Бағалы қағаздар және биржа


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар нарығы - құнды қағаздарды шығару, айналысқа жіберу, ұнды қағаздар нарығын құру және сол бойынша кәсіпқой қатысушылардың қызметі барысында туындайтын қатынастар жиынтығы; кредит капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда құнды қағаздарға сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Құнды қағаздар нарығы мемлекеттік және жергілікті құнды қағаздардың, корпорациялық эмиссиялық құнды қағаздардың шығарылуын және айналысқа түсуін, түрлі кәсіпқой қатысушылардың қызметін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін, мерзімді құнды қағаздар нарығының жұмыс істеуін қамтиды.

Құнды қағаздар нарығы банкілер, арнаулы кредиттік мекемелер, қор биржалары арқылы кәсіпорындардың, банкілердің, мемлекеттің, жеке адамдардың ақшалай қорларын шоғырландырып, әдетте, ұзақ мерзімді . Құнды қағаздардың жаңа шығарылымын және сауда-өнеркәсіп орындары облигацияларының орналастырылуын ғана қамтитын биржадан тыс (бастапқы) құнды қағаздар нарығы, бұрын шығарылған акциялар мен облигациялар сатып алынатын және сатылатын қор (қайталама) нарығы, шетел валютасы, шетел ақшасымен төленетін төлем құжаттары сатып алынатын және сатылатын валюталық нарық түрлеріне бөлінеді

Құнды қағаздар , бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15. 1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап) . құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.

Құнды қағаз:

  1. ұсынбалы(мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі),
  2. ордерлік(құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады)
  3. атаулы(мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін.

Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады , сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.

Құнды қағаз түрлері

Индоссамент- құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екінішісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.

Ордерлік- түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атьш жазуға құқылы болады

Атаулы бағалы қағаз - бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінівде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Эмиссия (лат. emіssіo - шығарылым) - барлық нысандағы бағалы қағаздарды‚ ақша белгілерін‚ банк және қазынашылық билеттерін айналысқа шығару. Қолма-қол ақша және банк Эмиссисын эмиссиялық банк (ұлттық‚ орталық банк) жүзеге асырады; депозиттік чек эмиссиясын коммерциялық банктер атқарады; бағалы қағаздар Эмиссиясын мемлекеттік акциондық қоғамдар орындайды.

Құжатталмаған - құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

Реквизит -құжаттың түпнұсқалығын білдіретін белгілер. Барлық мемлекеттік құжаттардың қағазында болады. Ол сызық, өрнек, сурет, таңба күйінде болу мүмкін.

Облигация- (лат. oblіgatіo - міндеттеме) - бағалы қағаз. Иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейді.

Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe , лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) - акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады.

Коносамент - теңізбен жүк тасу келісімінің жағдайлары жазылған құжат, тауарға иелік құжаты; ол бойынша құжат иесінің жүк тасу ісін өзінше басқаруына құқығы бар. Коносамент әсіресе сыртқы саудада кең тараған. Жүк тасушы оны жөнелтушіге жүк тасуға қабылданғаннан кейін береді.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының объектілеріне :

  1. Қазақстан Республикасы резиденттерінің - ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  2. Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  3. Қазақстан Республикасының резиденттері - ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  4. Халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;
  5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
  6. Туынды бағалы қағаздар;
  7. Өзге де қаржылық құралдар жатады.

Бағалы кағаздар шығарылым нысаны бойынша:

  1. құжатты және құжатсыз;
  2. эмиссиялық, және эмиссиялық емес;
  3. атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінед

Похожее изображение

Қор биржасы

Қор биржасы - бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты рынок. Қор биржасында экономикаға ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары, мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады.

KASE-қор биржасы

Картинки по запросу қазақстандағы қор биржасы Картинки по запросу қазақстандағы қор биржасы

Мәртебесі

Биржа, акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет ететін, коммерциялық ұйым болып табылады. Биржаның органдары:

  • жоғарғы орган - Биржа акционерлерінің жалпы жиналысы;
  • басқару органы - Биржаның Директорлар кеңесі (Биржалық кеңес) ;
  • атқарушы орган - Басқарма.

Биржаның жетекшілігі

  • Қабашев Мақсат Рахымжанұлы - Президент
  • Сәбитов Идель Марсильұлы - Бірінші Вице-президент
  • Цалюк Андрей Юрьевич - Вице-президент
  • Хорошевская Наталья Юрьевна - Вице-президент

Лицензиялары

Биржаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі комитеті берген, мынадай лицензиялары бар:

  • Ұлттық және шетел валюталарында банктік операцияларды жүргізуге (2012 жылдың 29 маусымындағы № 5. 3. 3) ;
  • Бағалы қағаздар нарығында қызметтерді (соның ішінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржылық құралдарымен сауда-саттықтарды ұйымдастыру және бағалы қағаздар наығында жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті) жүзеге асыруға (2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4. 2. 3/1) .

Биржаның қызметі негізінде келесідей нормативтік құқықтық актілермен реттеледі :

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

2) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңы;

3) Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы;

4) Қазақстан Республикасының "Инвестициялық қорлар туралы" заңы;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыру ережелері;

6) "Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастыру құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының құрамына қойылатып талаптарды бекіту және Сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша сауда-саттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 195 қаулысы.

7) "Эмитенттер мен олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің кейбір санаттарына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысы.

8) "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау ережелерін және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау сұрақтары жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін қалыптастыру, оның жұмысы және оның сандық құрамы туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 196 қаулысы.

KASE акционерлері

2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша биржаның 57 акционері бар, солардың ішінде банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қорлары және басқа ұйымдар бар. "Қазақстан қор биржасы" АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 5 000 000 дананы құрайды , олардың 942 013 акциясы орналастырылған. Қазақстан Реапубликасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамына қатысты кейбір сұрақтар туралы" № 134 қаулысына сәйкес, орналастырылған акциялардың 50, 1 % үлесіне "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ иеленген .

KASE Жарғысымен "алтын акция" қарастырылған, бұл акцияның иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Бұл акция валюталық реттеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары нарығын реттеу сұрақтарына қатысты KASE органдарының шешімдеріне тыйым салуға құқық береді.

Халықаралы ұйымдардың жұмысына қатысу

KASE:

  • Әлемдік қор нарықтың жалпы биржалық айналымын қамтитын, 80-нен астам әлем биржаларын біріктіретін, Әлемдік биржалық федерациясының аффилиирленген мүшесі;
  • Еуропа және Азияның дамып келе жатқан қор нарықтарында қызмет ететін, биржалық индустрияның 50-ге жуық кәсіби ұйымдарын басн қосатын, Еуро-азиялық қор биржаларының федерациясының (FEAS) мүшесі;
  • 9 ТМД елдерінің 20-ға жуық ұйымдарын біріктіретін, Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы елдерінің Халықаралық биржалақ ассоциациясының (ТМД ХБА) мүшесі;
  • Әлемдік биржалар, банктер, брокерлік және инвестициялық компанияларды, сондай-ақ жетекші ақпараттық агенттіктерді, жалпы алғанда 200-ден астам мүшелерді біріктіретін, Қаржылық ақпараттарының таратушыларының және тұтынушыларының халықаралық ассоциациясының мүшесі;
  • Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы, 250-ге жуық мүшелерінің басын қосқан, ірі кәсіби бірлестігі - Қазақстан қаржыгерлерінің Ассоциациясының мүшесі;
  • Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған (биржалық) нарықтардың қалыптасуы мен дамуына, соның ішінде биржалық заңнаманың дамуына арнайы құрылған, биржалар мен нарыққа қатысушылары арасынан 7 қаржы институттарын біріктіретін, 2011 жылы құрылған Қазақстанның биржалық ассоциациясының (ҚБА) мүшесі.

Шетел валюталарының нарығы

Валюталық нарық, KASE құрылған сәттен бастап ұйымдастырылған алғашқы нарықтардың бірі болып саналады. Шетел влаютасының, сол кезде АҚШ долларының, бірінші сауда-саттығы 1993 жылы өткізілді. Бүгін KASE сауда-саттықтарының жалпы көлеміндегі жартысына жуық үлесівалюталық нарықтың еншісінде. KASE осы нарықының негізгі қатысушылары Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады.

Қазіргі таңда биржада АҚШ долларының, еуро және Ресей рублінің теңгеге, сондай-ақ еуроның АҚШ долларымен сауда-саттықтары өткізіледі. USD/KZT және EUR/KZT жұптары бойынша, қалыпты мәмілелермен қатар, бір және екі күн мерзімге валюталық своп операциялары жүзеге асырылады.

Шетел валютасы нарығында есеп айырысу бойынша KASE банк-корреспонденттері болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (KZT) ;
  • Deutsche Bank Trust Company Americas (USD) ;
  • The Bank of New York Mellon (USD) ;
  • Citibank N. A. (USD, EUR) ;
  • Commerzbank AG (EUR) ;
  • "Сбербанк России" ААҚ (RUB) .

Репо операцияларының нарығы

KASE ең ірі нарықтарының бірі - репо операциялары нарығының үлесіне әдеттегідей биржалық сауда-саттықтың жартысына жуығы тиесілі. Ол екі секторға: "тікелей" репо нарығы, мұнда операциялар тікелей (келісім-шарттық) әдіспен жүзеге асырылады, және "автоматты" репо нарығы болып бөлінеді. Соңғысында үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен жүргізілетін анонимді сауда-саттық тұспалданады, мұнда аукционға қазақстандық теңгемен ақша шығарылып, оның бағасы ретінде репо мөлшерлемесі белгіленеді. Репо операцияларының мерзімдері стандартты болып табылады.

Репо операциясының заты ретінде биржада мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Биржа ісін талдау
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Биржа туралы
Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz