Арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы. Шетелдегі арнайы білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Арнайы педагогиканың ғылым ретінде дамуы. Шетелдегі арнайы білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер.
Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда Ұлы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға әділетсіздікпен қарап келді. Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып - білуі қалай өтеді деген мәселеменшұғылданды. Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро және басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды. А. И. Радищев өзініңатақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант және Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған. Организімнің аномальдық тұрғыда бұзыл механизмі қандай деген мәселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым - қатынаста болады?Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесібұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелерімен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білугебілуге үлкен көңіл бөлінуде. Аномальды балаларды зерттеу жүйесіндеғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан және ақыл - ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініпшықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттілігінен дәрігерлер, физиологтар және медицина - биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде. Педагогтар аномальды балаларды оқытудың әр түрлі жүйесін қолданып, бар күш - жігерін жұмсап бақты. Буржуазиялық әлем мұндай бастама атаулының барлығына дерлік салқын қарады. Сондықтан да аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш - XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында басталды. Бұл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тәсілі орын алады. Бұлай оқытумен оны эксперимент түрінде жүргізілген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал капиталистік қоғамда осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан, шіркеулік және әлденеше мемлекеттік оқу орындары ғана бар болды. Міндетті түрде жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ еді. Капиталистік дүние аномальды балаларға шын мәнісінде өте әділетсіздікпен қарады. Алайда өмір өз талабы орындатуда. Сондықтан да соңғы 20-30 жылдардакемістігі бар балаларды оқыту жүйесі кеңейтілді, осы категориядағы балаларды зерттеу жұмыстарын қолға алынып, көптеген лабораториялар құрылды. Халықаралық конгрестер мен кеңестер тағы басқа жиі өткізіліп жүрді. Осы жылдарда әлденеше рет мылқаулық жөнінде және көрудің бұзылуына байланысты халықаралық конгрестер өткізілді. Бала тілінің бұзылуы жөніндегі 16- Конгреске даярлық жұмыстар жүріп жатты. Совет құрылысы аномальды балаларға қатысты капиталистік құрылыс тудырған бөгеттердің барлығын да жойды. В. И. Ленин 1918 жылдың өзінде - ақ аномальды балаларды тәрбиелеудегі және оқудағы барлық шектеулікті жою жөнінде дереке қол қойды. М. И. Калинин 1931 жылы міндет тітүрде жалпығы бірдей оқуды енгізу туралы декретке қол қойды. Социалистік қоғамның аса ірі қайраткерлері А. В. Луначарский, А. М. Горкий, Н. К. Крупская өз еңбектерінде аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу жөнінде әлденеше рет мәселе көтерді. Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz