақшаны Римді Тиберий император басқарған, Палестинада Иисус Христос уағыз жүргізген кезде пайдалана бастады. Біздің жерімізде біршама үлкен Күнгей мемлекеті өркендеді, онымен Хань әулетінен шыққан Қытай императорларының санасуына тура келді.
Ұлы Жібек Жолындағы сауда барған сайын өркендеді. Ал оның, біздің жақ бөлігіндегі ақша айналысын Қытай камтамасыз етті. Ушу немесе оны әдетте ушуцянь деп айтады, монеталарын шығару Қытайда бірнеше әулет басқарған кезде жалғасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырында ғана аяқталды. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстанның және Жетісудың қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао (Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас) монеталарын пайдалана бастады. Бірақ, сол кезде, VIII ғасырда қытайдың ақша монополиясын соғдылар бұзды.Шығыс ираннан шыққан осы пысық халық бүкіл Жібек Жолының бойымен сауда жасады.Түркі қағанына бағынышты Қазақстан аумағындағы қалалардың негізгі халқын құрады. Олар Қытайдан бастап Иранға дейінгі көптеген керуен сарайларды ұстады.Соғдылар алдымен ешқандай да өзгертпестен Қытай монеталарын соқты. Қазір осыны қарақшылық көшірмелер деп айтуға болады.Ал одан кейін оларда соғды тіліндегі жазулар мен пышақ түріндегі бұқар белгісі пайда бола бастады.Қытай және соғды монеталарының көпшілігі Отырардың қалалық базарын қазу кезінде табылды. VII -- VIII ғасырда, Еуропа қалаларында құлдырау басталған уақытта. Орта Сырдарияда -- керісінше қалалар және сауда гүлдене бастады. Бұл қалалар өздерінің қола монеталарын соға бастады, ал үлгі ретінде соғды үлгілерін алды. Бірақ аймақтағы қытайда шығарылған ақша жадына сақталып калған жоқ, мұны монеталардағы шаршы тесіктер растайды.Осы ақшалар тұтас бізде екі ғасыр бойы айналыста болды.Қалаларды түркілер биледі және олар өздерінің монеталарының бір жағына қаһарлы арыстаннын, бейнесін және басқа жағына өздерінің тамғасын салды. Осындай монеталар Отырар және сол сияқты Шаш (Ташкент) алқаптарына да және Жетісуға да тән болды. Шаштың көне түркі монеталарын негізгі екі топқа бөлуге болады:
1) түркілердің атақ-лауазымдары бейнеленбеген (иконография- лықкөркемдеу ерекшеліктері бойынша бөлінген).

Түркілердің атақ-лауазымдары бейнеленбеген
2) түркілердің атақ-лауазымдары бейнеленген, соғды жазумен берілген.

Түркілердің атақ-лауазымдары бейнеленген
Б.з. 704 -- 766 жылдары Таразда құйылған теңгелерде Түргеш қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк қанының теңгелері деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме.
Түркеш хандары монетаның төрт түрін соқты. Бұл ақшалар Жетісудан Соғдыға (қазіргі Тәжікстан) дейінгі үлкен аумақта есеп айырысу үшін пайдаланылды. Монеталар қағанның ордасы орналасқан Суйяб және Тараз қалаларында шығарылды. Монетаның бір жағында ханның тамғасы, ал екінші жағында ұлы түркеш-қағанның деңгасы және жазу бар.
Бір мезгілде Шу алқабында өз монеталарын түргештерге бағынған тухуси түркі халқы да шығарды, бірақ олардың ақшасы тек Шу алқабының өзінде ғана айналыста болды.

VIII ғасырдың екінші жартысының басында түргештер түркілердің басқа тайпасы қарлұқтарды бағындырды, тура олардың кезеңіне қазақ руларының көптеген генеалогиясы (шежіресі) дәл келеді. Қарлұқтар елдің бүкіл оңтүстігінде өзінің саяси үстемдігін орнатты, бірақ өз монеталарын соққан оқ, түркештердің монеталарын пайдалануды жалғастырды.
Дегенмен біздің өлкемізде тек өз ақшамыз ғана емес, сонымен бірге шетелдік валюта -- фельстер де айналыста болды. Оларды аймаққа Орта Азияға VIII ғасырдың басында басып кірген арабтар әкелді.
Кешікпей оңтүстік көршілер, ислам дінін қабылдаған қарлұқтар саманидтер және тахиридтер әлемдік ақшалар, сол уақыттағы -- күміс дирхемдерді соға бастады.
IX -- XI ғасырларда дирхемдер басты айналыс құралы бола бастады. Бірақ оларды қара дирхемдер деп атады, себебі күміске мысты көп қоса бастады. Осындай монеталардың бет жағында билік белгілерімен және жазулармен бірге иленушінің бюсті, ал сырт жағында құрбандық отпен және күзетшімен бейнеленген.

Бет жағының ортасында -- садақ пен жайдың стилденген бейнесі, оның төрт жағында сұлтанның титалуры: Ұлы сұлтан, бейбітшілік пен сенімнің шыңы. Жоғарғы жағында түсініксіз сөздер, төменгі жағында өрнек орналасқан. Айналдыра екі шеңбер арасында ішінара өшіп қалған: Осы дирхем Термезде соғылған.. деген жазу бар. Сырт жағында Екі шаршымен жасалған жарты картушта кәлима (Құраннан үзінді: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі), картуштың төрт жағында лакаб пен эпитет орналасқан, музафари (?) деген сөз сақталып қалған.

Фельс, ХІП ғ. ортасы, Шағатай Ұлысы, Күміс, Отырар қалашығы.
Мысқа күмісті қосу монетаның сатып алу құнының құлдырауына алып келеді және мемлекеттің экономикалық кұлдырауын растайды. Оның есесіне қолайлы монеталар тіпті алты металдан кұйылып жасалды. Ал кейде күміс дирхемдерге тіпті күміс қосылды.
Оңтүстік Қазақстанда XI ғасырда Қараханидтер билік орнатқаннан кейін аймақта гүлдену кезеңі басталды. Бұл ретте ақша алғашқы кезде ауысқан жоқ. Бірақ келесі жүз жылдықтың ортасына қарай қара дирхемдер жоғалып кетті. Сонымен қатар жаңа ұрпақ өздерінің қола және мыс монеталарын соға бастады. Тек осы қара дирхемдер ғана біздің өлкеміздегі монеталардың арасында ұзақ қолданылғандардың алдында болғанын әділдік үшін атап өту керек. Оларды 400 жылға жуық соғып, пайдаланды.
Бүкіл осы жылдар бойы Барабтағы (Отырар округінің Фарабындағы), Испиджабтағы, Тараздағы монета сарайлары жұмыс істеді.

Фельс, XV ғ., Тимур және Тимуридтер мемлекеті , Мыс, Отырар қалашығы.
Қараханидтер мемлекетінде Еуропаның классикалық феодалдық мемлекеттеріне тән болған күрделі жүйе болды. Кейбір билеушілер басқаларына бағынды және өз ақшаларын соғуға ұмтылыс жасады. Ал бұл жалған монеталардың таралып кетуіне алып келді. Археологтарға жалған монеталардың тұтас қоймалары белгілі. Бұлар туралы олардың иелері де білмеген шығар.

Қараханид дирхемінің жалған түрі
Сонымен қатар XI ғасырда Орта Азияны және Оңтүстік Қазақстанды күміс дағдарысы қамтиды, бұл 250 жылға созылды. Талас және Аханагаран өзендерінің бастауларындағы күміс кен орындары таусылды. Күміс монеталардың көпшілігі осы аймақтан Еуропаға ығысты, онда қалалардың қарқынды түрде өсуі басталған еді.
Осыған карамастан аймақтағы қалалар қарқынды түрде өсті, олардың шекаралары кеңейді. Мысалы, Шымкенттің жалпы ауданы сол уақытта 30 га жетті. Мыс монеталармен қатар алтын да айналыста болды. Бірақ археологтар көптеген қоймалардан осы металдан жасалған монеталарды емес, алтынның кесегін ғана тапқан. Күміс дағдарысы сондай-ақ заңды жалған ақшаның айналыста болуына алып келді. Сол уақытта Қазақстанның аумағында кемінде бес монета сарайы жұмыс істеді.

Бұл сол уақыттағы жалған монета жасаушының нағыз өнімі, тіпті күмістелу қалдығы көрініп тұр.
Моңғолдар келгенге дейін Оңтүстік Қазақстанды Хорезм шахы Мұхаммед басып алды, ол Отырарда өзінің Хорезм монеталарын шығара бастады.
Археология кейде тарихты нақтылайды. Моңғол шапқыншылығы біздің жерімізді көп шығынға ұшыратты, бірақ қатты опат болған жоқ деп, сипаттайды кейде хронисттер. Сауран сияқты қалалар моңғолдарға берілді, оларға мүлдем тиіскен жоқ, тіпті Отырардың өзі тез өркендеді. Ал сондықтан кейбір құлдыраудан кейін XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап экономикалық көтерілу басталды. Бұл көп ақша болуды қажет етті.

ДИРХЕМ (Күміс заттар мен монеталар қоймасы, ХПІ ғ. Отырар қ.)
Оңтүстік Қазақстанға кірген шағатайлардың моңғол мемлекетінде жоғары сападағы күміс монеталарды соғуды тез ретке келтірілді. Ал Отырарда, Бұхарада және Ходжентте тіпті алтын динарлар шығарылды. Бірақ алтын, әдетте, өзінің қымбат болуына қатысты айналысқа даналап шығарылған жоқ. Монеталарды бөліп сындырып, қойма ретінде жерге көмді. Және де 1251 жылы Меңгу ханның алтын динарлармен салық салу туралы декреті шығарылған құрылтай өткізгеніне карамастан, КСРО-да ширек ғасыр бойы Новгород қазбаларынан кейін ең ауқымды болған Отырар қазбалары қаланың ақша айналысында алтын динарлар, күмістелген мыс дирхемдер және мыс фельстер болды. Осы соңғыларының өзін қазірдің өзінде қалашықтан табу қиын емес.

Күмістелген мыс дирхемдер.
Кейде монеталарда олардың жалған емес екенінен кепілдік ретінде Шыңғыс ханның аты пайда болды. Отырарда және Ходжентте жасалған күмістелген мыс дирхемдерге халық сенім білдірді және олар біршама ұзақ уақыт бойы шығарылды. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы ақша саудасы тамаша жағдайда болды, мүны Отырарда алтын, мыс, күмістелген дирхемдердің және мыс фельстердің кеп соғылуы растайды.
Күміс монеталарды шығару бойынша Оңтүстік Қазақстанның Тараз, Отырар және Кенджде қалалары алып Шағатай империясында бірінші орында тұрды. Осы үш орталықта шығарылған монеталар шын мәнінде бірдей болған.
Моңғолдар таратылған теріс пікірге қарамастан барынша парасатты экономикалық саясат жүргізді. Орталық Азия олар үшін жоғары және тұрақты көз ретінде үлкен қызығушылық танытты. Олар оны тікелей экономикамен айналысқан орынбасардан алды.
Ақша соғуға байланысты істерге моңғолдар араласқан жоқ. Бүкіл аймақты алдымен, Махмұд Ялавач саудагер, одан кейін оның Ұлы, бірнеше ханның тұсында өмір сүрген және ірі ақша реформасын жүргізген Масуд-бек басқарды.
Ол көптеген монета сарайларын көтермеледі, күміс монеталар үшін бірыңғай салмақ пен сынамды белгіледі. Империя оның бүкіл аумағында еркін айналыста болатын күміс монетаны және оның салмағының жалпы мемлекеттік стандартын алды. Ал бөлек саудада мөлшері және салмағы бойынша күміс монеталарға дәл келетін мыс ақшалар дами түсті. Масуд-бектің ғана реформасы күміс дағдарысын ауыздықтады. Сондай-ақ аймақтың ұзақ және тұрақты экономикалық өсуіне қозғау салды.
Сол уақытта моңғол ақшаларына қатысты бір жұмбақ болды. Оларда моңғол хандарының аттары жазылмады, бірақ Бағдад халифі Нәсірдің есімі жазылды, оны моңғолдардың өзі, шын мәнінде Хулагидтер тақтан тайдырып, 1258 жылы өлтірген болатын. Сондай-ақ осы есім Алтын Ордадағы Жушидтердің монеталарында да болды. Ал олар Қазақстанның батысында белсенді түрде айналыста болды.
Тарихшылар дәстүрге берілген құрмет ал Берке-хан ислам дінін енгізу саясатын жүргізген Алтын Ордада осы жаңа діннің жолын үстау көрсеткіші деп санайды.
Моңғол мемлекеттерінің құлауымен бірге монета жасау ісі де кейбір құлдырауға ұшырайды. Қазақстанның үлкен бөлігі Ақ Ордаға кірген XIV ғасырда Отырарда монеталар соғу тоқтатылды. Бірақ, осы жүзжылдықтың аяғында біздің өлкеге Тимур келді, бұл жерде экономика қайтадан жанданды.
Отырарда қайтадан монета соғу басталады. Бірақ саудада қазіргі Өзбекстан аумағының оңтүстігіне қарай, негізінен Бұхарада шығарылған күміс теңгелер де пайдаланылды.
Міне біздің жерімізде алғашқы рет Қазақстанның қазіргі валютасының атауы пайда болды. Ал тиындар туралы әлі әңгіме болған жоқ. Танга төрт бөлікке бөлінді және оның ширегін мирицеп атады. Тимуридтар мемлекетінің аумағында отыздан астам монета сарайы жұмыс істеді.
Ол кезде атақты оқымысты және мемлекет қайраткері Ұлықбек бастамашы болған кезекті ақша реформасы жүргізілді. 1428 жылы ескі монета ақшаларды жаңасына айырбастау басталды, ал ол аяқталған кезде барлық монета сарайлары жабылып, 60 жыл бойы алып империя бірыңғай ақшаны пайдаланды. Ал егер ол жетпесе, онда қосымша монеталар тек Бұхарада ғана соғылды.
Тимуридтар мемлекеті күйрегеннен кейін Қазақстанның оңтүстігі казақ хандары мен Мавераннахр билеушілері арасындағы ұзақ күрестің алаңы болды. Күрес Сырдарияның орта ағысында болған бай қалаларда болды. Және де бұл күрес XIX ғасырдың басында осы қалалардың құлдыраумен және өлкенің Қоқан хандығына қосылуымен аяқталды. Бірақ ол жүзжылдықта осы жерге ақшаның алуан түрі енгізілді.
Осы өлкені алдымен Ауғанстан мен Иранға дейін өз билігін жүргізген Шейбанидтер басып алды. 1507 жылы Мұхаммад Шейбани-хан Гератты басып алды және бірден қаланың жиылыс мешітінде ақша реформасы туралы жарлық жарияланды, ол барлық саудаға мүдделі адамдарға күміс соғуға және айналысына берік және өзгертілмейтін ұйымдастырылатынына уәде берді.
Күміс айналысының негізі августік соғумен көркемделген, яғни Мұхаммад Шейбаниханның өзінің атымен және лауазымымен көркемделген жаңа танга тағайындалды.
Реформаның толық аяқталған уақыты -- 1508 жыл, сол кезде салмағы, жазуларының мазмұны, үлгілі ресімделуі бойынша бірдей тангалар Шейбанид державасының сол кезде көптеген қалалары мен облыстарында шығарылды: Самарқандта және Бұхарада, Мервде, Ниста және Серахсте, Гератта, Мешхедте, Нишапурад, Нимрузда, Каинда, Себзеварда. Бірдей күміс монеталар бүкіл мемлекет бойынша тең айналыста болды, күміс монеталар соғудың инфляциялық үдерісі еркін болды, яғни кез келген жеке тұлға езінің металынан немесе бұйымынан монеталарға тапсырыс бере алды, ол үшін қазына белгілі бір ақы алып отырды. Қазына үшін кірістер көзі монета соғу, әсіре олардың айналысын ұйымдастыру болды.
Дегенмен, бұл күміс соғудан және айналысынан түскен үлкен кірістердің орталық биліктің қазынасына құйылғанын білдірмейді. әулеттің басшысы ол кезде тендестер арасындағы бірінші ғана болды. Ірі билеушілер оған сырттай баға берді, монеталардың жазуларында әулет басшысының аты мен лауазымы дәріптелді, ал монеталар соғудан түскен кірістерді өзіне алды. Күмісті жүйелі және кеп шығару ең ірі төрт қала -- Бұхарада, Самарқандта, Балхта, Ташкентте жүзеге асырылды. Олар Ташкенттен Қазақстанның аумағына өтті және Қазақ хандығында еркін айналыста болды. Ал оның иеленушілері Шейбанидтердің мәңкі саяси жаулары болды.
XVIII ғасырда Бұхараны билеушілер Жанидтер (Астрахань хандарының ұрпақтары) бастаған маңызды оқиға алтын монеталарды жүйелі шығару болды. Бір алтын монета ашрафиге 50 -- 80 күміс монета келді (олардың сынамына және бағамына қарай). Олардың барлығы сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда айналыста болды және солтүстікке ене бастады.
XVII ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда Ресей ақшалары да, негізінен мыс копейкалар пайда бола бастады.
Қазақстан Ресейге ерікті түрде қосылғаннан кейін (1731 -- 1798 жылдары) аймақтың ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нумизматика ғылымы
Метрология
Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің тарихы
Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология
Тарих – ақша баламасында атты көрменің ғылыми концепциясы
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы монеталардың сакталуы
«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының нумизматикалық жәдігерлер қорындағы бір алтын тиын жайында
Қазақ хандығы тұсында соғылған тиындар беттеріндегі бейнелер мен жазбалардың орын алу себептері жайлы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Палеография
Пәндер