Арнайы білім берудегі арт-терапия


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

ЭССЕ

Тақырыбы:Арнайы білім берудегі арт-терапия

Орындаған: Досбол Ж.

Тобы:105-18

Қабылдаған: Жумагелдиева А.

Ақылды адамның қалыптасуы бейнелердің интернационалды тілі - тастарды қашап жазу, би, пантомимика, ым-ишара, жесттердің дамуымен байланысты. Өнер коммуникация құралы, өзіндік, эмоционалды тіл ретінде қарым-қатынас мақсатында пайда болды. Арт-терапияның көне бейнелері өнердің архиакалық формаларында - халық шығармашылығында сақталған. Бұл жерде «ұжымдық бейсаналылықтың» символикалық тіліне негізделу байқалады. Белгілеуге бейім адам, бейсаналы түрде айналадағы заттар мен формалар белгілерін қайта жасай отырып, оларды дінде және сол сияқты бейнелеу өнерінде пайдаланды. Емдік-коррекциялық және профилактикалық жұмыстағы дербес бағыт ретіндегі терең тамырларына карамастан, арт-терапия бірнеше он жылдар даму есебінде. Оның дамуы үшін жағдайлар ХХ ғасырдың аяғында, балалық және примитивті өнерге қызығушылықпен қатар пайда бола бастады. Шарттылық шеңберінде тұрақтала алмайтын эмоциялардың ашық түрде көрінуі, аудиторияның суретші кәсіптілігіне беретін шынайы бағасы емес, шығармашылықтың өзі болып табылады және өнер үшінде, арт-терапия үшін де маңызды болып табылады. Ол ХХ ғасырдың ортасында кең тарай бастады. «АРТ-ТЕРАПИЯ» термині (art - өнер, art therapy - өнер терапиясы) адамның психо-эмоцмоналды күйін көрсету мақсатында серпінді бейнелі шығармашылықпен емделуді білдіреді. Ең алғаш рет бұл терминді Адриан Хилл 1938 жылы шипажайларда өзінің құрт ауруына ұшырағандарды бейнелеу шығармашылығымен емдеу сабақтарын сипаттауда пайдаланды. Содан кейін бұл термин өнер терапиясы сабақтарының барлық түрлеріне қолданыла бастады (музыкотерапия, драматерапия, би терапиясы және т. с. с) . Арт-терапия кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде психотерапиямен тығыз байланыста Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияда дами бастады. 1960-1980 жж арт-терапияны дербес мамандық ретінде мемлекеттік тіркеуге негіз болған, кәсіби қауымдастықтар құрыла бастады. 1969 жылы арт-терапевт-практиктерін біріктіретін, Американ арт-терапевтік ассоциациясы құрылды. Осыған ұқсас ассоциациялар Англия, Голландия, Жапонияда пайда бола бастады. 1980-1990 жж мәдени ахуалдың өзгеруімен ерекшеленді. Әлем иммигранттар, босқындар, бір аумақта рассалы және этникалық қауымдастықтардың болуы мәселелеріне кезікті. Мұндай жағдайларда арт-терапевттер көмегі елеулі болды. Біздің елімізде соңғы жылдар психотерапия және оның негізі формалары мен модельдерін қарқынды игеру кезеңі. Арт-терапия мамандар мен потенциалды клиенттердің қызығушылықтарын тудыра бастады. Соңғы уақытқа дейін Ресейде бұл бағыт туралы білімдер жеткіліксіз болып келді, осыған байланысты түрлі қызықты жорамалдар туындады. Ешқандай да негіздемелерсіз өздерін арт-терапевттерміз деп атайтын адамдар пайда болды. Қазіргі уақытта біздің елімізде бұл мамандықтың дамуымен А. И. Копыткин медицина ғылымдарының кандидаты, Арт-терапевтік ассоциация президенті, арт-терапия және басқа да шығармашылық бағыттарда маман даярлауға арналған негізгі бағдарламаның жетекшісі сияқты дәрігер-психиатрлар мен психотерапевттер айналысуда. Арт-терапияға кереметтей анықтама беру күрделі, өйткені ол белгілі бір мөлшерде маманның теориялық түсініктеріне және практикалық іс-әрекеті саласына, қандай да бір елдегі арт-терапияға тән модельдерге және олардың даму деңгейіне байланысты. Арт-терапияны түсіну бойынша түрлі пікірлерді қарастырайық. Эдит Крамер пікірінше, көрсетуге, ішкі қақтығыстарды қайтадан бастан кешіруге және нәтижесінде оларды шешуге мүмкіндік беретін ең алдымен көркемдік шығарма процесінің «шипалық» мүмкіндіктері есебінен тиімді нәтижеге қол жеткізу мүмкін болады. Адриан Хилл бейнелеу әрекетінің шыпалық мүмкіндіктерін ең алдымен «ауыр мазасызданулардан» пациенттің көңілін бөлу мүмкіндіктерімен байланыстырады. Маргарет Наумбург пайымдауынша, көркемдік сабақтар нәтижесінде адам өз қорқыныштарын еркін көрсету қабілеттеріне күмәндануды жеңеді, өзінің бейсаналылығымен жанасады және олармен бейнелердің тілінде олармен сөйлеседі. Өзіндік ішкі әлем мазмұнын көрсету арқылы адам өз мәселелерін жеңе алады. Осылайша, ғалымдардың бірқатары, көркемдік шығарма психотерапевтке клиентпен тығыз қатынас орнатуға көмектеседі және осылай оның мазасыздануын анықтай алады, екіншілері- көркемдік шығарманың шипалы ықпал етуіне клиенттің көңілін бөлу және жағымды ахуал жасау арқылы қол жеткізуге болады, үшіншілері- ол өздігінен оның сезімдерін шығаруға қабілетті және деструктивті тендециялардың шығуына мүмкіндік береді деп түйіндейді. Арт-терапияға қатысты бірнеше көзқарастардың болуы орынды. Сонымен қатар арт-терапевтік бейнелеу жұмысы түрлі материалдардың кең мөлшерде таңдалуын қарастырады. Бояулар, қаламдар, түрлі-түсті борлар мен қатар журналдар, түрлі-түсті қағаздар, құм және т. б заттар жиі қолданылады. Проза немесе поэзия терапиясының «механизмі» мынадай, яғни ұяң адамға өлең, әңгіме түрінде өз мазасыздануын сипаттауға мүмкіндік береді, бұл уақытта ол басқа бір кейіпкер артына жасырынып, айтып жатқаны өзіне қатыссыз ретінде болады. Табиғаты бойынша өнер терапиясы жан-жақты. Ол адамның ішкі күшінің ашылуымен байланысты және көптеген мүмкіндіктер береді:

  • өзіңдегі кездейсоқтықты дамыту және зейін, есте сақтау, ойлау (когнитивті дағдылар) процесстерін жетілдіру;
  • өзгеше тұрғыда өзіңнің өмірлік тәжірибеңді зерттеу;
  • экзотикалық деңгейде қарым-қатынасқа түсуге үйрену (бейнелеу, қозғалыс, дыбыстық құралдар) ;
  • өзін көрсету барысында өзіңді және басқаларды қанағаттандыру;
  • құнды әлеуметтік дағдыларды дамыту (топтық жұмыста) ;
  • жаңа рөлдерді игеру және тұлғаның латентті қасиеттерін көрсету, сонымен қатар өзіндік мінез-құлық өзгерісінің айналадағыларға қалай ықпал етуін бақылау;
  • тұлғалық даралануды нығайтуға жетелейтін өзіндік бағаны көтеру;
  • шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
  • босаңсу, жағымсыз ойлар мен сезімдерді шығарып тастау;

бейнелеу өнерімен айналысу және шығармашылыққа деген өзіндік қабілетті жүзеге асыру;

Бірінші жоспарда арт-терапия - адамның шығармашылық негізіне сенім. Бірақ оның міндеті барлық адамдардан суретші немесе актер жасап шығару емес, мәселені шешу мақсатында олардың шекті шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған индивид белсенділігін қоздыру. Арт-терапия бойынша қазіргі зерттеулерді талдау бұл әдістің емдік мақсатта қолдануға болатынын дәлелдеуді қарастыруға мүкіндік береді. Ол:

1) әлеуметтік қолайлы түрде агрессивті сезімдердің көрінуі үшін мүмкіндік береді. Сурет салу, жапсырма немес бояулармен жұмыс қысымды қауіпсіз шешу тәсілдері болып табылады.

2) терапиядағы процесті үдетеді. Бейсаналы қақтығыстар және мазасызданулар вербалды психотерапиядағы сөйлеуге қарағанда, көру бейнелері көмегімен жеңіл көрінеді.

3) терапия процесінде диагностикалық жұмыстарға негіз болады. Шығармашылық өнімді пациент теріске шығара алмайды. Шығармашылық жұмыс стилі терапевтке көптеген мәлімет береді, өз өнімін өңдеуге автор елеулі үлесін қосады.

4) жойылмайды деген сезімдер және ойлармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Кейде вербалды емес құрал интенсивті сезімдер мен сенімдерді анықтайтын және түсіндіретін жалғыз құрал болады.

5) терапевтік өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Топ мүшелерінің көркем шығармашылықтарында элементтердің сәйкес келуі эмпатиялар мен жағымды сезімдер дамуын үдетуі мүмкін.

6) ішкі бақылау және реттілік сезімдерінің пайда болуына негіз болады. Сурет салу, жапсырма, бояулармен жұмыс формалар мен түстерді ұйымдастыруға жетелейді.

7) сезімдерге көңіл бөлуді дамытады және күшейтеді. Өнер көру және кинестетикалық түйсіктерді айқындауға және олармен эксперимент жүргізуге мүмкіндік беретін шығармашылық нәтижесінде пайда болады.

8) өзіндік тұлғалық құндылық сезімін күшейтеді, шығармашылық құзырлылықты көтереді.

Жасырын іскерліктерді айқындау және дамыту нәтижесінде пайда болатын қанағаттану арт-терапияның қосалқы нәтижесі болып табылады. Арт терапия тиімділігін аталған көрсеткіштерді қоса отырып анықтауда, топтық жұмыста шығармашылық тәсілдерді ерекшелеу қажет, сонымен қатар терең фантазиялау мен қиялдауға, топ мүшелері арасындағы қақтығыстарды шешуге және үйлесімділікке жетуге көмектеседі. Арт-терапиямен айналысатын терапевттің суретші болуы міндетті емес. Оның көркемдік шығарма мәселелеріне қызығушылығы, патопсихология және топтық динамика саласындағы білімдері маңыздырақ. Арт-терапияның процедуралық аспектілері басшының теориялық және кәсіби дайындығына және топ қызметтеріне байланысты. Бастапқыда топтық терапия аурухана жағдайындағы тұйық индивидуумдармен жұмыс түрі ретінде басталды. Пациенттер басқа пациенттер шығармашылықтарына қызығушылық білдіріп, қарым-қатынасқа бейімдірек бола бастаған. Бүгінде кейбір пациенттер арт-терапия сабақтарына қызығушылықтарын білдіреді, оған ұмтылады да, себебі шығармашылық өзіндік көріністегі шектеуді сезінеді. Мысалы, невроз жағдайында пациенттер өздерін мөлшерден тыс ақылды етуге және өздерін шектен тыс бақылауға бейім. Кездейсоқ сурет салу және жапсырма жасаумен айналыса отырып, олар өздерінің ригидті қорғаныстарын жоя алады. Шизифрениктермен жұмыс жасау барысында арттерапевттер олардың позитивті «мен-концепциясының» қалыптасуын қолдауға ұмтылады. Түрлі адамдар топтарын жоспарлы ұсталыққа немесе суретшілікке мұқият үйретуге қарағанда, көркемдік іс-әрекет терапиясын кездейсоқ деп атауға болады. Өнер терапиясымен айналысатын зерттеушілер, көркемдік қабілеттердің терапевтік құралы ретінде көркемдік қабілеттердің немесе пациенттерді арнайы дайындаудың қажеті жоқ екенімен келіседі. Өнер терапиясы үшін психика ерекшелігін көрсететін процестің өзі маңызды болып келеді. Жетекші топ мүшелерінің ішкі мазасызданулары көріністерін мадақтап отырады және шығармашылық қабілеттерінің мәнсіздігіне мазасызданбайды. Карл Юнг пайымдауынша, қиял және шығармашылық адам болмысының қозғаушы күштері болып табылады. Шығармашылық процестегі фантазияның рөлін Юнг келесіше сипаттады: тек суретші ғана емес, сонымен қатар кез-келген шығармашыл адам, өзінің барлық жетістіктері үшін өз фантазиясына міндетті. Балаға тән және сол сияқты үйлеспейтін жұмыс түрлеріне тән ойын, фантазияның динамикалық принципі болып табылады. Ешқандай да шығармашылық процесс өздігінен туындамайды және аталған ойын фантазиясыз өз бетінше бола алмайды. Осындай, яғни субъектінің саналы түрде оған ықпал етуге талпынбастан өз фантазиясы дамуын бақылауы сияқты шығармашылық процесті белгілеуде Юнг «белсенді қиял» терминін пайдаланды.

Өнер терапиясында фантазияны кездейсоқ қолдану мысалдары ретінде шимақтар суретін салу бойынша жаттығулар қызмет етуі мүмкін. Қатысушылар ешқандай жоспарсыз бірнеше уақыт ішінде қағаздан қолдарын үзбестен қисық сызықтар суретін салады. Бұл жаттығудың мақсаты- қатысушыға кездейсоқ өз сезімдерін білдіруге мүмкіндік беру. Жаттығуды орындау мөлшері бойынша қатысушы психикасының бейсаналы компоненттері байқалады. Содан кейін қатысушы бірнеше уақыт аралығында суретіне мұқият қарап, пайда болған көру бейнелері қандай да бір оқиғалар, объектілер немесе санасындағы кейіпкерлерді сезінуге көмектесу мүмкіндіктерін түсінуге ұмтылады. Арт-терапия процесі балаға өз мәселелерін сезінуге, сонымен қатар оларды шешудің түрлі жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сурет салу қиял, ойлаудың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Шын мәнінде сурет салуды ұнататын балалар басқа балаларға қарағанда, қиялдауы бойынша, сезімдерін және пікірлерін білдіруде ерекшеленіп тұрады. Олар өздерін қандай да бір адамның немесе сурет кейіпкерлерінің орнына қойып оған деген өз қарым-қатынасын еркін білдіре алады. Сурет сала отырып, бала өз сезімдері және мазасызданулары, ниеттері мен армандарын білдіреді, түрлі жағдайлардағы қарым-қатынастарын қайта жасайды және жағымсыз, жарақаттайтын бейнелермен үрейсіз жұмыс жасайды. Суретке бейнелеу барысында қорқынышты қайтадан сезіну оның жарақаттаушы әсерін әлсіретеді. Өзін жағымды, күшті және өзіне сенімді кейіпкерлермен теңестіре келе, бала зұлымдықпен күреседі: жақындарын қорғайды, жауларын жеңеді. Бұл жерде күштілік, батырлық, зорлық және зұлымдыққа қарсы тұру сияқты әрекеттер ғана көрініс табады, ал әлсіздікке, өзін қорғай алмауға орын жоқ. Сурет салу барысында рахаттану, қуану, тіпті ызалану эмоциялары қатар жүреді, ал қорқыныш пен мұңаю сезімдерінің болуы мүмкін емес. Сурет салу өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, өзара қарым-қатынастарды және эмоциялар көріністерін модельдеу тәсілі ретінде байқалады. Бұл белсенді түрде салып отырған баланы еш нәрседен қорықпайтынын білдірмейді, онда қорқыныштың пайда болу ықтималдылығы төмендейді. Қорқыныштардың табысты жойылуы олардың даму себептері мен ерекшеліктерін білуге байланысты. Қорқыныштардың даму механизмдері мотивацияланған құрылым жасай отырып өзара үйлеседі. Балалардың сезімдерін және ниеттерін, олардың ішкі әлемін түсіну, сонымен қатар ата-аналарының жағымды үлгі болуы қорқыныштарды табысты жеңу үшін қажетті алғышарттар тудырады. Қорыққаны үшін баланы жазалауға, ұрысуға және айыптауға болмайды, өйткені ол барлық жағынан оның өзіндік сезіміне және ішкі және сыртқы қауіптерге қарсы тұруға қабілеттілігі үшін жауапты болатын ата-аналарына тәуелді. Сурет салу арқылы ең алдымен қиял арқылы туындаған, яғни ешқашан да болмаған, бірақ бала түсінігі бойынша болуы мүмкін қорқыныштарды жоюға болады. Содан кейін ертеректе болған және қазіргі уақытта бала жадында эмоционалды із қалдырған шынайы жарақаттайтын оқиғаларға негізделген қорқыныштар жойылады. Сонымен қатар баланың суреттерінен қандай да бір оқиғалардың жақын арада болғанын байқауға болады, мысалы, иттің тістеуі, өрт, жалғыз қалуы т. с. с. Этикалық тұрғыда баладан ата-аналарының өмірден кетуімен байланысты қорқынышты бейнелеуді сұрануға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Баспанада болу ережелері
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерінің мәні
Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға сипаттама
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Иллюстрация қолданбалы графикада
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz