Тағамдық уланулар. Ботулизм



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар: 1.Тағамдық уланулар; 2.Ботулизм; 3.Алдын-алу шаралары; 4. Саңырауқұлақтармен улану; 5.Қорытынды.

Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдіктермен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен, паразиттермен немесе уыттармен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану салдарынан болуы мүмін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді пайдаланған адамдар ауру болады деп санауға болмайды. Бір адамдар ауруға тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып, аурудың ауыр түрімен ауырыды. Тағамдық улану гастроэнтерит терминімен синоним ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бірдей ұғымды білдіре бермейді. Гастроэнтерит түрлі факторлардың әсерінен, сонымен қатар тағамдық уланулар салдарынан болатын асқазан мен ішектің қабынуы.Уланудың себептері. Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәселен олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті. Тағамдық уланулар - бактериялық токсиндері бар және микроорганизмдер- мен залалданған заттарды қолдану нәтижесі. Олар жиі энтеротоксин шыға - рушы стафилакоктар және ішек таяқшасымен шақырылатын колиинфекциялар.Стафилококтар және ішек таяқшалары - терісінде іріңді зақымданулары бар адамдардан тағамдық заттарға жиі түседі. Стафилококпен зақымданған тағамдық заттар сыртынан исі және дәмі жағынан сапалы заттардан өзгешелігі жоқ, сондықтан энтеротоксинмен улану мүмкіншілігі өте жоғары. Микробтармен жиі сүт және сүт тағамдары торттар және пирожныйлар, ет, балық және көкөніс тағамдары зақымданады. Стафилококтар жоғарғы концентрациялы тұзға және қантқа төзімді. Олар қыздырғанда 80С градуста өледі, бірақ 100С градуста қайнатқанда 1,5 - 2 сағатқа дейін шыдайды. Энтеротоксин асқазанда бұзылмайды, қан арқылы сіңіп, бүкіл организмге таралады. Улану белгілері орташа 1,5 - 2 сағатта пайда болады. Ботулизм - ботулотоксинмен улану. Олар көбінесе ет, балық және саңылауқұлақ консервілерінде жинақталады. Ботлотоксин ботулизм бактериясы - клостридийдің анаэробты жағдайдағы өнімі. Ботулотоксинмен улану жүйке жүйесінің зақымдануымен өтеді. Ботулотоксин қыздырғанда бұзылады, сонымен қатар қышқыл ортада түзілмейді, себебі клостридиялар қышқыл ортада өмір сүре алмайды, сондықтан маринадқа сірке қышқылын қосқанда ботулотоксинмен улану болмайды. Ботулизм уы өте күшті: оның 0,3 микрограмм. Мөлшері адам өлімінің себебі болуы мүмкін.

Ботулотоксин асқорту жолдарында бұзылмай қанға сіңіп бүкіл организмге тарайды. Жүйке - бұлшық еттер арасындағы ақпараттың өтуіне кедергі жасап, әртүрлі бұлшық еттер топтарында салдың (паралич) дамуына әкеліп соғады. Көмей мен жұтқыншақ бұлшық еттерінің параличі жұту мен тыныс бұзылуына әкеледі. Тыныс параличі өлімге әкеледі.Ботулотоксинмен улану балалар, картаң адамдар және науқастар үшін жиі сәтсіздікпен аяқталады. Улану белгілері сапасыз тағамдарды пайдаланған соң 12 - 24 сағаттан кейін байқалады, кей жағдайда ол мерзім 2 - 5 тәулікке дейін созылады. Алғашқы белгілер: әлсіздік, бас ауруы, ауыздың құрғауы, көз алдының тұмандануы және заттардың көзге екеу болып көрінуімен сипатталады. Алғашқы көмек жедел асқазанды 2 %бикарьонат натрий ертіндісімен жуып, іш жүргізетін 30г. Магний сульфат ертіндісін 0,5 л суға қосып одан кейін активтелген көмір ( 20 - 30 таблетка) беру керек. Алдын алу шаралары: - тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз; - көкөністерді және жемістерді жақсылап жуыңыз; - шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды жуыңыз; - дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады; - ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз; - шыбындар мен егеуқұйрықтардан, таракандардан қорғау үшін тамақтың бетін жабыңыздар; - етті және құс етін балықпен бірге бір ыдысқа салмаңыз және оларды дайындағанға дейін бөлек сақтаңыз; - Асханаларда, буфеттерде және кафелерде тамақтанған кезде өте сақ болыңыз; - Желінбей қалған тамақты тоңазытқышта, ал көкке шыққанда өнімдерді тасымалданатын тоңазытқыш камераларында сақтаңыз; - Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз. Бактериялар 4,4-тен 60 градусқа дейінгі температурада тез көбейеді. Мұндай температуралық интервалда өнімдерді сақтауға жол бермеңіз: - өнімді тоңазытқышта сақтаңыз; - өнімді 60 градустан төмен емес температурада дайындаңыз және жылытыңыз. Тамақтану мәдениеті дегеніміз - бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу. Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат

алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады. Демек, сұлулық үшін ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады. Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек. Сондықтан азық-түліктің түр-түрін жеу - адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу зиян. Адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп, қанға барып араласады да, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады. Осыдан келіп тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туады. Тағамдық токсикоинфекция- тамақ ішкеннен кейін, аяқ астынан көп адам ауырады, ол тамақты дайындағанда, тасымалдағанда, сақтағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау
Еттің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Азық – түліктік микорофлора
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Микроорганизмдер экологиясы – микроэкология
Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейіңгі көмек
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау
: Тағамдық өнімдерді санитарлы – микробиологиялық бақылау әдістері
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау жайлы ақпарат
Пәндер