Атырау облысындағы аудандар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Атырау облысы"
Орындаған: Аманғалиева Гүлназ
5B011400-Тарих 3-курс
Тексерген: Тлегенова А. С.
Алматы, 2013
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Экономикалық-әкімшілік бөлінуі
2. Табиғи-ресурстық потенциалы
2.1. Табиғат жағдайы және оған баға беру
2.2. Облыстың табиғат ресурстары
3.Әлеуметтік демографиялық потенциалы
4. Территорияның шаруашылық потенциалы
4.1. Өнеркәсіп
4.2. Ауыл шаруашылығы
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Атырау облысы - Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстігік шекаралары Каспий теңізіне келіп тіреледі. Облыс орталығы - Атырау қаласы. Облыс территориясының түрі үшбұрышты және теңіз деңгейінен 10 метр шамасында көтерінкі. Облыстың төменгі бөлігі тұманды жер мен өзенге біртіндеп ауысады, ал шығыс-солтүстік бөлігі біртіндеп көтеріліп, Ақтөбе облысымен шектесіп жатқан қыратты ауданға ауысады. Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий теңізіне құйып жатқан Еділ мен Жайық өзендерінің ара қашықтығының барлық дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың солтүстік - батыс жағыЕуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен шөлейттік аймақта жатыр. Жерінің орналасуына қарай батысында РесейдіңАстрахан облысымен шектеседі. Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады. Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады. Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл -- Индер (110,5 ш.м.). Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады [1].
1.Экономикалық-әкімшілік бөлінуі
Облыстың әкімшілік құрылымы 2 қала, 4 аудан, 11 кент және 183 ауылдық елді мекендерден тұрады.
Атырау облысындағы аудандар
Аудандар
Аумағы
(мың km²)
Тұрғын жұрты
(мың адам)
Орталығы
Негізгі шаруашылығы
Жылыой
29,4
67,9
Құлсары
Мұнай және газ өнеркәсібі
Индер
10,9
30,3
Индербор
Тау химия өнеркәсібі, мал шаруашылығы
Исатай
14,7
23,9
Аққыстау
Мал шаруашылығы
Құрманғазы
20,9
58,5
Ганюшкино
Мал шаруашылығы
Қызылқоға
24,9
32,2
Миялы
Балық және мал шаруашылығы
Мақат
4,9
27,2
Мақат
Мұнай өнеркәсібі
Махамбет
9,6
29,0
Махамбет
Бақша және мал шаруашылығы
[1]
Жылыой ауданы - Атырау облысының шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 29,4 мың км². Тұрғыны 70 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 2,4 адамнан келеді (2008). Алғашқыда Ембі ауданы, 1993 жылдан Жылыой ауданы аталған. Географиясы. Солтүстік-шығысында Мақат ауданымен, батысында Атырау қалалық әкімдігі аумағымен, шығысында Ақтөбе облысыныңБайғанин ауданымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданымен шектеседі. Аудан аумағындағы 23 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 5 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы - Құлсары қаласы. Аудан жерінің басым бөлігінКаспий маңы ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Ақтолағай қырқасы адырлы, шоқылы келеді. Оңтүстік жағында ауданның ең биік жері - Желтау (221 м) тауы орналасқан. Каспий маңы ойпатының беті жазық әрі теңізге қарай еңіс болып келеді. Оның солтүстік жағын сорлар, оңтүстістігін Қарақұм құмы алып жатыр. Аудан жерінің теңіз деңгейінен биіктігі шығыстан батысқа қарай 221 м-ден - 26 м-ге дейін аласарады. Ауданның жер беті сулары Каспий теңізінің шығыс жақ айдынынан, Жем өзені сағасының теңізге жетпей жоғалатын төменгі ағысынан және жазда қарасуларға бөлініп қалатын Жақсы Қарасай, Жаман Қарасай өзендері мен Бартылдақты, Маше, Ақкөл, Бейбіт, Қамыскөл, т.б. тұзды көлдерден тұрады. Ауданның теңізге жақын бөлігінде Сор топырақ, басқа жағында сортаңды Қоңыр құм,Құмдақ және Саздақ топырақ тараған.
Жылыой ауданы - Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін аудан. Мұнда мұнай өндіру өнеркәсібі тұңғыш рет 1899 жылы Қарашұңғыл деп аталатын қоныстағы №7 ұңғымадан Қазақстандағы тұңғыш мұнай атқылауы басталды. Қазір мұнай (және газ) Теңіз, Құлсары, Прорва, Королев, Сарықамыс, Қаратон кендерінен өндіріледі. Теңіз кенінде мұнай мен газ өңдейтін өте ірі мұнай-газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Басты кен байлығы - мұнай мен газ. Аудан жерінің қойнауында 40-қа жуық көмірсутек кен орындары бар және олардың жалпы қоры (2,5 млрд. т) бойынша республикада 1-орын алады. Ең ірі кен орындары: Теңіз, Қарамылтық, Королев, Прорва, Қаратон, Ақінген, Сарықамыс және Каспий теңізіндегі Шығыс Қашаған. Жылыой өңірінде алғаш мұнай тапқан Қызылбаев Бешім ақсақал.Ол жер бетіне шығып жатқан мұнайды барлаушы-геологтарға апарып көрсеткен. 1935 жылы Қосшағыл кен орны игеріліп, басқа да мұнай алаңдары ашылғанан кейін, аудан орталығы Қаңбақты (Жилая каса) поселкесінің экономикалық, әкімшілік орталығы ретінде қалу мәні кете бастады. Аудан орталығы 1938 жылы Қосшағыл поселкесіне ауыстырылды. Енді Жылыой өңірінің болашағы мұнаймен байланысты болды. Аудан өнеркәсіппен, ауылшаруашылық бағытында дами бастады. Ауданда бұрғылау жұмыстары кеңінен етек алды. Ұлы Отан Соғысы жылдарында жылыойлықтар Бәрі де майдан үшін, бәрі жеңіс үшін деген ұранмен бүкіл күш-жігерін жеңісті жақындатуға жұмсады. Аудан еңбекшілері майданға жылы киімдер жіберді. Қазақстан, Жаңа жол колхоздарының төрағаларыҚалдан Өмірбаев, Батырбай Бөлекбаев, Атыраубай Танкиевтер 100 мың сомнан, Абай атындағы орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары 25 мың сом қаражат жинап, майдан жеңісіне үлес қосты. Сол үшін ауданға Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннен алғыс жариялаған хат келді.
Құрманғазы ауданы -- Атырау облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. Аудан 1928 жылы құрылған. Жер көлемі - 20,8 мың ш.км. Халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 59,2 мың адам болды. Аудан құрамында 19 ауылдық округ, 1 кент, 52 ауылдық елді мекен бар. Орталығы -- Ганюшкин ауылы. Құрманғазы ауданы батысында Ресейдің Астрахан облысымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы және Жаңақала аудандарымен, шығысында Атырау облысының Исатай ауданымен шектеседі; оңтүстігін Каспий теңізінің суы шайып жатыр. Жер бедері, негізінен, жазық, құмды және Каспий теңізіне қарай еңіс келеді. Ауданның солтүстігітеңіз деңгейінен 3 м биіктікте болса, оңтүстігі теңіз деңгейінен 25 -- 27 м төменде жатыр. Нарынқұмына қарасты Қосдәулет, Батбайсары, Бозанай және Ментеке атты құмдардың бөліктері аудан жерінің көпшілігін қамтиды. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, құрылыс тастары, қиыршық тас, әктас, кірпіш құятын саз балшық бар. Шаруашылыққа пайдаланылатын сулары Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігінен, оған келіп құятын Еділдің Қиғаш және басқа салаларынан, Нұрман, Манаш, Шектай және басқа көлдерден тұрады. Топырағы құмайтты-сұр, сұр, шалғынды қоңыр топырақтардан тұрады. Өсімдік жамылғысына еркек шөп, ақ жүзгін, боз, изен, ебелек, теріскен, қоңырбас кіреді. Жануардар дүниесінен қарақұйрық, ақбөкен, қасқыр, қоян, сарышұнақ, қосаяқ, тышқандардың көптеген түрі бар. Аудан тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар (96,4%). Халықтың орташа тығыздығы әр 1 км²-ге шаққанда 2,2 адамнан келеді. Өнеркәсіп орындары құрамына Құрманғазы мұнай өндіру кәсіпорны, "Дәулет", "Каспийбалық", "Дельта-Каспий" ЖШС-тері, "Мақаш", "Ақжонас", "Жаңажол", "Нұржау", "Наурыз", "Жазира", "Еділ", "Тұңғыш", "Мұрагер", "Қызылтаң" балық аулау ӨК-тері, Ганюшкиндегі май, Шортанбайдағы балық зауыттары кіреді. Ауыл шаруашылығы төрт түлік мал мен аздап суармалы-егін өсіруге (картоп, көкөніс, бақша, мал азықтық дақылдар) маманданған. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 1868 мың га, оның 4 мың га-ға жуығы егістік, 50 мың га-ы шабындық, 1814 мың га-ы жайылымдық жер (2002). 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін ауыл шаруашылығымен 8 қой өсіретін кеңшар, 1 көкөніс-сүт кеңшары, 8 қосалқы шаруашылық айналысып келді. 1996 ж. кеңшарлар таратылып 9 АҚ құрылды. Бұлардан басқа ауданның ірі ауылдарында ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін шеберханалар, байланыс бөлімшелері, баспахана мен тұрмыс қажетін өтеу комбинаты (Ганюшкинде), техника жөндейтін станок (Ақкөл кентінде), автобекеттер жұмыс істейді.Аудан арқылы Атырау -- Астрахан тас жолы өтеді. Білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінен 16 орта, 10 орталау мектеп, музыка, спорт мектептері, кәсіптік-техникалық мектеп, 36 клуб, 40 кітапхана, аудандық аурухана, емхана, 19 фельдшерлік-акушерлік, 37 фельдшерлік пункт бар.
Қызылқоға ауданы (орыс. Кызылкогинский район) -- Қазақстан Республикасына қарасты Атырау облысының ауданы. Әкімшілік орталығы -- Миялы селосы. Қызылқоға жерін Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді. Ауданның территориясы 24,9 мың шаршы км. Жер рельефі -- тегіс.Қызылқоға ауданы батысында Атырау облысының Индер және Махамбет аудандарымен, Атырау қалалық әкімдігі аумағымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Сырым және Қаратөбе аудандарымен, шығысында Ақтөбе облысының Ойыл және Байғанин аудандарымен, оңтігінде Атырау облысының Мақат және Жылыой аудандарымен шектеседі. Жер бедері біршама күрделі: солтүстік-шығыс бөлігін көлбеу жазық (теңіз деңгейінен 10 -- 150 м биіктікте), оңтүстік-батысының кіші бөлігінКаспий ойпаты алып жатыр. Көлбеу жазықтың солтүстік-батысында өзен аңғарларымен тілімденген ірі құм массивтері Тайсойған мен Бүйрекқұм орналасқан. Каспий ойпаты жағын кең аумақты сорлар алып жатыр. Қызылқоға ауданында кен байлықтарынан мұнай, құрылыс материалдары (саз, құмтас) кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, қары аз, жазы ыстық және құрғақ. Ауданның солтүстік жағын қамтитын өзен жүйесін Тайсойған мен Бүйрекқұмды солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қиып өтетін Ойыл (төменгі ағысы) мен оның Көздіқара, Құройыл және Жарыпшыққан (оның тармағы Жаманащы) тармақтары, ал оңтүстік-шығыс жағындағы жүйесін Ноғайты, Топырақшашты, Бұрмасай және Мұқыр атты салалары мен Сағыз өзенінің орта ағысы, сондай-ақ Ойыл мен Сағыз өзенінің бойларындағы кішігірім көлдер мен көптеген құдықтар (Аққұдық, Белқұдық, Тақырқұдық, Қарағанқазғанқұдық, т.б.) құрайды. Аудан аумағы құмды сұр, сортаң, сор топырақты. Оларда жусан, еркек шөп, ақселеу, бұйырғын, ойпаңдау жерлерде ақ жусан, бетеге, терек, үйеңкі, қарағай, жыңғыл, т.б. өседі. Кейбір жерлерде тамыры тері илеуге пайдаланылатын кермек, лак жасауға қолданылатын қызылмия өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, ақбөкен; құстардан бозторғай, сұр құр, шөл қарғасы, дала бүркіті, байғыз, т.б. мекендейді.Ірі елді мекендері: Миялы, Сағыз, Мұқыр, Жасқайрат, Қаракөл, Тасшағыл, Жангелді, Қоныстану, Қарабау. Қызылқоға ауданы -- ауыл шаруашылықты аудан. Қазір ауыл шаруашылық жерінің аумағы 2278,2 мың га; оның 270 га-сы егістік, 53,4 мың га-сы шабындық, 2224,5 мың га-сы жайылым. Ауданда 1997 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін 8 кеңшар болды. Қазіргі кезде ауданда 84 АҚ, ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Бұлар, мал шаруашылығымен, көбіне қаракөл қойын өсірумен айналысады. Сағыз бен Ойыл өзендерінің бойында, Тайсойған құмындағы бұлақтар басында аздаған суармалы егіншілік бар, мұнда негізінен тары өсіріледі. Ауданның оңтүстік бөлігінде оны басқа облыстармен және аудандармен байланыстыратын солтүстік-шығыс бағытта Атырау -- Қандыағаш -- Орск темір жолы мен мұнай құбыры, Атырау -- Ақтөбе автомобиль жолы, солтүстік-батыс бағытта Орта Азия -- Орск мұнай мен газ құбырлары өтеді. Аудан ішінде автомобиль жолы Сағыз станциясынан аудан орталығы Миялы ауылымен, одан әрі оны Қарабау ауылы арқылы Индербор және Мақат кенттерімен қосады. Қызылқоға ауданында байланыс бөлімі, ауыл шаруашылығы құрылыс мекемесі, баспахана, сауда мекемелері, кәсіптік-техникалық мектеп, 13 орта мектеп, 27 денсаулық сақтау мекемелері, 15 мәдениет үйі, 20 кітапхана жұмыс істейді. 1952 жылдан бері аудандық газет шығады. Тұрғыны 31,7 мың адам (2003). Қызылқоға ауданында, негізінен, қазақтар тұрады, халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге 1,2 адамнан астам.
Мақат ауданы -- Атырау облысының орталық аумағындағы әкімшілік бөлік. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 4,9 мың км². Халқы 26,6 мың адам (2003). Құрамында 6 кент бар. Орталығы -- Мақат кенті. Мақат ауданы Каспий маңы ойпатының орталық бөлігінде орналасқан. Жер бедері жазық. Аумағында пермь-триас, ортаңғы юра және бор дәуірлерінің жыныстарында түзілген тұзды күмбездерде шоғырланған ірі 23 мұнай, газ кен орындары бар. Одан басқа калий тұзы және гипс кен орындары да кездеседі. Ірі мұнай кен орындарына Бекбике, Қошқар, Сағыз, Мақат, Доссор, Таңатар, Байшонас, Комсомол, Ескене, Қарсақ, Ботақан, т.б. жатады. Мақат ауданының климаты тым континенттік және құрғақ; қысы біршама суық (қараша -- наурыз айларында). Ауа райының орташа температурасы қаңтарда - 10°С (кейде - 35 -- 40°С-қа дейін төмендейді), шілдеде 25°С (кейде 40°С-тан да жоғары). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 -- 175 мм. Тымық күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 -- 5 мс, қатты желдер де (10 -- 15 мс-қа дейін) болып тұрады. Жер беті суларынан тек ауданның шығыс бөлігі бойымен ағып өтетін суы тұзды Сағыз өзені ғана бар. Тереңде жатқан жер асты суларының минералдығы жоғары. Егіншілікке жарамсыз сор, сортаңды, бозғылт және сұр топырақ қабаттарында, көбінесе, боз жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Жануарлар дүниесін шөлге бейім кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылар құрайды. Мақат ауданының халқы түгелімен дерлік қалалық жерде қоныстанған. Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,3 адам. Оның басым көпшілігі қазақтар (96,5%). Басқа ұлт өкілдерінен орыстар, украиндар, т.б. тұрады.
Мақат ауданында, негізінен, мұнай мен газ өнеркәсібі дамыған. Мұнай өнеркәсібін мұнда алғаш рет 1911 жылы орыс-ағылшын кәсіпорны ұйымдастырды. 1917 жылға дейін оның құрамында тек қана Доссор (1911) мен Мақат (1915) мұнай кәсіпшіліктері жұмыс істеді. 1920 жылы олар "Ембімұнай" тресіне біріктірілді. Кейіннен оның құрамы жаңадан ұйымдасқан Байшонас, Сағыз, Комсомол, Қошқар, т.б. мұнай кәсіпшіліктерімен толықты. Мұнай тасымалын іске асыру мақсатында 1939 -- 40 жылы Атырау -- Ор темір жол мен мұнай құбыры және оны өзге кәсіпшіліктермен қосатын мұнай құбырының тарамдары салынды. Аудандағы ірі кәсіпорындар қатарына Мақат мұнай басқармасы, локомотив депосы, Мақат темір жол желілік басқармасы, Мақат темір жол станциясы, Доссор мұнай басқармасы, "Доссормұнаймаш" ЖШС, т.б. жатады. Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен жалпы білім беретін 12 мектеп,мәдениет үйі, 4 клуб, аудандық аурухана мен емхана, Доссор кенттік ауруханасы, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 отбасылық амбулатория бар. 1937 жылдан бастап "Мұнайшы" атты аудандық газет шығады. Аудан жері арқылы Мақат -- Бейнеу -- Қоңырат, Мақат -- Индербор т. ж. және Атырау -- Мақат -- Қандыағаш -- Ақтөбе, Доссор -- Құлсары, Доссор -- Байшонас, Мақат -- Сағыз автомобиль жолдары өтеді.
Исатай ауданы - Атырау облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Аудан 1928 жылы құрылды. 1997 жылы облыстың Құрманғазы және Махамбет аудандары жерлерін қосу негізінде құрылды. Жер аумағы 14,7 мың км². Тұрғыны 24,3 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,6 адамнан келеді (2008). Аудандағы 25 елді мекен 6 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы - Аққыстау аулы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданымен, батысында Атырау облысының Құрманғазы, солтүстігінде Индер, шығысында Махамбет аудандарымен, оңтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі. Негізгі байлықтары мұнай мен газ. Олардың кен орындары ауданның оңтүстік-шығыс жағында, Каспий теңізінің жағалауына таяу орналасқан. Барланғандары: Забурунье, Сазанкұрақ, Октябрь, Мартыши, Ровное, Камышитовое, Батыс және Оңтүстік-шығыс Новобогат кен орындары. Жер беті сулары ауданның тек оңтүстік-шығыс жағында кездеседі. Өсімдіктері құмды жерлерде сораң шөптер, сортаң жерлерде сораң,жусан, бұйырғын өскен. Теңіз жағасында қамыс, құрақ, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, қасқыр, түлкі,қоян; суында қаз, үйрек, шағала, қызғыш, шымшық, т.б. мекендейді. Каспий теңізінде бірнеше бағалы балық түрлері бар.
Еңірі : Аққыстау, Ақтоғай, Жанбай, Манаш, Исатай, Х.Ерғалиев, Чапаев. Исатай ауданы өнеркәсіпті және мал шаруашылықты аудан. Өнеркәсібі 1968 ж. Мартыши мұнай-газ кен орнын игеру негізінде мұнай кәсіпшілігін құруға байланысты дамыды. Бұдан кейін пайдалануға Забурунье, Октябрь, Ровное мұнай-газ кен орындары берілді, ұзындығы 85,6 км Атырау - Мартыши мұнай құбыры іске қосылды. Ауданның оңтүстік жағымен Атырау - Астрахан т. ж. мен автомобиль жолы, Қиғаш - Атырау өзен су құбыры өтеді. Аймақ жері - жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. Оның қиыр солтүстік-шығыс жағымен Жайық өзені ағып өтеді. Исатай ауданының жері құмдақ және сортаң сұр топырақты болып келеді.
Айналысатын негізгі - мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2009 жылы (қаңтар-қазан) өндірілген ет 4,4 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті - 3,4 мың тонна, жұмыртқа - 154 мың дана өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына аудандағы мүйізді ірі қара саны - 11,6 мың бас, қой мен ешкі - 50,9 мың бас, жылқы - 8,8 мың бас, түйе - 7,4 мың бас болды. Ауданда Жайықмұнайгаз басқармасынан басқа Сазанқұрақ қазақ американ бірлескен кәсіпорны, Прикаспиан Петролеум, Потенциал Ойл, Жанбай, Светланойл, НБК жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері орналасқан. Сонымен қатар Аққыстау селосында Әдемі үй ЖШС-гінің қарамағындағы кірпіш зауыты жұмыс жасайды. Атырау облысыстатистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -97,0, ауыл шаруашылығы - 104,7.
Индер ауданы Атырау облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан 1933 жылы құрылған. Аудан орталығы - Индербор кенті. Жер аумағы 10,9 мың км2. Тұрғыны 30,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 2,8 адамнан келеді (2007). Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілігі округі және оларға қарасты 21 ауыл бар. Аудан орталығы Индербор кенті. Ең ірі елді мекендері: Индербор кенті, Кулагино, Өрлік, Елтай, Зеленый, Жарсуат және Бөдене ауылдары. Индер ауданының Атырау облысындағы өнеркәсіпті және ауыл шаруашылықты аудандардың бірі. Индер ауданының жері Каспий ойпатының солтүстігін алып жатыр. Ауданды екіге бөліп жатқан Жайық өзенінің батыс жағы, негізінен, жазық құмды шөл болып келеді, ал шығыс жағы үстіртті (Индер мен Жамантаутауларының теңіз деңгейінен биіктігі 52 және 26 м). Одан әрі сортаң топырақты жазыққа айналады. Индер тауында карстық опырылымдар мен үйінділер өте жиі тараған. Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды. Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан, ол 1935 жылы құрылды. Индер поселкесінің Атырау қаласынан қашықтығы - 200 км. Ауданда поселке әкімі - 1, селолық округ әкімдері - 6.
Индер көлінің жағасындағы төбешіктердің асты күмбез пішінді тұздардан тұрады және көлдің өзі әр түрлі шикізатқа бай. Мұнда борат, калий, магний және ас тұзының аса күшті рапа тұздығы, гипс, қиыршықтас, ұлутас, т.б. Құрылыс материалдары бар. Тек гипстің жалпы қоры 10 15 млрд. тоннадай. Индер көлінің солтүстік-шығысында минералды су көздері меншипалы балшық та көп тараған. Оларды жергілікті тұрғындар ежелгі заманнан бері әр түрлі сырқаттарды емдеуге пайдаланып келеді.
Өнеркәсібі түгелдей дерлік Индерборат және Индертұз акционерлік қоғамына қарасты борат карьерлері мен байыту фабрикасынан, нан мен сүт зауыттарынан тұрады. Мұндағы өнеркәсіп орталығы Индербор кенті. Ауыл шаруашылығы негізінен қаракөл қойы мен сиыр, жылқы, түйе өсіруге маманданған. Ауыл шаруашылығы жерінің аумағы 987,9 мың га. Оның 1,3 мың га-сы егістік, 3,4 мың га-сы шабындық, 983,2 мың га жайылым. Негізгі айналысатын шаруашылығы - мал шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл тұқымдас қой түрін өсіру. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 3,8 мың тонна (тірі салмақта) ет, 6,1 мың тонна сиыр сүті, 288 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына ауданда 20,4 мың бас ірі қара, 104,4 мың бас қой мен ешкі, 6,3 мың бас жылқы, 2,7 мың бас түйе болды. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. Индер ауданында ИСИ - Гипс - Индер, Индергаз ЖШС-рі, Есбол, Жарсуат К-рі, Қазақтелеком АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік- өндірістік басқармасы, Индер мұнай айдау стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі бар. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -80,5, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 97,8, ауыл шаруашылығы - 102,5. [2]
2. Табиғи-ресурстық потнециалы.
2.1 Табиғат жағдайы және оған баға беру.
Табиғат жағдайы деп - белгілі бір кезеңдегі өндіргіш күштерінің даму сатысында адамның өмір сүруіне және тіршілік етуіне қажетті табиғат компоненттері мен күштерін айтамыз. Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан, 1938 жылы негізі қаланған (1992 жылға дейін Гурьев облысы болып аталды). Облыс аумағы 118,0 мың шаршы км жерді алып жатыр. Облыс халқының саны 2006 жылдың 1 желтоқсанына 479 984 мың адамды құрайды. Облыстағы орташа халық саны (1 шаршы метр аумағына) 4,0 адамды құрайды. Атырау облысы негізінен ойпатты жазық болып келеді. Рельеф аумағы- көлбеулене келген, білінбей Каспий теңізі жағалауынан жоғары көтерілген. Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен сордан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) құралған. Мұнай және газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі ауданындағы мұнай кәсіпшілігі). Қазақстан Республикасының 2006 жылдың басында мемлекеттік баланста 214 мұнай кен орындары тірелген, оның ішінде Атырау облысының үлесіне 88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша мұнай өндірісі категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде облысқа 2,5 млрд. тонна келеді. Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына бай, олар: құрылыс өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды сулардың қайнар көздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді, магний сульфаты, олардың қорлары 898 млн. куб.метрді құрайды. Жайық-Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. Атыраубалық АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды. Климаты қуаң континенттік, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не жұқа қарлы), қара суықты келеді. Қаңтардың орташа темпертурасы - 8-11СО, шілде +24,+25 СО. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында ірі өзен - Жайық (жалпы өзен ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 1084 км), Ембі (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көлдің бірі - Индер (110,5 шаршы метр). Негізінен шөлдік-далалық өсімдіктер деп аталған өсімдік түрлерінен ғана қалыптасқан. Облыс аумағының жартысынан астамы құмдар өзен жағалауында ивалық өсімдіктер басым.
Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін-Гурьев қаласы), Жайық өзені бойында және 1640 жылы құрылған. Атыраудан Астанаға дейін - 1810 км. Облыста 7 аудан, 2 қала, 188 селолық елді мекен, 10 поселке бар. [3].
2.2. Табиғат ресурстары
Табиғат ресурстары деп өндіріс күштерінің белгілі бір даму саты сында қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін материалдық өнімдерді өндіруге пайдаланатын табиғат денелері мен күштерін, нақты айтқанда табиғат ресурстарьтның өндіріс кұрал-жабдықтары мен тұтынатын өнім дерге айналуын айтамыз. Қазақстан Республикасы жер койнауындагы пайдалы қазбалар байлығы бойынша дүние жүзі елдерінің ішінде алдыңғы катарлы орынды алады. Кеңес үкіметі кезенінде Қазакстанның аграрлық-индустриалдык елге айналуы, одақтық территориялық еңбек бөлінісіндегі жетекші орын алуы. Ғалымдардың есептеуі бойынша, Қазакстан Республикасы дүние жүзінде табиғат ресурстары қоры бойынша 6-шы орын алады. Зерттелген табиғат ресурстары қоры 10 трлн. АҚШ долл. шамасында бағаланып отыр. Әлемдік мұнай-газ өнеркәсібінің даму тарихы 1889 ж. Пепсильва нияда (АҚШ) ең алғашқы мұнай қондырғысының жұмыс жасауын басталады. Қазақстанда мұнай өндіру өнеркәсібінің дамуын 1891 Қаршүңғыл (Атырау облысы) мұнай зерттеу кезінде атылған мұнай фонтанынан бастау керек. 1911 ж. сәуір айында Доссор мұнай кен орны ашылды. 1917жылға дейін бұл аймақта 117 мұнай өндіретін және 166 зерттеу мұнай скважиналары жұмыс жасады. 1915 ж. Макат кен орнында мұнай өндіру басталды. 1929 ж. Оңтүстік Мақат, Оңтүстік Байшунас, Жаңабогатинск кен орындары ашылды. Осы жылдары Ембі мұнай-газ ауданының тұзды-куполдық мұнай-газ құрылымы анықтала бастады. 30-шы жж. Сағыз, Жақсымай, Шұбарқұдық, Құлсары, Қосшағыл т.б. кен орынында газ қоры игеріліп, осы аймақта пайдаланыла бастады. 1939 ж. салынған Атырау-Қандыағаш темір жол желісі Ембі мұнай-газ ауданын басқа өнеркәсіп аудандармен, оның ішінде мұнай өңдеу орталықтармен байланыс жасауға мүмкіндік берді. 1935 ж.ұзындығы 726 км Атырау-Орск мұнай құбыры салынып, Орск мұнай өңдеу зауытында қазақстандық мұнайды өңдеуге мүмкіндік туды. 1940 мұ-най өндіру 700 мың т жетті. Соғыс жылдары (1941-1945) Ембі мұнай-газ ауданы үлкен роль атқарады. Қазіргі уақытта Орал-Ембі мұнай-газ провинциясын қазақстандык қара алтынның отаны, ал 1899 ж Қазақстанда мұнай өндірудің туған жылы деп жүрміз. 1944-1945 жж Атырау мұнай өңдеу зауыты салынып, іске қосылды. 50-60-шы жж. геолгиялық барлау жұмыстары Каспий маңы ойпатында, Волга-Жайық өзендерінің су айрықтарының батысында, Маңғыстау түбегінде жүргізілді. Соның нәтижесінде бұл аймақтар мұнай мен газ қорына бай аудандарының қатарына жатқызылды. Қаратон, Тереңөзек, Боранкөл, Прорва сияқты кен орындары ашылды. Табиғат ресурстарының құнын есептегенде жан-жақты, яғни экономикалык, рекреациялык, мәдени-эстетикальқ, эколо-гиялык, тарихтык т.б. көзқараспен, қарау керек. Табиғат ресурстарыньң 6ip турін пайдаланғанда екіншісіне зиян келтірмеу қажет. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz