ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

6. 1. Жалпы ереже

Қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны ластаудан және бұзудан сақтауға, адамзаттың жайлы жағдайларда өмір сүруі үшін қазіргі және болашақ ұрпағымыздың материалдық және мәденитетті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, қорғау және қалпына келтіру бойынша мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық іс-шараларының жоспарлық жүйесі.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы Республикамыздың жалпы мемлекеттік Конституциясы болып табылады. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану Заңының талаптарына сәйкес республиканың барлық министрліктеріне, кәсіпорындары мен ұйымдарына салаларды дамыту, жаңа объектілерді жобалауды және оның құрылысын жүргізуді жоспарлағанда табиғатты қорғау шараларын қамту міндетті болып саналады.

Табиғат экологиялық процестерді байланыстырушы буын болып табылғандықтан жасалатын немесе жасалынған шаруашылық шешімдердің салдарларын алдын ала болжай білу керек. Бас жоспарда немесе жоспарлау және қосымша құрылыстың жобаларында қалаларды және елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарын жобалағанда табиғатты қорғау және табиғат ортасының барлық элементтерін ұдайы өндіру бойынша тиісті іс-шаралар міндетті түрде қарастырылуы тиіс.

6. 2. Құрылыста атмосфераны қорғау

Құрылыс-құрастыру жұмыстарының ауаға әкелетін әсері мол. Оқшаулау материалдарын, мастиканы, топырақты ерітуде, ішкі жану қозғалтқыштарын жылытуды дайындау үшін ашық отты қолдану нәтижесінде көп мөлшерде газды және тозаңды ластар бөлініп шығады. Осындайды болдырмау мақсатында толық және үнемделіп жағылатын отыны бар арнайы қыздыратын құралдарды, мәселен, құбырлы электрлі қыздырғыштарды және т. б. пайдалану қажет.

Ауа инертті материалдарды (құм, қиыршықтас, малтатастарды) қыздыру үшін мұнай өнімдерінен алынған отынды пайдаланғанда асфальтбетонды қоспаларды дайындау процесінде өте ластанады. Мұндай процестерді индукциялы электрлі қыздырғышқа ауыстыру қоқысты жоюға, булы энергетикалық шаруашылыққа деген қажеттілікті алып тастауға әкеліп соғады.

Табиғатты қорғау шараларының ең басты бағытының бірі құрылыстық техника мен көлікті пайдаланған кезде қоршаған ортаны ластауды ескерту болып табылады. Олар мынадай жолмен:

  1. ДВС отын аппаратурасының құрылыстық техникалық-реттеушісімен қоқыстардағы зиянды заттар концентрациясының төмендеуі;
  2. газ-қондырғылармен өңделген түтіндік емес құбырлардағы толықтай жанбаған өнімдердің тазартылуы;
  3. атмосферада улағыш заттарды толықтай жою - құрылыстық машиналардың электрлі жетекке ауыстыруымен іске асырылады.

У-шудан қорғаудың қала құрылыстық өлшеміне тұрғын аудандарының көлік магистралінен және темір жолдан шалғай орналасуы, арнайыланған ғимарат құрылыстарын және пәтерлердің жоспарлауын, құрылыстарды, көгалдандыруды бейнелейтін табиғи кедергілерді қолдану жатады. Гараждардың дұрыс орналасуы, өте шулы объектілерді сонда орналастыру үшін жер асты кеңістігін меңгеру маңызды. Ғимараттың дыбыс өткізгіштігі өнімдерден қалған қалдықтардан, өнімнің жаңа түрлерінен, химиялық өндірістерден және т. б. жасалған дыбыс оқшаулағыш материалдарды қолдануға байланысты әжептәуір төмендейді. Оларды пайдалану шығынды азайтады, құрылыс материалдарының қаржысын үнемдейді және құрылысшылардың жұмысын жеңілдетеді.

Микроклиматты безендіру бойынша көгалдандыру ең маңызды іс-шараның бірі болып табылады, онда қоршаған ортаны сауықтырудың бірнеше факторы бар.

Жас өсімдіктер ауаны оттегімен толықтырады және көмірқышқыл газын жұтады, яғни атмосфераның ауа балансын реттейді, ауру тарататын бактерияларды жояды, ауаны шаң-тозаңнан сақтайды және ондағы улағыш заттардың болуын азайтады, ортаның сулы балансы мен климатын реттейді, желдің күшін бәсеңдетіп отырады. Жасыл желектер құрылысқа эстетикалық рең береді.

Құрылыс жобасында қалалық құрылыстың барлық бос аумағын көгалдандыру көзделуі тиіс, яғни кәсіпорынның айналасы санитарлық және қорғау аймақтарынан бастап және де ғимараттар мен құрылыстардың жекелеген қабаттарына (төбелер, қабырғалар және т. б. ) дейін қамтылғаны жөн. Ең алдымен қаланың ыңғайсыз аумақтары көгалдандырылуы тиіс, мысалы: жыралар, беткейлер, еңістіктер т. б. Кішірек бос учаскелерде айналасын асфальттап саябақ және көгал жасау ыңғайлы.

6. 3. ҚҚЖ өндіруде қоршаған ортаны қорғау

Табиғаттың табиғи қалыпты жағдайын сақтауда және оны қамтамасыз етуде ҚҚЖ (құрылыс-құрастыру жұмыстары) өндірісіне маңызды орын беріледі, бұл жұмыстардың ойланбай, екшеленбей жасалған өндірістік әдістері ормандардың жойылып кетуіне байланысты орны толмас салдарларға, жердің топырақ қабатының өзгеруімен акваторийдің ластануына, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуымен қоса жерасты және топырақ сулары режимінің өзгеруіне әкеп соқтырады.

Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геологиялық іздестіру кезінен бастап жүзеге асыра бастау керек.

Көлік жолдарын құрылыс жүретін аумақта немесе белгіленген жолдарға салу керек. Геодезиялық түсірім жасағанда ақталмаған қиысқазба төсемдерден аулақ болған жөн, соның салдары ағаштардың артығымен шабылуына әкеледі. Іздестіру жұмыстарын орындауда салынатын және қабаруланатын топырақты интенсивті суландыруға кедергі болатын шараларды қолдану қажет. Іздестіру жұмыстарын аяқтауға қарай міндетті түрде жою жұмыстары, мысалы: құдықшалар мен қосымша қуыстарды толтыру және басқа да қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс алаңын жасыл көшеттер отырғызылған жерлерде экологиялық тепе-теңдікті бұзбау үшін бұталар мен арзан тұқымды талдардан құрылыс аумағына қарай тазартады. Бағалы тұқымды бұталар мен талдарды салынып жатқан құрылыс алаңында сақтап қалу үшін арнайыланған төбесі бар қоршаулармен қоршап, түп-тамыры бұзылмайтындай етіп, бағанасын ағаштан жасалған қораптармен жабады.

Бағалы тұқымды бұталар мен талдарды жобаға сәйкес нөмірлеп, акт бойынша қабылдау және тапсыру рәсімдерін дендролог қатысуымен өткізеді.

Талдардың орнын ауыстырып отырғызуды механикаландырылған әдіспен іске асырады, кескіштермен топырақ блогін түп-тамырымен кесіп алып, талды бағанасынан кранмен ұстатып-көтеріп отырғызады. Егер талдарды басқа жерге ауыстыратын болғанда түпкі жүйесін жәшікпен қаптайды. Жобалау жұмыстарын және жерасты коммуникацияларын басуды қатаң тәртіппен құрылысбасжоспары бойынша орындайды. Жер жұмыстарын орындау, соның ішінде іргетасы мен іргежайларды салу кезінде жобалық белгілеулерді қатал сақтайды.

Тұрақты немесе уақытша су деңгейінің төмендеуін дренаждың ылғалдылық режиміне әсерін қоса алғанда одан 300м қашықтықта орналастырады.

Топырақтың суғақанығушылығын бұзатын су деңгейінің төмендеуін және дренаждарды орналастырған кезде жанындағы аумаққа шпунттық қабырғаларды көтереді.

Ғимараттың үстіңгі бөлігін салу процесінде қоршаған аумақты шаң-тозаң басудан қорғау мақсатында құрылыстық қалдықтар мен қоқыстарды жиі шығарып тастап отыру қажет. Құрылыстық қалдықтарды ғимарат қабаттарынан шығару үшін контейнерлер арқылы немесе қабылдау бункерлеріне қораптар арқылы түсіруге болады. Ақауы бар құрылыстық материалдарды құрылыс алаңында көміп тастауға тыйым салынады. Құрылыс алаңында сондай-ақ, ауаны ластайтын қалдықтарды және материал қалдықтарын, әсіресе битумдық негізде жасалған рулонды қалдықтарды, оқшауланған материалдарды, бояғыштарды және т. б. жағуға болмайды.

Барлық құрылыстық қалдықтарды екінші рет пайдалануға жіберу қажет. Зақымдалған немесе ақауы бар бетонды және темірбетонды құралымдарды, суыған бетонды және қайта өңделгеннен кейінгі ерітіндіні және металды жаңа өнімді даярлауда толтырғыш ретінде, бетонды, асфальтбетонды негізін даярдауда балласт ретінде және басқа жұмыстарда да пайдалануға болады.

Кесілмелі материалдарды өңдеу кезінде үгінділер, қыртыстар, жаңқалар, қиықтар сияқты қалдықтар қалады. Оларды қайта өңдеуге жіберу керек және ДСП, ДВП құрылыстық материалдарын дайындау үшін пайдалануға болады.

Құрылыс жүріп жатқан объектілерде суды шығындау және оның ластануы, суқоймаларының тазаланбаған сулармен, құрылыс өндірісінің қалдықтарымен және жанармай майлау материалдарымен ластанған жағдайларын болдырмау жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. Құрылыстық өндірістің техникалық және шаруашылық-тұрмыстық ағынсуларын канализацияға тұрақты немесе уақытша тазарту имараттарына жіберген дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Табиғи орта, экономикалық дамудың негізі ретінде дамуы
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Табиғи обьектілердин экологиялык жағымсыз салдарына экономикалык баға беру
Батыс Қазақстан облысы жерлерінің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz