ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

5. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

Маңызды мемлекеттік тапсырма қауіпсіз еңбек жағдайларын құру, оңтайлы санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету және жарақат пен құрылыстағы кәсіби науқастарды болдырмау болып табылады.

Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау құрылысшылардың қауіпсіз және аман-сау еңбек жағдайларын құрудағы басты бір міндетті білдіреді, ең көп өнімділік кезінде бірмезгілде жайлылықты қамтамасыз ете отырып, жұмысшылардың зақымға ұшырау немесе науқыстыну мүмкіндігін минимумға жеткізеді.

Жұмыстың қалыпты режимінен шегіну және қауіпсіздік техникасының талаптарын бұзу жұмысшылардың денсаулығының нашарлауына және еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігін арттыру өндірістік травматизм мен кәсіби науқастардың төмендеуіне әкеледі.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының талдауы.

.

№ р/р: № р/р
Жұмыс түрлері: Жұмыс түрлері
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының: Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының
Жарақат түрлері: Жарақат түрлері
№ р/р: 1
Жұмыс түрлері: Жер жұмыстары
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының:

1. Катлванға адамның құлап кетуі.

2. Қазып жатқан машинаның ауы құлап кетуі.

3. Катлваның ішіндегі жұмысшыларға топрақтын құлауы.

Жарақат түрлері:

Есінен айрлуы,

әр түрлі жарақат алуы,

№ р/р: 2
Жұмыс түрлері: Жинақтау жұмыстары
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының:

1. Құрлымдардың құлап кетуі.

2. Жинақтаушы жұмысшылардың құлап кетуі.

3. Жұмысшылардың құрлымдарға қысылып қалуы.

Жарақат түрлері:

Есінен айрлуы,

әр түрлі жарақат алуы, аяғы немесе қолы сынуы, жұмысшылардың қайтыс болуы

№ р/р: 3
Жұмыс түрлері: Бетон жұмыстары
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының:
  1. Бетон құйып жатқанда қатты дыбыстың әсер етуі.
Жарақат түрлері: Бас ауруы, құлақтың шала естілуі.

Қауіпті және өндірістік факторларды талдау.

5. 1. Кірпіш қалауын құру кезінде еңбек қауіпсіздігі техникасы

Орындалатын жұмыстардың түрі - бала бақша ғимаратының қабырғаларын кірпішпен қалау.

Жұмыстар қайта салынатын объектіде жүргізіледі. Құрылыс мерзімі - оңтайлы - сондықтан да жұмыс тәулік бойы жүргізіледі.

Кірпіш салынған табандықтарды және ертіндісі бар қауғаларды көтеру үшін жүріп тұрған стрелалық кран пайдаланылады. Монтажға байланысты жұмыстар -1. 3 метрден +6, 6 метрге дейінгі белгілерде жүргізіледі. Жұмыстарды адамдар құрамындағы қалаушылар бригадасы мен кран машинисі жүргізеді.

Жұмысшыларға монтаждау кезінде бірқатар факторлар әсер етеді:

Кесте

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Әсерлер сипаты, салдарлары
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: 1. Кірпіші бар табандықтардың, табандықтардын кірпіштің құлауы.
Әсерлер сипаты, салдарлары: Әр түрлі ауыртпалық дәрежесіндегі жарақаттар, жұмысшылардың опат болуы.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: 2. Кірпіші бар табандықтардың, табандықтардын кірпіштің құлауы.
Әсерлер сипаты, салдарлары: Әр түрлі ауыртпалық дәрежесіндегі жарақаттар, жұмысшылардың опат болуы.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: 3. Жұмыс құралының, кірпіштің, мінбелердің құлауы.
Әсерлер сипаты, салдарлары: Әр түрлі ауыртпалық дәрежесіндегі жарақаттар, жұмысшылардың опат болуы.

5. 2. Тас жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Тас жұмыстарының қауіпсіздігі үшін мықты ағаш құралдары мен мінбелердің үлен мәні бар. Тас қалауға арналған қабырға мен ағаш төсемнің арасында салынатын саңылау 5 см аспауы тиіс. Ағаш төсемдерінде және мінбелерде салынатын материалдар мен ғимараттың тұрғызылатын қабырғасының арасында қалаушылар ыңғайлы жұмыс істеу үшін ені кемінде 50 см еркін жол қалдырады.

Жүккөтеру крандарымен жұмыс орнына қыш тастар мен ұсақ блоктарды көшіру және беру кезінде табандықтар, контейнерлер және жүктің көтерген кезде құлауын болдырмайтын жүкілу құрылғаларын қолдау қажет.

Тас төсеу құралдарын ауыстырғаннан кейін қалау деңгейі жұмыс төсемі немесе жабын деңгейінен 0, 7 м биіктіктен аспауы тиіс. Осы деңгейден төмен қалау жүргізу қажет болған жағдайда, қалауды сақтандыру белбеулерін немесе арнайы тор қорғау қоршауларын қолданып орындау қажет.

Қалыңдығы 0, 75 м сыртқы қабырғаны тұрып тұрған қалыпта қалауға жол берілмейді. Қабырғаның қалыңдығы 0, 75 м артық болған кезде арнайы сақтандыру құрылғысына бекітілген қорғау белбеуін қолданып, қабырғадан қалауды жүргізуге рұқсат етіледі.

Қабатаралық жабынның көтергіш құрылғылары, сондай-ақ басқыш шабақтарындағы баспалдақтар мен алаңдар орнатылмастан ғимараттың кейінгі қабатының қабырғасын қалауға жол берілмейді.

Биіктігі 7 м астам қабырғаны қалаған кезде ғимараттың периметрі бойынша мынадай талаптарды қанағаттандыратын қорғау күнқағарларын қолдану қажет:

Қорғау күнқағарларының ені 1, 5 м аспауы тиіс және олар ғимарат қабырғасының төменгі бөлігі мен күнқағар үстінің арасында пайда болатын бұрыш қабырғаға 110 0 еңкіштеліп, ал ғимарат қабырғасы мен күнқағар төсемінің арасындағы саңылау 50 мм болып орнатылуы тиіс.

Қорғау күнқағарлары құрылғысынсыз биіктігі 7 м дейін, сондай-ақ қалау деңгейінде орнатылатын тор қршаулар қолданған жағдайда, биіктігі 7 м асатын қабырға қалауды жүргізуге рұқсат етіледі.

Сыртқы жіктерді әшекейлеу кірпіштің әр қатарын қалағаннан кейін ішкі мінбелерден орындалады. Осы операцияны қабырғада тұрып орындауға тыйым салынады.

Жұмыс орнына материалдар мен құрылғыларды берген кезде кран жүргізушісіне сигналдар мен командаларды бір адам ғана бере алады - ол сигналшы, оны тек кран жүргізушісі ғана емес, жүк қабылдайтын жұмысшылар да жақсы көріп тұруы тиіс.

Жұмыс орнына кірпіш беру үшін төртқабырғалы немесе үшқабырғалы футлярларды қолдана отырып, табандықтардағы пакеттерді пайдалану қажет. Бұл ретте кірпіштің пакеті тігінен 15-18 0 артқы (қоршалған) қабырға жағына еңкейтіп көтереді, дегенмен 0, 5-1 биіктікке пакетті көтергеннен кейін пакеттің ашық жағын қарау және орнықсыз әрі шығып тұрған кірпіштерді болдырмау қажет. Айқасқан байламмен және «елкаша» салынған кірпіші бар пакеттер кірпіштердің құлау мүмкіндігін болдырмайтын арнайы құралдарсыз (қоршау футлярларынсыз) көтеруге тыйым салынады.

Жұмыс орындарына ертінділер өзі түсірілетін қауғалармен бункерлерге және ертінді жәшіктеріне немесе кранның көмегімен арнайы ыдыстармен (ілмектеу үшін төрт ілгегі бар) беріледі.

5. 3. Монтаждау жұмыстарын орындаған кездегі қауіпсіздік техникасы.

1. Монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде (ілуде) басқа жұмыстарды орындауға және бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

2. Құрылғылар мен жабдықтар элементтерін ілмектеу тәсілдері жобалыққа жақын қалыпта орнату орнына оларды беруді қамтамасыз етуі тиіс.

3. Оларды дұрыс ілмектеу мен монтаждауды қамтамасыз ететін монтаждау ілгегі немесе белгісі жоқ жинақталған темірбетонды құрылғыларды көтеруге тыйым салынады.

4. Монтаждалатын құрылғылардың немесе жабдықтардың элементтері шайқалудан және иілгіш созғылу айналуларынан ұсталуы тиіс.

5. Құрылғы және жабдық элементтерінде оларды көтеру немесе ауыстыру кезінде адамдардың болуына жол берілмейді.

6. Жұмыстағы үзіліс уақытында құрылым және жабдық элементтерін ілулі қалпында қалдыруға жол берілмейді.

7. Монтажадушылардың бір құрылымнан екіншісіне ауысуы үшін мүккамал баспалдақтарын, қоршаулары бар өту көпіршелері мен траптарын пайдаланған жөн.

8. Жобалық қалыпта орнатылған құрылғы немесе жабдық элементтері олардың орнықтылығы мен геометриялық өзгермеуі қамтамасыз етілетіндей бекітілуі тиіс.

Жобалық қалыпта орнатылған құрылғы және жабдық элементтерін ілмектеуден алуды оларды тұрақты немесе уақытша бекіткеннен кейін жүргізген жөн. Орнатылған құрылғылар немесе жабдық элементтерінің оларды ілмектеуден алғаннан кейін орнын ауыстыру ППР негізделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.

9. Монтаждалатын құрылғылар мен жабдықтар элементтерінің асында оларды жобалық орынға орнатқанға және бекіткенге дейін адамдардың болуына жол берілмейді.

Монтаждалатын жабдықтардың (құрылғылардың) астында, сондай-ақ жабдықтарда (құрылғыларда) жұмысшылардың болуы қажет болған кезде жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы іс-шара жүзеге асырылуы тиіс.

10. Ілінбе монтаждық алаңдарды, баспалдақтарды және монтаждаушыларға биікте жұмыс істеу үшін қажет басқа да құрылғыларды оларды көтеруге дейінгі монтаждалатын құрылғыларда орнату және бекіту қажет.

11. Монтаждау жұмыстары орындалғанға дейін монтажды басқаратын адам мен машинастің арасында шартты сигналдармен алмасу тәртібін белгілеген жөн. Анық қауіпті байқаған кез келген жұмысшы бере алатын «Стоп» сигналынан басқа, барлық сигналдарды бір адам ғана (монтаджау бригадасының бригадирі, звено бастығы, такелажшы-ілмектегіш) береді.

Аса жауапты жағдайларда (ауыр такелажды, бұру әдісін қолданып құрылғыларды көтерген кезде, аса ірі және ауыр құрылғыларды қозғалтқан кезде, оларды екі немесе одан көп механизмедермен көтерген кезде және т. т. ) сигналдарды қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі техникалық іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерлердің қатысуымен монтаж бригадасының бригадирі беруі тиіс.

5. 4. Таспен жұмыс жасауға нұсқаулар

Қалаушының жұмыс орны кранның әрекет ететін радиусында болуы, ені шамамен 2, 5м болуы және үш аймаққа бөлінуі тиіс: қалаушылар сиятын қабырға мен материалдар арасында ені 0, 6 . . . 0, 7м жұмыс аймағы; тас салынған табандықтарды және ертіндісі бар жәшіктерді орнластыру үшін ені шамамен 1м материалдар аймағы; тікелей қалауға байланысы жоқ жұмысшалардың өтуі және материалдарды тасу үшін 0, 8 . . . 0, 9 м тасымалдау аймағы. Қалау апарылуы тиіс ең үлкен биіктік 1, 2м құрайды, осы биіктікке жеткен кезде мінбелер орнатуы немесе қайта орнатуы тиіс. Тас қалауды пайдаланылатын мінбелер мүккамалдық болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау шаралары
Шартты-отандық энергокомплекс түрлері
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Өрт қауіпсіздігі бұрыштары
ҚР-ның «Еңбек кодексі»
Құрылыстағы еңбек қорғау
Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе
ҚР-ның «Еңбек кодексі» жайлы
Еңбек қорғаудың нормативті – құқықты заңнама актілері
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz