Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және оның қайнар көздер


Кіріспе
Халықаралық гуманитарлық құқық - заңды ережелер мен қағидаттар жүйесі, ол қарулы қақтығыс кезінде қолданылады, қарулы күрестің белгілі бір әдістері мен құралдарын қолдануды шектейді немесе тыйым салады, осы күрес барысында адам құқығын қамтамасыз етеді және құқық бұзылудың халықаралық-құқықтық жауапкершілігін қалыптастырады.
Халықаралық гуманитарлық құқықты реттеудің пәні мемлекетаралық қатынастардымынадай мәселелер төңірегінде жүйеге келтіруден құралады:
- соғыстың басталуы;
- соғысқа қатыспайтын мемлекеттердің бейтараптығы;
- соғысушылардың соғыс құралдарын таңдаудағы шектеулері;
- соғысушылардың соғыс жүргізу тәсілдеріндегі шектеулері;
- соғыс құрбандарын қорғау;
- соғыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғау;
- соғыста жаулап алу ережелері;
- мемлекеттердің құқық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі;
- соғыс қимылдарының аяқталуы;
- соғыстың аяқталуы.
Қарулы қақтығыста құқық ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктері және т. б.
Адамзат тарихында соғыс көп болған, оны адамдар қарым-қатынасынан алып тастау жолындағы нәтижесіз әрекеттер де көп болған. Дегенмен соғыс, не басқа қарулы қақтығыстар тоқталмай келед, тіпті оның жақын арада мүлдем тоқтауы үшін шынайы үмітте байқалмайды.
Соғыс әрекеттерін жүргізу құралдарына қару және басқа да әскери техника жатады. Олар қарулы күштерді жұмсау барысында қарсыласының тірі күшін және материалдық заттарын жоюға қолданылады, дұшпанның күшін және қарсыласу қабілетін тұншықтыруға әрекет етеді.
Осылайша, халықаралық жұртшылық құқық ережелері бейбіт кезде ғана емес, соғыс кезінде де, қарулы қақтығыстар кезінде де іске асырылады. Мұндай арнаулы халықаралық құқық ережелерін көбінесе соғыс заңдары мен салт дәстүрлері деп те атай береді немесе халықаралық гуманитарлық құқық деп атайды. Бұндай арнаулы халықаралық-құқықтық ережелердің белгіленімі, ондағы қарулы күрес кезінде құралдар мен әдістердің шектеулі екендігінде. Ал қарудың өте қатыгез түрлерін пайдалануға рұқсат етпеу бұл ереженің мәнділігін одан әрі арттыра түседі.
Халқаралық гуманитарлық құқық ережелері тұрғылықты азаматтарды мәдени байлықтарды, бейтарап мемлекеттерді қорғайды. Қарулы қақтығысқа жақын елдердің тыныштығын бұзған әскери қылмыскерлерді жазалайды. Осылайша бұл құқық ережелері соғысты ізгілендіруге, яғни адам мүдделерін қорғауға бағытталады, бейбіт ел, бейбіт мемлекет туын көтеруге мұрындық болады; соғыс бола қалса, оның кең етек алып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және оның қайнар көздері.
Халықаралық гуманитарлық құқық - бұл ізгілік қағидаларына негізделген және қарулы қақтығыстар салдарын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Ол әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе қатысуын тоқтатқан адамдарды қорғайды және соғыс жургізу құралдары мен әдістерін таңдауды шектейді. Халықаралық гуманитарлық құкықты сондай-ақ "соғыс құқығы" немесе "қарулы жанжалдар құқығы" деп те атайды.
Халықаралық гуманитарлық құқық мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Халықаралық гуманитарлык құқықтың қалыптасуының қайнар көздері ретінде ережелер мен нормаларды айтуға болады, олар әлемнің барлық діндері мен мәдениеттерінде кездеседі. Осы заманғы халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуы 1860ж. басталды. Содан бері мемлекеттер осы заманғы жағдайлардағы соғыс жүргізу тәжірибелеріне негізделген және ізгілік пен мемлекеттердің әскери талаптарының арасындағы қатаң тепе-теңдікті орнатуға арналған әдеттегі ережелердің бірқатарын мойындауға келісті. Халықаралық гуманитарлық құқықтын дамуына улес қосқан мемлекеттер саны артты.
Халықаралық гуманитарлық құқық екі құқықтық проблеманың зерттелуін қамтиды:
- әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе қатысуларын тоқтатқан адамдарды қорғау;
- соғыс жургізу әдістеріне, атап айтқанда, қарудын кейбір түрлерін және әскери тактиканы қоса алғанда, әскери қимылдар жүргізу әдістеріне шектеулер қою.
Халықаралық гуманитарлық құқық әскери қимылдарға қатыспайтындарды, атап айтқанда: азаматтық халықты, медициналық және рухани қызметкерлерді қорғайды. Халықаралық-құқықтык ормалардың қорғауында сондай-ақ әскери қимылдарға қатысуын ақтатқандар да болады. Мұндай санатқа: жараланғандар, кеме апатына ұшырағандар, аурулар мен тұтқындар кіреді. Халықаралық гуманитарлық құқықтың құқықтық нормаларына орай оның қорғауындағы адамдарға шабуыл жасауға тыйым салынады. Олардың жеке адамдарына қол сұғуға болмайды және олардың ар-намысына тиетін, кемсітетіндей қатынас жасалмау керек. Аурулар мен жаралыларға көмек көрсету қажет. Конвенциялық нормаларға сәйкес, қарулы қақтығыстарға байланысты әскери тұтқындар мен ұсталған адамдарға тиісті тамақтандыру, тұрғын-үй және сот кепілдіктері беріледі. Госпитальдар мен санитарлық-көлік құралдары сияқты объектілер қорғауда болады және оларға шабуыл жасауға болмайды. Халықаралық гуманитарлық құқық қорғауда болатын жерлер мен адамдары тану ушін қолданылуы мумкін турлі эмблемалар мен сигналдарды қарастырған. Мұндай эмблемаларға Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай эмблемасы жатады. Халықаралық гуманитарлық құқық әскери қимылдардың кез келген ұралдары мен әдістеріне тыйым салады. Олар:
- әскери қимылдарға қатыспайтындар арасында айырмашылықтардың болуына жол бермейді, мысалы азаматтық тұлғалар мен оларға қатысатын адамдар арасында;
- артық залалдар немесе артық қасіреттерге;
- қоршаған табиғи ортаға елеулі немесе ұзақ мерзімді залал келтіретін жағдайда.
Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары паршалайтын оқтарға, химиялық және биологиялық қаруларға, соқыр қылатын лазер қаруларына тыйым салды.
Халықаралық гуманитарлық құқық қарулы жанжалдарға ғана қолданылады, ол ішкі тәртіпсіздіктерді қамтымайды және мемлекеттердің куш қолдануға жол беретін жағдайларына таралмайды. Бұл жағдайлар халықаралық құқықтың жеке, бірақ маңызды саласымен реттеледі, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бейнеленген. Халықаралық гуманитарлық құқық жанжал туған кезде қолданылады және оны кімнің бастағанынан тәуелсіз турде жанжалдасушы барлық тараптарға әрекет етеді. Халықаралық қарулы жанжалдар мен халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдардың арасында айырмашылықтар болады. Біршшісіне, кем дегенде екі мемлекет қатысатын жанжалдар жатқызылады. Олар төрт Женева Конвенциясы мен Қосымша хаттамада мазмұндалған көптеген нормалардың әрекетіне бағынады. Халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдарға қолданылатын құқьіқ нормалары көлемі аздау. Олар жалпыға ортақ Конвенцияның 3-бабында, II Қосымша Хаттамада мазмұндалған. Дегенмен, халықаралық қарулы жанжалдар жағдайында да, халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдарға да халықаралық құқық нормаларын барлық тараптар қатаң сақтаулары тиіс. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарына қатысты құқықтың арасындағы ерекшеліктер туралы айту керек. Кейбір ережелерінің ұқсастығына қарамастан, халықаралық құқықтың бұл екі саласы жеке-жеке дамыған және құқықтық нормаларының мазмұны әр түрлі болып келетін Халықаралық-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Халықаралық гуманитарлық құқыққа қарағанда, адам құқықтарына қатысты құқық бейбіт кезеңдерде қолданылады, ал қарулы жанжал кезінде, оның кейбір нормаларының қолданылуы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Өкінішке қарай, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының әлемде болып жатқан қатынастарда бұзылуы жиі кездеседі. Көбіне-көп қарулы жанжалдардың құрбаны бейбіт тұрғындар болып келеді. Көпшілік жағдайларда, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары азаматтық тұлғаларды, тұтқындарды, ауруларды және жаралыларды қорғауда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ қаруды қолдануды шектеуге жәрдемдеседі. Өйткені, халықаралық гуманитарлық құқық соғыс кезінде қолданылады, оның құқықтық нормаларын орындау көптеген қиыншылықтарға тап болады. Сондықтан, халықаралық құқықтың осы саласының құқықтық нормаларының тиімді пайдаланылуы бірінші кезектегі маңызы бар мәселе болып қала беруде. Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары мен қағидаларының сақталуына жәрдемдесу мақсатында бірқатар шаралар жасалды. Мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларымен өзінің қарулы күштерін және барлық халықты таныстыруға міндетті. Олар осы құқықтың бұзылуының алдын алуы керек, ал қажет болған жағдайда оны бұзушыларды жазалап отыруы тиіс. Оның ішінде, олар Женева Конвенциясы мен Қосымша Хаттамаларды елеулі түрде бұзатын жағдайларда, әскери қылмыстар деп қарастырылатындарды жазалауды көздейтін заңдарды қолданысқа енгізуі керек. I Женева Конвенциясы қабылданған, 1864 ж. басталған жүйелеу процесі осы заманғы бірқатар қайнар көздердің қалыптасуына әкелді. Халықаралық гуманитарлық құқықтың мазмұны түгелдей 1949 ж. төрт Женева Конвенциясында бейнеленген: әрекеттегі армиялардағы жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы Женева Конвенциясы; Теңіздегі қарулы күштер құрамынан кеме апатына ұшыраған жаралылардың, аурулардың және адамдардың жағдайын жақсарту туралы Женева Конвенциясы; әскери тұтқындармен қатынас жасау жөніндегі Женева Конвенциясы; Азаматтық халықты соғыс кезінде қорғау туралы Женева Конвенциясы. Женева Конвенцияларының ережелері 1977 ж. оған қосымша екі хаттама қабылдау арқылы одан әрі дамытылды. Қарудың кейбір түрлерін және соғыс жүргізудің кейбір әдістеріне тыйым салатын бірқатар шарттар бар. Оларға 1907 ж. Гаага Конвенциясы, Бактериологиялық (биологиялық) қаруға тыйым салу туралы 1980 ж. Конвенция, Химиялық қаруға тыйым салу туралы 1993 ж. Конвенция. қарулы жанжалдар кезінде мәдени құндылықтарды қорғайтын 1954 ж. Конвенция жатады. Халықаралық гуманитарлық құқықтың көптеген нормалары бүгінде әдеттегі нормалар ретінде, яғни барлық мемлекеттерге қатысты әрекет ететін жалпы нормалар ретінде мойындалып келеді.
Халықаралық гуманитарлық құқық тарихы
Халықаралық гуманитарлық құқық - соғыс кезінде мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерінің жиынтығы.
Халықаралық гуманитарлық құқықтың жеке әдеттегі нормалары ерте замандарда қалыптасқан. Содан кейін олар халықаралық шарттарда бекітіле бастады. Бұл ережелерде соғысушы тараптарға қалай бір біріне деген қатынасу керектігі қарастырылды.
Халықаралық құқық нормалары қарулы қақтығыс басталғанда күшіне еніп, әскери қимылдардың аяқталуымен тоқтатылады.
Халықаралық гуманитарлық құқықтың пайда болуына дейін қарулы қақтығыстар әдет ғұрыптарға негізделген жазылмаған нормалармен реттелген. Содан кейін соғысушы тараптар соғыстан кейін қабылдаған екіжақты келісім шарттар пайда бола бастады.
Бірақ сол кездегі соғыс кездеріне қолданылған құқық уақыт және кеңістік жағынан шектелген. Яғни, нормалары тек қана нақты бір соғысқа немесе бір ғана қарулы қақтығысқа қолданылды. Бұл нормалар заманға сай, орны жағынан да, қағидаларға сай өзгеріп отырды.
Халықаралық гуманитарлық құқық 1864 жылы 16 мемлекет өкілдері қатысқан, соғыс кезіндегі жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту жөніндегі Женева Конвенциясы қабылданған, бірінші Женева конференциясынан кейін пайда болды деп есептеледі.
Халықаралық гуманитарлық құқық хронологиялық дамуы келесідей:
- 1864 ж. Соғыс кезіндегі жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту жөніндегі Женева Конвенциясы;
- 1868 ж. Санкт-Петербург декларациясы ( соғыс кезінде кейбір оқ түріне шектеу қою) ;
- 1899 ж. Соғыс кезінде заңдар және теңіздегі соғыс қимылдарына 1864 жылға Женева конвенциясының қағидаларын қолдану туралы Гаага конвенциясы;
- 1906 ж. 1864 жылғы Женева Конвенциясын қайта қарау және дамыту;
- 1907 ж. 1899 жылы Гаага конвенциясын қайта қарау және жаңадан конвенциялар қабылдау;
- 1925 ж. Соғыс кезінде тұншықтырғыш, уландырғыш және басқа да сол тәріздез газдарды және бактериологиялық заттарды қолдануды шектеу туралы Женева хаттамасы;
- 1929 ж. Екі Женева конвенциясы:1906 жылғы Женева конвенциясын қайта қарау және дамыт туралы; Әскери тұтқындамен қатынас туралы Женева Конвенциясы;
- 1949 ж. Төрт Женева конвенциясы:Әрекеттегі армиялардағы жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы Женева Конвенциясы; Теңіздегі қарулы күштер құрамынан кеме апатына ұшыраған жаралылардың, аурулардың және адамдардың жағдайын жақсарту туралы Женева Конвенциясы; Әскери тұтқындармен қатынасу жөніндегі Женева Конвенциясы; Азаматтық халықты соғыс кезінде қорғау туралы Женева Конвенциясы;
- 1954 ж. Қарулы қақтығыстар кезінде мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага Конвенция;
- 1972 ж. Бактериологиялық (биологиялық) және уландырғыш қаруларды өндіру, шығару және қорға жинау шектеу қою және оларды жою туралы Конвенция;
- 1977 ж. 1949 жылғы Женева конвенциясына қосымша Халықаралық (І хаттама ) және халықаралық емес (ІІ хаттама) қаруыл қақтығыста құрбандарды қорғау туралы екі хаттама;
- 1980 ж. Аса үлкен зардап әкелуі мүмкін деп есептелетін нақты бір қару түрлеріне шектеу қою немесе тыйым салу туралы Конвенция. Бұл Конвенцияға:Табылмайтын, анықталмайтын қалдықтар, сынықтар туралы Хаттама (І) ; Мина, мина-тұзақ қолдануды шектеу немесе жою туралы Хаттама (ІІ) ; Өртегіш, жарылғыш қаруды қолдануды шектеу және жою туралы Хаттама (ІІІ) ;
- 1993 ж. Химиялық қаруды өндіру, шығару және жинауды шектеу және оны жою туралы Конвенция;
- 1995 ж. Көзді шағылыстыратын лазерлік қаруға қатысты Хаттама (1980 ж Конвенцияға қосымша ІҮ Хаттама (жаңа) ) ;
- 1996 ж. Мина, мина-тұзақ және басқа да заттарды қолдануды шектеу немесе тыйым салу туралы қайта қаралған Хаттама ( 1980 ж. Конвенцияға қосымша ІІ хаттама (қайта қаралған) ) ;
- 1997 ж. Жаяу әскерлерге қойылатын миналарды қолдану, жинау, өндіру және беруге тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция;
Жоғарыда келтірілген тізім қарулы қақтығыстардың гуманитарлық құқықтың эволюциялық дамуына әсері іс жүзінде тез болды. Мысалы: Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 жж. ) . Қолданылған соғыс жүргізу әдіс тәсілдері жаңа болмаса да, жоғарғы деңгейде болды. Осы тәсілдердің арасында газдарды қолдану, алғашқы әуе бомбалау, мыңдаған әскери қызметкерлерді тұтқындау болды. 1925 ж. және 1929 ж. Шарттар осыған жауап ретінде болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж. ) . Өлтірілген азаматтық халық саны қайтыс болған әскери қызметкерлер санына тең болды, 1914 ж. -1918 ж. бұндай сәйкестіктер көп болмады. 1949 жылы осындай жағдайларды уайымдаған халықаралық қауымдастық әрекеттегі конвенцияларды қайта қарап жаңа құжат - Азаматтық халықты қорғау туралы ІҮ Женева конвенциясын қабылдады.
Кейінірек, 1977 жылы қабылданған қосымша хаттамалар сол кездегі ұлт азаттық соғыстарда туындаған мәселелерге жауап ретінде болды. (1949 жы Конвенциялар бұл мәселене тек ішінара қарастырады) .
Бүгінгі таңды ХХІ ғасырда халықаралық қауіпсіздік тұжырымдамасы түпкілікті өзгеруді. Егер 1945 жылы БҰҰ келешек ұрпақты мемлекетаралық соғыстан арылту үшін құрылса, онда қазіргі уақытта бұған қоса бірінші кезекте болып бейбіт халықтың, ішкі қарулы қақтығыстан зардап шеккен жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау табылады. Сондықтан, ХХІ ғасырда БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар адамның жалпы құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында одан әрі шаралар қарастыруға күш салуда. Ал, халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтарын халықаралық реттеу халықаралық қауымдастық қызметінің басты назарында.
Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалар жүйесі.
Гуманитарлық құқықтың қағидалары алғаш рет 1966 ж. тұжырымдалған болатын. Олардың төрт тобы бар: негізгі, жалпы, жанжалдар құрбандарына қатысты және соғыс құқығына қатысты қағидалар. Негізгі қағидаларға халықаралық құқық мазмұнының негізін қалайтын, бастапқы идеялар жатады, олар:
- ізгілік қағидасы;
- кемсітушілікке жол бермеу қағидасы;
- қарулы қақтығыс құрбандарын қорғау және ізгі қатынас жасау қағидасы;
- азаматтық халықты, азаматтық объектілерді әскери қимылдардан қорғау қағидасы;
- медициналық қызметкерлерге қол сұғылмаушылығы қағидасы;
- халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын міндетті түрде сақтау қағидасы;
- халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын елеулі бұзғандық үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік қағидасы;
- әскери қажеттіліктің адамға құрметпен үйлесімділік қағидасы;
- қақтығысушы тараптардың әскери қимылдарды жүргізу әдістері мен құралдарын таңдауын шектеу қағидасы.
Адам құқықтарына байланысты жалпы қағидалар қатарына мыналар жатады:
- жеке адамға қол сұғылмаушылық қағидасы;
- азаптаулар, айуандық жазалауларға жол бермеу қағидасы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz