Еңбек нарығының субъектілері


Еңбек нарығы
Өндіріс факторларының нарықтары - бұл сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті нәтижесінде жалақы, пайыздық кіріс пен рента формасында еңбекке, капиталға және табиғи ресурстарға бағалар қалыптасатын нарықтар. Өндіріс факторларының нарығы адамның күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлар өткізілетін кәдімгі нарықтан (тауарлар мен қызметтер) сатып алушылары жеке және өндірістік мақсаттағы әртүрлі тауарларды өндірушілер болып табылатындығымен ерекшеленеді.
Экономикалық ғылым өндіріс факторларының (ресурстарының) төрт тобын бөліп көрсетеді:
- Еңбек
- Капитал
- Жер
- Кәсіпкерлік. Факторлық нарықтардың ішінде еңбек нарығы ерекше орынды иеленеді.
Еңбек нарығы - негізгі тауар - еңбек күшін айналымға жіберуге байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жұмыс күші - адамның еңбек ету қабілеті, адам өз қызметінде пайдаланатын дене және рухани қабілеттіліктерінің жиынтығы. Еңбек - бұл оны иеленуші адамнан бөлінбейтін жалғыз тауар. Иеленуші-адам сату сатып-алу объектісі болып табылмайды, яғни жұмысшы емес, оның еңбекке қабілеттілігі сатылады және сатып алынады.
Еңбек нарығының ерекшелігі мынада: оның реттегіштері тек экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық факторлар болып табылады. Олар ұдайы өндіріс сипаты мен және тауар ерекшеліктерімен, жұмыс күшімен байланысқан. Еңбек нарығының мынадай ерекшеліктері бар:
- Тауарға - жұмыс күшіне меншіктік құқық оны иеленушіден бөлінбейді, яғни сатып алушы (жұмыс беруші) көптеген тауарлардың бірі ретінде жай ғана жұмыс күшін сатып алмайды, сондай-ақ адаммен істес болады.
- Сатушы мен сатып алушының өзара қатынасы ұзаққа созылады, яғни еңбек нарығында сатушы мен сатып алушының өзара қатынастары қызметкерді жалдау шарты жасалған уақытқа дейін жалғасады.
- Жұмыс күшінің әртүрлі кәсіптік-біліктілік деңгейі, технологиялармен, еңбекті ұйымдастырудың саналуандылығы, жалдаудың келісімшарттық (контрактілік) жүйесіне көшу және т. б. тауар-жұмыс күшін сатып алу кезінде мәмілелерді жекешелендіру қажеттігін туындатады.
- Еңбек нарығына кәсіптік одақтардың, еңбек заңнамасының, жұмыспен қамту мен кәсіптік дайындықтың мемлекеттік саясатының, кәсіпкерлер одақтары мен басқаларының елеулі ықпал етуі.
- Ақшалай емес факторлар - жұмыстың күрделілігі мен беделділігі, еңбек жағдайлары, оның денсаулық үшін қауіпсіздігі, жұмыспен қамту мен кәсіптік өсуге кепілдіктер, ұжымдағы моральдық ахуал және басқаларының орын алуы.
Еңбек нарығының мәні оның қызметтерінен көрінеді.
Еңбек нарығының негізгі екі қызметі ажыратылады:
- экономикалық функция, ол еңбекке қабілетті халықты ұдайы өндірудің оңтайлы үдерісін қамтамасыз етуді білдіреді;
- әлеуметтік функция, ол табыстар мен адамдар әл-ауқатының қалыпты деңгейін қамтамасыз етуден құралады.
Еңбек нарығының субъектілері. Экономикалық түсінік ретінде еңбек нарығы бір мезгілде тауарды сатушылар болып табылатын оның иелері (жалдамалы қызметкерлер) мен сатып алушылар (жұмыс берушілер) арасындағы өзара қатынастарды бейнелейді. Қоғам үшін бұл өзара қатынастардың ерекшелігі мен маңыздылығына байланысты олар еңбек заңнамасында заң жүзінде ресімделеді.
Осылайша еңбек нарығының субъектілері кәсіпкерлер (ірі, орта, ұсақ фирмалар), жалдамалы қызметкерлер, кәсіподақтар, сондай-ақ өзінің уәкілетті органдарымен бірге мемлекет болып табылады.
Кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің еңбек нарығында бастапқыда әртүрлі мүдделері болады. Кәсіпкерлік сектордың мақсаты жұмыс күшін тиімді пайдалану арқылы пайданы барынша арттыру болып табылады.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін тікелей субъектілер жалдамалы қызметкерлер (жұмыс күшін иеленушілер) табыстардың артуына, еңбектің қауіпсіз жағдайларының қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік кепілдіктердің жақсартылуына мүдделі. Еңбек нарығының қызмет етуі бұл мүдделердің теңгерімін қолдау үшін қажет. Жалдамалы қызметкерлердің мүдделерін қорғау үшін әртүрлі институттар әрекет етеді. Еңбекшілдердің неғұрлым бұқаралық ұйымдары - кәсіподақтар, әдетте, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығы бойынша құрылады.
Мемлекеттік органдар еңбек нарығында мемлекеттің әлеуметтік саясатын, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету соңғы есепте, еңбек нарығының қызмет ету тетігін жетілдіру мақсатында әрекет етеді. Жұмыс күші нарығының субъектісі ретінде мемлекет мынадай қызметтерді атқарады. (5-сурет)
Еңбек нарығының құрамдастары. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс, ұсыныс және баға қалыптасады, бұлар осы нарықтың негізгі құрамдастары болып табылады.
- Еңбекке сұраныс - еңбек нарығында ұсынылған жұмыс күшіне деген қоғамдық қажеттіліктердің жалпы көлемін бейнелейді.
- Еңбек ұсынысы - халықтың саны және құрамымен (жынысы, жылы, білімі, кәсібі, біліктілігі және т. б. ) сипатталатын жұмыс күшінің жалпы саны.
- Жұмыс күшінің бағасы (жалақы) .
Еңбекке сұраныс жұмыс берушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті қызметкерлерді қажетсінуін білдіреді. Еңбекке сұранысты бос жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушіні қанағаттандырмайтын қызметкерлер орнына оларды алмастырушылар іздестіретін жұмыс берушілер қалыптастырады.
Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:
- Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі;
- Жалақы деңгейі;
- Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі;
- Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы;
- Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар;
- Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.
Еңбекке сұраныс бәрінен бұрын оған төленетін еңбек нарығының ақылық деңгейіне байланысты болады. Еңбекке сұраныс пен оның бағасы жалақының өзара байланысы еңбекке сұраныс заңымен білдіріледі, оған сәйкес жалақы өскен кезде кәсіпкерлер тарапынан еңбекке деген сұраныс азаяды. Бұл өзара байланыстың кескіндік бейнесі еңбекке сұраныстың қисық сызығы деп аталады.
Сұраныс шамасына еңбек бағасынан бөлек: өнімдерге деген сұраныс, өндіріс технологиясының деңгейі, капитал бағасы, қалыптасқан экономикалық жағдай және т. б. факторлар да ықпал етеді. Егер еңбекке деген сұранысты жұмыс берушілер (фирмалар) қалыптастырса, онда еңбек ұсынысын қызметкерлердің өздері жүзеге асырады.
Еңбек ұсынысы. Еңбек ұсынысы еңбек нарығында белгілі бір уақытта белгілі бір баға бойынша ұсынылуы мүмкін еңбек мөлшерін білдіреді. Еңбек ұсынысын жұмыссыздар, жұмысты бірінші рет іздеушілер мен жұмыс жағдайларына қанағаттанбаған, сондықтан жаңа жұмыс орнын іздейтін жалдамалы қызметкерлер қалыптастырады.
Еңбек ұсынысы бәрінен бұрын оған жасалатын төлемнің деңгейіне байланысты және жалақы шамасына тікелей тәуелді. Жалақы арттырылған жағдайда еңбек қызметтерін сатушылар (жалдамалы қызметкерлер) ұсынысты арттыратын болады, ал жалақы төмендеген жағдайда еңбек ұсынысы да төмендейді.
Ұсыныс шамасына еңбек бағасынан бөлек: демографиялық факторлар (туу, өлу) еңбек ресурстары әртүрлі әлеуметтік топтарының экономикалық белсенділігі, зейнеткерлік жас, халықтың көші-қоны, кәсіподақтардың белсенділігі және т. б. факторлар ықпал етеді.
Жалақы. Номиналды және нақты жалақы.
Жалақы - бұл қызметкерге еңбегі мен жұмыс күші үшін берілетін төлем. Ол номиналды және нақты жалақы болып бөлінеді.
Номиналды жалақы - бұл қызметкердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.
Нақты жалақы - бұл номиналды жалақыға сатып алуға болатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар жоғары болған кезде номиналды жалақы (ақшаның жалпы сомасы) өседі, ал нақты жалақы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларының жылдам өсуінен төмендейді.
Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның негізгі екеуіне тоқталуға болады:
- Мерзімдік жалақы- бұл жалақының еңбектің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы әдетте, жай мерзімдіжәнемерзімді сыйақылыболып тағайындалуы мүмкін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz