Ес туралы анықтама. Естің түрлері. Естің бұзылысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар: 1.Ес туралы анықтама; 2.Естің түрлері; 3.Естің бұзылысы; 4.Адамның есте сақтау ерекшеліктері; 5.Қорытынды.

Ес -- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. 1. Психикалық белсенділікке қарай: · 1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі; · 2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру; · 3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту; · 4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз. 2. Мақсатқа қарай: · 1) Ырықты ес - түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы; · 2) Ырықсыз ес - адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы. 3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай: · 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру; · 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес); · 3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап -- мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз -- ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады.Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі,

бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес "шұғыл" ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі -- әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Естің негізгі механизмдері мен процесстері. Есте сақтаудың негізгі түрлері: ырықты және ырықсыз. Жаттау. Мнемикалық іс-әрекет жайлы түсінік. Мағыналау және механикалық жаттау. Қайталау әдісі. Есте сақтаудың тұтас, жеке және комбинациялық тәсілдері. Ақпаратты диеамикалық және статикалық сақтау. Әдейі және әдейі емес қайта жаңғырту. Еске түсіру.

Танудың қайта жаңғыртудан айырмашылығы. Ұмытудың негізгі формалары. "Ес деңгейлері". Эббингауздың ұмыту заңы. Ұмыту процессін баяулату әдістері. Ес - бұл ақпаратты бекіту, сақтау және өткен шақ тәжірибесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс. Оның ауытқуы мнестикалық үрдістің осы аталған үш буынының кез-келгеніне қатысты болуы мүмкін. Мнестикалық үрдіс негізінде шартты рефлекторлы қызмет жатыр. Шартты рефлекс тәрізді барлық дағдылар немесе ассоциациялар адамның өмір сүру үрдісінде түзілген байланыс болып табылады. Шартты рефлекс - түрлік түсінік, ал ассоциация - тектік түсінік. Шартты рефлекторлы қызмет бағынатын заңды ескере отырып, мнеститикалық үрдіске және оның бұзылыстарына қатысты көптеген заңдылықтарды түсінуге болады. Жоғарғы жүйке жүйесінің заңдарына сәйкес шартты рефлекс неғұрлым жиірек бекітілсе, соғұрлым мықты болады. Осылай мнестикалық қызмет жөнінде де айтуға болады, ассоциациялар көп қайталану нәтижесінде бекітілген болса ұмытылуы оңай емес. Мұнымен естің дөрекі бұзылыстары кезіндегі патология жағдайында профессиональды дағдылар мен білім ұзақ мерзімге дейін сақталып қалады. Есте сақтаудың мығымдығына қажет бірінші жағдай - ақпаратты жеткілікті мөлшерде қайталау болып табылады. Ес бұзылуының маңызын медицина қызметкерлері арасында да әрқашан дұрыс түсіне бермейді. Галлюцинация, сандырақ, жүріс-тұрыс бұзылысымен науқастар жағдайын, олардың барлық жайтты жақсы есте сақтауы негізінде психикалық сау адам деп санайды. Қажу жағдайымен, тұмаудан кейін, операциядан кейін, сомотогенді астенизациямен оқушылар мен студенттердің барлығы дерлік невропатологқа және психиатрға келгенде есте сақтаудың нашарлауына шағымданады. Осылайша, үй тапсырмасына бұрынғыдан көп уақыт жұмсалып, тиімділігі төмендейді. Есті объективті зерттеу кезінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Көзделген сұрастыру мен зерттеулер назардың бұзылғандығын, ал есте сақтау бұзылысы 2-ші реттік екендігін көрсетеді. Белсенді зейін жетпіспеушілігіне байланысты мұндай адам оқығанда көп алаңдайды,ойы басқа жаққа ауады, текстің мазмұнын ойланбастан, механикалық түрде көзімен шолып өтеді. Мұндайда ақпарат саналы түрде қабылданбайды,сондықтан санада із қалдырмайды. Осылайша, есте сақтау үшін маңызды болып табылатын екінші жағдай, ол зейіннің жеткілікті белсенділігі болып табылады. Арнайы көріністегі текст (жуан шрифтпен, курсивпен, асты сызылған, шеңберге алынған) зейінді өзіне бірден аударып, есте жақсы сақталады.

Өте мықты білім адамның мақсатты қызметімен байланысты болады. Бұл - үшінші жағдай. Көпшілік жағдайда өз сағатындағы 6 саны қандай түрде жазылғанын адамдар айта алмайды, өйткені біз жиі сағатымызға басқа мақсатпен қараймыз, сондықтан сағаттың көркемдік бөлшектері біздің назарымыздан тыс болады. Төртінші жағдай - ақпараттың энергетикалық бекітілуі. Эмоциональды реакция пайда болуымен жүретін ақпарат жақсырақ бекітіледі. Ауруда есте сақтау дың дөрекі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы жайлы ақпарат
Ес туралы жалпы анықтама
Психикалық ауруларда танымдық іс-әрекеттің бұзылуы туралы
Сананың бұзылыстары
Естің нейрофизиологиялық негізі
Естің жалпы сипаты
Мектеп жасына дейінгі балалардың есін дамыту және тәрбиелеу
Психологиядан дәрістер жайлы
Ес туралы жалпы ақпарат
Естің физиологиялық теориясы
Пәндер