Turbo Pascal жүйесіндегі графиканы ұйымдастыру технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

Курстық жұмысы

Turbo Pascal жүйесіндегі графиканы ұйымдастыру технологиясы

Тексерген: аға оқытушы

Миркасимова Т. Ш.

Орындаған: «АЖ», 1 курс,

102 -топ студенті

Нұрбеков Жомарт

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-4

I Негізгі бөлім . . . 5

1. 1 Турбо Паскаль жайлы жалпы мағлұматтар . . . 5-8

1. 2 Қызметші сөздер . . . 8-10

1. 3 Турбо Паскаль графиктік режимі . . . 10-16

II Есептің қойылымы

2. 1 1-есеп . . . 17

2. 1. 1 Есептің берілгені . . . 17

2. 1. 2 Есептің алгоритмі . . . 17-19

2. 1. 3 Программалау бөлімі . . . 19-20

2. 1. 4 Есептің жауабы . . . 20

III Қорытынды бөлім . . . 21-22

IV Қажетті техникалық жабдықтар . . . 23

V Пайдаланған әдебиеттер . . . 24-25

Кіріспе

Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі - оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программалау тілі - компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа, ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады.

Осы орта мүмкіншіліктері кең: Паскаль тілінде программалаудың негізгі принциптері, программа құрылымы, тілдің негізгі элементтері мен операторлары қарастырылған. Сонымен қатар, Паскаль тілінде программалар құру, күрделі құрылымдық типтер (жолдар, жиындар, жазулар, массивтер және файлдық типтер) қарастырылған.

Анықтама. Алгоритм деп - алдын ала анықталған мақсатқа жету үшін, есептің шешімін табу үшін орындаушыға, адамға, компьютерге және т. б. берілген түсінікті нұсқаулардың тізбегін айтады.

Есепті шешу алгоритмі деп жазбаша жарлықтардың тізімі аталады. Яғни оны орындау барысында есептің шешімін, не берілген мәндерген есеептің шешімі жоқ екендігі туралы жауап алуға болады. Жалпы жағдайда есептер әр түрде бола алады.

Алгоритм түсінігі есепті шешу әдісі түсінігімен тығыз байлансыты. Әдіс деп қатаң негізделген есепті шешу тәсілі мен оны қолдануға болатын берілген мәліметтер бойынша есептер тобын анықтау мақсатында құрылған тәсілді зерттеуді айтады.

Ал, алгоритм есепті шешу және пратикада қолдану әдісін сипаттау болып табылады. Ол әдісті зерттеу нәтижесі бойынша құрылады, алгоритм есепті шешу үшін орындалатын әрекеттердің қатаң жазбаларының реттелген тізбегі болып табылады. Бұл әрекетер шешу әдісінен туындайды.

«Алгоритм» сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді. Алгоритм сөзі Орта Азияның ортағасырлық ұлы ғалымы - Махмуд ибн Мұса әл Хорезмидің атымен байланысты шыққан. Ол өзінің «Арифметикалық трактат» деген еңбегінде арифметикалық амалдарды орындау тәртібін ұсынған. Сөйтіп арифметикалық амалдары орындау ережесі, геометриялық фигураларды салу ережесі, сөздердің жазылуының грамматикалық ережесі және т. б., т. с. сияқтылар алгоритм деп аталып кеткен.

Алгоритмнің қасиетті сапаларының бірі - орындаушыдан шешу әдісін, яғги жазылған әрекеттерді не үшін орындау қажеттілігін түсінуді талап етпейді. Орындаушыдан жазылған әрекеттерді оындай алуды және қағидаларды түсінуді талап етеді.

Орындаушы алгоритмі қағида-жарлықтардың ізімен «механикалық» түрде орындайды. ЭЕМ-ді, алгоритмді орындау құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі осыған негізделінген.

Алгоритм әрқашан да орындаушы үшін жазылады. Ол адам, ЭЕМ және т. б. құрылғы болуы мүмкін, Алгоритмді сипаттау орындаушыға жазылған әрекеттер түсінікті болуы үшін соның тілінде жүзеге асырылады.

Қосымша толықтырушы түсінігін енгізсек, жеке жазбаларды, сөйлемдерді - алгоритм жарлығын орындайтынды жарлық деп атаймыз. Алгоритм жарлықтар тізбегі болып табылады. Орындаушы түсінетін және орындай алатын барлық жарлықтар жиынын орындаушының жарлықтар жүйесі деп атаймыз. Сонымен орындаушының барлық іс-әрекетін сипаттайтын жарлықтар жүйесі орындаушының тілі болып табылады.

Алгоритм - информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі. Компьютерді қоғам өмірінің қай саласында болмасын пайдалана білу үшін алгоритм ұғымын меңгеру керек.

I Негізгі бөлім

  1. Турбо Паскаль жайлы жалпы мағлұматтар

Турбо Паскаль тілінің идентификаторлары (ТП) . ТП Идентификаторлары дегеніміз өндірісте пайдаланылатын терілген символдардың жиынтығын айтамыз. Идентификаторларға қойылатын негізгі шарттар (талаптар) :

  • Идентификатор латын әліпбиінен және сандарынан тұрады.
  • Идентификатор әріптен а1 деп басталуы тиіс {"а1", а бірақ керісінше емес "1а"}.
  • Идентификатор өте үлкен көлемдегі кез келген логикалық символдардан тұруы мүмкін, бірақ оның тек алғашқы 63 ғана танылады.
  • Қызметтік сөздерді идентификатор ретінде пайдалануға болмайды.
  • Идентификаторларды жазғанда бос орындарды жазуға болмайды.

Турбо Паскаль тілінде программалаудың ережелері мен жалпы түсініктері:

  • Программа Турбо Паскаль операторларынан құралады, олар "; " символымен ажыратылады.
  • Топ операторларын ерекшелеу үшіноператорлық : begin…. . end.
  • Бірнеше операторлар жақшасындағы операторлардықұрамдық операторлардеп атаймыз.
  • Программа мәтінінде фигуралық жақшаларда комментарияларды жазамыз, олар программа орындалуына кедергі келтірмейді.

Турбо Паскаль тіліндегі программалық структурасы: п рограмманың негізгі бөліктерін қарастыралық. Uses - программада қол жетерлік операторлар жиынын пайдалану кеңейтілулері үшін ішкі кітапханаларды қосу. Мысалы:

  • UsesDOS, Crt, Graph, Printer; {Төрт стандартты модульдердің қосылуы:
  • DOS- операциялық жүйе командаларының программада пайдаланылуы.
  • Crt- енгізу-шығару мүмкіндіктерінің кеңейтілулері, дыбыстық генераторды пайдалану.
  • Graph- графикалық процедуралар мен функциялардың қосылуы.
  • Printer- баспаға шығаруға оңай қол жеткізу. }

Мысалы. Келесі программа баспаға шығарудың оңай жолын жүзеге асыруды орындайды.

  • UsesPrinter; {модульдің қосылуы}
  • begin
  • Write(‘привет’) ; {"привет" сөзі экранға шығарылады}
  • Write(lst, ‘привет’) ; {"привет" сөзі принтерге шығарылады}
  • end.

Const (константалар) . Бұл сипаттау бөлімінде идентификатормен программа орындалуы кезінде өзгермейтін мәндері беріледі. Мысалы:

  • Const
  • a=4; {сандық константа}
  • b=’A’; {символдық константа }
  • s=’ABBA’; {жолдық константа }
  • b1=false; {логикалық константа }
  • M:array[1. . 4] of integer=(1, 5, 6, 7) ; { константалар массиві}.

Type (деректер типі) . Суретте Турбо Паскаль тілінің негізгі деректер типі көрсетілген.

Сhar - символдық айнымалысы. Символдық тип мәні көптеген дербес компьютерлердің символдары. Әрбір символға 0 . . . 255 диапазоны аралығындағы бүтін сандар жазылады.

Boolean - логикалық айнымалысы. Логикалық тип мәні жарияланған тұрақтылардық бірі болуы мүмкін (False - жалған, True - шындық) .

Массив - array - массив деректер типі бір идентификаторға бірнеше мән тағайындауға мүмкіндік береді, олар бір-бірінен реттін номері бойынша ерекшеленеді. Массив элементінің номері идентификатордан кейін квадраттық жақшаға алынып жазылады {M[5] - М массивінің бесінші элементі}. Массивті сипаттағанда массивтің элементтер номерінің диапазоны көрсетіледі және әрбір элементіне қатысты типі. Массивтер бір өлшемді, екі өлшемді және өте көп өлшемді болуылары мүмкін. Мысалы:

  • Var{массивтердің сиаптталуы}
  • M: array [1. . 5] of integer; {М бір өлшемді массиві элемент номерлері 1-5 дейін, бүтін сандардан құралған}
  • M1: array [2. . 3, 11. . 15] of char; { М1 екі өлшемді массиві жол номерлері 2-3 дейін, бағана номері 11-15 дейін, символдардан құралған}
  • Begin{массивті толтыру}
  • М[2] :=100; {М сандық массивінің екніші элементіне 100 мәні тағанындалады}
  • М1[2, 3] :=’d’; {М1 символдық екі өлшемді массиві элементтері екінші жол мен үшінші бағана үшін ’d’ мәні тағайындалады}
  • End.

String - жолдық айнымалы. Жолдық типтегі айнымалылар бірнеше символдардан тұрады. Мысалы:

  • Var s:string; {s идентификаторының жолдық айнымалы ретінде сипатталуы}
  • Begin
  • s:=’Привет’; {жолдық айнымалы мәнін беру}
  • Writeln(s) ; {"Привет" сөзін экранға шығару}
  • end.

Var - программада пайдаланылатын барлық иденитификаторлар сипатталуы керек. Иденитификаторды сипаттап, деректер типін көрсету. Мысалы:

  • Var
  • x, y:real; { x, y идентификаторлары - реальді тип айнымалылары}
  • i, j, k:integer; {i, j, kидентификаторлары - бүтін тип айнымалылары}
  • M:array [1. . 4] of char; {M - бір өлшемді массив 4 элементтер тұрады}
  • M1:array [1. . 3, 1. . 4] of byte; {M1 екі өлшемді массив бүтін типті 12 элементтен тұрады}
  • Type
  • re=real; {жаңа типті сипаттау:reидентификаторы - реальды тип}
  • Var
  • z:re; { z идентификаторы -re типінің айнымалысы, яғни реальді тип}

Негізгі программа - ережеге сүйенсек 3 бөлімнен тұрады:

  1. Шығыстық деректерді енгізу.
  2. Есептеу.
  3. Қорытынды есептеу қорытындысын шығару.

Негізгі математикалық сәйкестіктер және Турбо Паскаль операциялары:

  • + {қосу}
  • - {алу}
  • * {көбейту}
  • / {бөлу}
  • = {теңдік (типтер мен тұрақтыларды сипаттағанда пайдаланылады және т. б. ) }
  • := {меншіктеу}
  • > {үлкен}
  • < {кіші}
  • >= {үлкен немесе тең}
  • <= {кіші немесе тең}
  • <> {тең емес}.

Турбо Паскальда амалдардың жазылуы төмендегідей:

Амалдар
Амал аты
Математикалық жазылуы
ТР-да жазылуы
Амалдар: +
Амал аты: Қосу
Математикалық жазылуы: 10+21
ТР-да жазылуы: 10+21
Амалдар: -
Амал аты: Азайту
Математикалық жазылуы: А-В
ТР-да жазылуы: А-В
Амалдар: *
Амал аты: Көбейту
Математикалық жазылуы: 32 Х 5
ТР-да жазылуы: 32 * 5
Амалдар: /
Амал аты: Бөлу
Математикалық жазылуы: 50 : 5
ТР-да жазылуы: 50 / 5
Амалдар: Div
Амал аты: Бүтіндей бөлу
Математикалық жазылуы:
ТР-да жазылуы: 18 div 9
Амалдар: Mod
Амал аты: Қалдықты бөлу
Математикалық жазылуы:
ТР-да жазылуы: 22 mod 7

1. 2 Қызметші сөздер

Турбо Паскальдағы қызметші сөздер төмендегідей, түсіндірме сөздік:

ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: 1
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: 2
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Absolute
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Абсолютті айнымалы белгісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: And
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “ЖӘНЕ”
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Array
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Массивті сипаттаудың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Asm
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблердегі блоктың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Assembler
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблерде жазылған көмекші программа
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Begin
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программа денесінің, көмекші программаның, құрама оператордың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Case
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Таңдау операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Const
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Тұрақтылар атауныңы аты (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Constructor
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьекті құрылысы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Div
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бөліндінің бүтін бөлігін анықтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Do
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Орындау, FOR, WHILE операторларындағы циклдың басталуы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Downto
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Цикл параметрлерінің максималды мәнінен минималды мәніне дейінгі өзгеріс (кему қадамы)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Else
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартты көшу IF және CASE операторларындағы “ӘЙТПЕСЕ” бөлімі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: End
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программаның, қосалқы програманың, модульдің, құрама оператордың соңын баяндау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: External
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ішкі қосалқы программаның деректері
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: File
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Файлдық тип
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: For
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Параметрлі қайталану операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Forward
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ішкі қосалқы программаның деректері
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Function
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Қосалқы программа - функцияның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Goto
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартсыз көшу
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: If
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартты көшу операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Implementation
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модульдің орындаушы бөлігі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: In
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жиында элементтің бар екендігін тексеру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Inherited
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жалғастыру әдісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Inline
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблерде жазылған программа бөлімін қосу
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Interface
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модуль интерфейсі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Interrupt
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Процедура директивасы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Label
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Белгі бөлігінің атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Mod
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бөліндінің бүтін қалдығын анықтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Near
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жақын адресті форматтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Nil
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос ссылка
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Not
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “ЕМЕС” (теріске шығару)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Object
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьект
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Of
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Массив типін сипаттаудың бөлігі, файлдың, CASE операторындағы тұрақтыларды анықтаудың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Or
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал “НЕМЕСЕ”
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Packed
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жинақталған массив белгісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Private
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьекті секциясының басталуы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Procedure
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Қосалқы программа - процедураның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Program
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программаның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Public
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Сыртқы обьекті секциясының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Record
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жазба типінің басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Repeat
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру операторы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Set
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жиын типі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Shl
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос разрядты биттерді солға жылжыту арқылы 0-мен толтыру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Shr
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос разрядты биттерді оңға жылжыту арқылы 0-мен толтыру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: String
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жол
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Then
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: IF операторының “ОНДА” бөлігі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: To
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Цикл параметрінің минималды мәнінен максималды мәнене дейінгі өзгеріс (өсу қадамы)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Type
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Тип бөліміні атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Unit
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модульдің басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Until
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: REPEAT операторының соңы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Uses
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Орындалатын модульді нүсқаушы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Var
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Айнымалылар бөлімінің атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Virtual
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Виртуалдық әдіс
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: While
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Алдын ала берілген шарт бойыннша қайталауды ұйымдастыру операторы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: With
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жазба операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Xor
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “НЕМЕСЕГЕ КЕРІ”

1. 3 Турбо Паскаль графиктік режимі

Турбо Паскаль программалау тілінде символдық режимнен бөлек графиктің режимде жұмыс істеуге болады. Онда әртүрлі графиктік кескіндер құрастыру мүмкіндігі бар. Турбо Паскаль графиктік мүмкіндіктерін пайдалану үшін арнайы «GRAPH» кітапханасы пайдаланылады, іске қосылады. GRAPH модулінің графиктік процедуралары мен функцияларын қолданып орналасқан процедуралар құрастыруға болады. GRAPH модулінде орналасқан процедуралар мен функцияларды пайдалану үшін программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі:

USES GRAPH

Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату қажет. Турбо Паскаль тілінде алдын ала бекітілген фрайверлер саны бар. Олардың әрқайсысы үшін үш түрлі режимдердің бірінде жұмыс істей алады. Драйвер типі оның режимі санмен немесе тұрақты түрінде берілген болады.

Драйвер
Режим
Нүктелер саны
Файл
Драйвер: CGA (1)
Режим: CGACO, CGAHi
Нүктелер саны: 320x200(640x200)
Файл: CGA. BGI
Драйвер: EGA (2)
Режим: EGALo, EGAHi
Нүктелер саны: 640x200(640x350)
Файл: EGAVGA. BGI
Драйвер: VGA (3)
Режим: HERAHi ONOHI
Нүктелер саны: 720x348
Файл: HERC. BGI

GRAPH модулі іске қосылысымен оынң ішіндегі процедуралардыі және функцияларды беруге болады.

Графикалық режимді іске қосу:

InitGraph(Var Driver, Mode: integer; Path:string) ;

Мұндағы Driver - графикалық режимдегі анықтайтын параметр;

Mode - орнатылған врайверге байланысты берілетін графиктік режим параметрі;

Path - графиктік фрайаер файлының атауы және жолы;

Driver мәні GRAPH модулінде хабарланған тұрақтылар жиынымен шектеледі.

Тұрақты атауы
Сандық коды
Тұрақты атауы: T
Сандық коды: 0
Тұрақты атауы: CGA
Сандық коды: 1
Тұрақты атауы: MCGA
Сандық коды: 2
Тұрақты атауы: EGA
Сандық коды: 3
Тұрақты атауы: EGA64
Сандық коды: 4
Тұрақты атауы: EGAMono
Сандық коды: 5
Тұрақты атауы: IBM8514
Сандық коды: 6
Тұрақты атауы: HercMono
Сандық коды: 7
Тұрақты атауы: ATT400
Сандық коды: 8
Тұрақты атауы: VGA
Сандық коды: 9
Тұрақты атауы: PC3270
Сандық коды: 10

GraphResult қате орындалған графиктік операциялардың кодын шығарады. Функция жазылуы:

GraphResult: Integer;

Тұрақты атауы
Коды
Анықтамасы
Тұрақты атауы: GrOk
Коды: 0
Анықтамасы: Қате жоқ
Тұрақты атауы: GrNolitGraph
Коды: -1
Анықтамасы: Графиктік режим анықталмаған
Тұрақты атауы: GrNotDetected
Коды: -2
Анықтамасы: Адаптер типі анықталмаған
Тұрақты атауы: CrFileNotFound
Коды: -3
Анықтамасы: Драйвер файлы табылмады
Тұрақты атауы: GrInvalidDriver
Коды: -4
Анықтамасы: Анықталмаған файлда драйвер табылмады
Тұрақты атауы: GrNoLoadMem
Коды: -5
Анықтамасы: Драйверді жүктеуге жады көлемі жетпейді
Тұрақты атауы: GrNoScanMem
Коды: -6
Анықтамасы: Аймақты қарастыруға жады көлемі жетпейді
Тұрақты атауы: GrNoFloodMem
Коды: -7
Анықтамасы: Аймақты толтыруға жады жетпейді
Тұрақты атауы: GrFontNotFound
Коды: -8
Анықтамасы: Қаріп файлы табылмады
Тұрақты атауы: GrNoFontMem
Коды: -9
Анықтамасы: Қаріп файлы табылмады
Тұрақты атауы: GrlnvalidMode
Коды: -10
Анықтамасы: Анықталған драйверге сәйкес келмейтін режим
Тұрақты атауы: GrError
Коды: -11
Анықтамасы: Жалпы қате
Тұрақты атауы: GrOerror
Коды: -12
Анықтамасы: Енгізу-шығару қатесі
Тұрақты атауы: GrlnvalidFont
Коды: -13
Анықтамасы: Қаріптің дұрыс емес пішімі
Тұрақты атауы: GrlnvalidFontNum
Коды: -14
Анықтамасы: Қаріптің номері дұріс емес

SetLineStyle түзудің жаңа түрін белгілейді.

Тұрақты атауы
Коды
Түсініктемесі
Кескіні
Тұрақты атауы: SolidLn
Коды: 0
Түсініктемесі: Түзу сызық
Кескіні:
Тұрақты атауы: DottedLn
Коды: 1
Түсініктемесі: Нүктелі сызық
Кескіні:
Тұрақты атауы: CentreLn
Коды: 2
Түсініктемесі: Штрих-пунктир
Кескіні: . -. -. -. -. -. -. -. -. -. -. -. -
Тұрақты атауы: DashedLn
Коды: 3
Түсініктемесі: Пунктир
Кескіні: - - - - - - -
Тұрақты атауы: UserBitLn
Коды: 4
Түсініктемесі: Қолданушы анықтайды
Кескіні:

Түсті монитордың мәтіндік режимінде әр символдың түсін не экранды 16 түрлі түстің біреуіне бояуға мүмкіндігі бар. Сары, жасыл, көк, қызыл, және т. б. көптеген түрлі түстер.

Турбо Паскальдың графикалық режимінде пайдаланылатын 80-ге жуық процедуралар мен функциялар бар болып келеді. Экранның кез келген х, у айқындалмаған позициясынан бастап мәтінді экранға шығаруға болады.

Қазіргі дербес компьтерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық информацияны енгізу үшін - сканер, ал шығару үшін - дисплей экраны және плоттер пайдаланылады. Стандартты Турбо Паскальдың шрафикалық информациямен жұмыс істейтін қомандалары жоқ.

Турбо Паскаль жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін арнайы модуль пайдаланылады, оны біз жоғарыда айтып өттік. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.

Турбо Паскальдің графикасын, көбінесе, псевдо-графика деп атайды. Өйткені тілдің өзінде графикалық командалар келтірілмеген. Арнайы модульде графикалық информацияларды дисплеф экранына шығаруға және өңдеуге арналған командаларды сүйемелдейтін типтен, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар сипатталған.

Әдетте дисплей экраны екі режимдеболады: текстік және графиктік. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының физикалық нүктелері пайдаланылады. Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің координаттар жүйесі енгізіледі.

Экрандағы графикалық бейне экранның буферінің күйіне байланысты графикалық нүктелердің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз - бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің типіне және жадының көлеміне тәуелді графикалық экран үшін бір немес бір неше буфер ұйымдастырылуы тиіс немесе мүмкін. Мұндай экран тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық информацияны сол мезетте шығаруғы бағытталған буфер екпінді бет, буфер деп аталады.

Визуалды көрінетін бет не буфер деп сол мезетте физикалық экранмен байланысты буферді айтады. Активті бет визуалды беттердің әртүрлі буферлері болуы мүмкін. Активті бет визуалды беттердің әртүрлі буферлері болуы мүмкін.

Активті бет визуалдылық деп аталады. Дәлірек, айтсақ, бет дегеніміз - экранның графикалық информацияны, ал буфер - информацияны қодталған күйінде сақтайтын жады бөлігі.

Текстік экран тәрізді графикалық экранның да крусоры бар.

Графикалық курсордың текстік курсордан айырмашылығы графикалық курсор барлық уақытта көрінбейді. Графикалық курсор соңғы шығарылған нүктеден кейінгі нүктеге орналасады. Ол арнайы модульдің кейбір функцияларымен пайдаланылады.

Графикалық режимнің төмендегідей сипаттамалары бар:

  1. Мүмкіндігі;
  2. Палитра - бояу түрлері;
  3. Фонның түсі;
  4. Шығарылатын графикалық нүктенің түсі;
  5. Оперативті жадыдағы графикалық экрандық беттердің мөлшері.

Бұл сипаттамалар, ең алдымен, дисплейдің техникалық типімен жүйеден графикалық режимге бөлінген видео жадының көлеміне тәуелді. Дисплей экранының жұмысын басқаратын техникалық таралған адаптерлердің түрлері көп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Объектілі-бағдарлы программалаудың теориясын меңгеру
Санды табу
Информатиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда информатика сабағын өткізу әдістемесі
Электрондық оқулықтың құрылымы
Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау
Емхана
Шашка ойынын Паскаль программалау тілінде құру
Бағдарламалау тілдерінің өркениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz